Адамның кемелдену жолдары

«Құтты білік» кітабы ақыл, өсиет, дидактикалық сарында жазылған. Ақынның көтерген мәселесі кемел мемлекетті жасау, адамның кемелдену жолдары.

1.Баласағұнның ойынша адам баласының қадір қасиеті-білім мен ақылда.Бұл адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы.Ғылым іздеу мұсылманның бір парызы.

1.Ақыл қайда болса,ұлылық болады

Білім кімде сол білікті болады

2.Тілдің пайдасы мен зияны бірдей

Көп сөйлеме, азайт берер түйірін

Бір сөзбен түй түмен сөздің түйінін.

3.Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиеті

Елдің басшысы ізгі болса,халқы да ізгі болады.

Ізгілік-оң,ессіздік -сол, жүзің -ар, оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.

4.Даңқ пен дәулетке шаттанба,ол бір орында тұрмайды.

Бір орында су, сөз, дәулет тұрмайды,

Жиһангерлер жүре бермей тынбайды

5.Әділеттің жолын қу, шыншыл бол.

Әділ болсаң қараға –ақ, аққа жақ.

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ.

6.Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол.

Қиды терген салып қоңыз сияқты,

Сараңдықтан асқан не бар ұятты.

7.Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, ал арыстандардың басшысы ит болса, иттің тіршілігін қылар.

8.Тексіз кісі уәзір бола алмайды.

Бет қандай болса, уәзір де сондай.

Жаман-жақсы табыспайды ешқашан,

Түзу-қисық қабыспайды ешқашан.

9.Намысшыл ер бол

Намысшыл ер жаудың исін басады,

Намыссыз ер жер бауырлап қашады.

10.Өз пайдаңнан гөрі,ел пайдасын ойла. Қайырымды бол!

Адам ба адам өз пайдасын күйттеген

Адам нағыз ел пайдасын діттеген.

Ж.Баласағұн кітабы: «Құтты біліктің» кейіпкерлері: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Осы төртеуі –кемелденудің кепілі. Кітап осы төрт кейіпкерлердің сұрақ-жауабына құрылады

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубайқызының «Ежелгі әдебиетінде» сөз болады. Алма Қыраубайқызы «Құтты білік» дастанын: «Адам. Оның кемелдену жолдары. «Кемел мемлекет» арманы» деп қарастырады.

Жүсіп Баласағұнның ойынша, адам баласының қадір-қасиеті білімі мен ақылында. Бұл - адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу - мұсылманның бір парызы.

Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде болса, сол білікті болады.

Тілдің пайдасы мен зияны бірдей екенін білу:

Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,

Бірер сөзбен шеш түмен сөздің түйірін.

Ізгілік ет, әділеттің жолын қу, шыншыл бол: Әділ болсаң қараға - ақ, аққа - жақ, ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ. Нәпсіңді тый, сабырлы бол, шарап ішпе: Ішімдікпен мал-дәулетің шашылар, зинақордың ар-ұяты ашылар. Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол: Қиды терген сасық қоңыз сияқты, Сараңдықтан асқан не бар ұятты. «Құтты біліктің» ең негізгі көтерген мәселесі - адамгершілік. Адамгершіліктің сан саласы бар. Оның бірі - тілді тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар секілді.

Тілден бақ қонады, тілден бас кетеді.

Тіл арыстан есік баққан ашулы,

Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды! –

Адамгершіліктің тағы бір көрінісі - білімде. Өйткені білімді адам - ақылды адам. Ақыл түнектегі шаммен тең. Туындыгер сонымен бірге адамгершілікке қарама-қарсы қылықтардан сақтандырады. Олар: жалған сөз, екі сөйлеу, шарапқұмарлық, жүгенсіздік, зымияндық, сараңдық, ащы тіл. Міне, бұлар - кісіге құт әкелмейтін ең нашар қылықтар.

Жүсіп Баласағұн от басы, бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оның ішінде қыз баланың сырт көзден таса күтімін қадай айтқан. Бұл дәстүрлі қазақи тәбиеде: «Қыз бала өзіне-өзі үкідей кызғануы керек. Үкі түскен түгін де қызғанып көміп тастайды», - деген ұғым-түсінікпен үндеседі.

Жүсіп Баласағұн әйел баласын төрт түрге бөледі. Олар: сұлу әйел, атақты әйел, бай әйел, адал жар. Сұлуды алған ер-күйеу емес, күзетшіге айналмақ - «Сұлу алған жолдасынан айрылады» деген мақалмен сәйкес келеді. Атақты әйелді алған атағына телінеді. Бай әйел күйеуін де меншігім деп қарайды. Ал, адал, ақылды жарды алған ер қолына байлықты да, бақытты да қондырады.

Тілдің тұрақты тұғырын таныта алған түркі тілдес халықтар әдебиетінде дидактикалық сарында жазылған көркем сөздердің ғажайып үлгісі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде тіл шеберлігі мен сөздің терең мағынасы кеңінен танылған. Жүсіп Баласағұн поэзиясындағы есім сөздердің мағыналық ерекшелігі, ақын өмір сүрген кезеңдегі түркі тектес халықтың өмір-тіршілігінде қолданыста болған сөздердің, бүгінгі ғылымдағы сөздермен синонимдік қатар құрайтын және лексикалық тіркестердің қолданылу ерекшеліктерімен аса бағаланатын еңбек екенін ескеруіміз қажет.

Жалпы ақын адамның кемелдену жолдарын айқындайды. Оның барлық көріністері өлең жолдарында айтылады және оның сапалық белгілері мынада деп ойлаймыз: 1. Адам баласының қадір-қасиетібілім мен ақылда. Ол адам кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеумұсылманның бір парызы; 2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей; 3. Ізгілікадамзат үшін ең қажетті қасиет; 4. Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орнында тұрмайды; 5. Әділеттің жолын қу, шыншыл бол; 6. Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол; 7. Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, ал арыстандардың басшысы ит болса, иттің тірлігін қылар; 8. Тексіз кісі уәзір бола алмайды. Бек қандай болса, уәзірі де сондай; 9. Намысшыл ер бол; 10. Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын ойла. Қайырымды бол

Наши рекомендации