Даосизм ілімі мен дәстүрінеталдаужасаңыз.

Даосизм (қытайша «дао цзяо” – «жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) «Чжуан-цзыда” баяндалады.

Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және «Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек «дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны «ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.

Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі «киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.

Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы «әрекеттенбеу” («у-вэй”) – табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.

Конфуцизміліміменқытаймәдениетінесындарлыталдауберіңіз.

Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.

Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.

Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.

Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.

Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдық максимумдарға – биік мораль, дұрыс тәртіп, әтикет этолондарына негіздеді.

Буддизмніңпайдаболуы мен таралуына бағаберіңіз.

Наши рекомендации