О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз. 3 страница
1) сәбилік жастағы тәжірибесі – психикалық функциялар мен мінездің элементарлық формасының қалыптасуы;
2) әлеуметтік институттар – тәрбиелеу, оқыту мен білім беру жүйелері;
3) қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.
20. Білім әлеуметтік институт ретінде.Білім беру әлеуметтануы білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылыми пән. Білім беру әлеуметтанудың зерттеу пәні – әлеуметтік институт ретінде, білім әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері, сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеу/к институтының қызметі:1)білім беру; 2)білім тарату; Білім беру әлеуметтануының негізін салушылар белгілі әлеуметтанушылар: Э. Дюркгейм, М. Вебер, Л. Сорокин және Т. Парсонс. Білім берудің деңгейлері: 1) мектепке дейінгі; 2) орта білім; 3) кәсіби техникалық білім; 4) жоғарғы білім; Білім әлеуметтануы – әлеуметтану білімінің жаңа саласы. Ол ғылымтанудың бір тармағы болып келеді, бірақ қоғам дамуының кезеңінде басқа ғылыми пәндермен – тарих және философия ғылымымен, экономика және ғылыми іс-әрекет ұйымдарымен өзара тығыз байланыстылығын жалғастырып келеді. Білім беру әлеуметтануының келесідей міндеттері бар: білім алудағы қажетті зерттеу қоғам өмірімен жеке өмірдегі оның рөлін түсініп бағалау, олардың әлеуметтік маңыздылығын, білім сапасын және деңгейін бағдарламалау; қоғаммен білім алушылардың білімге қатынасы оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу; әлеуметтік мәртебенің фактор ретінде білімнің рөлін көрсету; рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне әсер етуін анықтау. Қазіргі кезде білім әлеуметтануы өзінің назарын мыналарға аударып отыр. 1-ден, қоғам мен ғылымның өзара қатынастары қалай жасалады; 2-ден, қоғамның тиімді қалыптасуы үшін ғылыми ұйымдардың әлеуметтік мәселелері мен оның қызметтерінің қандай мәні бар; 3-ден, ғылым адамдары өздерін қалай көрсетеді, қазіргі қоғамда олар өздерінің орындарын, рөлі мен жауапкершіліктерін қалай сезінеді. Ғылым принциптерін қалыптастыру 1942ж Р. Мертон тарапынан ұсынылған болатын, олардың қатарында әмбебаптық коммунализм, қызықпаушылық және ұйымдасқын скептицизм бар. Әлеуметтануда мейлінше толығырақ қарастырылған «әлеуметтендіру категорясы «білім» ұғымымен салыстырғанда бірінші орындағы ұғым болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісі кездейсоқ және мақсатты бағытталған екі негізгі формада жүзеге асады. Білім бұл әлеуметтану тұрғысынан жалпылама түрде алғанда тұлғаның мақсаты даму саласы ретінде айқындалған, ондағы әлеуметтендіру үрдістері тәртіпке келтірілген форманы, қоғамдық маңызы бар стандарт пен бағыт –бағдарды иеленеді. Бұл формалар білім үрдістерінің институттық табиғатын және әлеуметтік ұғымдығын көрсетеді. Білімділерде, құндылықтарда, нормаларда және қызмет тәсілдерде жүзеге асатын стандарттар білім мазмұнына айналады. Білімнің балашақтағы нәтижелері оның нысаналары болып шығады, олар нақты әлеуметтік рөлдерден көрініс табады. Онда адам мақсатты әлеуметтендіру үрдісіне дайындалады. Сонымен қатар, мысалы, кәсіби білім құрылымында мамандар дайындалып шығарылады. Бір мезгілде алуан түрлі әлеуметтік институттар – мектеп, отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалары әрекет ететін біллім саласы шартты түрде екі салаға – формальды білімге және формальды емес білімге бөлінеді. Бұдан білім әрі білім беруді әлеуметтанулық талдау оның институттену, әлеуметтік мазмұны, ұйымдастырылуы және функциялары мәселелеріне назар аударуды талап етеді. Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырадыБілім беру әлеуметтануының өзіндік ерекше міндеттері бар:Білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;Олардың әлеуметтік маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау;Қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;Рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау.Білім беру әлеуметтануының негізін М.Вебер және Э.Дюркгейм қалаған.Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси процестермен байланысын, сонымен қатар әлеуметтану көзқарасы бойынша оқу орындары мен педагогикалық процестерді зерттеді. Кейінірек Т.Парсонс білімді қазіргі қоғамда әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді, оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды (рөлдер мен нормалар жүйесі.Мектеп. Мектептегі оқытудың тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден айырмашылығы баршаға ортақтығында. Барлық жастарға орта білім беру мекемесін бітіруге мүмкіндік пен кепілдік беріледі. Жастар орта білім алған соң еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласады. Әлеуметтендіру институты ретінде мектептің рөлі әрқашан айтарлықтай жоғары болған, алайда индустриялы өндірісте ата-аналардың жұмыспен қамтылуы мен екі ұрпақтық отбасыдан қарапайым отбасыға өтуіне байланысты отбасының тәрбиелік рөлінің төмендеуі себебінен ол одан да ұлғая түседі.Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік жолын, мамандығын, айналысатын іс-әрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы нұсқалардың біреуіне тоқтала отырып, кәсіби білімнің қандай да бір түріне жоғары баға береді.Кәсіби техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу нысанымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан, білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру әлеуметтануы үшін білім алушылардың білім себебі, оқытудың тиімділігі, оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды.Жоғары білім беруге келетін болсақ, әлеуметтану үшін жастарды оқыту түрлерінің әлеуметтік мәртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне баға беру, қоғамдағы субьективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сәйкестігі, дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды.
21.Мәдениет әлеуметтік институт ретінде.Мәдениет әлеуметтануы мазмұны,түсінігі,құрылымы және негізгі элементтері. Субъмәдениет түсінігі және түрлеріСоциологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.Мәдениетті жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы – мәденит әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқартын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың мәдени қызметін, мәдени деңгейін, мәдени салада бұл топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени дәрежесін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың,мекмелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін, мәдени қызметкерлердің жағдайын және іс-қызметін, т.с.с. зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім, ғылым, этникалық, және көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелердің (театр, кино, мұражай, кітапхананалар) дамуын болжап, жоспарлайды.Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы формада қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы формасын көрсету үшін социологияда субмәдениет түсінігі қолданылады. Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің комплекстерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен, ерекшеленетін автономды тұтастай білім. Психологиялық жағынан қарасақ жастардың психикасының зардап шегуі соңында өкінерлік жағдайларға әкелетінін де ұмытпау керек. Жастардың субмәдениетінің біздің елде таралуы Батыстан кем емес. Ол күнделікті өмірден де көрініс тауып жатыр. Қазақстанда жастардың субмәдениетінің типологиялық анализін жасауда ғалымдар субмәдениеттің жаңа көріністері көбінесе Алматы, Қарағанды, Павлодар секілді жастар қалаларында кең тарағандығын айтады. Қазақстанда жастардың субмәдениетін топтастыру өте қиын, қазірде оны зерттеу төмен деңгейде. Сонымен қатар жаһандану үрдісі елімізді мүлдем басқа кеңістікке әкеткендей. Батыстың және Ресейдің рухани құндылықтарын сіңіре отыра жастар күнделікті өмірде Отандық БАҚ, бағдарламаларды қолдануда төмен дәрежеде. Себебі бәрімізге белгілі жастарымыз «қара роктың» патшасы Макл Джексонның фанаттары, сонымен қатар Отандық телеарналарды қараудан, өзіміздің дәстүрлі әндерімізді тындаудан гөрі Муз-ТВ, Эм-ТИ-ВИ, НТВ және т.б Ресейлік, шетелдік телеарналарды тамашалауды жөн көреді. Компьютерлік ғасыр, Интернеттің үстемдік етуі кезеңінде жастар субмәдениетінің жаһандану процесі жүреді. Сондықтан да қызығушылықтарына, білім деңгейлеріне байланысты белгілі бір жастар ұйымдары пайда болып жатыр. Қазақстандағы жастар субмәдениетінің мынадай топтамасын ұсынуға болады:
- Ойын сауықтық - рокерлер, рэперлер, металлистер, эмолар, готтар, байкерлер;
-Беделді адамдардың, элита, саяси шеңбердегі өкілдердің, әртістердің, жалпы өнер адамдарының балалары да белгілі бір субмәдениетті құрайды.
-Діни субмәдениет. Бұл топқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктердің табынушылары кіреді. Қазіргі кезде дінге байланысты жастардың көзқарасының адасушылық жолда болуы бәрімізді қатты алаңдатуда.
- Студенттердің субмәдениеті. Қазақстан қоғамының білімді және белсенді бөлігі. Бұл топқа 17-22( кейде 25) жас аралығындағы жастар кіреді. Студенттік кезеңде жастардың әлеуметтік, саяси көзқарастары қалыптасып, тұлға ретінде өзіндік мінездемесін орнықтырады. Университет қабырғасы, жатақхана студентке болашақтың үлкен бір терезесін ашып, жол сілтейді.
Осы аталған жастардың субмәдениеттерінің өзіндік дүниеге көзқарастары, құндылықтары бар. Психолог мамандардың айтуынша, біздің қоғамда бейформальды топтардың пайда болуы бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, бұл құбылыстың пайда болуы рухани тәрбиенің жоқтығынан деуге болады. Ата-ана қамқоры мен назарының аздығынан жастар өздеріне ұқсас қызығушылықтары бар ортаны табуға тырысады. Солай бір-бірін тауып, бейформальды топ құрады. Олар кішкентай мемлекет іспеттес.Контрмәдениет– субмәдениеттің ерекше бір түрі. Контрмәдениет – үстемдік етуші мәдениеттің құндылықтарын жоққа шығаратын субмәдени бағыт. «Контрмәдениет» терминін ең алғаш қолданған американдық әлеуметтанушы Теодор фон Роззак болды. Ол контрмәдениетті дәстүрлі мәдениетке қарсы қоятын өнердегі жаңа ағымды білдіру үшін қолданған еді. Түрлі зерттеулерде контрмәдениетке ежелгі әлемдік діндердің қалыптасу кезеңдерін, утопистердің коммуналары мен большевиктердің қозғалысын жатқызады. Контрмәдениеттің айқын мысалы ретінде оқшауланған қылмыстық топтарды айтуға болады. Олар әрдайым «дамып» отырады, әрі шыншылдық, еңбекқорлық, отбасылы өмір сияқты жалпыға ортақ құндылықтарды «басынан аяғына дейін» идеологиялық түрде өзгертіп бұрмалап жібереді. Жастар контрмәдениеті дәстүрлі құндылықтардан бас тартып, оларды контрқұндылықтармен алмастыруды талап етеді. Өз-өзіңді көрсетудің еркіндігі, жаңа өмір сүру салтына ілесу, жазалау шараларын жою, әрі әуес, қиял, елес туғызған кез келген сезімге сену, бейвербальді қатынас жасауға иек арту – мұның барлығы контрмәдениеттің басты құндылықтары. Жастар контрмәдениетінің басты ұраны – қайырымдылық, әдет-ғұрып атаулыдан аулақ жүретін бақытты адам. Міне сондықтан контрмәдениет ұсынған, алдын-ала жоспарланған адам көп жағдайда адамгершілік заңдарына қайшы келетін барлық тыйымдарға және моральдік беделді тұлғаларға өшпенділікпен қарайды, сондай-ақ ондай адамдардың психикасында адамзатқа ортақ өнегелілік, руханилық тәрізді құндылықтар механизмі әлі қалыптасып бітпеген.
22. Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орнын, дін әлеуметтануының қарастыратын мәселелерін, қызметтерін көрсетіңіз.Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Дiн социологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiлi әлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi. Дін әлеуметтануы – адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын зерттейді. Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу обьектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологисы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді. Мәселен, белгілі бір діннің яки сектаның мүшелері өздерінің діни нанымдары негізінде белгілі бір әлеуметтік іс амалдарды жүзеге асырып жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді.Дін социологиясын зерттеуде Батыс елдерінде қолданылып келе жатқан әдістердің бірі – «социография» әдісі. Бұл әлеуметтік қарым – қатынас феномендерін сипаттауға бағытталған әдіс. Осы әдіс бойынша әлеуметтік өмірдің белгілі бір мәселесі туралы деректер жиналады, тәжірибелер жасалады, санақтар жүргізіледі. Және жиналған мәліметтер салыстырмалы түрде талданады. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конт “тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді. Бірінші саты – діни немесе “теологиялық жағдай”, онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі – философиялық, “метафизикалық жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздік шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Дiн социологиясының зерттеу әдiстерi туралы айталық. Эмпирикалық, яғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжiрибелердi жүзеге асырады. Дiннiң қоғам өмiрiндегi маңызды орны мен ықпалын анықтаудағы ең тиiмдi әдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардың, маргиналды дiни ағымдардың ритуалдерi мен жиналыстарына қатысу және тәжiрибе жинақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен баспасөзде келтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптау, талдау, герменевтикалық сараптау пайдалы әдiстерге жатады. Адамдардың саяси өмiрiндегi дiни әрекеттер мен ұстанымдарды зерттеу дiн социологиясының мiндеттерiне жатады.
23. Экономикалық әлеуметтану. Экономикалық әлеуметтанудың спецификациясы мен статусы.Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары.Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал,экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестігі, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдікету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің
өндірісті басқаруға қатынасуы,жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.Әлеуметтану экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен адамның,әлеуметтік топтың ,жіктің экономикалық мінез-құлқын зерттейді.Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық құбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен,олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.Сонымен,экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы - қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.
24.Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын қарастырыңыз.Саясат қоғамның ұйымдасқан ж/е реттеуші, бақылаушылық ортасы. Саясат жеке адамның өмір сүру саласын дәстүр, әдет-ғұрып негізінде реттеу мен қалыптастыру мүмкін болатын даму сатысында пайда болды. Әлеуметтік өмірді реттеудің ерекше бір түрі. Саяси әлеуметтану – саяси саланың қоғамның басқа салалары мен саяси институтының басқа әлеуметтік институттардан қарым-қатынасын, мемлекетпен, партиямен, қоғамдық ұйымдармен тікелей байланысты мәселелерді зерттейді.Саяси әлеуметтанудың зерттеу пәні-қоғамның саяси өмірінің әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси салаларының қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі. Саяси әлеуметтануың 2 деңгейі бар. 1) Макроәлеуметтану деңгейі. Ірі көлемді саяси құбылыстар мен процестерге, саяси құрылымдар мен саяси институттарға ж/е жалпы ғылыми жалпы әлеуметтанулық әдістерді қолданумен ерекшеленеді. Макроәлеуметтану деңгейі күнделікті саяси өмірге жеке адамдар мен топтардың саяси мінез-құлқын зерттеумен айқындалады. Саяси әлеуметтану ғылымы 20 ғ. 30-50 жылдары орныға бастаған. Саяси әлеуметтану қазіргі уақытта әлеуметтік өзгерістердің саяси салдарын, саяси институттардың әлеуметтік процестер мен құрылымдарға әсер етуін, тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесі мәселесін зерттейді. Саяси әлеуметтанудың обьектісі: саяси институттар, жүйелер, саясатқа адамдардың, топтардың, қауымдаст/ң әсер етуі болып табылады. Саяси әлеуметтану жалпы әлеуметтік саяси қатынастардың 4 деңгейін зерттейді: 1) саяси әлеуметтік жүйелердің қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын саяси іс-әрекетті зерттеуге жауапты жалпы саяси әлеуметтану деңгейі; 2) жекелеген елдердің әлеуметтік саяси қатынастарын талдайтын ж/е сипаттайтын елтану деңгейі; 3) жекелеген саяси әлеуметтік процестерді ж/е саяси іс-әрекеттің тұрлерін зерттеуге бағытталған іс-жүргізу деңгейі. 4) нақтылы әлеуметтану зерттеуі арқылы қоғамдық пікірді анықтау мен талдаудың сараптаулы деңгейі; Саяси әлеуметтанудың әдістері: құжат талдау, сауалнамалық, фокус топтық, бақылау ж/е статистикалық мәліметтерді талдау. Саяси әлеуметтанудың 2 заңы бар: 1) әлеуметтік саяси іс-әрекеттердің оны ұйымдастыру амалдарының заңдары; 2) әлеуметтік саяси өмірдің даму заңдары;
25. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы.Оның құрылымы мен функцияларыБағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты. Әлеуметтанудың теориясы мен әдіснамасы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік тарапынан мақұлданған болып табылады:
1.Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.
Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.
1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді әлеуметтану тұрғысынан зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгісіз деген шектес “жерден” басталады. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Әлеуметтанушының әлеуметтану пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады. 2. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің міндеттері нәтижесінде әлеуметтанушы әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады. 3. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты әлеуметтану тұрғысынан зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады. 4. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді. Болжамдар негізгі және екінші дәрежедегі, сапалы немесе сандық, сипаттамалық немесе түсіндірмелік және т.б. болуы мүмкін. Болжамдарға мынадай талаптар қойылады: 1) олар теория мен ғылымның белгілі, тексерілген заңдарына қайшы келмеуі тиіс; 2) оларды зерттеудің соңында ақиқаттылығын тексеруге болатындай құрастыру қажет. 5. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады: