Жылжымалы тіректі бұрғылау негіздері
Бұл негіздер бұрғылау қондырғылары орналасқан платформалардан және саны 10 немесе одан да көп болуы мүмкін жылжымалы тіректерден тұрады. Қазіргі таңда платформалар көбінесе 3 – 4 тіректерге ие. Негіз тасымалданған жағдайда негіздер әдетте жоғарыға көтерілген жағдайда болады, яғни теңіз түбімен жанаспайды.
3.4 – сурет. Тіректік бағандар арқылы орын ауыстыратын платформасы бар және пантондар арқылы теңіз түбіне батырылатын бұрғылау қондырғылары.
a) теңіз бойынша тасымалдау кезінде; б) бұрғылау процесінде; 1 – тіректік пантондардың элементтері; 2 – су өткізбейтін суүсті тұрқы; 3 – тіректік бағандар; 4 – бұрғылау мұнарасы.
Ұңғыманың бұрғылану нүктесінде тіректер қосымша секциялар арқылы өсіріледі, су түбіне түсіріліп, теңіз түбіне бекітіледі және бұрғылау қондырғысы орнатылған платформаны теңіз толқындары кедергі етпейтін биіктікке көтереді. Бұрғылау жұмыстары аяқталған соң платформаны су бетіне түсіріп, тіректерді судан шығарады да, олардың жоғарғы секциялары демонтаждалып, платформаға орнатылады. Мұндай конструкциялар теңіз тереңдігі 90 м,кейде 120 м болатын аймақтарда ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Оларды теңіздің терең аймақтарында тиімді пайдалануға кедергі болатын негігі жағдайлар мыналар:
- Негіздерді теңіз бетімен тасымалдау үшін жүргізілетін монтаждау және демонтаждау жұмыстарының қымбаттылығы, әрі қиындылығында:
- Тіректердің ұзару нәтижесінде тұрақтылығы мен жұмыс сенімділігінің төмендеуі:
- Тіректер ұзындығының өсуі салдарынан негіз салмағының ауырлауы және теңіз түбіндегі топырақтан суыру жұмыстарының қиындығы.
3.5 –сурет. Еңіс тіректі теңіз бұрғылау қондырғылары
1 – тасымалдану жағдайында; 2,3 – монтаждау кезінде; 4 – бұрғылау барысында.
Біртіректі негіздер деп, бір бағанадан тұрғызылған негіздерді айтамыз. Теңіз бұрғылау біртірегінің төменгі бөлігі нық орнығу үшін, теңіз түбінің тау жыныстарына 3-8 м тереңдікте енеді (свайлы түрі)немесе теңіз түбінде арнайы массивті фундамент (гравитациялық түрі) түрінде орналасады.
Фундамент қызметін қуыс кеуделі металл немесе темірбетонды плиталар атқарады. Сонымен қатар бұл фундаменттер жүзіп шығу барысында, әрі тасымалдау кезінде понтонның қызметін атқарады.
Біртіректі негіздегі бұрғылау қондырғысын жасау ХХ ғ. 70 жылдарының орта шенінде басталды. Бұл сұлба бойынша теңізде бұрғылау жұмыстарын Ұлыбритания, Норвегия, Нидерланда; АҚШ, Жапония елдері жүргізді.
Бұрынғы Кеңес Одағында мұндай конструкцияны Серго Орджникидзе атын. Мәскеудің геологиялық институтының мамандары жүзеге асырды. Бұл үшін 1977 – 1979 жылдар аралығында біртіркеті құбырлы негіздегі бұрғылау қондырғысының макеті жасалып, бұл макет Балтика теңізіндегі акваторияларда ұңғыларды бұрғылау кезінде табысты қолданылды.
Біртіректі негіздерден бұрғылауға арналған белгілі техникалық кешендер ішінен, оларды дайындаудың 2 негізгі конструктивті – технологиялық бағытын 3.6 – сурет. Біртіректі негіз. айтуға болады:
1.Бұрғылау процесін дистанционды басқару. Бұл кезде біртіректі негізге текатқарушы механизмдер (айналма, беру механизмі, құбырұстағыш және т.б.) орнатылады. Бұрғылау мұнарасы, лебедка, бұрғылау сорабы, шегендеуші және бұрғылау құбырлары біртіректі негіздің жанына орналасқан Жүзбелі негізге орнатылады. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуші жұмысшылар да жүзбелі негізде орналасады, ал платформаға тек шұғыл жағдайда көтеріліп, механизмдердің жұмысын тексереді.
2. Ұңғыманы бұрғылауға қажетті барлық операцияларды толықтай дербес (автаномды) орындау. Бұл жағдайда бұрғылауға қажетті барлық қондырғылар біртіректі негіздегі платформада орнатылады. Ал ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын жұмысшылардың өздері басқарады.
Бұрғылау кемелері жүктілігі жоғары өздігінен қозғалатын қондырғылардан тұрады. Кеменің габаритінің үлкен болуына байланысты пайдаланылатын жабдықтардың көптеген түрлерін және мөлшерін сиғызуға болады. Оларды кейіннен алыстағы аудандарға жеткізу үшін де қолдануға болады. Барлау ұңғыларын теңізде бұрғылау тәжірибесінде өздігінен жүзетін және жүзбейтін бір корпусты және көп корпусты кемелер кеңінен қолданылады. 50 жылдардың ортасынан бастап, 70 жылдардың соңына дейін бұрғылауға тұрақтандыру жүйесі якорьлі кемелер ғана қолданылады. Олардың жүзбелі бұрғылау паркіндегі үлесі 20 -24 % құрайды. Якорьлік тұрақтандыру жүйелі кемелерді бұрғылауға қолдану аймағы теңіздің 300 м-ге дейінгі тереңдігімен шектеледі. Теңіз кен орындарын игерудегі жаңа тиімділіктер 1970 жылы динамикалық позициялау жүйесінің әсерінен ашылады. Динамикалық позициялау жүйесінің қолданысы барланатын акваториялардың тереңдігі бойынша рекордтар қатарын орнатуға мүмкіндік береді. Сол уақыттан бастап, теңіздердің үлкен тереңдіктерде бұрғылауға арналған кемелердің әлемдік паркінің өсуіне жол ашылды. Шетелдік динамикалық тұрақтандыру жүйелі кемелер, мыс ретінде «Пеликан» 1350 м теңіз тереңдігіне дейін, «Седко-445» 1070 м дейін, «Дискаверир Севен Сиз» 2400 м дейін, «Пелерин -1» 1000 м дейін, ал «Пелерин - 2» 3000 м тереңдікке дейін, «гломар Челенджер» 6000 м дейін (негізінен бұл кеме 7044 м ұңғыны бұрғылап шыққан), «Седко 471» 8235 м дейін.