Орта тап кӨрсеткіші ресми емес есеп бойынша

Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз).

Социолог Тимур Айсауытовтың пікірінше, мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес.

3 диаграмма.

«Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер – кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын. Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті», – дейді социолог.

Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек.

Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған.

Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан.

Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен

4 диаграмма.

түсіндіреді.

Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы қараңыз). Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа жатқызады.

Қорытынды

Әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс.Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлыққоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.Елімізде орта тап қалыптасуының әлеуметтік – экономикалық алғышарттарын құрайды.Сондықтан,Қазақстан Республикасы өзінің әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде орта таптың тұрақты әлеуметтік қауым ретінде орнығуын анықтап, жан-жақты (құқықтық-саяси, әлеуметтік-экономикалық) жағдайлар жасаудың жолдарын нақтыласа елімізде азаматтық қоғам қалыптасуына негіз болатын орта таптың қалыптасуы мен дамуы анағұрлым нәтижелі болмақ. Әлемдік тәжірибе демократия мен экономикалық өсімнің қозғаушы кұші орта тап екендігін көрсетеді. Бұл тап жеке экономикалық тәуелсіздікке ие әрі жалпы көзқарастарды танытушы бола отырып, қоғамның әлеуметтік тұрақтандырушы қызметін атқарады. Бұл таптың орын ауыстыру, саяси жүйе сипатына әсер ету қабілеті нарық экономикасы, құқықтық мемлекет және демократия бағытында қоғамды тұрақты тұрде жаңалап отырады. Қазақстан және ТМД елдеріндегі демократиялық қайта құрулар орта таптың қалыптасу мәселесін өзекті етіп қойды.Орта тапты қалыптастыруға бағытталған мем­лекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл міндеттер ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стра­тегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында қабылданды. Бұл міндеттер «Нұрлы жол» бағ­дарламасында өз жалғасын тапты.Қазақстанда халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында іргелі жұмыстар атқарылып отыр­ғанының бір көрінісі ретінде «Даму кәсіп­керлікті қолдау қоры» жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне үй­рететін оқулар, курстардың ұйымдастырып отырғанын атап айту қажет.Қазақстанда орта тапты қалыптастырудың бір жолы мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуі болып табылады. Өз кәсібін бастаған әрбір азамат мемлекет тарапынан нақты көмек алу арқылы өз ісін жолға қойып, отбасылық тұрмысын жақсартуына барлық жағдай жасалған. Бұл мемлекет пен қоғам үшін де маңызы зор мәселе екендігі сөзсіз, – орта тап әлеуметтік құрылымда өз орнын тауып, меншік иесі ретінде қоғамның дамуына айрықша үлес қосады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы - Алматы, 2008. 280 б

Әженов М.С. Білім әлеуметтануы. - Алматы, 2007.

Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

Тәжин М.М. Әлеуметтану. Алматы. 2004ж.

Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.

http://www.azattyq.org/a/Kazakhstan_middle_class/1841885.html

http://testent.ru/load/studentu/sociologija/leumettik_stratifikacijan_teorijasy_zh_ne_ony_m_ni/50-1-0-1085

Қосымшалар

Наши рекомендации