Дәріс тақырыбы: Билік саяси феномен ретінде.
1. Биліктің анықтамасы. Саяси биліктің негізгі белгілері.
2. Басқарудағы билік формалары:монархия мен республика, унитарлық, федерация, конфедерация.
3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Дәрістің мақсаты: Дәріс тезисі:
Бұл ұғымға қатынастағы қызығушылық ерте замандардан басталған. Биліктің өз құпиясы бар. Адамзат өз дамуының өне бойында өзінің ойшыл өкілдерімен оның мәнін ашуға талпынды. Неге адамдар басқа адамдарға бағынады? Т.Джефферсон айтқандай, бір адамдар – арқасында ерімен, ал басқалары – аяқ киімдеріндегі өкше темірлерімен туылмайды. Бірақ осылай болса да, біреулер билік құрады, ал басқалары осы билікті мойындайды және оған мүлтіксіз бағынады.
Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзқарастарды ұстанады.
Билік – билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс-әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтерінде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады.
Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол – қоғамдағы тәртіпті сақтаудың қаруы, құралы. Бұл формуланың көзге көрініп тұрған қарабайырлығына қарамастан мұнда билік қажеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты көрсетілген.
Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей әртүрлі тәсілдері бар:
1. Телеологиялық ( гр.сөзі teleos – мақсат + logos - түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез-келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын-ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді.
2. Инструменталдық.Ол билікті түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды.
3. Функционалдық.Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ықпалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады.
4. Құрылымдық-функционалдық тәсіл.Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.
Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға және мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Сонымен, билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның құрылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, осы қауымдастықтың ішкі және сыртқы өзекті проблемаларын шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де сипаттауға болады.
Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. «Легитимділік» термині (лат. сөзі legitimus – заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің заңды деп тануын анықтайды. «Легитимділік» терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді.
Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың заңдылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін таңу тенденциясы пайда болады.
Қандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды. «Билік легитимділігі» ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік қатынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары – оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікті ала келді, осының салдары – ұзаққа созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әртүрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында – биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда – биліктің сайлануы туралы заң.
Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік үшін бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы биліктің легитимділігін тану құқығын сақтап қалды, яғни шіркеудің беделі мемлекеттік биліктің заңды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды.
Легитимация – ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық тұрғыдан негіздеу. Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы ассоциативты кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады.
Биліктік ықпал ету кеңістігін игеру үшін билік биліктік ықпал ету күшіне ие болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды басқару өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақтылық дәрежесін; күш пен құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу қабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді.
Биліктің ықпал ету кеңістігі жеке адам, бағынышты ассоциацияның соңғы, ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы болатын құрылымданған және ассоциативты кеңістік. Демократиялық қоғамда – бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет. Билік легитимациясы – азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол – осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықтық іс-әрекет болып табылады.
Билік легитимділігін тану – бұқаралық сананың феномені, сондықтан билікті заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:
1. Биліктің киелілігі.Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу.
2. Биліктің халықтық сипаты:(билеуші бізге туыс, ол – біздің арамыздан шыққан, ол біздің қажетіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация – биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы.
Оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану жолында әрекет етеді. Оппозиция билік қабылдаған заңдардың легитимділігін, билік өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігі мен дер уақыттық шара екендігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушылар ұсынған аргументтердің дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да – билік пен оппозиция арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай күрестің қандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек.
Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру үшін әртүрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді.
Оппозиция биліктің әрекетін мұқият бақылап, олардың легитимділігін жоққа шығарады, конституциялық нормалардың, қабылданған заңдардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын қалыптастырады.
Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның бұл «сыртқы саяси іс-әрекеті» осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Басқа ассоциативтік қауымдастықтардың мүдделерін бұзатын билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.
Мемлекеттің пада болуын анықтау. Мемлекеттің белгілері мен қызметтеді белгілеу. Мемлекеттердің түрлерін анықтау.
Мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мн ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым.
5. Дәріс тақырыбы:Саясат субъектілері.
1. Саясат субъектілері: (орны, рөлі, қауымдастық, әлеуметтік стратификация, Ұлттық және этникалык топтар.
2. Тұлғаның саяси мүдделерін жүзеге асырудың материалдық, әлеуметтік-мәдени және саяси-құқықтық алғышарттары.
3. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы.