Леуметтану ғылымының функциялары
Функция деген ұғым екі түрлі мағынада қолданылады. Бір жағдайда ол белгілібір мақсатты іс-әрекеттің, қызметтің жүйесін білдірсе, екінші бір жағдайда сол қызметтің белгілібір қажеттілікке жауап беру мүмкіндігі тұрғысында қарастырылады. Сондықтан біз әлеуметтанудың функциялары туралы мәселені сөз еткенде бұл ғылым қоғамның, адамзат баласының қажеттіліктеріне жауап бере отырып, оларға не береді деген сұраққа жауап іздеуіміз керек. Мұнда қоғамның осы ғылымның нақты танымдық және оның әлеуметтік процестердің барысына ықпалы, оларды өзгертуге бағытталған қызметіне деген сұранысы қамтылады.
Әлеуметтанудың ерекше әлеуметтік ғылым екендігі оның қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысынан, қатынасы мен атқаратын қызметінен айқын көрінеді.
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясынатқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын әруақытта жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін дамытып отырады, қоғамның әлеуметтік даму зандылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді. Әлеуметтану теориялары қазіргі ғаламдық күрделі проблемаларды шешуге байланысты ұсыныстар беріп, дүниені түрлендірудің шынайы жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Әлеуметтанудың келесі бір функциясының ерекшелігі, мұнда ғылыми тұжырым мен іс әр уақытта бірлікте болады. Осыдан барып, әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мөселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелікқызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді.
Нақты социологиялық зерттеулер қоғам өмірінің түрлі салаларында қалыптасқан ахуалды ашып көрсете отырып, әлеуметтік құбылыстар мен процестерге пәрменді әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат береді. Ол болмаса қоғамда әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясынатқарады.
Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты - оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжау функциясынбайқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана болуы мүмкін кері құбылыстар мен апаттардың алдын алуға болады. Мысалы, мынадай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігінің ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процестердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процестердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т.б.
Болжам жасау әлеуметтік жобалау мен құрылымдауды жүзеге асыруда негіз болады. Яғни, қоғамдағы болуға тиісті әлеуметтік өзгерістердің барысын болжай отырып, оның жағымды жақтарын барынша жетілдіруге, жағымсыз, зиянды жақтарын жұмсартуға мүмкіндік алу және оны жүзеге асыру.
Әлеуметтану қоғамның қай саласыңда болмасын (экономика, саяси, рухани, т.б.) әлеуметтік дамуды жоспарлау функциясынатқарады. Ал, аймақтық, аудаңдық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағаңда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцяныда атқарады. Бұл функция бір жағдайда нақты социологиялық зерттеуден алынған нәтижелердің қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтаждарын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жетуге деген сенімдерін қалыптастыру үшін пайдаланылудан көрінсе, екінші бір жағдайда бұл ғылымның белгілі бір қоғамдық- саяси идеалдардың жүзеге асуына ықпал етуінен көрінеді.
Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі нығайтып, олардың сана-сезімдерін жетілдіріп, мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін реттеп отырады. Сөйтіп, ол қоғамдық қатынастардың барынша дамуына, қоғам мүшелерінің өзара түсіністікте, келісімде өмір сүрулеріне ықпал етеді. Бұл гуманистік (адамгершілік) функциядеп аталады.
Қорыта келгенде, әлеуметтанудың қоғамдық дамуға ықпалы кең және сан қырлы десек артық болмас. Әсіресе, қазіргі таңда бұл ғылымның қоғам өмірінің барлық салаларындағы рөлі мен маңызы арта түсуде.