Гидроизоляциялық материалдардың негізгі қасиеттері
Гидроизоляциялық материалдардың сапасы, оның техникалық қасиеттерімен анықталады. Олардың техникалық қасиеттерін бір-бірімен байланысты төрт топқа бөліп қарастыруға болады:
а) бірінші топтағы қасиеттері: бу тәріздес және тамшылы-сұйық су әсеріне қатынасы (суды өткізбеу қабілеті, су сіңіргіштігі, суға қанығуы, гидрофильдігі, гидрофобтығы, гидроскопиялығы т.б.);
б) екінші топтағы қасиеттері: механикалық қасиеттері (беріктігі, деформациялануы, серпімділігі, тұтқырлығы, аққыштығы т.б.);
в) үшінші топтағы қасиеттері: материалдың сыртқы ортаның түрлі әсерлеріне қарсы тұру қабілеті (температуралық кеңею, жылу сыйымдылық, жылу өткізгіштік, аязға төзімділік, отқа төзімділік, отқа беріктік, атмосфералық төзімділік т.б.);
в) төртінші топтағы қасиеттері материалдың адгезиялық қасиеттері.
Бірінші топтағы қасиеттері материалдың тікелей суға қатынасын сипаттайды. Оған суды өткізбеу қабілеті, су жұтуы, суға қанығуы, гидрофильдігі, гидрофобтығы, гидроскопиялығы жатады. Бұл қасиеттер материалдың құрылымына, атап айтқанда кеуектілігі мен заттың физикалық табиғатына тәуелді болады.
Суөткізбеушілік — материалдың ылғалдану кезінде су жұтуы және оны кептіру кезінде бере алу қабілеті. Суды өткізбеу қабілетінің сипаттамасы ретінде берілген қысымдағы 1сағат ішіндегі материалдын 1 см 2 беті арқылы өтетін судың мөлшері алынған.
Материалдың суға қанығуы судың оған сұйық күйде немесе бу түрінде әсер етуінен болады. Осыған байланысты материалдың екі қасиеті ерекшеленеді: гигроскопиялылық және сусіңіргіштік.
Гигроскопиялық – бұл материалдардың ауадағы су буын сіңіру процесі (сорбция). Бұнда капиллярлық конденсация, яғни капиллярларда (тар бос кеуектерде) будың сұйыққа айналуы жүреді. Егер су буының сорбциясы материалмен химиялық өзара әсерге ұласатын болса, бұндай процесс хемосорбция деп аталады. Кейде ылғалдың хемосорбциясы зиянды; осылайша цементті ұзақ сақтағанда ол белсенділігін жоғалтып, бұзылады, тіпті кейде қатып кесектерге айналады.Демек гиграскопиялық деп материалдың ылғалды ауадан ылғал сіңіру қасиеті айтылады. Гигроскопиялықтың сипаттамсы ретінде ауанын салыстырмалы ылғалдылығы 100% және температура 20 0 С болған жағдайда сіңірілген ылғал массасының құрғақ материал массасына қатнасы алынған.
(1.1)
Материалдағы ылғал бос күйінде, немесе капиллярлы және байланысқан күйде болуы мүмкін.
Сусіңіргіштік – материалдардың сумен тікелей жанасқан кездегі судың белгілі бір бөлігін сіңіріп алып, өз бойында ұстап тұру қабілеті. Сусіңргіштікті не материал көлемінің сумен толтырылуы дәрежесімен (көлем бойынша сусіңіргіштік Wv), немесе сіңірілген су массасының құрғақ материал массасына қатынасымен (массасы бойынша ылғал сіңіру Wm) бейнелейді. Материалдың сусіңіргіштігі оның ашық кеуектілігіне тікелей тәуеді.
Материалдың кеуектілігі (%) деп, оның көлемінің кеуектермен толтырылу дәрежесін айтады. Кеуектер — материалдағы ауа немесе сумен толтырылған ұсақ ұялар. Ауамен толтырылған ұсақ кеуектер құрылыс материалдарына жылу оқшаулау қасиетін береді. Кеуектілік мөлшеріне қарай материалдың басқа да маңызды қасиеттері туралы айтуға болады: тығыздығы, беріктігі, сусіңіргіштігі, ұзақтұрақтылығы т.б. Конструкциялар беріктігінің жоғары болуы немесе су өткізбеушілігі тығыз материалдар үшін талап етіледі, ал ғимараттың қабырғалары үшін – едәуір кеуекті, жақсы жылу оқшаулау қасиеттеріне ие материалдар пайдаланылады. Кеуектілік төмендегі формуламен анықталады:
(1.2)
Бұндағы ρорт – материалдың орташа тығыздығы, ρ – материалдың нағыз тығыздығы. Гидроизоляциялық материалдар ретінде кеуекті материалдарды қолданбайды.
Ашық кеуектерқоршаған ортамен өзара байланыса алады, олар ішінде суы бар ваннаға батырған кезде, сумен толтырылады.
Кеуектердің өлшемдері мен орналасуына қарай жабық кеуектілік: а) көлем бірлігінде радиустары бойынша кеуек көлемдерінің интегралды қисық сызықты бөлінісі арқылы және ә) радиустары бойынша көлемнің дифференциалды қисық сызықты бөлінісі арқылы анықталады. Сынаптық кеуек өлшеуіш арқылы алынған кеуектілік әрбір шаманың өлшемі мен көлемін және олардың пішіндерін бағалауға мүмкіндік береді. Сынап көпшілік құрылыс материалдарының кеуектеріне жұқпайды, жоғары қысымда олардың ішіне енеді, қысым нөлге тең болған жағдайда жұқпайтын сұйық кеуектерге енбейді.
Кеуектер кеңістікінің меншікті беті,кеуектердің орташа шартты радиусын немесе адсорбциялық әдістерді пайдалана отырып (су буының, азоттың немесе басқа бір инертті газдың адсорбциялары) анықталады. Меншікті бет (см2/г) кеуектердің бүкіл ішкі бетін мономолекулалық қабатпен жабуға қажетті адсорбцияланған су буының (газының) массасына тең (1 г құрғақ материалға). Құрылыс материалдарының қасиеттері оның құрамымен, құрылымымен, ең алдымен, кеуектіліктің бүкіл мәні және сипатымен анықталады.
Әдетте көлем бойынша сусіңіргіштік, ол материалдардың ашық кеуектілігінен аз болады, өйткені су молекуласының өлшемі бос кеуектер мен капиллярларға «кіру тесігінен» сан есе кіші болғанымен, су өте майда кеуектерге ене алмайды.
Сусіңіргіштіктің жеке түрі капиллярлық сору немесе капиллярлық диффузия болып табылады.
Сусіңіргіштіктің сипатамасы ретінде температурасы 200 С суға 24 сағат басты батырылған құрғақ үлгінің сіңірген және өз бойында ұстап қалатын су мөлшері алынған:
(1.3)
m 2 -24 сағат су сіңірілген үлгі массасы;
m 1 - құрғақ үлгі массасы.
Масса бойынша сусіңіргіштіктен көлем бойынша сусіңіргіштікке ауысу үшін төмендегі формуланы пайдаланады:
W(v)= W (m) (1.4)
Су өткізгіштік – материалдың қысым күшімен су өткізу қабілеті. Абсолютті тығыз материалдар, яғни көлемдік салмағы мен тығыздығы сәйкес келетін материалдар, мәселен әйнек, битум, болат су өткізбейді. Ұсақ бос кеуектілікпен ерекшеленетін тығыздығы жеткілікті материалдардың өте баяу диффузиясына орай, қалыңдық қабат іс жүзінде су өткізбейтіндігімен ерекшеленеді (мәселен, құрамы арнайы іріктелген бетон).
Жібу коэффициенті (Кж) – бұл суға қаныққан материал беріктігінің материалдың құрғақ күйіндегі беріктігіне қатынасы.
(1.5)
Су асты конструкцияларында немесе ылғалды ортада тұратын конструкцияларда қолданылатын табиғи және қолтума тас материалдардың жібу коэффициенті 0,8-ден төмен болмауы тиіс деп есептеу қабылданған. Гидроизоляциялық материалдардың жібу коэффициенті 1-ге жақын болуы тиіс.
Суға қанығу деп алдын ала жасанды жолмен вакуум қалыптастырылған кеуектерге материалдың суды сору қабілеті айтылады. Суға қанығу шамасы әрқашан сусіңіргіштіктен жоғары болады.
Ылғал беру қасиеті деп материалдың қоршаған ортаға ылғал беру қабілеті айтылады. Ол +200С температура мен жалпы ауданының 60% салыстырмалы ылғалдылығы жағдайындағы бір тәуліктегі жоғалтқан ылғал мөлшерімен анықталады.Материалдар ашық ауада болған кезінде ауаның тепе-тең салыстырмалы ылғалдылығы деп аталатын белгілі бір жағдайда ғана өз ылғалдылығын сақтап қалады. Егер соңғысы осы тепе-тең ылғалдылықтан төмен болса, материал қоршаған ортаға ылғалын қайтара бастайды (кебеді). Ылғал қайтару жылдамдығы, біріншіден, материалдың ылғалдылығы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы арасындағы айырмашылыққа тәуелді, айырмашылық көп болған сайын, қарқынды түрде кебеді; екіншіден, ылғалдың қайтарылуына материалдың өз қасиеттері, кеуектілік сипаты, заттың табиғаты да әсер етеді. Ірі кеуекті және гидрофобты материалдар ұсақ кеуекті және гидрофильдік материалдарға қарағанда суды оңай береді.
Табиғи жағдайларда құрылыс материалдарының ылғал беруі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60% және температурасы 20°С жағдайында ылғалды өз бойынан жылдам жоғалтуымен сипатталады. Ауада табиғи жағдайларда барлық уақытта ылғал болады. Сондықтан бұндай жағдайларда материал толық кеппейді, тек тепе-тең деп аталатын ылғалдылыққа дейін ғана кебеді. Бұнда материалдың күйі ауалық-құрғақ болады. Салыстырмалы ылғалдылық 60%-дан аспайтын бөлме жағдайында ағаш 8...10% ылғалдылыққа, ғимараттардың сыртқы қабырғалары— 4...6% ылғалдылыққа ие болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы өзгеретін болса, материалдардың ылғалдылығы да өзгереді (егер соңғылары гидрофильді болса).
Гидрофобтық және гидрофильдік – материалға судың жұғуы және жұқпау қабілеті.
Материалдың ылғалдылығы - ылғал мөлшерін құрғақ күйдегі материал массасына қатынасымен анықталады. Материалдың ылғалдылығын ( ) массасы бойынша % пайызбен мына формуламен есептейді.
(1.6)
бұндағы: - табиғи ылғалдылық күйіндегі материал массасы;
- құрғақ күйдегі материал массасы.
Гидроизоляциялық материалдардың екінші топтағы қасиеттеріне материалдың механикалық қасиеттері жатады. Олар - беріктік, икемділік, серпімділік, тұтқырлық. Бұл көрсеткіштер гидроизоляциялық материалдардың механикалық әсерге қарсы тұру қабілетін сипаттайды.
Материалдың механикалық қасиеттері мен құрылымының арасында тікелей тәуелділік болады. Заттың құрылымындағы өзгерістер негізінде оның механикалық қасиеттері жөнінде алдын ала болжам айтуға болады.
Механикалық немесе құрылымдық механикалық қасиеттер, деформациялық және беріктік қасиеттер болып екіге бөлінеді.
Беріктік– салмақ күші әсерінен туындайтын кернеулер әрекетінен материалдардың бұзылуға қарсылық көрсету қасиеті. Материалдардың осы қасиетін зерттеумен материалдардың қарсылығы деген арнайы ғылым айналысады.
Төменде құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерін зерттеуде қажетті материалдардың беріктігі туралы жалпы ұғымдар көрсетілген.
Құрылыс ғимаратында тұрған материалдар түрлі жүктеме әсеріне ұшырауы мүмкін. Қысу, созу, бүгу мен соққы әсерлері құрылыс конструкцияларына тән. Гидроизоляциялық материалдар үшін МемСТ талаптары бойынша созуға беріктігін анықтау көзделген.
Деформация — салмақ күші әсерінен материалдың өлшемі мен пішінінің өзгеруі. Егер материал үлгісінен жүктемені алған кезде, өз өлшемі мен пішінін қайта қалпына келтіретін болса, оны серпінді деформация деп айтады. Ал егер ол жүктемені алған кезде, өзгерген пішінін жарым-жартылай немесе толық сақтайтын болса, оны қайтымсыз деформация дейді. Серпінділік — материалдың жүктемені алған кезде өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін қалпына келтіру қабілеті. Қайтымды деформация каучук, полиизобутилен негізінде алынған гидроизоляциялық материалдардың негізгі сипатамасы болып есептеледі.
Қайтымсыз деформация (пластикалық, аққыштық) жүктемені алғаннан кейін де қалпына келмейді, керісінше дамуы мүмкін.
Иілгіштік – материалдың сызат түсірмей салмақ күші астында өз пішінін өзгерте алу және салмақ күшін алып тастағаннан кейін бастапқы пішінін сақтап қалу қабілеті. Иілгіш материалдарға мыс, қыздырылған битум және т.б. жатады. Морт сынғыш материалдар негізгі пішінін өзгертпмей, кенеттен қирайды. Төмен температураларда температуралық төзімділігі төмен битумдардың морттығы артады. Морт сынғыш материалдар қысуға ғана жақсы қарсылық көрсетеді, созуға, бүгуге, соққыға қарсылығы төмен болып келеді.
Қаттылық – материалдың өз денесіне басқа қатты дененің енуіне қарсылық көрсету қабілеті. Қаттылықты анықтайтын бірнеше әдіс бар. Тас материалдардың қаттылығын, қаттылығының ұлғаю дәрежесіне қарай орналасқан он минералдан құралатын, Моос шкаласы бойынша анықтайды. Сыналушы материал қаттылығының көрсеткіші екі көрші минералдардың көрсеткіші аралығында тұрады, бұнда олардың бірі сызады, екіншісі осы материалмен сызылады. Гидроизоляциялық материалдар мен пластмассалардың қаттылығын болат шарикпен сызу арқылы анықтайды.
Гидроизоляциялық материалдардың үшінші топтағы қасиеттері – материалдың сыртқы ортаның түрлі факторларына қарсы тұру қабілеті. Ол материалдың ауаға төзімділігі, температуралық төзімділігі, химиялық төзімділігі т.б.
Ауаға төзімділік– материалдың көп реттік жүйелі ылғалдануға маңызды ақауларсыз және механикалық беріктігін жоғалтпай төзу қабілеті. Материалдардың өзгермелі ылғалдылық әсеріне деген қатынасы әртүрлі болып келеді: ылғалдану кезінде ісінеді, кепкен кезінде шөгеді, кейде материал қисаяды. Жүйелі ылғалдану мен кептіру құрылыс конструкциялары материалдарында таңбалы айнымалы кернеулер тудырып, уақыт өте келе салмақты ұстап тұру қабілетінің төмендеуіне (бұзылуына) әкеледі. Бетон бұндай жағдайларда бұзылуға бейім, өйткені кебу кезінде цемент тасы қысылып, толтырғыш мүлдем әсер бермейді; нәтижеде цемент тасында созу кернеуі туындайды, ол қысылып, толтырғыштан ажырайды. Ылғалдылық өзгерген жағдайда ағаш таңбасы айнымалы деформацияға ұшырайды. Материалдардың ауаға төзімділігін арттыру үшін материалдарға су жұқтырмайтын қасиет беретін гидрофобты қоспаларды ендіреді. Гидроизоляциялық материалдардың ауаға төзімділігі, ауаның құрамындағы оттегінің бүлдіргіш әсеріне байланысты болады. Битум, қара май, полимерлер негізіндегі көптеген гидроизоляциялық материалдар ауадағы оттегінің әсерінен тотығып, өздерінің бастапқы қасиеттерінен айырылады және саған сәйкес гидроизоляцияның сапасы нашарлайды.
Аязға төзімділік– суға қаныққан материалдың алма-кезек мұздату және еріту кезіндегі беріктігінің бұзылмау қабілетін айтады. Жүйелі бақылаулар көрсеткендей, көптеген материалдар кезек-кезек сумен қанықтыру және мұздату жағдайында біртіндеп бұзылады. Бұзылу себебі, материалдың кеуектеріндегі су қату кезінде шамамен 9%-ға дейін көлемін ұлғайтады.
Минус 4°С температурада судың мұзға айналу кезінде оның едәуір кеңеюі байқалады; температураның одан әрі төмендеуі мұз көлемін ұлғайтпайды. Кеуектер сумен толып және қатқан кезінде, кеуектердің қабырғаларына елеулі кернеу әсер етіп, бұзылуы мүмкін. Материалдың аязға төзімділік дәрежесін анықтау сумен қаныққан үлгілерді 15-17°С-ге дейінгі температурада мұздату және соңынан еріту арқылы жүргізіледі. Тәжірибенің бұндай төмен температурасын қабылдау себебі, жіңішке капиллярлардағы су -10°С температурада ғана қатады.
Материалдың аязға төзімділігі олардың тығыздығы мен кеуектерінің сумен қанығу дәрежесіне де байланысты болады. Тығыз материалдар аязға төзімді келеді. Кеуек материалдар ішінен аязға төзімділік қасиетіне, негізінен, жабық кеуектері бар материалдар ие. Егер суға қаныққан материалдың мұздату мен ерітудің белгіленген циклдар санынан соң, беріктігі 15%-дан аспайтын мөлшерде төмендесе, ал үгіту нәтижесінде масса жоғалтуы 5%-дан аспаса, материал берік деп саналады. Егер үлгілерде мұздатудан соң бұзылу іздері болмаса, аязға төзімділік дәрежесі аязға төзімділік коэффициенті бойынша белгіленеді.
Отқа төзімділік – материалдың салмақ көтеру қабілетін жоғалтпай, жоғары температураға төзу қабілеті. Бұл қасиет өрт кезінде маңызды, өйткені өрт сөндіру барысында суды қолданады, ал материалдың отқа төзімділік дәрежесін бағалау кезінде жоғары температураның сумен әрекеті үйлестіріледі. Гидроизоляциялық материалдар органикалық шикізаттың негізінде өндірілетін болғандықтан, олардың отқа төзімділігі төмен болады.
Материалдың термиялық төзімділігі бұзылмай кенеттен жылу өзгерістерінің белгілі бір циклдарына төзу қабілетімен сипатталады. Термиялық төзімділік материалдың біртектілік дәрежесіне, құрамдас бөліктерінің температуралық кеңею коэффициентіне байланысты болады. Температуралық кеңею коэффициенті неғұрлым аз болса, материалдың термиялық төзімділігі де соғұрлым жоғары болады. Гидроизоляциялық материалдар температураның әсерінен тұтқырлығын өзгертеді, соған сәйкес оқшаулағыш қабаттағы гидроизоляциялық қабықтың қалыңдығы мен оның біркелкілігі өзгеріп, сапасы төмендейді. Гидроизоляциялық материалдарға МемСТ талаптарына сәйкес термиялық төзімділігін анықтау көзделген.
Радиациялық төзімділік – иондалған сәулеленудің әсерінен материалдың өз құрылымы мен физика-механикалық сипаттамаларын сақтап қалу қабілеті. Атом энергетикасының дамуы мен халық шаруашылығының түрлі салаларында иондалған сәулелену көздерінің кеңінен пайдаланылуы, материалдың радиациялық төзімділігі мен қорғаныш қасиеттерін бағалау қажеттілігін тудырады. Радиацияның өтімталдығы жоғары болып келеді, бұның өзі материал құрылымын тереңдете өзгерте алады. Осы материалдан жасалған конструкциялармен радиоактивтік сәулелену ағыны кездескен жағдайда, қоршау қалыңдығына, сәулелену түрі мен қорғау затының табиғатына қарай түрлі дәрежеде сіңуі мүмкін. Көптеген гидроизоляциялық материалдар күн радиациясының әсерінен өзінің құрылымын өзгертіп, тұрақтылығын төмендетеді. Бұл өз кезегінде гидроизоляциялық қорғаныштың біртұтастығын төмендетіп, судан оқшаулаудың спасын нашарлатады. Қара май және көптеген полимерлер негізіндегі гидроизоляциялық материалдар ультракүлгін сәулелердің әсеріне төзімсіз болып келеді. Бұл өз кезегінде гидроизоляциялық іс-шаралардың сапасын нашарлатады.
Химиялық төзімділік — материалдың қышқыл, сілті, тұз бен газ ерітінділері әсеріне қарсылық көрсету қабілеті. Санитарлық-техникалық ғимараттар, канализация құбырлары, мал шаруашылық жайлары, гидротехникалық құрылыстар (еріген тұз мөлшері көп теңіз суында орналасқан) агрессиялық тұздар мен газдардың әсеріне жиі ұшырайды. Карбонатты табиғи тас материалдар: әктас, мәрмәр мен доломит әлсіз қышқылдардың өзіне қарсылық көрсете алмайды; битум шоғырланған сілтілі ерітінділердің әсеріне төзімсіз. Қышқылдар мен сілтілердің әсеріне керамикалық материалдар мен бұйымдар, сонымен қатар пластмассадан жасалған бұйымдар барынша төзімді болып келеді. Құрылыс бұйымдары мен конструкция элементтерін қышқылдар мен сілтілердің агрессиялы әсерінен сақтау үшін химиялық төзімді битум, битум-полимерлі композициялармен оқшаулайды.
Гидроизоляциялық материалдардың төртінші топтағы қасиеттеріне– гидроизоляциялық материалдардың қорғаушы қабатқа адгезиялық қабілеті жатады. Материалдың адгезиялануы оның құрамы мен фазалар шекарасындағы жүретін процестерге тәуелді болады.
Гидроизоляциялық материалдар қасиеттерінің көпшілігін жалпы мәндерден шығатын сандық сипаттамамен беру тиімді.
Материалдарда су буының, судың, жылу ағымының, электр қуатының әсерімен жүретін кез-келген физикалық процестің жылдамдығы екі фактор арасындағы қатынаспен анықталады: процестің «қозғаушы күші» (мәселен, жылу өту кезіндегі температураның айырмашылығы) мен процесс жүруіне материалдардың қарсылығы. Тиісінше, физикалық процестің жылдамдығы төмендегі қатынаспен анықталады:
(1.7)
бұнда, - жылдамдық;
- процестің «қозғаушы күші»;
- қарсыласу (кедергі).
Бұнда процестің «қозғаушы күші» ( ) дегеніміз мәселен, гигроскопиялық ылғалдану процесін алғанда су буы қысымының әр түрлілігі ( ), материалдардың жылу өткізгіштігі туралы айтқанда температураның әр түрлілігі ( ), электр тогы өткенде потенциалдар айырмашылығы ( ).
Қарсыласу материал үлгісінің ұзындығы ( ) мен көлденең кесіндісіне ( ), сондай-ақ осы материалға тән тиісті коэффициент мәніне (мәселен, жылу өткізгіштік, электр өткізгіштік, бу өткізгіштігі) байланысты болады. Сонымен
(1.8)
Ендеше,
(1.9)
Процесс жылдамдығы , бұнда - сыйымдылық факторы, мәселен, жылу, су буы, электр көлемі, ал - процесс өтетін уақыт. 1.9 теңдеуді түрлендіру арқылы, төмендегідей теңдік алынады.
немесе (1.10)
Теңдік барынша жалпы сипатқа ие. Оның физикалық диффузиясы теңдігімен, Ом заңы мәнімен сырттай ұқсастығына көз жеткізу қиын емес. Бұл теңдікті пайдалана отырып, құрылыс материалтануындағы бірқатар практикалық мәселелерді шешуге және жекелеген белгілі дәйектерді түсіндіруге болады. Мәселен, диперстілігі жоғары цемент, дисперстілігі төмен цементке қарағанда неліктен ылғалды көп соратын болады, ылғалды тез сіңіреді, сондай-ақ ауадан алынған көміртегі қос тотығын да тез сіңіретіндігін түсіндіруге болады. Өйткені ұлғайып, кішірейгенде, яғни сіңірілген ылғал мен көміртегінің қос тотығының мөлшері артқанда, мәні артады.
(1.10) теңдіктен табамыз:
(1.11)
Осы теңдікті пайдалана отырып тиісті коэффициенттің гигроскоптық ылғалдану, ылғал сіңіру, су өткізгіштік (фильтрлеу), жылу өткізгіштік - шамасын анықтауға болады.
Егер орнына (жылу мөлшері, ккал), ( ) орнына ( ) температура сиымдылығы, град, -ды метрмен, -ті м2-пен, -ті сағатпен бейнелесек жылу өткізгіштік коэффициентінің өлшем бірлігі шығады:
1.3 Гидроизоляциялық материалдардың негізгі қасиеттерін анықтаудың стандартты әдістері мен приборлары.