Database Desktop көмегімен кесте құру

С++ Buildеr 6- дегі мәліметтер базасының негізгі жұмысы Borland DataBase Engine (BDE) болып табылады - Borland фирмасының мәліметтер базасының процессоры. BDE мәліметтер базасы және қосымша арасында делдалдық қызмет атқарады. Ол қолданушыға мәліметтер базасын нақты шешуге арналған жұмыс үшін бір тұтас интерфейс ұсынады, С++ Buildеr 6қосымшасы мәліметтер базасына тікелей қатынаса алады, тек BDE - ге ғана катынасады.

С++ Buildеr 6қосымшасы, мәліметтер базасымен байланысу қажет болған жағдайда, BDE - ге қатынасады және мәліметтер базасының псевдонимін және сондағы керек кестені хабарлайды. Бұл қосымша қолданатын, мәліметтер жұмыс істеуге арналған процедура мен функциялар тізімі.

BDE - псевдоним бойынша мәліметтер базасы үшін лайықты драйвер табады. БҚ, кестесі С++ Buildеr 6 құрамына енгізілген Database Desktop (Берілгендер қоры жұмыс столы) қосымша програмасы арқылы құралады. Ол мына амалдар арқылы жасалады:

Ø 1.Tool - Database Desktop (Сервис-БҚ жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрінеді.

Ø 2.Терезеден File — New - Table (Файл — Жаңа - Кесте) командасын беру. Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесі шығады. Онда ашылатын тізімнен қажетті кесте форматында таңдалынады.

Ø 3. Paradox 7 форматымен таңдап, Ok түймесін шерту (онда пайдалануға болатынын өріс типтерін жеткілікті

Ø 4. Екінші бағаннан бастап ретімен өріске берілетін атауды (FieldName), өріс типін (Type), өлшемін (Size) енгізу (өлшем өріс символдық типті болса ғана енгізіледі). Өрісіті кілттік ету қажет болса, оны бесінші бағанды (Key) көрсетілуі тиіс. Ол "*" символы арқылы белгіленеді (жалпы, кілт С++ Buildеr 6 -де және MS Access сияқты арнайы БҚБЖ-лерінде кеңінен пайдаланылады).

Database Desktop арқылы кестені құру үшін алдымен өріс атауын сипаттау терезесін толтыру керек. Өріс атауларын қазақ алфавиті шрифтерімен теруге болады, бірақ олар формада дұрыс көріне берілмейді.

1. Өріс атауының ортасында нүкте (.) символы енгізілгені жөн;

2. Өрістерді сипаттау не дайындау терезесінің бірінші бағанында автоматты түрде атаулардың реттік нөмірлері көрсетулі тұрады. Оларға көңіл бөлмеу керек. Кезекте өріске мән енгізілген соң КҚ не сәйкес курсорды басқару пернесінің тиіс. Kypcop келесі өріске орналастырылып қойылады;

3.Үшінші бағанға өріс типінің (Type) енгізілуі тиіс. Ол үшін курсор бағанда орналасқан соң Бос орын пернесін басу керек.

Тип Белгісі Мән
Alpha A Символдық жол. Ұзындығы [1..255] аралығында.
Number N Мәні [10308,10308] аралығында алынатын 15 мәнді цифрлық нақты сан.
Short S Мәні [-3278-67..32767] аралығында алынатын бүтін сан.
Long Integer I Мәні [-2147483647..2147483647] аралығында алынатын ұзындығы 4 байттық бүтін сан.
Memo M Alpha-нің мәндер аралығынан үлкен болатын (> = 255 байттық) символдық жол.
Money $ Соңына $ символы қойылатын ақшалық форматты сан.
Date D Дата
Logical L Мәні ақиқат (True) не жалған (False) болатын логикалық типті сан.
Auto increment   Кестеге жол қосылған сайын мәні бірге өсіп отыратын бүтін сан.

4. Өріс сипаталып болған соң терезенің Save As... түймесін шерту. Құрылатын кесте атауы сүралатын Save table as... терезесі көрінеді.

5. Терезеде кесте атаулары сақталатын ішкі бума (мысалы, My Databases) құрып, оны ашу .Файл атауы өрісіне кесте атын енгізу (мысал, Rousl.db) және каталог алиасы үшін терезеде көрінген WORK: атауын қалдырып, Сақтау түймесін шерту. Кесте құрылымы Apteka.db атауы бойынша My Databases бумасында сақталып қойылады.

6. Терезені жабу керек.

Өрістер сипатталып болған соң кестені құру қиын емес:

1. Database Desktop терезесінің мәзірінен File — Open — Table (Файл — Ашу - Кесте) командасын беру. Open Table терезесі көрінеді. Терезеден MyDatabases ішкі бумасын ашып және каталог алиасы үшін жүйе дайындаған WORK: атауын қалдырып, бума ішіндегі қажетті өріс сипаттамалары жазылған кесте атауын (Apteka.db) таңдап, одан әрі Ашу түймесін шерту керек. Өрістер енгізілген терезе ашылады.

2. Кестені толтыруға, берілгендерді редакциялауға мүмкіндік беретін Table — Edit Data (Кесте — Берілгендерді редакциялау) командасын беру (аспаптар панелінің аттас пернесін басуда болады). Apteka атауының астына 1 саны жазылып, (+) өрісіне курсор орналастырылып қойылады.

3. Өрістерді толтыру.

4. Терезені жабу.

Кестені қазақ алфавиті әріптерімен теру тәсілі әдеттегідей. Егер бұл тәсіл жүрмесе, Data Desktop мәзірінен Edit — Preferences (Редакциялау – (Ұнамды) командасын беріп, ашылған терезенің Generel (негізгі) қосымша бетінен Change (Өзгерту) түймесін шерту керек. Change Font (Шрифті өзгерту) терезесі көрінеді. Терезеден қажетті шрифті таңдап, Ok түймесін шертеміз. Сосын Database Desktop жұмыс столын жауып, оны қайта қосуымыз керек. Сонда ғана амалымыз орындалады.

Алиас құру. Берілгендер қорымен жұмыс істеу кезінде кестеге қол жеткізетін жолды енгізу көп қиындық туғызатыны белгілі. С++ Buildеr 6 -гe жолды тек берілгендер қорының атауымен алмастыратын тәсіл енгізілген. Мұндай атау бүркеншік атау не алиас (aIias) деп аталады. Арнайы құрылған БҚ бумасын алиас түрінде қарастыру үшін С++ Buildеr 6 құрамына енгізілген DBE утилитасы пайдаланылады (BDE — Borland Database Engine - Borland корпорациясының берілгендер қоры құрамы).

Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru

2.4.1- сурет. Database Desktop деректор қоры

Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru

2.4.2- сурет. Database Desktop деректор қорында кесте құру

Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru

2.4.3 - сурет. Database Desktop деректор қорында кесте құру үшін кестенің типін таңдау

Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru

2.4.4- сурет. Database Desktop деректор қорында Paradox 7 типінде құрылған кесте

Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru

2.4.5- сурет.Database Desktop деректор қорында Paradox 7 типінде құрылған кесте мәліметтерімен толтырамыз.

Визуалды компоненттер қойылған соң, бағдарлама мен деректер қорын байланыстыру Data Module (DM) құрып, DataSource арқылы жүзеге асады.

Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru

2.4.6- сурет. Data Module (DM )

ДҚ-ның қарапайым қосымшаларында DataSource компоненті - TDataSet (TTable немесе TQuery) бір компонентімен және Data Controls (DBGrid, DBEdit және т.б.) бірнеше компонентімен байланысты. DataSource компонентінің TDataSet және DataControls компоненттерімен байланысы келесі қасиеттер мен оқиғаларды қолдану арқылы жүзеге асады:

TTable компоненті

Деректер қорындағы кестелерге қатынаудың ең қарапайым жолы TТable компонентін қолдану, ол бір кестеге қатынауға рұқсат береді.

Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru Database Desktop көмегімен кесте құру - student2.ru

2.4.7- сурет Data Module (DM ) ішіндегі Data Source

Наши рекомендации