Зерттеу құрылымының үлгілері
Зерттеу құрылымының турлері
Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:
— зерттеуге дайындық;
— бастапқы ақпаратты жинақтау;
— жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;
— өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).
Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.
Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.
Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)
Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады. Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.
Зерттеу құрылымының үлгілері
Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді негізгі үш топқа бөліп қарастыроады.:
- прогноздық социологиялық зерттеулер;
- сипаттамалық социологиялық зерттеулер;
- талдамалық социологиялық зерттеулер.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методолгиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе, процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады. Социологиялық зерттеулер әлеуметтік процестер мен құбылыстарды танудың тек бір құралы болып табылады, сондықтан да оның нәтижесін асыра дәріптеуге болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жанында біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы. Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес, нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: 1) дайындық кезеңі; 2) жорық кезеңі; 3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңі; 4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі.
1.Қолданбалы социологиялық зерттеудің дайындық кезеңінде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Дайындықтың сапалылығы болашақта жиналатын мағлұматтардың сапалылығын қамтамасыз етеді.
2.Жорық кезеңі (немесе алғашқы мәліметтерді жинау кезеңі) мағлұматтарды "алаңнан” (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т.б) жинаумен байланысты.
3.Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезінде жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі.
4.Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі-қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі – дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады.