Танымдық тәжірибенің тақырыптық жоспары

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

мамандық 1304000 – «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)»

2 курс білім алушылары үшін

Астана 2012ж

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының (4.05.046-2009 ҚР МЖМБС) техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес және кәсіптік тәжірибе типтік оқу бағдарламасының (бұйрық ҚР БҒМ №595 25.12.2009ж.) негізінде 1304000 - «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» мамандығы үшін және ғылыми кеңестің «02» шілде 2012 жылғы №13 хаттамасына сәйкес құрастырылған.

Жұмыс бағдарламасын құрған оқытушылар:

_________________________ Бекқожаева С.Қ.

(қолы) (аты-жөні)

_________________________ Қайыпназар Ш.С.

(қолы) (аты-жөні)

«Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» ЦК отырысында ұсынылған және қарастырылған

«29» тамыз 2012 г., хаттама № 1

ЦК төрайымы_________________ Стасишина Т.Г.

(қолы) (аты-жөні)

Түсінік хат

Танымдық тәжірибе білім берудегі негізгі кәсіби білім бағдарламасының ажырамас бір бөлігі және кәсіби қызмет көрсету мен білікті техникалық маман даярлаудағы ең тиімді жолдардың бірі болып табылады.

Танымдық тәжірибе 1304000 - «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» мамандығы мен 1304043 «техник-бағдарламалаушы» біліктілігімен танысуға арналған

Танымдық тәжірибе кезеңінде білім алушылар кәсіпорынның техника-материалдық қорымен танысуы қажет. «Операциялық жүйелер және есептеу кешендерін бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәндерінің байланысына талдау жасау және алынған білімдерін кәсіпорында тәжірибеде қолдана алуы қажет.

Танымдық тәжірибе әр түрлі құқықтық формадағы кәсіпорындарда оқу орны мен кәсіпорын/ұйым арасында жасалған келісім шартқа байланысты өткізіледі.

Танымдық тәжірибе ұзақтығы 18 жұмыс күнін құрайды.

Тақырыптық жоспар

Тәжірибе бөлімдері мен тақырыптар атауы Тәжірибе ұзақтығы (апта)
Бөлім 1. Кәсіпорынмен танысу (немесе мамандық сала бойынша ұйымдастыру)
  Тақырып 1.1 Қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік және кәсіпорынның жұмысын ғылыми ұйымдастыру (кәсіпорынның мамандық саласы бойынша) 0,1
  Тақырып 1.2 Кәсіпорынның қызметі және желілік құрылымы немесе ұйымның саласы бойынша ұйымдастырылуы 0,9
Бөлім 2. Кәсіпорынның ақпаратты өңдеу технологиялық процессін анықтау ерекшеліктері
  Тақырып 2.1 Кәсіпорынның бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандырылуы 0,3
  Тақырып 2.2 Есептеу жұмыстарын ұйымдастыру және ДК-де ақпаратты өңдеу 0,4
  Тақырып 2.3 Жаңа ақпараттық технология 0,3
Бөлім 3. Ақпаратты өңдеудің технологиялық процессі (бағдарламалау)
  Тақырып 3.1 Есептің қойылыуы. Алгоритм, түрлері және қасиеттері. Алгоритмдердің блок-сызбасы. 0,2
  Тақырып 3.2 Визуальды бағдарламалау. Delphi бағдарламалау ортасы. 0,2
  Тақырып 3.3 Delphi-дің негізгі компоненттері. 0,2
  Тақырып 3.4 Мәліметтер қоры қосымшаларын құру. Жергілікті МҚ. 0,2
  Тақырып 3.5 Мәліметтер қоры қосымшаларын құру. Алыстағы МҚ. 0,2

танымдық тәжірибенің тақырыптық жоспары

Тақырыптар мен жеке сұрақтар атауы Күн саны
Бөлім 1. Кәсіпорынмен танысу (немесе мамандық сала бойынша ұйымдастыру)
  Тақырып 1.1 Қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік және кәсіпорынның жұмысын ғылыми ұйымдастыру (кәсіпорынның мамандық саласы бойынша) Танысу: − техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша; − еңбек қорғау және өндірістік санитария.   0,5 0,5
  Тақырып 1.2 Кәсіпорынның қызметі және желілік құрылымы немесе ұйымның саласы бойынша ұйымдастырылуы Танысу: − әр бөлімнің қызметі және ерекшеліктері; − кәсіпорында қолданылатын аппараттық құралдары, дербес компьютерлер мен перифериялық құрылғылардың қысқаша сипаттамасы; − кәсіпорынның ақпаратты жинау және өңдеу технологиялық процессінің ерекшеліктері.        
Бөлім 2. Кәсіпорынның ақпаратты өңдеу технологиялық процессін анықтау ерекшеліктері
  Тақырып 2.1 Кәсіпорынның бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандырылуы Танысу: − кәсіпорыннын операциялық жүйесі; − қолданбалы бағдарламалар пакеті; − әртүрлі класстағы ДК құрылғыларының қызметі, жұмыс принципі; − кәсіпорынның техникалық құжатын рәсімдеу. Құру керек: − кәсіпорынның жалпы ақпараттық құрылымының сызбасы; − ұжым тәсілімен, қолдану аумағы бойынша, масштаб бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі; − ақпараттық жүйенің іске асуының мысалы. 1,5
  Тақырып 2.2 Есептеу жұмыстарын ұйымдастыру және ДК-де ақпаратты өңдеу Танысу: − кәсіпорын есебінің қойылымы; − ДК техникалық қызмет көрсетудің әдісі; − графикалық, кестелік, мәтіндік құжаттарды өңдеуде кәсіпорында қолданылатын қолданбалы бағдарламалар пакеті. Құру керек: − құжаттарды электронды түрде.
  Тақырып 2.3 Жаңа ақпараттық технология Танысу: − кәсіпорын желісімен. Құру керек − кәсіпорынның ақпараттық желісінің сызбасын. 1,5
Бөлім 3. Ақпаратты өңдеудің технологиялық процессі (бағдарламалау)
  Тақырып 3.1 Есептің қойылыуы. Алгоритм, түрлері және қасиеттері. Алгоритмдердің блок-сызбасы. Танысу: − алгоритм түсінігімен; − алгоритм түрлерімен; − алгоритмдерді ұсыну әдістерімен.
  Тақырып 3.2 Визуальды бағдарламалау. Delphi бағдарламалау ортасы. Танысу: − Delphi бағдарламалау ортасының элементтерімен; − жоба құрылымы және файлдарымен; − қосымшаны іске қосу мен жұмысты аяқтау жолдарымен; − компиляциямен және компиляторға хабарлама жасау әдістерімен. Құру керек: - Delphi ортасында "Калькулятор” бағдарламасын.
  Тақырып 3.3 Delphi-дің негізгі компоненттері. Танысу: − енгізу-шығару компоненттерімен; − тізім құру компоненттерімен; − сыртқы безендіру компоненттерімен; − басқару компоненттерімен; − графикалық ақпараттарды бейнелеу компоненттерімен. Құру керек: - Delphi ортасында "Таксиде жол жүру құнын есептеу" бағдарламасын. Бағдарлама қашықтықты, бензин бағасын және кеткен жанармайды ескеріп есептеу қажет.
  Тақырып 3.4 Мәліметтер қоры қосымшаларын құру. Жергілікті МҚ. Танысу: − жергілікті мәліметтер қорын құру принциптерімен; − жергілікті мәліметтер қоры кестесін құру әдістерімен; − сүзгілеу әдістерімен; − сұранымдар мен есеп берулерді құру әдістерімен. Құру керек: - Мәліметтер қоры «Автобөлшектер дүкені (ADO+Access)». 1,5
  Тақырып 3.5 Мәліметтер қоры қосымшаларын құру. Алыстағы МҚ. Танысу: − алыстағы МҚ құру принциптерімен; − алыстағы МҚ кестесін құру әдістерімен; − сүзгілеу әдістерімен; − сұранымдар мен есеп берулерді құру әдістерімен. Құру керек: - «АЖО құрылыс компаниясының менеджері (МҚБЖ Interbase)». 1,5
  Барлығы:

Наши рекомендации