Перспективтік жоспар ортаңғы топ

Дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу қызметі

перспективтік жоспар ортаңғы топ

ҰОҚ тақырыбы Мақсаттары мен міндеттері Сағат саны
Қыркүйек
Жүру Тапсырманы орындай отырып,бір бірлеп тізбектеп жүруге және шашырап жүгіруге үйрету. Қолдарымен еденге сүйеніп,шығыршыққа еңбектеп кіру,тақтай үстімен тепе теңдік сақтап жүру дағдыларын, жылдамдық пен ептілігін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жай жүруді жүгірумен алмастыру (таза ауада) Кіші тірек алаңқайында тепе теңдік сақтап жүруге үйрету. Ойындарды ойнауға және жаттығуларды орындауға қызығушылықтарын арттыру. Жай жүріп келе жатып, жүгіруге және жүгіру мен жай жүруді кезектестіре орындауға жаттықтыру Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бір орыннан ұзындыққа секіру Бір орыннан ұзындыққа секіруге үйрету. Технологиялық картадан тыс уақытта да ойнауға болатын бірнеше қимыл-қозғалыс ойындарын үйрету. Жоғарыға қарай лақтыруға және оны қағып алуға жаттықтыру бір бағытта бүкіл топ мүшелерімен бірге жылдам жүгіруге жаттықтыру.
Тепе-теңдікті сақтай біл Тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету. Жылдамдықпен ептіліктерін дамыту. Құм салынған қапшықты басына қойып, түзу сызық бойымен тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру, ұйымдасқан түрде іс-әрекет жасай білуге тәрбиелеу
Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыру (таза ауада) Қырымен жіптің үстінен аттап секіру. Жылдамдықпен ептіліктерін дамыту. Ұзындыққа қапшықты лақтыруға жаттықтыру,жүрумен кезектестіре жүгіруді жетілдіру.
Допты жоғары лақтырып қағып алу Допты жоғары лақтыру екі қолмен допты қағып алуға жаттықтыру, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Жылдамдықпен ептіліктерін дамыту. Топ болып жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қазан
Құрсаудан құрсауға секіру Доға, биіктігі 40-50 см керілген жіп астынан еңбектеп өтуге, бір құрсаудан екінші құрсауға секіруге дағдыландыру. Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесі және дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру.
Допты домалату (таза ауада) Шашырап жүруге және жүгіруге үйрету. Жылдамдықты ептілікті дамыту. қарама-қарсы тұрып допты бір-біріне домалату. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қапшықты нысанаға лақтыру Заттардың үстінен әрі-бері аттай отырып жүруге, бір орынан ұзындыққа секіруге үйрету. Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, батылдыққ, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Бір орыннан ұзындыққа секіру Үлкен және кіші адым жасай жүруге,бір сапта қатарымен жүруге, түрлі бағытта жүгіруге, қайта бір сапқа тұруға, бір-біріне допты лақтыруға жаттықтыру. Ертеңгілік жаттығулардың денсаулыққа пайдасы туралы айту. Бала денсаулығының басты кепілі-дене бітімі және жалпақ табан туралы мағлұматтар беру. Өзінің денесі, оны сезіну туралы түсініктерін қалыптастыру. балаларды допты ұстай білуге үйретуді жалғастыру,қол бұлшық еттерін қатайтуға жағдай туғызу, жылдамдыққа үйрету. Батылдыққа тәрбиелеу.
Допты бір-біріне лақтыру (таза ауада) Бір-біріне допты кеуде тұсынан лақтыруға, допты бір-біріне лақтырып қағып алуға, жұп болып жұмыс жасай білуге үйрету. Допты жерге соғып қағып алу дағдыларына машықтандыру. Ойындарды ойнауға және жаттығуларды орындауға + қызығушылықтарын арттыру.
Доппен жұмыс Гимнастикалық орындықтың үстімен аяқтың ұшымен жүруге,гимнастикалық орындықтың үстімен жатып еңбектеуге, допты заттардың арсымен домалатуға жаттықтыру. Құрсаудың арасымен оң және сол жақ қырымен өтуге, бір-біріне допты отырып домалатуға ара қашықтығы 1-1,5 метр допты лақтыру және қағып алуға дағдыландыру.
Қараша
Допты заттардың арасымен домалату Нұсқаушының белгісі бойынша тоқтап,жүруге және жүгіруге үйрету. Лақтыру күшін және көзбен мөлшерлей білуді дамыту. Көлденең тұрған нысанаға қапшықтарды лақтыруға жаттықтыру,заттардың арасынан еңбектеп өту.
Белгі бойынша тоқтап, жүру және жүгіру (таза ауада) Шашырап жұптасып жүру мен жүгіруге жаттықтыру. жылдамдық пен ептіліктерін дамыту. Көлбеу қойылған баспалдаққа міну арқылы білте таяқшаны дұрыс ұстауға үйрету.
Аттап жүру Қос аяқтап секіруге үйрету, құрсаудан-құрсауға секіре отырып белгіленген межеге жету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  
Қос аяқтап секіру Бір қалыпты жартылай отыруды және жеңіл секірулерді үйрету. Белгіге жауап беру білігін дамыту. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеуді үйрету, белгі бойынша жүгіру дағдысын жетілдіру.
Гимнастикалық орындық үстімен жүру (таза ауада) алға жылжи отырып , екі аяқпен шығыршықтан-шығыршыққа секіруге (4-5м). гимнастикалық отырғыш үстімен бір-біріне қарама- қарсы жүріп келіп кездесіп, одан соң отырып, тұрып қайтадан екі жаққа қарай жүруге дағдыландыру.
Командалық ойындар Гимнастикалық орындық немесе бөрене үстінде еңбектеп жүруге жәнешеңбер бойымен жүгіруге үйрету. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық,ептілікті дамыту. Оң және сол қолмен құм толтырылған қалташаны алысқа дұрыс лақтыру дағдыларын дамыту.
Желтоқсан
Бөрене үстінде еңбектеу Нысанаға құм салынған қапшықты лақтыруға, гимнастикалық скамейка үстімен кезек-кезек жүруге және жерге секіріп түсуге үйрету, аяқты жоғары көтере отырып заттардан аттап өтуге жаттықтыру, мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қыс келді (таза ауада) Таза ауада ойналатын қысқы ойындармен таныстыру. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық,ептіліктілікті дамыту. Шанамен сырғанауға жаттықтыру,қарды жұмарлап лақтыруға жаттықтыру,жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету.
«Сылдырмақтар» ойыны Көлденең қойылған нысанаға затты лақтыруға үйрету. Балаларды зерек болуға,бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету. Бір орында тұрып ұзындыққа секіруге үйрету,көзбен мөлшерлей білу дағдысын және қимыл қозғалыс үйлесімділігін дамытуға ықпал ету,кеңістікке бағдарлану білігін қалыптастыру.
Орындықта орындалатын жаттығулар Бір орында тұрып секіруге жаттықтыру. Нұсқаушының берген белгісіне қарай жылдам әрекет етуге үйрету. Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуді қайталау  
Оң және сол қолмен қар лақтыру (таза ауада) Қолды екі жанға соза отырып тепе-теңдікті сақтап жүре білуге үйрету, қолды екі жанға созып түзу жүре білуге дағдыландыру. Қарды оң және сол қолымен нысананы көздеп лақтыра білуге қалыптастыру. Қимыл-қозғалысты үйлесімді ету қабілетін дамыту.  
Допты бір-біріне домалату Қолға жалауша ұстап, екі қатар шеңбер құрап жүруге, оң және сол қолымен допты алысқа лақтыруға, допты бір-біріне домалатуға үйрету.өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, өз ағзасы мен денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру. Қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Қаңтар
Шаңғымен таныстыру Шаңғыны таяғымен біріктіріп,қолтықтарына қысып,оқу -әрекеті өтетін жерге тасуды үйрету. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық,ептілікті дамыту. Таяқтың ілмектерінің атқаратын қызметімен таныстыру,таяқпен серпіліп сырғанай адымдаумен таныстыру.
Шаңғымен сырғанау техникасын үйрету (таза ауада) Шаңғымен сырғанау техникасын үйрету. Адымдап сырғанауды қайталау, бір қатар сапқа тұруға жаттықтыру. Беткейге сатылап көтерілу және беткейден түсу жолымен таныстыру. Негізгі қасиеттерді -шапшаңдық,ептілікті дамыту.
Шаңғыны таяғымен жинап,тасу Шаңғыны алуға және пайдаланып болған соң жинап қоюға үйрету. Таяқпен адымдап сырғанауды қайталау,бір қатар сапқа тұруға жаттықтыру. Беткейге сатылап көтерілу және беткейден түсу жолымен таныстыру. Негізгі қасиеттерді -шапшаңдық,ептілікті дамыту.
Қысқы ойын түрлері Балаларға қысқы ойын түрлерінен ойындар ұйымдастыру. Затты нысананы көздеп ата білуге жаттықтыру. Ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Далада шанамен сырғанау (таза ауада) Балаларды шанамен сырғанауға үйрету. Негізгі қасиетерді-шапшаңдық,ептілікті дамыту. Жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету.
Беткейге (биікке) сатылап көтерілу және түсу Таяқпен сырғанауды қайталау,бір қатар сапқа тұруға жаттықтыру. Ойын ережелерін білу және нақты орындауға дағдыландыру. Секіруге жаттықтыру.
Ақпан
Нысанаға құм салынған қапшықты лақтыру Нұсқаушының белгісі бойынша бағытты өзгертіп жүру және жүгіруге жаттықтыру, «сылдырмақтар» ойынының шартын түсіндіру. Негізгі қасиеттері -шапшаңдық,ептілікті дамыту. Еңбектеуге және еденде қырымен тұрған баспалдақ таяқшаларыныңарасынан еңбектеп өтуге жаттықтыру.
Шаңғымен сырғанау техникасын үйретуді жалғастыру (таза ауада) Шаңғымен сырғанау техикасын үйретуді одан әрі қарай жалғастыру. Адымдап сырғанауды қайталау, бір қатар сапқа тұруға жаттықтыру. Беткейге сатылап көтерілу және беткейден түсу жолымен таныстыру. Негізгі қасиеттерді -шапшаңдық,ептілікті дамыту.
Көлденең керілген жіптің немесе таяқтың астынан өту Жіппен орындалатын жаттығу түрлерін үйрету. Негізгі қасиетерді-шапшаңдық,ептілікті дамыту. Керіліп тартылған жіптердің астынан өтуге жаттықтыру,екі қолмен допты лақтырып,ұстап алуға үйрету.
Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеп, төмен қарай қадаммен түсу Жүгіру барысында тоқтап, бағытты өзгерте отырып әрі қарай жүгіруді жалғастыруға жаттықтыр, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеп, төмен қарай қадаммен түсуге үйрету. өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру,шапшаңдыққа ,ептілікке дағдыландыру, қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымшылдықпен қызыға ойнауға тәрбиелеу.
Шаңғымен сырғанап адымдауды үйрету (таза ауада) Таза ауда ойналатын қысқы ойындармен таныстыру. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық ептілілікті дамыту. Ойын ережесімен таныстыру және ларды орындауға жаттықтыру жүру түрлерін жаттықтыру.
Жоғарыда ілінген затқа секіру Жоғарыда ілінген затқа қос аяқтап жоғары секіруге және соған жетуге тырысуға үйрету,екі қолын созып алақанына құм салынған қалташаны ұстап, сызық бойымен тепе-теңдікті сақтап жүруге дағдыландыру. Қимылды ойындар арқылы қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту. Ептілікке тәрбиелеу.
Наурыз
Еңбектеу, доға немесе білте таяқтың (рейка)астынан өту Оң және сол қолмен нысанаға затты лақтыруға жаттықтыру. Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту, нысанаға тигізуге үйрету. Бір-бірлеп тізбекте жүру білігін және жүгіру дағдысын бекіту,бір орыннан ұзындыққа секіруді жаттықтыру.
Көлденең қойылған нысанаға допты лақтыру (таза ауада) Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру. Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу біліктіктерін дамыту. Еңбектеуге және арқан немесе гимнастикалық қабырғада өрмелеуге үйрету,гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту.
Алға домалау Алға домалауды үйренуді қайталау. Шапшаңдық пен ептіліктерін дамыту. Жүгіріп өту мен ұзын секіртпемен секіруді жаттықтыру.
Заттардың арасымен ирелеңдеп жүру   екпінмен ұзындыққа екі аяқпен секіруге (ара қашықтығы 40-50см). Төрт тағандап еденнің үстімен еңбектеуге, заттардың арасымен ирелеңдеп жүруге, допты тура бір бағыттадомалатуға жаттықтыру. Кеглиді соқ» ойыны.
Таза ауадағы ойындар (таза ауада) Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығулардың жаңа түрлерін меңгерту. Негізгі қасиетерді-шапшаңдық,ептіліклікті дамыту. Балаларды еңбектеуге және өрмелеуге үйрету.
Жатып орындайтын жаттығулар Алға домалауды үйрету. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық ептілілікті дамыту. Допты лақтыруды және қағып алуды бірнеше рет қайталау орында тұрып биіктікке секіруге жаттықтыру.
Сәуір
Еңбектеу, лақтыру Заттардың арасымен тиіп кетпей жүруге және жүгіруге, доғалардың астынан еңбектеп өтуге үйрету, еңбектеу барысында доғаларға тиіп кетпей арқаны иіп еңбектеуге дағдыландыру, дене шынықтырумен айналыса отырып денсаулығын шыңдауға дағдыландыру. қашықтыққа еңбектеуге,допты бір-біріне лақтыруға, оны қағып алуға, бөрененің үстімен жүруге жаттықтыру. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.  
Жүгіріп өту (таза ауада)   Балаларға дұрыс тыныс алу туралы әңгімелеу. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық ептілілікті дамыту. Таңертеңгі гимнастика кешенін орындау білігін тексеру,артқа және алға домалауды қайталау.
Еңбектеп жүру Тұрған орыннан ұзындыққа секіруге үйрету. Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту және қимыл-қозғалыстардың үйлесімділігін қалыптастыру. Допты екі қолмен бастан асыра лақтыру дағдысын бекіту.
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру Допты бір-біріне домалатуға үйрету. Белгіге қарай жылдам жауап беру дағдысын қалыптастыру. Допты екі қолмен бастан асыра лақтыру дағдысын бекіту.
Допты домалату (таза ауада) Қайталамалы жүгіруге жаттықтыру. Қимыл-қозғалыстар үйлесімін дамыту. Гимнастикалық орындық үстімен жүгіруге жаттықтыру арқылы тепе-теңдік сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Қайталамалы жүгіру Қазақ халқының дәстүрлерімен балаларды таныстыру. Спортқа деген қызығушылығын ояту. Үйренген жаттығуларын орындай білу дағдысын дамыту.
Мамыр
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру Гимнастикалық столдың үстімен еңбектей алу дағдыларын үйрету. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық,ептілікті дамыту. Тепе-теңдікті сақтауды жетілдіру және допты домалату дағдысын бекіту.
Тігінен тұрған нысанаға лақтыру (таза ауада) Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруге үйрету. Балаларды достық қарым-қатынас жасауға үйрету. Еңбектеп жүру және білте тақтайшаның астынан өту дағдыларын қалыптастыру.
Еңбектеу Жоғарыға қарай өрмелеуге жаттықтыру. Қол мен аяқтардың қимыл-қозғалысын үйлесімді ету. Түрлі кедергілер арқылы жаттығулар орындау дағдыларын дамыту.
Кедергілер Тепе-теңдікті дамыту. Жұптасып жұмыс істеуге үйрету. Қимыл қозғалыс үйлесімдігін дамыту.
Жұптасып орындалатын жаттығулар (таза ауада) Түрлі физикалық жаттығулармен балаларды таныстыру. Жылдамдық сапаларын дамыту. Балалардың оқу-іс әрекетінде үйренген секіру тәсілдерін бекіту.
Тыныс алу жаттығулары Балаларға тақтайшамен орындалатын жаттығуларды үйрету. Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту.Тепе-теңдік сақтап жүруге дағдыландыру,бір орыннан биікке секіруге жаттықтыру.

Наши рекомендации