Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы

Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері

Сүтқоректілер мен адамның эмбриональдық дамуында басқадай омыртқалылардың дамуына тән көптеген ортақ сипат бар, бірақ олардың дамуының тек сүтқоректілер мен адамға ғана тән ерекшеліктері болады. Адам эмбриогенезінің ерекшеліктеріне көңіл аударайық.

1. Адамның дамуының басты ерекшелігі ол құрсақ ішінде және ана мен бала арасында тығыз байланыс жағдайында өтуі.

2. Эмбрионалдық кезеңнің ұзақтығы. Адамда ол 280 күнге (9 ай, 10 акушерлік ай, немесе 40 апта) созылады.

3. Әйел организімінде жыныс жасушаларының дамуы эмбрионалдық кезеңде басталып, туғаннан кейін жалғасады. Адамның жұмыртқа жасушасы ұрықтың құрсақ ішінде дамуына байланысты қоректік заттары аз болып, екінші реттік олигоизолецитальды болады, оның құрамындағы аздаған сарыуыз бүкіл цитоплазмаға біркелкі жайылған. Толық пісіп жетілген аналық жыныс жасушасы аналық жыныс безінен менструальды циклдің ортасында айына бір рет бөлініп шығады. Аталық жыныс жасушалары аталық жыныс безінде үзіліссіз түзеледі.

4. Ұрықтандыру организмнің ішінде полиспермді жолмен өтеді. Ұрықтану моноспермді: жұмыртқажасушаға өзінің геномын тек 1 ғана сперматозоид жеткізеді. Ұрықтану жатыр түтікшесінде өтіп бірнеше сағатқа созылады.

5. Зиготаның бөлшектенуі толық, біркелкі емес, асинхронды.

6. Эмбриогенездің ерте сатысынан бастап-ақ ұрық пен ана арасында өте тығыз байланыс пайда болады. Байланыстың қалыптасуы имплантация (ұрықтың жатырдың шырышты қабықшасына енуі) және плацентация (ана мен баланы байланыстыратын мүше ретінде плацентаның түзелуі) кезінде жүреді. Адамда өтетін имплантация басқа сүтқоректілерден айырмашылығы терең жүріп интерстициалды болып табылады (ұрық эндометрийге тереңдей кіріп қан тамырларын бұзады). Осының нәтижесінде ұрықтың ерте даму сатыларында қоректену әдісі екі рет өзгеріске ұшырайды: басында ол аутотрофты болып зиготаның өзінің қоректік заттарының есебінен жүрсе, кешірек ол гистотрофты жол арқылы (жатыр түтікшесінің, жатыр бездерінің және бұзылған тіндердің өнімдерін қолдану) гематотрофты әдіске (тікелей қан арқылы) көшеді.

7. Гаструляция деламинация, иммиграция және жасушалардың жартылай инвагинациясы әдістерімен екі саты түрінде өтеді.

8. Гистогенез и органогенез 17—20-шы тәуліктерде жүріп, пресомиттік, сомиттік және дефинитивті гистоорганогенез сатыларынан тұрады.

9. Сүтқоректілердің эмбриогенезі басқа омыртқалыларға тән ұрық қабықшаларының дамуының ерте жүруімен және жаңа провизорлы мүшелердің (хорион, плацента, кіндік бау) құралуымен сипатталады. Адам плацентасы дискоидальды гемохориальды болады.

10. Адамның бүкіл эмбриогенезін өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын бастапқы, ұрықтық және нәрестелік кезеңдерге бөледі.

11. Адамның дамуында гистогенез және органогенез кезеңдері ұзақ жүріп эмбриогенездің көп мерзімін алады, бірақ нәрестенің тууымен толық аяқталмайды. Осыған байланысты жаңа туған бала басқа сүтқоректілердің төлімен салыстырғанда дамуы кешеуілдеген, дәрменсіздеу болады.

12. Адамның эмбриогенезіне бас миының қарқынды дамуы тән, бұл цефализацияның индексінің (бас миының салмағы мен бала денесінің салмағының арақатынасы).

Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы

Жыныс жасушаларына аталық жыныс жасушасы сперматозоид және аналық жыныс жасушасы – жұмыртқажасуша (овоцит) жатады. Жыныс жасушалары гаплоидты болып келеді.

Сперматозоид.

Оның басы, құйрығы бар, ұзындығы 60-70 мкм болады. Каудальды бөлігі өз кезегінде байланыстырушы, аралық, басты және дистальды болып бөлінеді.

Сперматозоидтың ядросының алдыңғы бөлігінде, цитолемманың астында Гольджи кешенінің туындысы және лизосомаға ұқсас акросома орналасады. Оның мембранасы алдынан цитолеммаға, ал артынан ядроға түйісе орналасқан. Акросоманың құрамында овоциттің мөлдір қабықшасының құрамына кіретін заттарды ыдыратын белсенді заттар (гиалуронидаза, протеазы, гликозидаза, липаза, нейраминидаза, фосфатазалар т.б. 10-12 әртүрлі ферменттер) болады.

Аналық жыныс жасушасы

Адамның жұмыртқажасушасы дөңгелек пішінді. Оның диаметрі шамамен 130 мкм. Құрамында 23 хромосома бар, оның бірі жыныстық Х- хромосома. Электрондық микроскопиялық зерттеулерде овоциттің цитоплазмасында митохондриялар, Гольджи кешені, жақсы дамыған гранулярлық және агранулярлық эндоплазмалық торлар, сондай-ақ трофикалық (вителлин, липид түйіршіктері) және пигменттік қосындылар анықталады. Жұмыртқажасушаны сыртынан плазмалық мембрана қаптап тұрады. Оның астында қалыңдығы 2- 3 мкм болатын цитоплазма қабаты орналасады. Цитолеммамен қосып оны кортикальды қабат деп атайды. Кортикальды қабатта құрамында әртүрлі ферменттері (овопероксидаза, мысалы, ұрықтанудан кейін жарқырауық қабықшаның қасиетін өзгертеді) бар кортикальды түйіршіктер анықталады. Кортикальды қабат жасушаның құралуында және ұрықтануында маңызды қызмет атқарады.

Наши рекомендации