Лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
Деңгей
$$$1 Сөйлемді толықтырыңыз: «Мен кеше достарыммен ... ».
$$ киноға бардым
$ саябаққа бара жатырмын
$ саяжайға барамын
$ кафеге барды
$$$2 Берілген сөйлемнің болымсыз түрін табыңыз: «Әлия достарымен кездесті».
$$ Әлия достарымен кездеспеді.
$ Әлия достарымен кездеседі.
$ Әлия достарымен кездеспек.
$ Әлия достарымен кездесетін еді.
$$$3 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Біз былтыр жазда ... » .
$$ Астанада болдық
$ Астанаға бардым
$ Астанада қыдырдың
$ Астанаға саяхат жасады
$$$4 Сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз: «Әділ мектепті ... ».
$$ үздік бітірді.
$ спортпен шұғылданды.
$ белсенді болдым.
$ емтихан тапсырды.
$$$5 Тиісті сөзді қойыңыз: «Мен ... сыйлық бердім».
$$ қарындасыма
$ әжемді
$ ағамнан
$ ініммен
$$$6 Сөйлемді аяқтаңыз: «Менің анамның бауырлары – ... ».
$$ менің нағашыларым
$ менің ата-бабаларым
$ менің әпкелерім
$ менің жиендерім
$$$7 Сөйлемді толықтырыңыз: «Саған ... жезде болады».
$$ әпкеңнің күйеуі
$ нағашы ағаң
$ ағаңның досы
$ ағаңның әйелі
$$$8 Мақалды жалғастырыңыз: «Ата-ананың қадірін ... ».
$$ балалы болғанда білерсің
$ анаға қарап қыз өсер
$ баланың алалығы жоқ
$ атаның ізін ұл басар
$$$9 Сөйлемді бұйрық рай формасында жалғастырыңыз: «Мен дүкенге барайын, ...».
$$ сен жұмысқа бар.
$ біз мәтін аударамыз.
$ оның тақтаға шыққысы келеді.
$ сіз шығарма жазсаңыз.
$$$10 Сөйлемді толықтырыңыз: «__ тақтаға шықсын, __ бор әкел».
$$ ол, сен
$ сен, біз
$ мен, ол
$ сіз, сендер
$$$11 Сөйлемді аяқтаңыз: «Студенттер ертең сенбілікке ...» .
$$ шықсын
$ ашсын
$ оқысын
$ жүгірсін
$$$12 Бұйрық райлы сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Берік үйде отырсын.
$ Сәуле тамақ дайындамады.
$ Салтанат терезе ашты.
$ Біз сабақ оқимыз.
$$$13 Сағат қанша болғанын көрсетіңіз: «7.45».
$$ сегізге он бес минут қалды
$ жетіден он бес минут кетті
$ жетіге он бес минут қалды
$ сегізден он бес минут кетті
$$$14 Сөйлемді толықтырыңыз: «Сабақ тоғыздан жиырма минут ... аяқталады».
$$ кеткенде
$ тура
$ қалғанда
$ жарымда
$$$15 Уақыт сөзіне тіркес бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.
$$ дайындалады
$ күтпейді
$ өтпейді
$ жетпейді
$$$16 Мақалды-мәтелді жалғастыр: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ...».
$$ Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық ...
$ алтыннан да қымбат
$ көпті көрген білер
$ тасты да тоздырады
$$$17 Сөйлемді толықтырыңыз: «Әсет .... үй тапсырмасын ... » .
$$ кітапханада, орындады
$ асханада, ішті
$ алаңда, ойнады
$ үйірмеде, қатысты
$$$18 Мағыналас сөйлемді табыңыз: «Талғат достарына жиі хат жазады».
$$ Талғат жолдастарымен жиі хабарласып тұрады.
$ Талғат достарымен жиі кездеспейді.
$ Талғат достарын асыға күтеді.
$ Талғат жолдастарын жиі шақырады.
$$$19 Дұрыс нұсқадағы сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Бүгін жаңа тақырып өтеміз.
$ Мен жазбадым бүгін жаттығу.
$ Шығамыз сенбіде сенбілікке.
$ Бос уақыт көп болады менде.
$$$20 Сөйлемнің болымсыз формасын табыңыз: «Менің күн тәртібім жаттығу жасаудан басталады».
$$ Менің күн тәртібім таңғы жаттығумен басталмайды.
$ Менің күн тәртібім таңғы ас ішумен басталмайды.
$ Менің күн тәртібімде жаттығу жасау бар.
$ Менің күн тәртібім уақытылы жаттығумен басталады.
$$$21 Сұрақтың дұрыс жауабын табыңыз: «Сен қайда бара жатырсың?»
$$ Мен асханаға бара жатырмын.
$ Мен музыка тыңдап отырмын.
$ Мен кітапханаға барып жүрмін.
$ Мен академияға барып жатырмын.
$$$22 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Арман достарымен орталық саябақта ... ».
$$ қыдырып жүр
$ бара жатыр
$ тыңдап тұр
$ жүріп жатыр
$$$23 Мағыналас сөйлемді көрсетіңіз: «Сағат 7 мен 9 аралығы – қаланың нағыз қарбалас уақыты».
$$ Таңертеңгі уақыт – қала тірлігінің қызатын кезі.
$ Академияда «Ашық есік апталығы» жүріп жатыр.
$ Таңертеңгі уақытта бос автобус бола қоймайды.
$ Студенттер сабаққа бара жатыр.
$$$24 Мағыналас сөйлемді көрсетіңіз: «Мен саған келе жатырмын».
$$ Мен сенің кітабыңды әкеле жатырмын.
$ Мен саған бүгін бара алмаймын.
$ Мен анама бара жатырмын.
$ Мен сенің кітабыңды бүгін әкеле алмауым мүмкін.
$$$25 Сөйлемді аяқтаңыз: «Оқырмандарға ID-карточкасы арқылы ...».
$$ қызмет көрсетіледі
$ кино көрсетіледі
$ отанға қызмет етеді
$ қызметі көтеріледі
$$$26 Сөйлемді толықтырыңыз: «Білімді болу ... көп оқу керек».
$$ үшін
$ соң
$ кейін
$ дейін
$$$27 Дұрыс құрастырылған мақалды табыңыз.
$$ Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
$ Білімнің басы – зейнет, соңы – бейнет.
$ Білімнің басы – соңы, бейнет– зейнет.
$ Зейнет басы бейнет,білімнің –соңы.
$$$28 Аудармасын табыңыз: «Читательский билет».
$$ оқырман билеті
$ оқу билеті
$ білім алу билеті
$ оқыту билеті
$$$29 «Шұғылдану» етістігінің синонимін табыңыз.
$$ айналысу
$ жарысу
$ рұқсат ету
$ жәрдемдесу
$$$30 Сөйлемді толықтырыңыз: «Бос уақытты ...., ... өткізу керек» .
$$ ұтымды, тиімді
$ жақсы, қып-қызыл
$ үйірме, мектеп
$ қатысты, барды
$$$31 Берілген сөйлемге мағыналас сөйлемді табыңыз: «Күн сайын ол музыка мектебіне барады».
$$ Ол музыка мектебіне күнде барады.
$ Музыка мектебіне кешігіп барады, кейде бармай да қалады.
$ Ол музыка мектебінің оқушысы емес.
$ Музыка мектебіне бармайтынына сондай қуанады.
$$$32 Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінде тұрған сөзді табыңыз.
$$ көмектеспеймін
$ көмектеспедім
$ сыйлаймын
$ бармас едім
$$$33 Әзер сөзінің синонимін көрсетіңіз.
$$ зорға
$ жорта
$ дұрыс
$ өзгеше
$$$34 Берілген сөйлемге мағыналас сөйлемді табыңыз: «Досым шығарма жазуға көмектесті».
$$ Досым маған шығарма жазып беретін еді.
$ Менің досым шығарма жазуды көрсетпеді.
$ Досым маған шығарма жазысты.
$ Менің досым менен шығарма көшірді.
$$$35 Сөйлемді аяқтаңыз: «Қарындасым анама кешкі асты ... ».
$$ шапшаң дайындасты
$ жедел жазысты
$ өзгеше қарады
$ жылдам сөйлесті
$$$36 Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Мен демалыс күні әрең тұрдым.
$ Шапшаң академияға мен келдім.
$ Мұғалім студенттермен сөйлесіп тұр дәлізде.
$ Бізге көп берілді демалыс күндер.
$$$37 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Маған теңіз жағасында ....».
$$ қыдырған ұнайды
$ қыдырғанды жақсы көремін
$ қыдырғанды ұнатпайсың
$ қыдырғанды ұнайды
$$$38 Қате құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Асан сапар шеккенді ұнайды.
$ Ол балық аулағанды жақсы көреді.
$ Мен табиғатта серуендегенді ұнатамын.
$ Маған саябақта серуендеген ұнайды.
$$$39 Қыс мезгіліне қатысты сөйлемді табыңыз.
$$ Жер көк тайғақ болды.
$ Жер көгерді.
$ Жерді жапырақ басты.
$ Жер түрлі түске боялды.
$$$40 Көктем мезгіліне қатысты сөйлемді табыңыз.
$$ Күн жиі күркіреп жаңбыр жауады.
$ Күн аяз, айнала аппақ қар.
$ Шілденің ыстығы басталды.
$ Күн қатты аяз болды.
$$$41 Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
$$ Мен бала кезімде суретші болуды армандадым.
$ Менің арманым суретші болуды армандадым.
$ Суретші болуды армандадым бала кезімде.
$ Бала кезгі арман армандалды.
$$$42 Арманы орындалды тіркесінің мағынасын беретін тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
$$ арманына қол жеткізді
$ арманы аяқ асты болды
$ арманы жетеледі
$ арманы жеткізбеді
$$$43 Мағыналас сөйлемді табыңыз: «Арман мақсат-мұратыңның алғашқы баспалдағы».
$$ Арман ғана мақсатымызға жетудің себепшісі бола алады.
$ Арманмен уақыт өткізуге болмайды.
$ Арманның орындалуына сену қажет пе?
$ Армансыз адам болмайды.
$$$44 Тілек-батаны көрсетіңіз.
$$ Еліңнің қалаулы азаматы бол!
$ Жылдам бол!
$ Оқуға түссең жақсы болар еді.
$ Оқу бітіріп, үздік диплом алсам ғой.
$$$45 Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Мен портрет сала аламын.
$ Ол көлікті жақсы жүргізе аласың.
$ Біз шығыс биін билей алады.
$ Сендер не істей аласыздар?
$$$46 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Би үйірмесінде ...».
$$ қимыл-қозғалыс жасатқызды
$ жол белгілерін жаттатқызды
$ шашты сәндеткізді
$ сөздер жаттатқызды
$$$47 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Ол жақсы күй тарта алады, себебі ...».
$$ ол – домбырашы
$ ол – әнші
$ ол – мүсінші
$ ол – суретші
$$$48 Берілген сөйлемге мағыналас сөйлемді табыңыз: «Ол шебер, көп нәрсені істей алады».
$$ Оның қолынан бәрі келеді.
$ Ол шеберханада жұмыс істейді.
$ Ол көп нәрсені үйреніп жүр.
$ Ол домбыра тарта алады.
$$$49 Телефон соғу сөзіне мағыналас сөз тіркесін көрсетіңіз.
$$ телефон шалу
$ телефон апару
$ телефон жалғау
$ телефон сөндіру
$$$50 Сөйлемді аяқтаңыз: «Электронды пошта арқылы ... ».
$$ хат жіберуге болады
$ ақпарат жинауға болады
$ кітап оқуға болады
$ кино көруге болады
$$$51 Аудармасын көрсетіңіз: «Через неделю работа будет закончена».
$$ Бір аптадан кейін жұмыс аяқталады.
$ Бір аптадан кейін жұмыс аяқталды.
$ Жұмыс бір аптадан кейін біткен.
$ Бір аптадан кейін жұмыс бітпеді.
$$$52 Ырықсыз етісте тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз.
$$ сәлемдеме жіберілді
$ хат жазды
$ жұмысты аяқтайды
$ байланыс жасап жатыр
$$$53 Аудармасын табыңыз: «Не заболей».
$$ Сен ауырып қалма.
$ Сен ауырып қалдың.
$ Сен ауырып жатырсың.
$ Сен ауырып отырсың.
$$$54 Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Айтжан қапелімде не дерін білмей қалды.
$ Балалар үйде қалды.
$ Айжан үйге кірмей, сыртта қалды.
$ Мен дәрісханада қалдым, ол қоңырауға шықты.
$$$55 Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойыңыз: «Мен Әділді сыртынан көр... қалдым».
$$ -іп
$ -ып
$ -п
$ -а
$$$56 Незнакомец сөзінің аудармасын табыңыз:
$$ бейтаныс адам
$ адам
$ аса таныс адам
$ жақын адам
$$$57 Сөйлемді толықтырыңыз: «Үйдің .... көлік тұрағы бар».
$$ артында
$ ішінде
$ үстінде
$ жақын жерде
$$$58 Сөйлемді аяқтаңыз: «Академияның ... кездесейік».
$$ алдында
$ алыс
$ жақын
$ аялдамада
$$$59Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.
$$ Адам өмірінде көліктің маңызы зор.
$ Маңызы зор адам өмірінде көліктің.
$ Зор адам өмірінде маңызы көліктің.
$ Көліктің өмірінде адам маңызы зор.
$$$60 Сөйлемді толықтырыңыз: «Автобустың ... бос екен».
$$ іші
$ алдын
$ қарсысына
$ арасымен
$$$61 Перекресток улицы Байзакова тіркесінің қазақша баламасын табыңыз.
$$ Байзақов көшесінің қиылысы
$ Байзақов көшесіндегі аялдама
$ Байзақов көшесі орталықта
$ Байзақов көшесіне жақын
$$$62 Сөйлемді аяқтаңыз: «Теміржол бекетіне қалай....».
$$ баруға болады
$ болмайды
$ тұруға болады
$ кездесуге болмайды
$$$63 Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
$$ Түркісіб – Алматы қаласындағы ең үлкен аудан.
$ Түркісіб ауданы – үлкен ең қаласындағы Алматы.
$ Ең қаласындағы Алматы - Түркісіб ауданы үлкен.
$ Үлкен ең қаласындағы Алматы – Түркісіб ауданы.
$$$64 Аудармасын табыңыз: «Аптека, которая находится перед моим домом, открыта».
$$ Менің үйімнің алдындағы дәріхана ашық.
$ Менің үйімнің алдында дәріхана ашылды.
$ Дәріхана менің үйімнің алдынан ашылды.
$ Дәріхана менің үйімнің алдында тұр.
$$$65 Театр тақырыбына қатысты сөз тіркесін табыңыз.
$$ қойылым көрсету
$ көлік жуу
$ сауда жасау
$ саяхат жасау
$$$66 Сөйлемді толықтырыңыз: «... драмалық шығармалар өтеді».
$$ Театрда
$ Кітапханада
$ Мұражайда
$ Саябақта
$$$67 Дұрыс берілген тіркесті табыңыз.
$$ Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар мен балалар театры.
$ Атындағы Ғ.Мүсірепов академиялық жастар мен балалар театры.
$ Академиялық жастар мен Ғ.Мүсірепов атындағы балалар театры.
$ Жастар мен балалар театры Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық.
$$$68 Аудармасын табыңыз: «Драматические театры открыты во всех областных центрах».
$$ Облыс орталықтарының бәрінде драма театрлары ашылды.
$ Қалалардың бәрінде драма театрлар ашылды.
$ Аудан орталықтарының бәрінде драма театрлар ашылды.
$ Ауылдық округтердің бәрінде драма театрлар ашылды.
$$$69 Сөйлемді қалау мағынасында жалғастырыңыз: «Менің саябаққа ....».
$$ барғым келеді
$ бармақпын
$ бармаймын
$ барамын
$$$70 Сөйлемді толықтырыңыз: «Демала білу де - ...».
$$ өнер
$ еңбек
$ жұмыс
$ жоспар
$$$71 Дұрыс нұсқадағы сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Бүгін саябақта серуендейміз.
$ Бос уақытым жоқ менің бүгін.
$ Барамыз жексенбіде киноға.
$ Қыдыратын уақыт көп болады менде.
$$$72 Мағыналас сөйлемді табыңыз: «Досыммен саябақта кездеспекпін».
$$ Досыммен саябақта кездесемін.
$ Досыммен саябақта кездестім.
$ Досыммен саябақта кездеспеймін.
$ Досыммен саябақта кездесіп жүрмін.
$$$73 Сөйлемді аяқтаңыз: «Демалыста екеуіміз сауда орталығына ...».
$$ барайық
$ барайын
$ көрейік
$ тыңдайын
$$$74 Сөйлемді толықтырыңыз: «Сауда орталығында балалар ойыншықтарынан бастап, ине-жіпке ... бар».
$$ дейін
$ соң
$ үшін
$ кейін
$$$75 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.
$$ Мен бір жақсы ұсыныс айтайын.
$ Бір жақсы мен айтайын ұсыныс.
$ Ұсыныс айтайын мен бір жақсы.
$ Айтайын мен ұсыныс жақсы бір.
$$$76 Сұрақтың жауабын табыңыз: «Кесені қай бөлімнен сатып алар едіңіз?».
$$ ыдыс-аяқ бөлімі
$ кондитер бөлімі
$ маталар бөлімі
$ аяқ киім бөлімі
$$$77 Сөйлемді қалау мағынасында жалғастырыңыз: «Мен өзіме киім сатып ....».
$$ алғым келеді
$ алмас еді
$ бару керек
$ алған едің
$$$78 Тілектің жалғасын табыңыз: «Өзің киіп, ... ...».
$$ өзің тоздыр
$ өзің шеш
$ өзің жу
$ өзің тік
$$$79 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.
$$ Көк базар халықтың көп жиналатын орны.
$ Базар көк халықтың көп жиналатын орны.
$ Көк халықтың базар көп жиналатын орны.
$ Жиналатын орны көк базар халықтың көп.
$$$80 Аудармасын табыңыз: «Какой размер носите?».
$$ Қандай өлшем киесіз?
$ Қандай көлем киесіз?
$ Қандай мөлшер киесіз?
$ Бойыңыз қандай?
$$$81 Қалау мәнді білдіретін сөйлемді табыңыз.
$$ Шашымды қидырғым келеді.
$ Шашымды жуып алдым.
$ Шашымды тарап, өріп қоямын.
$ Шашым құрғап кетіпті.
$$$82 Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Шашымның табиғи түсі өзіме ұнайды.
$ Ұнайды өзіме табиғи шашымның түсі
$ Шашымның түсі өзіме табиғи ұнайды
$ Өзіме ұнайды табиғи түсі шашымның
$$$83 Киім жөндеу қызметіне қатысты сөз тіркестерін көрсетіңіз.
$$ жеңін қысқарту, етегін бүгу, түймесін қадау
$ шаш қию, шаш бояу, шаш жатқызу
$ сырмасын жөндеу, өкшесін қақтыру, бауын тағу
$ көзін салу, үзілгенін жалғау
$$$84 Бір мағынада берілген сөздер қатарын табыңыз.
$$ шаш қию, шаш кесу, шаш қысқарту
$ шаш өсіру, шаш бояу, шаш бұйралау
$ шаш күтімі, шаш жуу, шаш кептіру
$ шаш тарау, шаш өру, шаш ұзарту
$$$85 Адам денсаулығына кері әсер ететін себептердің бірін көрсетіңіз.
$$ аз қимылдау
$ күн тәртібін ұстану
$ баскетбол ойнау
$ уақытында ұйықтау
$$$86 Мақалды толықтырыңыз: « Тәні саудың ...».
$$ жаны сау
$ тәні таза
$ ары таза
$ ақылы зор
$$$87 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.
$$ Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны.
$ Мен жігіттердің бозбалалар теңге ілу атпен ойнайтын ойыны.
$ Атпен ойнайтын ойыны теңге ілу бозбалалар мен жігіттердің.
$ Атпен ойнайтын ойыны теңге ілу бозбалалар мен жігіттердің.
$$$88 Аудармасын табыңыз: «Здоровый образ жизни».
$$ Салауатты өмір салты.
$ Денсаулық зор байлық.
$ Тәні саудың жаны сау
$ Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
$$$89 Сөйлемді аяқтаңыз: «Құлағың ауырса, ...».
$$ лорға бар
$ терапевтке бар
$ окулистке бар
$ кардиологқа бар
$$$90 Сөйлемді толықтырыңыз: «Бұл дәріні күніне ... ішемін».
$$ үш рет
$ рет
$ үш қабатты
$ төрт қатар
$$$91 Адамның дене мүшесіне қатысты сөз қатарын көрсетіңіз:
$$ өкпе, бүйрек, бел
$ шаш, тарақ, сусабын
$ педиатр, бала, дәрігер
$ ауыру, емделу, жазылу
$$$92 Сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз: «Ауырып қалсаңыз, ...».
$$ дәрігерге барғаныңыз жөн.
$ жұмыс істеуіңіз керек.
$ спортпен айналысыңыз.
$ қонаққа барған дұрыс.
$$$93 Берілген сөйлемнен дене бітіміне қатысты сөз тіркесін табыңыз:
«Ұзындау біткен мойыны өзіне жарасып-ақ тұр».
$$ ұзындау біткен мойыны
$ өзіне жарасады
$ өзіне жарасып-ақ тұр
$ ұзындау өзіне-ақ тұр
$$$94 Салыстырмалы шырай түріндегі сын есімдерді табыңыз.
$$ ақылдырақ, сезімталдау, сөзшеңдеу
$ өте әдемі, ең биік, аса келбетті
$ ақ, сары, қара
$ аппақ, қып-қызыл, үп-үлкен
$$$95 Дене бітіміне қатысты сөздерді табыңыз.
$$ арық, толық, денелі
$ ақжарқын, қатал, сабырлы
$ дос, дұшпан, жау
$ мойын, көз, қас
$$$96 Мұрын сөзімен тіркесетін сын есімдерді көрсетіңіз.
$$ кішкентай, жалпақ, қыр, таңқы
$ қараторы, нәзік, сымбатты, аққұба
$ күшті, мықты, алып, денелі
$ үлкен, кіші, тапал, аласа
$$$97 Көп нүктенің орнына сын есімдердің тиістісін белгілеңіз: «Ызалы, ашулы кезіндегі даусы ..., ...»
$$ қатал, қатқыл
$ жылы, жұмсақ
$ ашық, жұмсақ
$ ерекше, жылы
$$$98 Ұнамды мінез-құлықты көрсететін сөздер қатарын табыңыз.
$$ қонақжай, мейірімді,еңбекқор
$ ашушаң, қызғаншақ, сөзшең
$ көңілді, бауырмал, тасжүрек
$ жалқау, пысық, әңгімешіл
$$$99 Ұнамсыз мінез-құлықты көрсететін сөздер қатарын табыңыз.
$$ ақымақ, жалқау, қу
$ мейірімді, сүйкімсіз, ақжарқан
$ көңілсіз, момын, ұрысқақ
$ іскер, жауапсыз, мәдениетті
$$$100 Мінез-құлықты білдіретін фразеологиялық тіркес қатарын көрсетіңіз.
$$ қолы ашық, мінезі ашық, ашуы қатты
$ батыл, жақсы мінез, ақжарқан
$ тартымды, момын адам, әлсіз адам
$ мақтаншақ бала, жауапсыз студент, мәдениетті адам
$$$101 Мақалды толықтырыңыз: «Ас адамның - ...».
$$ арқауы
$ тірегі
$ жаны
$ демеушісі
$$$102 Қазақша ет қандай тағамдардан әзірленетінін көрсетіңіз.
$$ ет, пияз, қара бұрыш, ұн, су, жұмыртқа, тұз
$ күріш, сәбіз, ет, картоп, май
$ қамыр, су, қырыққабат, ет
$ қаймақ, көк жуа, ет, саңырауқұлақ
$$$103 Қазақша баламасын табыңыз: «Приятного аппетита!»
$$ Асыңыз дәмді болсын!
$ Асыңыз ыстық болсын.
$ Айтқаныңыз келсін!
$ Айтқаныңыз болсын.
$$$104 Дастарқан мәзірі сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
$$ меню
$ список блюд
$ прайс-лист
$ клипарт
$$$105 Мақалдың жалғасын табыңыз: «Шақырған жерден қалма, ...».
$$ Шақырмаған жерге барма.
$ Сорпа бетке.
$ Қонақ бір күн қонса – құт.
$ Үй иесі кеткенше.
$$$106 Дұрыс құрастырылмаған сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Мен қонақтарды қарсы алдым кеше.
$ Қонақ күту – үлкен жауапкершілік.
$ Үй иесі қонақты жылы жүзбен қарсы алды.
$ Қонаққа дастарқан жайылды.
$$$107 Берілген сөйлемнің қазақша аудармасын көрсетіңіз: «Ужас, что это?!»
$$ Масқара, мынауың не?!
$ Әттеген-ай, кешігіп қалдым-ау!
$ Ойбай, ауырттың ғой!
$ Қап, сені ұмытып кеткенім-ай!
$$$108 Қонақ күту тақырыбына қатысты сөз тіркестерін табыңыз.
$$ күтіп алу, дастарқан жаю, шығарып салу
$ қар күреу, би билеу, жолға дайындалу
$ үстел дайындау, егін егу, ән айту
$ жаттығу жазу, тамақ әзірлеу, үй тұрғызу
$$$109 Тиісті сөздерді ретімен қойып, сөз тіркестерін жасаңыз: «Ұзақ ..., мол ...., зор ...».
$$ өмір, бақыт, денсаулық
$ бақыт, денсаулық, өмір
$ махаббат, жұмыс, табыс
$ ақша, өмір, табыс
$$$110 Берілген тілек қандай тойда айтылатынын көрсетіңіз: «Жас жұбайлар бақытты болсын!»
$$ үйлену тойы
$ туған күн
$ мерейтой
$ қоныстой
$$$111 Жаңа үй, пәтер алғанда жасалатын той атауын көрсетіңіз.
$$ қоныстой
$ үйлену тойы
$ туған күн
$ мерейтой
$$$112 Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
$$ мейрам, мереке, той
$ ырыс, береке, өмір
$ қорқу, денсаулық, бақыт
$ жамандық, қонақ, туған күн
$$$113 Сөйлемді аяқтаңыз: «Мүмкін ... !».
$$ жазда барармын
$ биыл болып қайттым
$ келушілер көп болады екен
$ барғаныма қуаныштымын
$$$114 Болжалды келер шақта тұрған сөйлемді табыңыз.
$$ Бару және қайту билеттерін алдын ала сатып алармын.
$ Бару және қайту билеттерін алдын ала сатып алдым.
$ Бару және қайту билеттерін алдын ала сатып аламын.
$ Бару және қайту билеттерін алдын ала сатып алғанмын.
$$$115 Берілген сөйлемнің қазақша аудармасын көрсетіңіз: «Вы на самолете полетите?»
$$ Ұшақпен барасыз ба?
$ Пойызбен барасыз ба?
$ Көлікпен барасыз ба
$ Жаяу барасыз ба?
$$$116 Дұрыс берілмеген сөз тіркесін көрсетіңіз.
$$ түсірген қайту
$ алып қайту
$ көріп қайту
$ барып қайту
$$$117 Сөйлемді толықтырыңыз: «Тұрғылықты мекенжайға тіркелу үшін алдымен ... керек».
$$ тіркеуден шығу
$ тіркеуге тұру
$ офис тіркеушісіне бару
$ жеке куәлік алу
$$$118 Дұрыс берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.
$$ қызмет көрсету
$ терезе №15
$ тіркеушісі офис
$ алу анықтама
$$$119 Пойызға жол жүру билетін алу үшін қандай құжат керектігін көрсетіңіз.
$$ жеке куәлік
$ көшірме
$ анықтама
$ құжат
$$$120 Халыққа қызмет көрсету орталығы тақырыбына қатысты тіркес қатарын көрсетіңіз.
$$ құжат алу, көшірме, тұрғылықты мекенжай
$ шашты сәндеу, тырнақ өсіру, көз бояу
$ қан өткізу, дәрігерге көріну, дәрі ішу
$ киім өлшеу, тауар сатып алу, бағасын түсіру