Жүктерді тасымалдауға қабылдау

72. Жүктерді тасымалдауға қабылдау тапсыру-қабылдау жолдарында жүргізіледі.
Жүк тасымалдары вагондап, контейнерлеп, шағындап, топтаулы және маршруттық жөнелтілімдермен жүзеге асырылады.
Тасымалдау үшін жеке вагонның берілуі талап етілетін, тасымалдауға бір темір жол көліктік жүк қағазымен (бұдан әрі - жүк қағаз) берілетін жүк вагондап жөнелту болып саналады.
Тасымалдау үшін бір контейнер беру талап етілетін, тасымалдауға бір жүк қағазымен берілетін жүк контейнерлеп жөнелту болып саналады.
Тасымалдау үшін жеке вагонның немесе контейнердің берілуі талап етілмейтін, тасымалдауға бір жүк қағазымен берілетін жүк шағындап жөнелту болып саналады.
Тасымалдау үшін бір вагоннан артық берілуі, бірақ маршруттық жөнелтілімнен аз болатын, тасымалдауға бір жүк қағазымен берілетін жүк топтаулы жөнелтілім болып саналады.
Тасымалдау үшін вагондардың маршруттар үшін массасы немесе ұзындығы бойынша белгіленген нормаларға сәйкес келетін мөлшерінің берілуі талап етілетін, тасымалдауға бір жүк қағазымен берілетін жүк маршруттық жөнелтілім болып саналады.
Бір жүк алушының атына бір жүк қағазымен түрлі атаудағы берілетін жүк құрама вагондап жөнелту болып саналады. Егер жүк қағазында бір жөнелтілім бойынша тасымалданатын барлық жүктерді атап шығу үшін орын жетіспеген жағдайда жүк жөнелтуші мұндай жүктердің тізбесін жасайды және жүк қағазының «Жүктің атауы» бағанында «Құрама вагондап жөнелту, жүктердің тізбесі қоса беріліп отыр» деп көрсетеді.
Жүк тасымалдау үшін жүкжөнелтушіге вагон бөлуге жүк тасымалдауға арналған жоспардың (өтінімнің) болуы және көліктік темір жол жүкқағазының түпнұсқасында тасымалдаушы визасының болуы негіз болып табылады.
Жүкжөнелтуші тасымалдаушы белгілеген тәртіппен тасымалдаушының автоматтандырылған деректер базасында тіркеледі.
Жүкті тасымалдауға қабылдау үшін тасымалдаушының жүкті қабылдау туралы белгісімен жүкті тасымалдауға өтінімнің жоспар бар болуы негіз болып табылады.
73. Жүктер тасымалдауға жүк жылдамдығымен, сондай-ақ үлкен жылдамдықпен қабылданады. Жүк және жоғары жылдамдықтар жүкті жеткізу мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
Тасымал үшін төлем ең қысқа қашықтықпен жүріп өткен жол арқылы белгіленеді.
Тасымалдау жылдамдығының түрі жүкжөнелтушімен белгіленеді және жүкқағазда көрсетіледі.
Егер осы жүкті белгілі бір жылдамдықпен ғана тасымалдауға рұқсат етілсе, онда жүкжөнелтуші бұл жылдамдықты жүкқағазда көрсетеді.
74. Тасымалдаушы жүк жөнелтушіге вагондардың, контейнерлердің тиеуге берілуі туралы беруден бұрын екі сағаттан кешіктірмей, мұндай хабарламаны вагондарды тиеуге беру уақыты туралы хабарламалар кітабында тіркегеннен кейін хабарлайды. Вагондарды кірме жолдарға беру-алу тәртібі вагондарды беру-алу шартына сәйкес белгіленеді. Жүк жөнелтушінің ұсынысы бойынша хабарлаудың өзге тәртібі белгіленуі мүмкін. Хабарлау үшін деректермен электрондық алмасу желісін қоса алғанда, қолдағы байланыс құралдары қолданылады. Жүк жөнелтушінің хабарламаларды қабылдауын қамтамасыз ету үшін хабарламаларды қабылдау бойынша жауапты адамдар белгіленеді, олардың тегі және телефон нөмірлері жазбаша түрде тасымалдаушыға хабарланады. Жүк жөнелтуші вагондардың берілгені туралы хабарламаны алмаған жағдайда немесе тасымалдаушы вагондарды хабарламасыз бергенде вагондар жүк жөнелтушінің атына есептеледі және олардың кірме жолда болу уақыты вагондар шын мәнінде берілгеннен кейін екі сағат өткен соң есептеледі. Вагондарды хабарламада көрсетілген мерзімнен кешіктіріп бергенде, вагондардың кірме жолда болған уақыты шын мәнінде берілген сәттен бастап есептеледі. Егер кешіктіру екі сағаттан асып кетсе, тасымалдаушы жүк жөнелтушіге вагондарды беру туралы тағы хабарлайды.
75. Жүк тасымалдары үшін ақыны және тасымалдаушыға өткен жүк тасымалдары үшін тиісті төлемдерді төлегенге дейін келесі тиеу үшін вагондарды, контейнерлерді беру тоқтатылады.
76. Тасымалдаушы тиеуге ақаусыз, сырты мен іші тазаланған, қажет болған жағдайларда жуылған және залалдандырылған, жүктердің белгілі түрлерін тасымалдауға жарамды, бекітуге арналған қарапайым құралдары алынған, алынбайтындардан басқа, тиесілігіне қатыссыз вагондарды, контейнерлерді береді.
77. Жүк жөнелтушінің оның өтінім бойынша тиеу станциясына келген бос ерекшеленген вагондардан бас тарту және бұл станцияда басқа жүк жөнелтушімен тәулік барысында қолдануға болмайтын жағдайында тасымалдаушы одан жөнелтілген станциядан тиеу станциясына дейін, бірақ 300 километрден аспайтын шақырым үшін төлем ақы алынады.
78. Тиеуге берілген вагондардың, контейнерлердің техникалық жарамдылығын тасымалдаушы анықтайды. Тиеуге, оның ішінде құюға, тасымалдаушы меншігіндегі вагондар мен контейнерлерді дайындауды тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші өзара бекітілген шарттарға сәйкес жүргізіледі, ал тасымалдаушы меншігіне жатпайтын вагондар мен контейнерлерді, оның ішінде ерекшеленген вагондарды, контейнерлерді дайындау жүк жөнелтушімен немесе мүмкіндік бар жағдайда жүк жөнелтуші есебінен тасымалдаушымен олардың өзара бекіткен шарттарына сәйкес жүргізіледі.
Вагондарды, контейнерлерді тиеуге дайындау вагондарда, контейнерлерде жарияланған жүкті тиеуге дейін поезд жүрісі қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыстарды қарастырады.
Тиелуі кезінде қауіпті жүктер үшін қарастырылған шарттар сақтала отырып, вагондарды дайындау жүргізілетін жүктердің тізбесі осы Қағидаға 14-қосымшада көрсетілген.
Цистерналарға құю алдында жүкжөнелтушілер қазандардың, арматураның және цистерналардың әмбебап құю аспаптарының техникалық жарамдылығын тексереді.
Вагондардың, контейнерлердің (аталған жүктерді тасымалдауға жарамды вагондардың, контейнерлердің жүк бөлімдерінің жай-күйі, жүктерді тиегенде, түсіргенде және тасымалдағанда жүктердің жай-күйіне әсер ететін вагондардың, контейнерлердің ішінде бөтен иістің, өзге де қолайсыз факторлардың болмауы, ашық вагондардағы атмосфералық жауын-шашын салдарларын, сондай-ақ вагондар, контейнерлер шанақтарының ішкі конструкцияларының ерекшелігін есептемегенде) нақты жүктерді тасымалдауға коммерциялық тұрғыдан жарамдылығы мынадай қатынаста анықталады:
вагондардың - жүк жөнелтушілермен, егер тиеуді олар жүзеге асырса, немесе тасымалдаушымен, егер тиеуді ол жүзеге асырса;
контейнерлердің - жүк жөнелтушілермен.
79. Жүк жөнелтушілер нақты жүк тасымалдау үшін жарамсыз вагондардан, контейнерлерден бас тартса, тасымалдаушы аталған вагондардың, контейнерлердің орнына ақаусыз, осындай жүктерді тасымалдауға жарамды вагондарды, контейнерлерді береді.
80. Вагондардың жүк тасымалдауға, соның ішінде қосарланған операциялар (жүкті вагоннан түсіргеннен кейін) ретінде пайдаланылатындардың жарамсыз болу деректері ГУ-23 жалпы нысандағы актімен (осы Қағидаға 15-қосымша) ресімделеді, оған тасымалдаушының және жүк жөнелтушінің өкілдері қол қояды.
81. Жүктерді вагондарға, контейнерлерге кірме жолдарда тиеу және түсірудағы орындарда тиеуді жүк жөнелтуші немесе шарт негізінде тасымалдаушы жүзеге асырады. Тиеу-түсіру орындарында мыналарды:
қауіпті және тез бүлінетін жүктерді;
малдан алынған шикі өнімдерді;
бір орнының массасы 0,5 тоннадан асатын және жабық вагонда тасымалданатын жүктерді;
габариттен тыс жүктерді;
құйылып, үйіліп және ақтарылып тасымалданатын жүктерді;
мамандандырылған жылжымалы құрамда тасымалданатын жүктерді қоспағанда, тиеу жүк алушылар және жүк жөнелтушілер өкілдерінің қоса жүруімен жүзеге асырылады.
82. Жүк жөнелтушілер жүктерді тиеу және тасымалдау үшін тиеу-түсіру жұмыстарының және қозғалыстың қауіпсіздігі, жүктердің, вагондардың, контейнерлердің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп дайындайды.
Жүктер, оларды зақымданудан, бүлінуден, жоғалудан және жетіспеуден сақтау, сондай-ақ жылжымалы құрамның, темір жол төсемінің және қоршаған табиғи ортаның ластануын және қоқыстануын болдырмау мақсатында тасымалдауға стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес келетін көліктік ыдыс қолданылып буып-түйілген түрде беріледі.
Жүктің ыдысына және орамасына, тасымалдаушы тасымалдайтын өнімнің сапасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттармен, техникалық шарттармен белгіленеді. Жүк жөнелтушілер тасымалдаушының талап етуі бойынша тиелетін өнімге, егер жүк буып-түйілген болса, орамасына стандарттар немесе техникалық шарттарды көрсетеді.
83. Ыдысына және орамасына стандарттар мен техникалық шарттар белгіленбеген жүктер тасымалдауға жеткізіп беру келісім-шарттарының, шарттардың ережелеріне және осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетін олардың тасымалдауда толық сақталуын қамтамасыз ететін ақаусыз ыдыста тапсырылады.
Тасымалдаушы жүктердің ыдысы мен орамасының сәйкестігін тексеруді жүргізеді.
84. Оңай жанатын жүктер қатарына жатпайтын, бірақ оңай жанатын материалдар қолданыла отырып (мата, жөке) буып-түйілген немесе бұзылудан оңай жанатын материалдармен (қағаз, жөке, жоңқа, сабан, басқалар) қорғалған болса, сондай-ақ жұмсақ жиһаз тасымалданғанда, вагондарды, контейнерлерді қарау және оларды тиеуге дайындау жанғыш жүктердікі секілді жүргізілуі керек.
Тиелуі кезінде қауіпті жүктер үшін қарастырылған шарттар сақтала отырып, вагондарды дайындау жүргізілетін жүктер 12-қосымшада көрсетілген.
85. Жүк жөнелтуші ыдыстағы және дара жүктерді тасымалдауға көліктің басқа түрлерінде қолданылатын таңбалау талаптарына тәуелсіз көліктік таңбалаумен тапсырады. Көліктік таңбаның мазмұны, орны, жапсыру орны мен әдісі, орналастыру тәртібі, таңбалық жапсырмалар мен жазбалардың мөлшері МемСТ-қа сәйкес жасалады. Көліктік таңба негізгі, қосымша, ақпараттық жазбалардан және манипуляциялық белгілерден тұрады.
Жүктермен жұмыс істеу тәсілдеріне нұсқайтын кескіндемелер манипуляциялық белгілер болып табылады.
86. Жүк орындарындағы негізгі жазбалар жүк жөнелтушінің белгіленген тәртіппен тіркелген толық және шартты атауынан, тағайындалу станциясының толық атауынан және тағайындалу темір жолының қысқартылған атауынан, жөнелтілімдегі жүк орындарының санынан және жөнелтілім ішіндегі орынның реттік нөмірінен (бөлшекпен көрсетіледі: алымында - жөнелтілімдегі орынның реттік нөмірі, бөлімінде - жөнелтілімдегі орындардың саны) тұрады.
Жүк орындарының саны және орынның реттік нөмірі бір үлгідегі ыдыста әр түрлі текті немесе әр түрлі сұрыпты жүктер (мысалы, бумадағы мақтаның түрлі сұрыптары) немесе бір текті жүктер түрлі үлгідегі ыдыста немесе бір текті жүктер жөнелтілімінде мұрыптардың араласуы мүмкін емес болғанда, немесе жабдық жиынтықтарын тасымалдағанда, сондай-ақ жол жүру барысында шамадан артық тиеп тасымалдағанда немесе жүктерді бір вагонда шағын жөнелтіліммен тасымалдағанда көрсетіледі.
87. Жүк орындарындағы қосымша жазбалар:
жүк жөнелтушінің белгіленген тәртіппен тіркелген толық немесе шартты атауынан;
жөнелту станциясы көрсетілген жөнелту пунктінің атауынан және жөнелту темір жолының қысқартылған атауынан;
жүктерді шағын жөнелтіліммен тасымалдағанда әрбір жүк орнына енгізілетін темір жол таңбасынан тұрады, темір жол таңбасы бөлшек түрінде: алымы - жүкті жөнелтуге қабылдау кітабы бойынша реттік нөмірі және сызықша арқылы - жөнелтілімдегі орынның саны; бөлімі - тарифтік басшылыққа сәйкес жөнелту станциясының кодынан тұрады.
Темір жол таңбасын:
тасымалдаушы жөнелту станциясында - жүктерді тасымалдауға тиеу және түсіру орындарынан қабылдағанда және сонымен қатар жүк қағазында «Т.ж. маркасы» бағанында көрсетіледі;
жүк жөнелтуші (жүкті тасымалдауға тапсырғанға дейін) - жүкті шағын жөнелтімдермен клиенттің кірме жолдарында тиегенде жазады.
Ақпараттық жазбалар:
жүк орнының килограммен алғандағы брутто массасынан және нетто массасынан тұрады. Нетто массасының орнына бұйымдардың бірлік санын көрсетуге жол беріледі. Егер бұл мәліметтер орамадағы өнімді сипаттайтын таңбалауда көрсетілсе, олар жазылмайды;
жүк орнының габариттік мөлшері сантиметрмен (ұзындығы, ені, биіктігі не болмаса диаметрі мен биіктігі) көрсетілсе, олар жазылмайды. Егер габариттік өлшемдердің біреуі жүкті ашық жылжымалы құрамда тасымалдағанда 1 метрден аспаса және жабық вагонда - 1,2 метрден аспаса, мұндай өлшемдер көрсетілмейді.
Манипуляциялық белгілерді жазудың қажеттілігі өнімнің стандарттарында, техникалық шарттарында белгіленеді. Егер манипуляциялық белгілермен жүкпен жұмыс істеу әдісін көрсету мүмкін болмаса, ескерту жазбаларын қолдануға жол беріледі.
Көліктік таңба әр жүк орнына жазылады. Бір текті жүктерді тікелей темір жол қатынасында вагондап жөнелтулерде негізгі, қосымша және ақпараттық жазбаларды (брутто массасынан және нетто массасынан басқа) барлық жүк орындарына, бірақ төрттен кем болмайтын жерлерде жазбауға жол беріледі. Бұл жағдайда таңбаланған жүк орындары:
жабық вагондарда - әр есіктің қасында таңбасы сыртқа көрсетіліп екі орыннан;
үсті ашық жылжымалы құрамда - тиеудің жоғарғы ярусында таңбасы жоғары көрсетіліп вагонның әр бойлық ернеуіндегі екі орыннан орналастырылады.
Негізгі, қосымша және ақпараттық жазбаларды (брутто массасынан және нетто массасынан басқа) әмбебап контейнерлерде тасымалданатын жүктерге жазу талап етілмейді.
Жүктерді ыдыссыз үйіп және құйып тасымалдағанда көліктік таңба жазылмайды.
Жүктерден қалыптастырылған көліктік пакеттерге жазбалар жазудың ерекшелігі осы Қағиданың 301, 303-тармақтарында белгіленеді.
88. Жүктерді вагондарға, контейнерлерге тиеу, орналастыру және бекіту поездар қозғалысының қауіпсіздігін, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды және қауіпсіз ету мүмкіндігін, жүктердің, вагондардың, контейнерлердің стандарттар талаптарына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Жүктерді вагондарға, контейнерлерге орналастыру және бекіту жүктерді орналастыру және бекіту шарттарына, осы Қағида талаптарына сәйкес жүргізіледі. Орамаларында манипуляциялық белгілер және ескерту жазбалары бар жүктер вагондарға осы белгілердің, жазбалардың талаптары сақталып тиеледі.
Жүктерді тиеу, бекіту және тасымалдау үшін қажетті жабдықты, материалдарды, пакеттеу құралдарын және өзге де қарапайым құралдарды жүк жөнелтуші береді. Мұндай қарайым құралдарды тиеу кезінде орнатуды кімнің тиеуді жүзеге асыруына қарай жүк жөнелтуші немесе тасымалдаушы жүргізеді. Бір вагонға өзінің қасиеті бойынша басқа жүктерге зақым келтіретін немесе бүлдіретін жүктерді тиеу жүргізілмейді. Ыдыстағы және дара жүктерді вагонның есікаралық кеңістігінде орналастыру есік пен жүк арасындағы саңылау 25 сантиметрден кем болмайтындай етіп жүргізіледі. Жүктер вагондарға, контейнерлерге олардың толық сыйымдылығына дейін тиеледі, бірақ вагондағы, контейнердегі трафаретке сәйкес жүк көтергіштігінен артық болмайтындай болуы керек.
89. Жүктерді тасымалдауға бергенде жүк жөнелтуші жүк қағазында олардың массасын, ал ыдыстағы және дара жүктерді бергенде дәл осындай жүк орындардың санын көрсетеді. Жүк массасын анықтау, егер оларды вагондардың, контейнерлердің толық сыйымдылығына дейін тиеу рұқсат етілген жүк көтергіштіктен тыс тиелуіне әкеліп соғуы анықтау, өлшеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, атқарылып, үйіліп тасымалданатын жүк массасын анықтау вагондық таразыда өлшеу жолымен асырылады.
Жүктердің массасын анықтауды жүк жөнелтуші жүргізеді. Тасымалдауға бір жүк қағазымен вагонда, контейнерде берілетін жүктің жалпы массасы өлшеу не болмаса трафаретке сәйкес әрбір жүк орнында көрсетілген массаны қосу арқылы, стандарттық масса бойынша, сондай-ақ есептеу жолымен және өлшеу арқылы анықталады.
Жүк жөнелтушіде вагондық таразы болмағанда, жүктің массасы тасымалдаушының таразысында анықталады. Тасымалдаушы жүктерді өлшегені үшін тасымалдаушының тарифтік басшылығында (бағатізбеде) көрсетілген алымдарды алады. Контейнерлермен тасымалданатын жүктердің массасы барлық жағдайларда жүк жөнелтушімен анықталады.
90. Цистерналарға құйылып тасымалданатын жүктердің массасын анықтау өлшеу жолымен немесе жөнелтушінің темір жол цистерналарын мөлшерлеу кестесін қолданып құю биіктігін өлшеу және құйылған жүктің көлемін анықтау жолымен жүргізіледі. Бұл жағдайда жүк жөнелтуші жүк қағазында, сондай-ақ жүктің атауы тұсында құю биіктігін, цистернадағы жүктің температурасын және өнімнің тығыздығын көрсетеді.
91. Тасымалданатын жүктерді кірме жолдарда өлшеу үшін өлшеу аспаптарының қажетті санымен жабдықтауды аталған жолдардың иесімен жүргізіледі.
92. Вагонның тиелу дәрежесін анықтау, тасымалдау төлемін есептеу және тасымалдауға қабылданған жүк үшін темір жолдың жауапкершілік дәрежесін белгілеу үшін жүктерді өлшеу әртүрлі үлгідегі таразыларда жүргізіледі. Жүктерді дұрыс өлшеу кем тиеуді, яғни вагонның жүк көтеру қабілетін толық пайдаланбауды, апаттар мен күйреулерге алып келуі мүмкін вагонның көтеру күшінен артық жүк тиеуді болдырмайды. Өлшеу тәсілінен, автотіркеме, үдеу әсерінен болған қателік, вагондық таразылардың үлгісіне байланысты статика, динамика ескеріле отырып, вагондық таразыларда өлшеудің ақырғы нәтижесі есептеледі. Өлшеу аспаптары Қазақстан Республикасының Мемстандартының нормативтік құжаттарының талаптарына сай болуы тиіс.
Вагон, контейнер ыдысының массасы вагон, контейнердегі трафаретке сәйкес қабылданады. Жүкжөнелтушілерде вагон тарзылары болған жағдайда, жүкқағазда вагон ыдысының нақты массасын «Ыдыс тексерілді» бағанында көрсете отырып, вагон ыдысына өлшеу жүргізуге рұқсат етіледі.
93. Жүктерді алынбалы жабдығымен және бекіту құралдарымен, соның ішінде көкөніс, астық қалқандарымен және қымтау құралдарымен тасымалдағанда, аталған қарапайым құралдардың, материалдардың массасы жүктің массасына кірмейді және жүк қағазының «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» 4-бағанында жеке көрсетіледі. Алынбайтын астық қалқандарының массасы вагон ыдысының массасына кіреді.
Бекіту құралдарының тізілімін жүк жөнелтуші «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» 4-бағанында көрсетеді.
94. Жүк массасын анықтау әдісі, жүк массасын кім анықтағаны (жүк жөнелтуші немесе тасымалдаушы) жүк қағазының тиісті бағандарында көрсетіледі. Жүк массасын стандарт бойынша анықтағанда, қосымша бір орынның массасы көрсетіледі.
95. Жүк тиелген вагондарды, контейнерлерді, егер жүк тасымалдаушымен тиелген болса, тасымалдаушы немесе жүктер жүк жөнелтушілермен тиелген болса, жүк жөнелтушілер пломбалайды.
96. Тиеу аяқталғаннан кейін жүк жөнелтуші жабық және мамандандырылған вагондардың шатырын, тиеу люктерін тиелген жүктің қалдықтарынан тазалайды, вагондағы трафареттік жазбаларды сүртеді, вагонның рамасы мен жүріс бөлігін тазартады.
97. Тасымалдаушы жүктерді тасымалдауға қабылдауды жылжымалы құрамға коммерциялық тұрғыдан қойылатын талаптарды сақтай отырып, келесі тәртіппен жүргізеді:
осы Қағиданың 581-тармағында көзделген жағдайларда, бекіту-пломбылау құрылғылары қойыла отырып, пломбыланған жабық үлгідегі жылжымалы құрамда немесе белгіленген үлгідегі бұраулар қойылған вагондарда жүктерді тасымалдауға қабылдауды тасымалдаушы вагондардағы жүктерді тексермей, вагондардың коммерциялық жай-күйіне (бекіту-пломбылау құрылғыларының, бұраулардың, люктердің, қаптағыш заттардың және т.б. түзіктігіне) сырттай қарау арқылы жүргізеді.
Ашық үлгідегі вагондарда (контейнерлерді қоспағанда) жүктерді тасымалдауға қабылдауды тасымалдаушы вагонда жүктің жоғалу, кем шығу немесе зақымдану белгілерінің болуына, сондай-ақ жүктерді орналастыруға және бекітуге қойылатын талаптардың сақталуына сырттай көзбен қарау арқылы жүргізеді.
98. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға ұсынғанда, жүктің әрбір жөнелтіліміне тиісті түрде жасалған жүкқағазын және басқа қажетті ілеспе құжаттарды тасымалдаушыға ұсынады.
Жүктің тасымалдауға қабылданғанының растамасы ретінде жүкжөнелтушіге жол ведомосының түбіртегіне қол қойылған жүктің қабылданғаны туралы квитанция беріледі. Аталған жүкқағазы және оның негізінде жүкжөнелтушіге берілген жүктің қабылданғаны туралы квитанция жүкті тасымалдау шартының жасасылғанын растайды.
Жүкті тасымалдауға қабылдау күні жүкқағазының тиісті бағанына жүктің ресімделуі жүргізілген тәуліктің уақытына байланыссыз ағымдағы тәуліктің күнін көрсете отырып, жөнелту станциясының күнтізбелік мөртабанын қою арқылы куәландырылады.
Жүк жөнелтушіде тасымалдау құжаттарын қабылдайтын, ресімдейтін, бақылайтын және мөр басатын өзінің автоматтандырылған жүйесі болған жағдайда, оларды келісу және бұрыштама қою жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы арасында қабылданған ақпараттық өзара әрекеттесу технологиясы мен стандарттарына сәйкес деректермен электрондық алмасу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Электрондық жүкқағазды ресімдеу жүкқағазды ресімдеуге ұқсас етіп жүзеге асырылады.
Тиеудің және тасымалдау құжаттарын ресімдеудің аяқталуы бойынша жүк жөнелтуші вагондарды беру-әкету шартымен белгіленген вагонды немесе контейнерді тасымалдаушыға қабылдау-тапсыру жолдарында вагонды беру-әкету ведомосына (ГУ-46 нысаны), қабылдап-тапсырушының жаднамасына (ГУ-45 нысаны) қол қоя отырып, қабылдау-тапсыру операцияларын жүргізу арқылы береді.
99. Жүк тиелген вагондарды қабылдау/тапсыру кезінде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің өкілдері осы Қағидаға, жүктерді тиеу және бекіту шарттарына, стандарттарға және т.б. сәйкес техникалық және коммерциялық тұрғыдан қарап тексеру жүргізеді.
100. Халықаралық теміржол қатынасында, сондай-ақ халықаралық аралық қатынаста экспортқа тиелетін жүктерді тасымалдауға қабылдау Қазақстан Республикасының теңіз кемежайлары мен шекаралық станциялары арқылы көліктің тиісті түрлерінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ халықаралық келісімдер сақтала отырып жүргізіледі. Аталған тасымалдар Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде қолданылатын, тиісті қатынас түріне сәйкес келетін жүкқағаз-тасымалдау құжаттарымен ресімделеді.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін/әкетілетін жүктерді кедендік ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы заңнамасымен реттеледі.
101. Жүк тасымалдаумен байланысты қызметтердің тізбесі осы Қағидаға 16-қосымшада жазылған.

Тұтқыр және қатып қалатын жүктерді қыздыруға және ағызып алуға арналған қосымша технологиялық уақыт:
I-топ жүктері үшін - 4 сағат;
II-топ жүктері үшін - 6 сағат;
III-топ жүктері үшін - 8 сағат;
IV-топ жүктері үшін - 10 сағаттан аспайтын болып қолданылады.
I-топтың жүктерін механикаландырылмай ағызып алған жағдайда, технологиялық уақыт төрт және одан артық осьтері бар цистерна үшін 2 сағатқа ұлғайтылады.

Наши рекомендации