Азақ тілі- қазақ халқының ұлттық тілі
І бөлім. Қазақ тілінің қоғамдық мәні
Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Адам белгілі бір қоғамда сүреді, сол қоғамның материалдық және рухани баылығын жасашысы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым –қатынаста болады. Адамдардың өмір сүруінің, тіршілігін жүзеге асыруының құралы-тіл. Тіл- жеке адманыңтуындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл – қоғамдағы адамдардың қатыас құралы. Сондықтан да тіл- қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тәл арқылы көрінеді,тіл арқылы басқаға жетеді.
Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуымен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты. Ұлттың өмір сүруінің кепілі – ұлттық тіл. Қазақтар өзінің ұлттық тілін «Ана тілі» деп атайды. Қазақтың ана тілі- қазақ халқына ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл. Соған қарамастан, халық тілі өз ішінен сараланады. Ол, алдымен, бүкіл қазақ ұлтына және қазақстанлы мекендейтін юасқа ұлттарға ортақ, түсінікті әдеби тіл. Екіншіден, белгілі аймақта, жергілікті сипатта қолданылатын диалетктілер(пұшайман, мұштау, кәсіпкерлік, құлақнан, ақтық т.б.), үшіншіден, ауызекі сөйлеу тілі. Бұлардың қоғамдағы орны, маңызы, қызметі бірдей емес, бірақ осының бәрі ұлттық тілді құрайды. Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мідени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал.
Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Қазақстанның мемлекеттіе тілі- қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл- көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұймдыстырудың басты құралы. Көп ұлтты Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқар үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды. «Қазақ КСР-інің тәл туралы Заңы» 1989 жылы қабылданды. Одан кейін Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қаьылданған Жаңа Конституциясында қазақ тілі- Қазақ Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Мемлекеттік тіл- Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі. Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» қабылданып, оның 4-бабында «Қазақ Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» екені жазылған.
Мемлекттік тіл – Қазақстан мемлекетінің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын: мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары- радио, теледидар, мерзумді баспасөз сияқты ақпарат құралдары,іс қағаздарының тілі. « Тіл туралы Заң» осы салалардағы тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп отырады. Мемлекеттік тіл мемлекет қамқорлығында болады.
2-жаттығу.Жергілікті диалектілер мен кәсіби сөздерді тауып, олардың әдеби номрасын жазыңдар.
Бар болағаны алты-бес-ақ қарық екен. Пәлегінің бәрі қурап қалыпты. Көретін түгі жоқ, арықты ұрып кеткен. Қаңыр өгізді жетелегендей, қисық-қисық жүйектегі қалдырықтай суды жетелеймін деп –ақ діңкісі құриды. Қараңғыда суға түскен қандай қазбат. Дайрабай құлаұтың аузында сол соситып тұр. Көкем жүгіріп барып құлақты тарс жапты.-Жүдә, кұмбыл боп кеттінңдер,-деуші еді ол масаттана. Базар сайын себет-себет жұмыртқа сатады.Өзіңше емін-еркін барып, мөлтек пәлектен уылжыған қауынды үзіп әкеліп, «сен ал, сен ал» деп отырғанға не жетсін! Өзі де от басында бір пәс отыра алмайды.
Дайрабай жалт бұрылып, көкемді алып ұрғанда, мен де сол екпінмен ұшып түстім.
-Жанының барыңда жыт,-деді ол қырылдап.
-Жібер! Жібер, көкемді.
-Жыт!-деді.
азақ тілі- қазақ халқының ұлттық тілі
Ұлттық тіл- ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қрым-қатынас құралы. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты. Оның таризы туыстас түркі тілдерінің даму тарихымен тамырлас, бастауын есте жоқ ескі замандардан алады.
Қазақ тілі түрку тілдер семьясының батыс, ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енеді. Туыстығы жағынан қырғыз, қырым татарлары, татар, башқұрт, қарашай, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып келеді.
Тілдер туыстас болып саналуы үшін лексикасында мағыналары жағынан бірдей , ұқсас ал дыбысталуы жағынан бір-біріне жақын көптеген сөздердің болуы шарт. Мысалы, қазақ тілінде ауыр деген сөз өзбек тіліндегі оғыр, қырғызша оор,туваз және хакас тілдерінде аар, түркменше ағыр, алтай тілінде уур, башқұртша ауыр, татарша авыр болып айтылады.
Мағына жағынан бірдей, дыбысталуы жағынан ұқсас болып келуі бұл сөздердің бір тамырдан тарағандығын көрсетеді. Туыстас тілдердің барлығына бірдей ортақ сөздерге көбінесе туыстық қатынас пен адамның дене мүшелерін, жыл мезгілдері мен табиғат құбылыстарын білдіретін әрі төрт түлік пен өсімдік атауларына, күнкөріске қатысты сөздер жатады.
Осындай ортақ белгілері көп болғандықтан, бірқатар түркі халықтарының өкілдері(қазақ, қырғыз, қарақалпақ, татар, өзбек, ұйғыр т.б.) бірімен- бірі сөйлесе , түсінсе алады.
Сонымен ,қазақ тілі қашан , қалай пайда болды, бүгінгі күнге қалай жетті? Аталған тілдермен қалайша туыстас деген сұрақтарға жауап беру үшін түркі тілдеріне ортақ тарихқа жүгінуіміз керек. Себебі қазіргі түрку халықтарының есте жоқ ескі замандарда мекені, шығу негізі бір болған. Ол жалпы адам қоғамының даму сатысымен байланысты.
Тіл адамадрдың өзара түсіну, қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін өтеу нәтижесінде пайда болды, қалыптасты, жетілді. Адамдардың ең алғашқы ұжымы-ру, бұлар бір негізден , тектен тараған адамдар қоғамы. Рулар өсе келе –тайпа, одан тайпалар одағы, халық, ұлт пайда болды. Ендеше, қазақ тілі басқа түркі халықтарымен бірге бір негізлен шығып, өсіп жетілді, жеке ұлт пайда болды. Ендеше, қазақ тілі басқа түркі халықтарымен бірге бір негізден шығып, өсіп жетілді, жеке ұлт, мемлекет тілі болып қалыптасты.
Түркітану шһғылымнда түркі тілдерінің дамуын(Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастырады. Түркі тілдері көне дәуір аталатын заманға дейін де алтай,ғұн сияқты кезеңдерді бастан өткізген көрінеді. Өкінішке орай, көшпенді тұрмыс кешкен түркі халықтарының алғашқы кезеңдері, әсіресе алтай дәуірі туралы жазба дерек жоқ. Ал ғұн дәуірі б.з.д. Vғасырдан ІІІ ғасырға дейінгі уақытты қамтиды. Бұлар жөніндегі мәліметтер басқа халықтардың жылнамаларында кездеседі. Өйткені сол кездегі Ғұн дкржавасы басқа мемлекеттер үшін қаһарлы көрші болғаны тарихтан белгілі. Халықтың жер-су атауларында , наным-сенімінде, аңыз-шежірелерінде кездеседі. Ал жазба мәлімет, дерктер түркі халықтарының V-VIII ғасырдағы тас кітаптарында жатыр. Түркілер оларды «бітіг таш» деп атаған. «Бітіг» жазу дегенді білдіреді. Сонда бұл тастағы жазу деген сөз. Демек, ертедегі түркі халықтары өзіне тән алфавиттік жүйесі, емлесі бар жазуды V-VIII ғасырда дүниеге әкелген. Олар «Мыңжылдық түмен күндік(мәңгі) бітігімді, белгімді жасыл тасқа қашап түсірдім» дегеніндей, өз кезеңнің даңқты батырларына, қолбасыларына арнап мәңгі ескерткіш қою арқылы тіліміздің де, тарихымыздың да бастауын жазып кеткен. Тіл ғылымында бұл «Орхон – Енисейескерткіштері» деп аталады. Өйткені бұлар Орхон және Енисей өзендері бойынан табылған. Талас, Іле өзендері аңғарларынан табылғандары да бар. Олар: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» т.б. ескерткіштер. Ғылымда көп уақыт бұларды оқу мүмкіндіші болмады. Сол себепті оларды рун жазулары деп атады. Рун- құпия деген сөз.
Осы ескіркіштерді оқудың кілті табылғанда, ең алдымен оқылған сөздер – тәңірі, түрік сөздері. Тәңірі –ұлы даланы мекендеген халықтың табынары. Түркі- сол батыр да ұлы халықтың аты. Күлтегін-сол кездегі дәуірлеп тұрған Түркі қағанатының кемеңгер қолбасшысы, Білге қаған – сол жұрттың ұлы қағаны. Ендеше, ескерткіштер сол замандағы түркі тектес халықтың бәріне ортақ тілде жазылған, сол кезеңде ортақ тіл болған деуге болады. Ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі қазір де сол қалпында қолданылады. Мысалы, ескерткіште: тағ, таш; қазақ тілінде: тау,тас.
Бұлардың қатарына үч-үш, қара, төрт, қыш- қыс, аиа, апа,көз, арқа, тай, ат, ер, алтун- алтын, көңүл –көңіл сияқты толып жатқан сөздері қосуға болады. Осы сияқты деректер түркі тілдерінің негізі бір екенін дәлелдейді.
Тіл дамуы туралы мәлімет беретін келесі кезең-орта ғасыр дәуірі(X-XV ғғ.). Басқа түркі халықтары сияқты, қазақ тілі тарихында да орта ғасыр дәуіріндегі дамудың алатын орны ерекше. Бұл кезең негізінен қыпшақ қауымы мен моңғол үстемтідігінің заманы болды. Осы кезеңде қазақ жеріндегі тайпалық тілдер жергілікті сипат алды әрі дамыды. Олардың бәріне ортақ тілдік белгілер жетіле түсті. Мұның өзі болашақ бірыңғай халық тілінің жасалуына бетбұрыс еді. Бұл кезеңнен мәлімет беретін М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» (1073-1074), Жүсіп Баласағұнның « Құдатғу білік»(1067-1070) , Ахмет Йасаудің «Дивани хикметі»(ХІІ ғ.) және « Кодекс Куманикус»(1303) сияқты ұлы шығармалар дүниеге келіп, түркі мәдениетін әлемдік өреге көтереді.
Сонымен қатар бұл кезең қыпшақ тілінің дәуірлеуімен және оғыз тобы тілдерінің бөлектенуімен ерекшеленеді. Қазақ тайпалық одақтары қыпшақ қауымынан, ноғай ордасынан бөлініп шығып, өз алдына халық болып қалыптасуы осы кезеңнің үлкен оқиғасы боллып табылады. Қазақ жерінде моңғол жорығынан кейін патриархтық- феодалдық қатынастар күшейіп, XV ғасырда алғашқы қазақ хандықтары пайда болды. Бұл бұдан бұрынғы дәуірде қалыптасқан тайпалық одақтардың енді халық болып біругуіне мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, XVғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында қазақ тайпалары бірігіп, біртұтас халыққа айналды. Қазақ тілі халық тілі болды, оның қалыптасуы XIX ғасырдың екінші жартысына дейін созылды.
Қазақ тілі қыпшақ- ноғай тобына жатады. Оның басқа топтағы тілдерден мынадай айырмалықтары бар:
1) жалпытүрік сөз соңындағы ш дыбысының орнына қазақ тілінде с дыбысы қолданылады.
2) й орнына сөз басында ж айтылады: йел-жел, йер-жер.
3) оғыз тілдеріндегі г орнына қазақ тілінде к қолданылады: гел-кел, гүн-күн;
4) көне түрікілік сөз соңындағы ғ/г орнына қазақ тілінде у, и айтылады. тағ-тау, бег-би;
5) қазақ тілінде үндестік заңы бойынша дауыстыларлдың жуан-жіңішке үндесуі тұрақты.
Осындай өзіне тән белгілері болғандықтан, қазақ тілі өз алдына халық тілі қалыптасты. Қазақ тілінің бастауы – көне түркі тілі. Сондықтан қазақ тілі түркілік ортақ белгілерді бойына сақтаған қыпшақ тілінің заңды жалғасы болып саналады.
Қазіргі қазақ тілі өзара туыстас ру-тайпа одақтарының бірігуіне орай, XV-XVII ғасырларда қазақ хандығық құрылуы нәтижесінде осы мемлекеттің әрі біртұтас ұлттың тілі болу дәрежесіне жетті. Қазақ тілінде қазіргі күнгі 12 миллионнан астам(1997 жылғы санақ бойынша) адам сөйлейді. Қазақтар өз мекені – Қазақстанды және Қытай, Моңғол, Иран, Ауғаныстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Түрікменстан т.б. елдері мекендейді. Сондай-ақ Еуропа елдерінде де қазақтар баршылық. Сөйлеушілерінің саны жағынан қазақ тілі дүние дүзінде 70-орында тұр.