Абайдың социологиялық көзқарасы. 4 страница

Социологиялық парадигмалардың сипаттамалары.жаңалықтар мен өзгешеліктерді, оның социологияға тигізер әсерін зерттейді.Басқа ғылымдар секілді социологияның да өзіне тән ұғымдары, категориялары, парадигмалары бар. Оларсыз ғылым өз дербестігіне ие бола алмайды.Қоғамдық ғылымдар арасында тек социология ғана нақты, яғни реалды қоғамды жан-жақты және біртұтас тұрғыдан қарастырып,зерттейді. Ол адамдардың іс-әрекеттерінің барлық түрлерін әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, зерттеп, түсіндіруге тырысады.Парадигма деп ғылымда зерттейтін құбылысқа жалпы көзқарасты айтады. Социология ғылымының қалыптасуына байланысты өмірге келген социологиялық мектептер мен бағыттарға байланысты туындаған парадигмалар бар. Мысалы, әлеуметтік фактілер парадигмасы Э.Дюркгеймнің есімімен және де функционализм мектебімен байланысты. Ал түсінісу парадигмасы М.Вебер мен В.Паретолардың есімдерімен байланысты. Әлеуметтік-тарихи детерменизм парадигмасы К.Маркстың, есімімен байланысты.Әлеуметтік парадигма қоғамдық ғылымдарда өте кең тараған. Ол саясаттың шығу тегін, оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіреді. Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде дәлелденген жүйесі жасалған. Ол әлеуметтік шынайылықтың, оның проблемалық мазмұнының барлық байлығын көрсететін концептуалды негізге айналды. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама-қайшылыққа толы процесс ретінде қарастырады. Үлкен әлеуметтік топтардың (байлар мен кедейлердің, ауқаттылар мен жарлылардың, сословиелердің, таптардың) мүдделерінің антагонизмі қарама-қайшылықтың негізі. Әлеуметтік парадигма таптар мен тап күресінің идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады. Әлеуметтік парадигмалардың қатарына әлеуметтік-экономикалықтан бөлек, патриархалды-тектік кұрылыс ыдырап, ол жаңа нормалар мен биліктік құрылымдары бар таптық қоғамға өте бастаған кезде ерекше мәнге ие болған этикалық-нормативті тәсілді жатқызуға болады. Мұндай тәсіл әсіресе Конфуций (б.з.д. 522-479жж.) мен Аристотельге (б.з.д.384-322жж.) тән. Әрине, таптық қоғамның дамуы мен мемлекет пен оның заңдарының реттеуші рөлінің күшеюіне байланысты этикалық-нормативті тәсіл екінші орынға ығысты. Бірақ азаматтық қоғам қызмет ете бастаған қазіргі кезде аталған парадигма дамудың жаңа қарқынына бет бұруда.
Әлеуметтік парадигмалардың қатарына мәдени-антропологиялық парадигма да жатады, оның көмегімен саясаттың сырткары натуралистік жалпыәлеуметтік негіздерінен адамның өзіне, оның әлеуметтік мәдени дүниесіне, ол өмір сүретін өмірлік жағдайларға, оның осы жағдайларға бейімделуі мен өзінің жеке шешімдерін қабылдауға өтуі іске асырылады. Бұл көзқарас тұрғысынан, саясат адамның әрекетшіл мәнінің құбылысы, оның шығармашылық қызметінің жүзеге асуы болып табылады.

Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар. Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бейімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социология ұғымы сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін.Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғарықұдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді. Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.Сонымен қатар социологияның салалық бөлінүіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы.Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды даму да, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.

Социологияның атқаратын функциялары абайдың социологиялық көзқарасы. 4 страница - student2.ru

Социологияның басқа ғылымдармен арақатынасы абайдың социологиялық көзқарасы. 4 страница - student2.ru Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.

Әлееуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды.

Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын) қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.

Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларының тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын (бет алысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады.

Социологияның өмірге келуінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани алғышарттары.ХХ ғасырдағы ғылыми техникалық революция, қоғамды ақпараттандыру ғылымдағы үлкен серпіліс болып табылады. ХХ ғасырдың аяғы экономикалық қарым-қатынас, сауда-саттықтың дамуымен көзге түсті. Бірақ мұнымен қоса дүниеде болып жатқан табиғаттың нашарлауы, адамзаттың азғындауы, адамзаттың қаруланудағы жарысы сияқты келеңсіз оқиғаларға көз жұмып қарауға болмайды.Сонымен, адамзат 2 мыңыншы жылдың аяғына қарай экономикалық емес социомәдениеттік факторларға басты назар аударды. Адамдардың арасындағы байланыс арта түсті, ғаламға жаңа бір біріне түснікті тіл керектігі туындады. Ғаламның қай нүктесінде болмасын адамдардың бір-біріне тигізетін әсері анық көріне бастады. Ұлтаралық қатынаста жаңа сапаға көтерілді. Қоғам дамуының маңызды көзі адам мен табиғат байланысының дұрыстығында деген түсінік қалыптасты. Ресейдегі ең алғашқы болып 1920 жылы Петроград унтверситетінде социология факультететі ашылды. Оны алғаш басқарған П.А. Сорокин. 30 жылдарадағы қалыптасқан тоталитарлық жүйе кезінде социология пәні қудалана бастады. Себебі социология өкіметке қауіпті болды. Социология қоғамдағы жүріп жатқан нақты процестерді зерттеп, ақпарат құралдары арқылы адамдардың санасын оятты. Ал санасы оянған адам өкіметтің жүргізіп отырған саясатына наразы болатын. Сондықтан өкімет социология ғылымын жапты. Социология ғылымы ең бірінші болып репрессияға ұшыраған ғылым. КСРО- да ХХ ғасырдың 60 жылдары социология қайта жаңғыра бастады. 1958 жылы Кеңестік социологиялық ассоцияция құрылды. 1968 жылы социологиялық зерттеу институты ашылды. Бұған қарамастан социология бұл заманда да жақсы дами алмады. Кеңестік социология өз шарықтау шегіне 80 жылдарда Қайта құру кезеңінде жетті десек болады. Себебі сол кезеңнің теориялық негізінде биліктің, басқару жүйенің бұқара халықтың нақты жағдайын толық білмейді, ал бұл кемшілікті жоюдың бірден бір жолы социологиялық зерттеулер жүргізіп халықтың пікірін біліп, соны ескере отырып саясат жүргізу керек деген тұжырым болатын. Бірақта, социологияның теориясы марксистік-лениндік ілім болғандықтан қолданбалы социологиялық зерттеулер соның аясында жүргізілді.Сондықтан да барлық жиналып алынған деректер сол ілім елегінен өткізіліп отырды, ал оған сәйкес келмейтін немесе қарсы келетін деректерді жариялауға, тіптен дұрыстап талдауға мүмкіндік берілмеді. Ал Америкада бұл пән 1892 жылы Чикаго университетінде әлемде ең алғашқы социология факультеті ашылғаннан бастап тек жоғарғы оқу орындарында емес орта мектептерде де оқытылып жүр.Осындай қиыншылықтардан өткен социология Қазақстанда екінші рет туғандай болады.Бұл сала кәзір телеарналарда, газеттерде көп қолданылып жүр. Бірақ әлі де үлкен зерттеулерге қол жеткізе алған жоқпыз. Оның себебі мемлектіміздің де, қоғамымыздың да қазіргі саяси, экономикалық, технологиялық, рухани жағдайымен байланысты. Бұл өтпелі кезең, Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптасқан кезде социологиялық зерттеулерсіз басқару жүйесін ғылыми негізге қою мүмкін емес екені белгілі. Социологияны өмір кітабы десек те болады. Бұл пән реалды өмірді, мұндағы қоғамды, оның даму кезеңдерін, және қоғамдағы өз орнымызды табуға, қоғамға деген өз үлесімізді косуға мүмкіндік туғызатын ғылым саласы.

Сұхбатнама.Зерттеушiмен және респонденттiң аралығында байланысу интервью алуда сұрақтар беретiн интервью алушының арқасында iске асады, ескерiлгенi зерттеушiлер, әрбiр ұйымдастырып әңгiменi бағыттайды жеке адаммен және алған жауаптар нұсқауға сәйкес бекiтедi. Бұл сұрауды әдiс уақыттың үлкен шығындары және сауал-сұрақ жүргiзуге қарағанда құралдар талап етедi, бiрақ сонымен бiрге сан жиналатын мәлiметтердiң сенiмдiлiгi кiшiрейту есебiнен жоғарылайды жауап бермеген және қателер сұрақтар тiзiмдерiнiң толтыруында. Интервью әр түрлi ұйымдастыру формаларының ерекшелiгiн қарап шығамыз. Демек, жұмыстарды орын-орныменге, жұмыстардың қызметтiк баспанасында интервью. Ол өте өндiрiстiк немесе оқу зерттелетiндесi орынды ұжымдар, зерттеудiң заты өндiрiстiк немесе оқу байланған iстермен. Тұрақтарды орын-орныменге интервью. Егер зат болса ол артықшылығы бар болып қалыптасады сұрау туралы бейресми сөйлесiп алуға ыңғайлырақ болатын мәселелерi тяды жағдайға, қызметтiк немесе оқу қатынастарының ықпалдары еркiн. Қолданбалысы социологияда интервью үш түрлер танып бiледi: формализацияланғаны, шоғырландырылған және еркiнi. Интервью формализацияланған - өзi таралған бiр түрлерi интервью алулар. Интервью алушы және респонденттiң қарым-қатынасы осы жағдайда қатал жете игерiлген сұрақтар тiзiмдерi және нұсқаумен реттелген, интервью алушы үшiн қолайлы. Интервью алушы сұрауды бұл түрдiң қолдануында сұрақтардың тұжырымдары және олардың орналасу кезегi ұстап тұруға тура мiндеттi. Интервью шоғырландырылған - келесi баспалдақ, бастаушы кiшiрейтуге сұралатын интервью алушының мiнез-құлығының стандартизациялары. Ол өз мақсаты болады нақты ахуал, құбылысқа байланысты, оның зардабының пiкiрлер, бағалардың жиыны немесе себептер. Интервью респонденттердiң түр бұны әңгiменiң затымен алдын ала таныстырады. Алдын ала интервью үшiн сұрақтар мұндай, және де олардың тiзiмi де дайындап қояды интервью алушы үшiн сөзсiз: ол олардың орналасу кезегi өзгерте алады және тұжырымдар, бiрақ әрбiр сұрақ бойынша мәлiметтi алуы керек. Интервью еркiнi мiнез-құлықтың ең төменгi стандартизациясымен айырмашылығы болады интервью алушы. Бұл сұрауды түр зерттеушi жағдайлар сол қолданылады зерттеудiң мәселесiнiң анықтауына кiрiседi. Интервью еркiнi жүргiзiледi әңгiмелер алдын ала дайын тұрған сұрақтар тiзiмi немесе игерiлген жоспарысыз; интервью тек қана тақырыппен анықталады.

Т.Парсонстың негізгі ұстанымдары.Т.Парсонс /1902-1979/ ХХ ғасырдың екінші жартысының көрнекті социологтарының бірі. Ол функционалистік көзқарасты мейілінше толықтай жасап шықты. Ол әлеуметтік тәртіп мәселесін ең бір өзекті мәселе деп қарастырып, соны қоғамда қалай қалыптастырудың жолдары мен тәсілдерін анықтауға үлкен үлес қосты. Ол өз тұжырымын коммерциялық іс-әрекеттің тәжірибесін талдай отырып дәлелдуге тырысады. Бизнесмендер өз арақатынастарында тек заңға сүйеніп қана іс-әрекет жасамайды, негізгі жаупкершілік моральдық нормаларды бұлжытпай орындау керек деген құндылықарда жатады дейді ол. Егерде осындай жалпы барлық бизнесмендер мойындайтын құндылықтар болмаса, онда ешқандай бизнестің басқа өндіріс салаларында бәсеклікте жеңіп шыға алмас еді деген тұжырым жасайды. Сондықтан да экономика саласындағы тәртіп ортақ моральдік құндылықтарға негізделеді. Парсонс қоғамды біртұтас жүйе ретінде қарастырып,ондағы төрт фунционалдық талапты анықтап көрсетеді. Олар 1.Бейімделу. 2.Мақсатқажету. 3.Интеграция. 4.Үлгіні сақтап қалу. Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдар.

Наши рекомендации