А) АфинаВ) Рим С) Иерусалим Д) Канстантинополь Е) Болонья 3 страница
Құпияшылдық(таинство)–христиандық Шіркеу рәсімдеріндегі көзге көрінбейтін Құдайдың рақымын немесе Құдай құдіретін діндарларға жеткізуге мүмкіндік беретін қасиетті іс-әрекеттер.
Құран (араб тіл. «оқу», «нақыл сөз») – исламның қасиетті кітабы. Жаратушы тарапынан Мұхаммед Пайғамбарға жіберілген қасиетті кітап. Алғашында ауызша түрдегі мәтіндер жинақталса, Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткен соң алғашқы жазба түрдегі Құран халифа Әбу Бәкірдің кезінде пайда болған. 114 тараудан (сүреден) тұрады. Исламдағы ғибадаттар Құран аяттарын оқу арқылы орындалады.
Құтба – Белгілі уақыттарда немесе жұма намазының және айт намазының алдында мешітте имамның мінберге шығып айтқан уағызы. Құтба Алланы мадақтап, оның пайғамбарына салауат айтудан басталады.
Ламаизм (ваджраяна) – Моңғолия, Тибет және басқа да елдерге таралған буддизм ағымының бірі.
Литургия – негізгі христиандық мінәжат ету рәсімі.
Магия – адамдар мен қоршаған әлемге ықпал ету мүмкіндігі бар сеніммен байланысты түсініктер мен рәсімдер жиынтығы.
Мазхаб(араб тіл. «жол», «мектеп», «бағыт») – сунниттік бағыттағы исламда діни құқықтық мектеп (олар өзі төртеу – ханафиттік, маликиттік, шафииттік, ханбалиттік).
Махаяна (санскр. тіл. «екі аяқты үлкен арба») – біздің эрамыздағы алғашқы ғасырлардың бірінде қалыптасқан буддизмнің ірі бағыты. Махаяна – барлық тіршілік иелерінің ізгілігі үшін оянуға талпынатын буддистер жолының үлкен арбасы.
Махди(Мәді) (араб тіл. «жетектеген») – исламдағы мессия, қиямет күнінің кіші белгілерінің бірі, ақырзаманның жақындағанын жеткізуші, Мұхаммед Пайғамбардың мирасқоры. Құранда мессия жайында айтылмайды, әйтсе де, мессия идеясы хадистерде, әсіресе, шиизімде ерекше орын алады.
Машиах(иврит тіл. «патша»)–иудаизмдегі идеалды патша, Давид патшасының ұрпағы, Құдай оны Израиль халқын рухани және физикалық арылтуын және адамзатты құтқаруды жүзеге асыру үшін жібереді.
Медитация(лат. тіл. «ойлау», «жаттығу») – зейінді мүмкіндігінше жинақтауға, ойлар мен сезімдерді қатаң тәртіпке салуға, ішкі дүниетанымдық пайымдауға бағытталған культтік іс-әрекеттің түрі.
Медресе (араб тіл. «дәріс оқитын орын») – орта мектептің және мұсылман рухани семинариясының рөлін атқаратын мұсылмандық оқу орны.
Месса – католиктік литургия (құдайға құлшылық ету), евхаристиямен бірге атқарылатын барлық дұға мен рәсімдердің толық реттілігі.
Мессия (грек тіл. «Христос» – «маңдайы майланған (патша)»)– христиандықта – Құдай жер бетіне жіберген адамзатты күнә, қарғыс пен өлімнен құтқарушы, Қиямет күнінің хабаршысы, Құдай бейнесі.
Мешіт (араб тіл. «масжид» – «сәжде» (жерге маңдайын тигізу) ететін орын»). Мешітте жамағат жиналып бірге бес уақыт намазды, жұма, айт намаздары оқылады. Мешітте жеке адамдар кез келген нәпіл намаздарды, Құранды оқып, Аллаға құлшылық етеді.
Миропомазание / конфирмация–діндарға денесінің мүшелерін мирамен сылату барысында Қасиетті рух сыйлары берілу құпияшылдығы (таинство). Әдетте бұл рәсім шоқындыру рәсімнен кейін орындалады және екеуі бір құлшылық ету дәрежесн құрайды. Екі рәсім де адамның өмірінде тек бір рет қана жасалады. Құпияшылдық (рәсім) ретінде православие мен католицизмде мойындалады.
Миссионерлік (лат. тіл. «жіберу», «тапсырма») – басқа діни сенім өкілдері немесе тіпті сенім білдірмеушілер арасында өздерінің діни ілімін діни бірлестіктер атынан уағыздайтын тұлғалардың қызметі.
Мистицизм, мистикалық(грек тіл. «құпиялы»)–философиялық және діни ілім, сондай-ақ әлемді түсіну мен қабылдаудың сезім, интуиция мен ұғымның иррационализміне негізделген ерекше амалы. Өз күшіне басымдылық танытып, Құдаймен тікелей қатынасқа жетуге бағытталған, дін аспектісіне жататын ұғым.
Митрополит– православие мен католицизмдегі шіркеулік аймақтардың басшысы, патриархтік бар жерлерд дін қызметкерлерінің жоғары лауазымы – патриархтан кейінгі екінші тұлға саналады. Православ шіркеуінде автокефальді Шіркеудің басшысы. Католик Шіркеуінде епархия мен архиепископтарды құрайтын шіркеулік аймақтың басшысы. Митрополит міндетті түрде архиепископ болуы қажет.
Миф (грек тіл. «аңыз», «риуаят») – алғашқы қоғамда пайда болған құдайлар, рухтар, құдай тектес кейіпкерлер мен түпкі тектер туралы аңыз. Мифтерде дін, философия, ғылым мен өнердің ертеректегі элементтері араласып жатыр. Әр түрлі халықтардың мифтеріне ұқсас қайталанатын тақырыптар мен мотивтер тән. Көбінесе әлемнің, Дүниенің (космогониялық мифтер) және адамның (антропогониялық мифтер) пайда болуы туралы; күннің, айдың, жұлдыздардың жаратылуы туралы, сондай-ақ жануарлар туралы, күн тізбесі туралы мифтер кездеседі.
Мифология – мифтер жиынтығы, әлем жайындағы қиял-ғажайып түсініктер жүйесі.
Михраб (араб тіл. «әл-Михраб», «Махариб» – «күрес алаңы») – терминдік мағынасы – «мешіт қабырғасындағы Меккеге бағытталған қуыс орын». Мінәжат етушілерге арналған бұл белгі құбыланы, намаздағы имамның орнын көрсетеді.
Мокша (санскр. тіл. «босатылу») – индуизмде – азат ету, адамзат тіршілігіндегі мақсаттың соңғы жетістігі.
Монастырь(грек тіл. «оқшауланған тұрғылықты жер»).Жалпыға бірдей жарғыны орындайтын тақуалардың тұратын жері. Сондай-ақ тақуалардың қауымдастығын да айтуға болады. Қауымдастық ретінде оның өзіндік ішкі құрылымы болады. Монастырьдің негізгі қызметкерлері қатарында: настоятель, казначей, духовник, благочинный, ризничий, эконом және т.б. бар.
Монахтық(от греч. «оқшау өмір сүру») – өмірдің бар қызығынан, отбасын құрудан және дүниелік заттардан бас тартқан, оқшауланған қандай да бір дін сеніміне ие тақуалық жолын ұстану.
Монотеизм (грек тіл. «бір» «Құдай») – бірқұдайлылық, Құдайдың біреу екендігі туралы ілім және діни ұйымдар жүйесі.
Монофизиттер – (грек тіл. – «бір, жалғыз» - «табиғат, «мән») – Христостың бір ғана болмысын яғни, Құдайшыл болмысына тән екендігін мойындайтын христиандық ағым. Ал ортодокстық шіркеу болса, Христосқа бір уақытта екі болмыстың, яғни, құдайлық және адами болмыстардың тән екендігін қабылдайды.
Мощи(христиандықта)–әулиенің шірімей сақталған мүрдесі. Оны ғажайып нәрселерді істейді деп сеніп діни құлшылық объектісіне айналдырады.
Муаззин (азаншы) (араб тіл. «аззана» деген етістіктен алынған жалқы есім) – терминдік мағынасы: мұсылмандарды намазға шақыратын, азан айтатын мешіт қызметшісі.
Муджахит (араб тіл. «күресуші» «күш жігер салушы») – жихадқа қатысушы. «Муджахит» – ол тек сарбаз емес, ол сондай-ақ күресі джихадтың оң мағынасының аясына сәйкес келетін кез келген мұсылман да.
Мурид – ерікті ізбасар, шәкірт (сопылықта).
Мұнара(араб тіл. «минарат» – «маяк») – мешіттің негізгі бөлігіне жалғастырылып немесе бөлек салынады, «муаззин» (азаншы) азан шақырғанда даусы ұзаққа жету үшін арнайы салынған ғимарат.
Мүфти (араб тіл. «ой білдіру») – дінбасы, мұсылман қауымының ресми басшысы. Мүфти – мұсылмандардың дінге қатысты мәселелерін жоғарғы деңгейде шешіп, ұйымдастырушы, үкім шығарылған шариғат заңдарынан заманға сәйкес мәселерді мұсылманға қолайлы түрде жеткізіп беретін басшы. Діни мәселелерге пәтуа беруші. Мүфти – араб тілін, шариғат ілімін жетік меңгерген тұлғалардан мұсылман қауымының құрылтайы арқылы бір ауыздан 5 жылға сайланады.
Мінбер (араб тіл. «минбар»). Мешіт имамы Құран, құтпа оқығанда немесе уағыз-насихат айтқанда шығатын орын. Мінбер мешіттің басты белгілерінің бірі болып табылады. Михрабқа таяу орналасады. Мінберді ағаштан, тастан кейде кірпіштен жасайды.
Найб имам– исламда мешіт басшысы, яғни бас имамның орынбасары.
Намаз (салят) – исламның бес шартының бірі болып табылатын, күнделікті бес рет орындалуы тиіс ғибадат.
Неке (неке қиюдың діни рәсімі) – православиелік және католик шіркеулері тарапынан қабылданған діни рәсімдерінің бірі. Ислам дінінде жауапкершілік пен адалдықтың негізінде ер мен әйелдің ерлі-зайыптылыққа деген өзара ниеттерін білдіретін заңды келісімі.
Нирвана (санскр. тіл. «сөну», «тоқтату») – үнді діни іліміндегі барлық тіршілік иелерінің жоғарғы мақсатын білдіретін және буддизмде маңызды рөлге ие ұғым – діни тәжірибенің соңғы мақсаты болып табылатын қайғырудан, мұңаюдан құтқару, сөну.
Ораза (парсы тіл. «руза», «рузе») – исламдағы бес парыздың бірі, қасиетті Рамазан айындағы (исламдағы) отыз күндік ғибадат. Ораза кезінде мұсылмандар күнде таң атқаннан (таң атпай турып, әдетте күн шығуына 1,5-2 сағ. қалғанда соңғы асын ішіп) күн батқанша тамақ ішуден, ішімдік ішуден және жыныстық қатынастардан бас тартуы керек. Темекі шегуге, дәрі-дәрмек қабылдауға, жыныстық сипаттағы кез келген қарым-қатынастарға тыйым салынады.
Ораза айт (айдуль-фитр) – ораза аяқталған кезеңдегі мейрам. Шәууәл айының (ай күнтізбесінің 10-шы айы) 1-ші күннен бастап 3 күн тойланады.
Ортодоксия (грек тіл. «тікелей пікір», «дұрыс ілім», «дұрыс сенім») – қандай да бір ілім, дүниетаным негізінде дәстүрді мықтап ұстануды көздейтін, сәл болса да ауытқуды қаламайтын ұстаным.
Өсиет– Торада бұл сөз Синай тауында, Тора түскен кезде Құдай мен Израиль халқының арасында орныған діни одағына саяды. Иудаизмде Өсиет деп Құдай мен Израиль халқының арасындағы халықтың құдай уағыз-өсиеттерін орындауға негізделген мәңгілік одақ. Христиандықта «жаңа өсиет» деп Құдай мен адам арасындағы жалғыз дәнекер, Құдай баласы – Иисус Христостағы одақты айтады.
Парыз – мұсылмандар үшін Аллаһ Тағаланың тікелей бұйрығы болып табылатын және орындауға міндетті болатын іс-әрекеттер. Оларды орындағандар Аллаһ тарапынан үлкен сауапқа ие болады, орындамағандар күпір деп саналады.
Пасха– христианның басты мейрамы. Иса Мәсіхтің ғажайып қайта тірілуі күні.
Патриарх(грек тіл. «ата-баба», «ру басы») – Автокефальді Шіркеудің бірінші киелісі, дін қызметкерлерінің жоғары басшысы (архиерей), алдыңғы қатарлы басшысы. Киім ерекшелігі – төбесінде маржан кресі бар ақ бас киім. Орыс Православ Шіркеуінің басшысының ресми лауазымы – «Святейший Патриарх Московский и всея Руси».
Пәтуа (араб тіл. «түсіндіру») – шариғатта қандай да бір ұйғарымды қабылдау немесе түсінік беру үшін жасалған құқықтық қорытынды және шешім.
Періштелер (грек тіл. «хабаршы», «елші»), Құдайдың еркін білдіретін және ғажайып мүмкіндіктері бар рухтар. Інжілде Періштелер қызмет рухтары деп аталады. Көбінесе олар арқасында аппақ қанаттары бар адамдар кейпінде бейнеленеді.
Исламда періштелерге сену мұсылман сенімінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол мұсылман сенім шарттарының біреуі. Ислами деректерде періштелердің нұрдан жаратылғандығы, жынысы болмайтындығы, шаршау, жалығуды білмейтіндігі, секілді ерекшеліктері айтылады. Олардың тіршілігінің мәні Аллаһқа құлшылық етуден құралады.
Политеизм (грек тіл. «көп, саны көп» – «Құдай») – көп құдайлық, көптеген құдайлар тіршілігіне негізделген діни жүйе.
Пост(ауыз бекіту) –дін қағидаларына орай тамақты немесе оның кейбір түрлерін жеуге тыйым салу немесе оны шектеу.
Православтық(грек тіл. «дұрыс пайымдау», «дұрыс ілім») – б.э І мыңжылдығында Рим империясының шығысында Константинополь – Жаңа Рим епископы кафедрасының бастауымен және басты рөлімен пайда болған христиан дініндегі бағыт. Православие сенімнің Никео-Цареград Символын уағыздап, Әлемдік Соборлардың жетеуінің қағидаларын мойындайды.
Преподобный– христиандық шіркеулердегі аға дін қызметкерлеріне қатысты айтылады.
Пресвитер(грек тіл. «ақсақал») – Христиандықта қауымдастықтың күнделікті өмірін басқару үшін сайланатын қызметкер. Әдетте пресвитер құдайға құлшылық ету жиындарында уағызшы рөлін атқарады. Орыс тілінде осы сөздің синонимі – священник.
Причащение / евхаристия(грек тіл. «рахмет айту») – Құдайға құлшылық ету кезінде діндарларға Христостың «жаны мен қанын» білдіретін нан мен шараптан дәм тататытын христиан шіркеуі рәсімінің бірі.
Пробст(лат. тіл. «басшы») – христиан шіркеулеріндегі лауазым. Кейбір ұлттық лютерандық шіркеулерде – епископқа бағынған белгілі бір географиялық аумақтың аға пасторы.
Прозелитизм(лат. тіл. «келген», «өз орнын тапқан») – жаңа сенімге, жаңа ілімге терең берілу, өз сенімін таратуға, оған басқаларды тартуға, өзі ұстанған дінің барлық жерде қалыптастыруға ұмтылыс.
Протестантизм (лат. тіл. «жұрт алдында дәлелдеу») – XVI ғасырдағы ұлты неміс дін қызметшісі Мартин Лютердің Рим шіркеуіне қарсылық білдіруімен басталған христиан реформасының қайнар көзі болған христиандықтың негізгі үш бағытының бірі.
Протопресвитер(грек тіл. «алғашқы пресвитер») – ерекше жетістіктері үшін марапат ретінде ақ дін қызметкерлерге жататын пресвитерге (священникке) берілетін жоғары билік дәрежесі.
Реформация (лат. тіл. «қайта құру», «түзету»). Протестанттықтың қалыптасуына негіз болған ХVІ ғасырдағы Батыс Еуропадағы діни және қоғамдық қозғалыс.
Рим Папасы– (латын тіл. – «римдік понтифик», «жоғары егемен понтифик»). Католик шіркеуінің басшысы. Католик шіркеуінде Рим Папасы сондай-ақ Ватикан қосымша егемендік территориясы болып саналатын Қасиетті Престолдың жоғары басшысы болып табылады.
Рукоположение– діни қызметке қабылдану; епсикоптың діни қызметке қабылданып отырған дін қызметкерінің басына қолын қойып Құдайдың атын дұғада атау арқылы мәртебесін беру рәсімі жүзеге асырылады. Православие мен католицизмде мойындалады.
Садақа(араб тіл. «шынайы іс-әрекет») – ислам діні бойынша қайырымдылық мақсатында мұқтаж адамдарға берілетін ақшалай немесе заттай көмек.
Сансара (санскр. тіл. «өту, қайта дүниеге келу, өмір») – индуизм, буддизм және басқа да шығыс діндерінде – тұлға мен жанның қайта түрленуінің шексіз тізбегі, кармамен шектелген әлемдердегі дүниеге келу мен өлімнің айналымы.
Сахабалар (араб тіл. «замандас») – Мұхаммед Пайғамбардың кезінде исламды қабылдап, кейін мұсылман болып көз жұмғандар. Оның замандастары, серіктері, ислам дінінің нығайып, әлемге таралуына еселі еңбек сіңіргендер.
Секта(лат. тіл. «мектеп», «ілім»)–негізгі (қалыптасқан, басым) діни бағытқа қарама-қарсы бағытта пайда болған діни бірлестіктің ерекше түрі. Секталар үшін қоғамнан оқшаулану және доктринаның, идеялық қағидаттарының, құндылықтарының өзгешелігі жөніндегі талап қоюы тән.
Секуляризация(лат. тіл.«пендешілік» «зайырлы») –қоғам өміріндегі дін рөлінің әлсіреуі, рационалды, діни емес ережелерге негізделетін зайырлы қоғамдық құрылым үлгісіне көшу.
Сенім – ең алдымен сенім деп логикалық тұрғыда дәлелдеуге және тәжірибеде тексеруге келмейтін кейбір жағдайлардың ақиқаттылығына психологиялық сенімділік күйін түсінеді. Христиан дініне қатысты сенім Құдайдың және рухани әлемнің бар болуына, сондай-ақ Құдайлық армандардың орындалуына сенімді болуды білдіреді. Сонымен қатар сенім деп сенімділік затының өзі, яғни, адамның соны шынайы екеніне сенімділігін білдіретін белгілі бір ілім.
Синагога – иудаизмдегі құлшылық ету үйі.
Синтоизм (жап. тіл. «құдайлар жолы») – Жапонияда таралған дін. Құлшылық ету көптеген құдайларға және өлгендердің рухына бағытталған ежелгі жапондықтардың анимистикалық сенімдеріне негізделген дін. Өз дамуында буддизмнің ықпалына ұшыраған.
Сопылық (араб тіл. «тасаууф» – «тазалық») – Исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық-этикалық, эзотерикалық қырларынан көрініс беретін, адамның Аллаһ Тағаланы тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, мистикалық ағымның бірі.
Суннизм / сүннет жолын ұстанушылар – Ислам дінінің бір бағыты. Құран Кәрімді және Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, сондай-ақ оның артынан ерген сахабаларының сенім мәселесіндегі ұстанымдарын басшылыққа алады.
Сүре (араб тіл. «бөлім») –терминдік мағынасы: құран аяттарынан құралған жеке топ. Құран мәтінінің 114 бөлігінің атауы.
Табу(полинез. тіл. «тыйым салу») – белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға діни санкциялармен бекітілген тыйым салу жүйесі. Оны бұзған жағдайда сәйкесінше жазалау алады.
Талмуд (иврит тіл. «білім алу», «ілім») – иудаизмнің Танахпен бір қатарда тұратын орталық мәтіні. Нәтижесінде Галаханы құрайтын ережелер мен құндылықтар жүйесін анықтап, қалыптастыруды мақсат еткен яхудейлер даналарының талқылауларының жазбасы.
Танах–өзіндедіни өмірдің ережелері мен діни сенімнің негіздерін қамтыған иудаизмнің Қасиетті жазбасы, Үш бөлімнен тұрады: Тора, Невиим, Ктувим.
Тариқат (араб тіл. «жол», «сапар») – исламдағы ақиқатқа жетудің мистикалық, танымдық жолы. Тариқат исламның моральдық-этикалық жүйесінің, психологиялық тәжірибесінің практикада жүзеге асуы. Ал діни терминологияда тариқат - хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз.
Таухид – Алла Тағалаға серік қоспастан тек өзіне ғана құлшылық ету.
Таухид ілімі–ислам дініндегі ақида (сенім) негіздерін терең зерттейтін ілім. Алла тағала жалғыз екендігіне сеніп, одан басқаға табынбау, одан өзгеден жәрдем сұрамау және бір құдайлық ұстаным бағытын зерттеу ілімі.
Тәкпір–«Аллаху акбар» деп айту. «Аллаху Акбар» – Алла ұлық деген мағына береді. Ислам дініндегі намаздың ерекшеліктерінің бірі. Құрбан, ораза айттарында, қажылықта айтылады. Тәкпір намаз уақытының кіргенін және намаздың басталуын білдіретін Азан шақыруда алғашқы айтылатын сөз.
Тәубе ету(исповедь / покояние)–барысында күнәдан арылуға келген адам шын жүректен өкінушілік арқылы Құдайдан өз күнәларынан арылуға рұқсат алатын маңызды рәсімдердің, қасиетті іс-әрекеттердің бірі. Тәубені дін қызметкері немесе архиерей қабылдайды. Құпияшылдық ретінде православие мен католицизмде мойындалады.
Тәурат (иврит тіл. «ілім», «заң») – Моисейдің бес кітабы, Танахтың алғашқы бес кітабы («Брейшит», «Шмот», «Ваикра», «Бэмидбар», «Дварим»). Кең мағынасында Жаратушыдан сыйға берілген яхудей халқының бүкіл діни мұрасы.
Теология (дін ілімі) (грек тіл. «Құдай» «ілім») – Құдай жайындағы ілімнің негіздеме жүйесі, діни ілім мен догматика (қатаң қағида) ақиқатының дәлелдер кешені.
Терроризм(лаңкестік) – (лат. тіл. «үрей, қорқыныш», «қорқыту») – экстремизмнің шеткі көрінісі. Терроризм (лаңкестік) саяси мақсатқа жету жолындағы аса қатігездік, қорқыту, күштеу әдістерін қолданады.
Толеранттылық(лат. тіл. «төзімділік») – басқалардың тұрмыс қалпына, мінез-құлқына, әдет-ғұрып, сеніміне, сезіміне, пікіріне, идеясына төзімділік таныту.
Тотемизм – белгілі бір адамдар қауымдастығы (әдетте бір ру, тайпа) мен тотем – мифтік ата тегі арасындағы ғажайып туыстық байланыс туралы түсінікпен байланысты алғашқы қауымдық сенім. Көбінесе тотем болып жануарлар мен өсімдіктер, кейбір табиғат құбылыстары мен жансыз заттар да шыға алатын.
Түсінісу храмы– Тибет Далай-ламасы, Рим Папасы Иоанн Павел ХХІІІ, үнді лидері Джавахарлал Неру қолдаған ұйым. Кейін бұл ұйым адамзатты аман қалдыруға бағытталған рухани және парламенттік лидерлердің Жаһанды Форумына айналды.
Уағыз / өсиет– діни-өнегелік тыйым салу ұйғарымы. Ол діннің негізін құрап, моральдық кеңестері болып саналады.
Уаһһабилік(араб тіл.) XVIII ғасырда Орта Арабияда пайда болған ислам дінінің ағымы. 1703-1787 жылдары өмір сүрген шейх Мұхамед ибн Абдул Уәһһәб ат-Тамими атымен қойылған. Уаһһабилік салафизм (араб тіл. «салафа» – «бастапқы болу») жолын таратады. Уаһһабиліктің басты догматы – бір Аллаһқа сену болып табылады. Олардың ойынша, нағыз исламды Мұхамед пайғамбарға ілесуші алғашқы үш ұрпақ қана таратқан болатын. Одан кейінгі енгізілген жаңашылдықтарды бидғат деп жоққа шығарады.
Упанишадтар(санскр. тіл. «қасында отыру») – діни-философиялық сипаттағы ежелгі үнді трактаттар. Ведалардың бір бөлігі болып табылады және шрути категориясындағы индуизмнің қасиетті жазбалары қатарына жатады. Оларда негізінен философия, медитация, Құдайдың табиғаты қарастырылады. Упанишадтарда Ведалардың негізгі мағынасы тұйықталады деген пікір бар, сондықтан оларды «веданта» деп те атайды.