Леуметтану пәні бойынша
Семинар сабағына, өздік және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
Арналған
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Әдістемелік нұсқаулар бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу жұмыс бағдарламасы дәрістік, семинар сабақтардың, СОӨЖ сабақтарының және СӨЖ тапсырмаларының тақырыптарының тізімінен тұрады. Оқу жұмыс бағдарламасына қосымша ретінде СОӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау құрастырылған.
Осы нұсқаулардың міндеті болып студенттерге пәнді оқу барысында көмек көрсету таңылады.
Құралда әр-бір тақырыптың қысқаша мазмұны ашылады, тақырыпты игеруге әсер тигізетін сауалдар, тапсырмалар, өзін-өзі бақылау сұрақтары енгізілген.
Курстың белгілі-бір тақырыптары дәрістерде немесе тәжірибелік сабақтар барысында қарастырылуы мүмкін, басқа тақырыптар – тек қана дәрісте, үшіншілері – студенттін өзімен зерттеледі. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өздік жұмыстары, студенттің өздік жұмыстары тапсырмаларды орындауды, конспектілеуді, библиографиялық тізімдерді, реферативтиік баяндамаларды, тезистерді даярлауды, көшірмелерді құрастыруды, рецензия мен аннотацияларды жазуды, есептерді шешуді көздейді.
Құралда сабақтарды өткізудің әр-түрлі нысандары көзделген, мысалға алсақ: практикумдар, кәсіби ойындар, мәселелі ізденіс семинарлар және т.б.
Өздік жұмыстарының жеке түрлерінің сапасы жоғары болу үшін төменде кейбіреулерінің орындалуына қатысты нұсқамалар берілген.
Семинар сабағы
Семинар сабағының басты мақсаты – студентпен білімді өзі игеруге себеп болып табылады. Семинар сабақтары ойлау қабілетін белсендіреді, берілген материалды ұғынықты талдауға көмек етеді, талаптылықты ынталандырады. Семинар сабағының тиімділігі бір қатар шарттарға бағынышты: мақсаттарды қою, мәселені тұжырымдау, түсіндіру, сөз сөйлеу регламентін анықтау, ережелерді ескерту. Семинар басталар алдында терминдер мен ұғымдарды айқындап алу керек, ал семинар сабағындағы дискусиялар аяқталғаннан кейін қатысушыларына ортақ және дұрыс пікірге келуге көмек ету керек.
Тәжірибелік сабақ
Тәжірибелік сабақ әр-бір студентке теоретикалық білімдерін деректі материалдармен толықтыруға және теорияны тәжірибеде қолдану бойынша біліктілікті алуға мүмкіншілік береді. Тәжірибелік сабақтар – ол оқытудың тәжірибелік әдістері, оның барысында білімдер, машықтар, икемдер ие болынады және қалыптасады. Тәжірибелік сабақтар бақылау және өзін-өзі бақылау мақсаттарын шешуге себеп болады, сабақ өткізу барысында таңу белсенділігің ынталандырады. Тәжірибелік сабақтар білімдегі де және ептегі де ақаулардың алдын алуға және жол бермеуге мүмкіншілік береді.
Курстың жеке тақырыптары бойынша конспектілеу
Жұмыстарын жүргізу
Конспект деген сөз латын тілінен шыққан және шолу, мазмұндау деген мағына берген. Дұрыс құрастырылған конспектіде қарастырылатын әдебиеттегі немесе нормативтік құқықтық актідегі ең негізгісі ерекше көрсетілген, ең маңызды мән-жайларға көңіл бөлінген, қысқа және айқын тұжырымдамаларда маңызды теоретикалық ахуалдар көрсетілген. Жақсы конспектіні тек қана сол жағдайда құрастыру мүмкін болады, егер де тұнғыш қайнар көзі толық зерттелсе, ал оның негізгі мазмұны игерілсе ғана, егер де зерттелетін әдебиеттің немесе нормативтік құқықтық актінің құрастырылған жоспары мен мәтіннің дара бөліктерінің байланысы анықталған жағдайда ғана мүмкін. Конспектілетін жұмыстын авторының басты ойлары сөзбе-сөз мазмұндалмай, өз сөздерімен мазмұндалу тиіс. Бұл мәтіннің мазмұның жемісті игеруге себеп болады. Егер де белгілі-бір жайларды сөзбе-сөз келтірген жағдайда дәйектелген мәтіннің беттерін көрсету керек.
Конспектінің сыртқы хаттауы келексі талаптарға сәйкес болуы тиіс: дәйектелетін жұмыстың авторының тегі мен инициалдарын, оның басып шығару деректерін (басып шығарған жерін, баспаны, жылың), конспектілетін беттін номерін көрсету керек, мәтінді ұғынықты, айқын, жұмыстың жоспарының орындары шығарылатын жолдар қалтырып жазу керек.