Бес Шатыр қорғаны

Байқоңыр Космодромы

Космодром аймағына кіргенде сіз әлемде сирек кездесетін ғимараттарды көре аласыз. түседі. Көрініс тұғырнамасына шығып космодромның және даланың көрінісіне көз тойдыруға болады. Космосты Зерттеу мұражайында Юрий гагарин және Сергей Королевтың жеке заттары мен ракета үлгілерін, космостық тағамдарды көрсетілген.

Ақсу Жабағалы

1987 жылы Орталық Азия және Қазақстанның ең көне қорығы Ақсу жабағалы қорығы өзінің 60 жылдығын тойлады.

Бұл көркем таулар теңіз деңгейінен 1,000-нана 4,280м биіктікте Тян-Шан тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альп гүлдері өсіп жайқалған.

Ақсу жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкімстерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. The reserve has a rich plant kingdom. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Алтын Емел

Жоңғар Алатауының батыс жағындағы Алтын Емел Ұлттық паркі Қазақстандағы ең үлкен қорықтарының бірі. 460,000 гектарға созылған қорықта жоғалу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлардың түрлері сақталған. Осы жерде әдемілігі көз жауын алатын Ақтау тауларын және Қатутау тауларының тізбегін көруге болады. Парк терреториясында Сақтардың б.э.д. 1 ғасырға жатқызылатын Бес шатыр қорғаны және б.э.д.XVI-XIVғасырларға жатқызылатын ежелгі жартасқа салынған бейнелері бар Тамағалы тас тәрізді тарихи ескерткіштер бар. Іле өзенінің оң жағалауында Әндеткен Құмдар орналасқан. Аң аулауға шықсаңыз көптеген түрлі Әлемдік және Қазақстандық қызыл кітапқа енгізілген аңдарды кездестіруге болады: Сібір тау ешкілері, шөлейт бұғылары, құландар, тау арқарлары, түлкілер, қасқырлар және алтын қырандар, тау кекілігі және т.б. тәріздес құстар.

Бес Шатыр қорғаны

Бес шатыр қорғаны қазіргі Қазақстан терреториясында б.э.д. 1 ғасырда өмір сүрген ежелгі сақтардың құдайға сыйынатын жері болған. Ол 2 шаршы км аумақты, шамамен диаметрі 9 м болатын биіктігі шамамен 2,5м жететін 18 жоғары қорғандар орналасқан. Қорған астынан Тян-Шан ағаштары қолданылып жасалған зиратты көруге болады. Бұл бірегей ескерткіш Жетісудағы Іле өзенінің бастауларының ежелгі номадтарына тиесілі. Қорғандардың батысында үстінде оңтүстіктен солтүстікке созылып жатқан аңдардың бейнесі қашалып түсірілген дөңгелектей 45 тас тақталар орналастырылған. Ғалымдардың ойынша, бұл орын діни салттық табыну орны болған.

Тамғалы тас

1950 жылдардың аяғында Алматыдан солтүстік батысқа қарай 170 км қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларындағы бірегей қасиетті жартас бейнелері бар Тамғалы табылған. Тамғалы ежелгі бейнелеу өнерінің шынайы галлереясы. Онда тарихтың бірнеше кезеңдері суреттелген. Қола ғасырына, ежелгі номадтар эрасы және Түрік кезеңдеріне жатқызылған 4,000 бейнелер ашылған. Төмен жартастар және екі жағынан шатқалдармен қоршалған. Тегістікте металмен қашалған аңдар және әрекет орындары бейнеленеді. Петорглифтерде тау ешкілерінің, арқарларының, Пржевальский жылқыларының, бұғылардың, дала бөкендерінің және үй жануарларының, әсіресе түйелердің, иттердің, жылқылардың, бұқалардың жалғыз және топты суреттері берілген. Сонымен қатар күн басты иттер; аңшылық, діни салттар, аңдарды құрбандыққа шалу; аңдардың және адамдардың композициялары, әйел бейнелері, аркалар , т.б. бейнеленген. Қорғандар мен жартастардың жанынан Қола дәуіріне және ерте номад кезеңдеріне жатқызылған ежелгі номад ауылдары табылған. Тамғалы петроглифтер галлереясы әлемдік маңызы бар байлыққа жатқызылып, UNESCO қорғауына алынған. Тамғалы сөзі Қазақтың тамға деп аталатын «Тайпа нышанын» білдіреді.

Ндеткен Құмдар

Іле өзенінің оң жағалауында, Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 182 км қашықтықта тағы да бір таңқаларлық жер Әндеткен Құмдар орналасқан. Ылғалды ауа-райда бұл құмдар органнның дауысына ұқсас дыбыстар шығарады. Әндеткен құмдар ұмытылмас әсер қалдырады. Құмның төмен қарай ағып қозғалуы діріл мен уіл дыбыстарын шығарады. Құмның ылғалды түйіршіктерінің қозғалысы ылғалды ауамен қосылып діріл мен уілді тудырады.Қоршаған қолайлы дыбыс шығарушы жағдайларға байланысты күшті жел өз кезегінде топырақпен соқтығысып құм діріліне себепкер болады. Бұл дыбысты бірнеше километр қашықтықтан естуге болады.

Турген Шатқалы

Турген шатқалы (Алматыдан 90 км қашықтықтағы) тамаша табиғатта демалуға арналған орындардың бірі. Шатқалда ыстық қайнар көздер, форель шаруашылығы, сарқырамалар және ағаш телімдері бар. Ассы платосында 44 км созылған шатқал аралас және қылқан жапырақты ормандарға, биік тау жазықтарына, көлдерге және қайнар көздерге, емдік қасиеті бар шөптерге және шиелерге толы. Турген шатқалы өзінің жеті сарқырамасымен белгілі.

Салбыраған әдемі жартастар және мамық жасыл ағаштары бар 30м Медвежий ойылы күшті жартастарды жарып өтетін суларымен белгілі Бозғыл ойылына алмасады. Шатқалдығы жартастардың сілкінісі мұз ғасырынан сақталған өсімдіктерді ашқан.Шатқалдың тағы бір ұмытылмас бейнесі жіңішке кілемдей құлпырып жерді жауған ШыңТурген массивті май қарағай ормандары. Турген шатқалының атақты тоқтайтын орындарының бірі Ботан аң аулау орталығы. Үш өзен қиылысатын бұл жерде шатқалдың тереңдігі 920 метрге жетеді. Осы тегіс биіктікте зерттеу орталығы бар. Ежелгі қорғандар және таста қашалған бейнелер Ассы өзенінің бойынана табылған. Шатқалда б.э.д. 500-3 ғасырларға жатқызылған Сақ және Ұсын қабірлері бар. Синегорье үстіндегі тау көлі суға шомылып, балық аулау үшін арналғантамаша жер, ал форель фермасында балық аулап, кешкі асқа по царский балық тағамын даярлай аласыз.

Есік Қорғаны

Есік қорғаны Сақ- Скиф кезеңінің ең маңызды ескерткіші ретінде саналады. Қорған б.э.д. 4-ші ғасырға жатқызылады. Қорғанда жалғыз адам сақ дәстүрлеріне сәйкес жерленген; ол Ұлы Құшан империясының бір үлгісі болуы мүмкін. Алтын Адамның бас киімі оқ тәріздес және үстінде платинкалармен өрнектелген сауыт сайман. Оның белбеуі мен қару-жарағы түгелдей алтын. Костюмді Сақ іскері аңдық стильде 4,000 алтын орнаменттермен өрнектеп жасаған. Оның қаруы (Ақинақ)екі жағынан алтынмен қапталып, 21 алтын аң бейнесімен өрнектелген «Аң» стилінде жасалған шедевр; Алтын Адамның көшірмесі Алматы және Астана мұражайларында тұр.

Іле өзені

1 439 км созылған Іле өзені Жетісудағы ең ұзын өзен болып саналады. Оның бастауы Алматы аймағында; Қытайдан шыққан жолында Қарашағай резервуарынан өтіп, Балқаш көліне құйылады. Кейбіреулер Қарашағайды теңіз деп атайды. Жылы ауа-райда қала тұрғындарының демалысы үшін таптырмас орын болып саналады. Ол ені ең үлкен нүктесінде 22 км жететді, ал тереңдігі 45 метр және 1,847 шаршы км алып жатыр. Жағалауында сауықтыру спалары, қонақ үйлері, жағажайы және балық аулауға арналған қайықтары ұсынылады. Қалада кішкене аква парк бар. Қарашағай суларында көксерке, ақтабан, жабайы сазан, голавль, сом балықтарына толы. Іле жағалауын бойлай Қарашағайға сапарға шықсаңыз өткен шаққа қайтып оралғандай боласыз. Оң жағалаудағы зор шыңдардан аспан астында Будда бейнесі сізге қадала қарағандай болады. Бұл Тамғалы Тас (Жазылған тастар). Күн түскен жартас бетінен көптеген петроглифтерді, тылсым аң бейнелерін және сыры әлі күнге дейін ашылмаған Будда жазбаларын көре аласыз. 12 ғасырға жатқызылған көптеген бйнелер де кездеседі. Жақын жерде 8-9 ғасырларға жатқызылатын Ежелгі түрік руникалық жазбалары жазылған жартастар бар.

Олсай көлі

Қолсай көлі Солтүстік Тян-Шанның көркем жерлерінің бірі. Қарағайлы шатқал ортасынан өтетін бұл үш көл Күнгей Алатауының бөктерінде жайғасқан. Жаяу серуен, тауда велосипедпен жүру және табиғат аясындағы демалыс үшін таптырмас орын. 1 км созылған төменгі биіктігі 1,818м. Жол бойында жайла қонақ үйлер мен демалыс орындарын табуға болады. Бірінші көлден 5 км қашықтықтағы Қолсай көлінің ортасы (2,252 м) ең үлкен және әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес жер. Қолсайдың биіктігі қосымша 4 км және 600 км жоғары орналасқан. Ары қарай 6 км жүрсеңіз Қырғыстан шекарасындағы Ыстық көл көгілдір бейнесін көруге мүмкіндік беретін Сары Бұлақ өткеліне (3,278м) жетесіз. 25 км жолды атпен бір күнде, ал жаяулатып үш күнде өтуге болады.

Айынды көлі

Қайынды көлі теңіз деңгейінен 2,000 м шыршалы орман арасында орналасқан. Көл үлкен әктастың құлауынан пайда болған. Шатқалды табиғи бөгет бөліп тұр. Тереңдігі 30 м көл 400м созылады. Шілік өзенінің дөңі, Қайынды шатқалы және Саты шатқалы үстінен керемет бейне көрініс береді. Шыршалардың кепкен ағаштары су бетінен көрініп, батып кеткен кеме діңгегіне ұқсас.

Хан Тәңірі

Хан Тәңірі (Рухтар ханы) Орталық Тян-Шанның ең әдемі шыңдарының бірі болып саналады. Суреттей әдемі пирамиданы барлық жерден көруге болады. Тау көптен бері аңызға айналған. Ол әлі күнге дейін күн батыс кезіндегі жарқыраған шыңына байланысты Тәңіртау (Құдай тауы) және Қантау деп те аталады Бұл шың (7,010м)Қазақстандағы және солтүстікке қарай 7000 км әлемдегі қашықтықта ең биік шың болып саналады. Тау үш мелдекеттің шекерасында орналсқан: Қазақстан, Қытай және Қырғыстан. Хан Теңгри шыңына қол жеткізу қиындығы оны тау алпинистері және сүюшілер үшін таптырмас демалыс орны. Таудың солтүстік бөлігі Қазақстан терреториясында орналасқан. Көптеген алпинистер Хан теңгридің солтүстік жағына шуғуды армандайды.

Оңтүстік Қазақстанның «Алтын Аймағы»

Сырдария өзенінің жанындағы шұрайлы жазықтар әлемдегі ең ежелгі қалаларының және көпенділер мен отырықшы халық кездескен жер деп айтуға болады. Ғасырлар бойы Қытайдан Орталық Шығыс және Еуропаға баратын дәстүрлі керуен жол осы жерлерден өткен. Ұлы Жібек Жолында орналасқан Түркістан, Тараз, Отырар, Сайрам қалалары ежелде және ортағасырларда басты сауда орталықтары болған. Жібек жол сауда жолы ретінде б.э.д. 3-ші ғасырда пайда болып 16 ғасырға дейін болған. Жолдың негізгі бөлігі Қазақстаннан өткен.

Түркістан

Түркістан (Яссы) түрік тілдес халықтың рухани және саяси орталығы және Қазақ хандарының астанасы болған қала. Түркістанға 1 500 жыл толды. Қожа Ахмет Яссауи түрік халқының ойшылы, ақыны, рухани басшысы болған адам. Қожа Ахмет Яссауи Мазары сарайлар мен табыну кешені, ортағасырлардың таңқаларлық архитектуралық шедеврі. Төбесі өрнектелген, түрлі түсті плиткалармен жабылған.

Арыстан Баб Мазары

Атақты аңыздарға сенсек, Түркістанға баратын жолдағы Арыстан баба Мазары 12 ғасырда өмір сүрген атақты рухани дәруіш Ахмет Яссауидің мұғалімінің қабірінің үстінен салынған.

Отырар

Ежелгі қала Отырар (б.э.д. 4 ғ.) маңызды сауда орталығы болған. Оны біз тиындарға және ежелгі кезеңнің ең үлкен кітапханасына қарап білеміз. Әлемге әйгілі ойшыл Әл Фараби осы қалада өмір сүріп, жұмыс істеген. 13 ғасырдың аяғында бұл ежелгі қаланы моңғолдан жермен жексен етіп бұзған.century.

Сауран

Сауран бекінісі (10-18-ші ғасырлар) бірнеше айларға созылған қамауға қарсы тұруға көмектескен өзінің ежелгі су жүйесімен белгілі.

Домалақ Ана Мазары

Домалақ ана (20 ғасырдың басы) Домалақ ана есімді көріпкел және сыйлы қасиетті әйел қабірі Түркістанға жақын жерде орналасқан. 1998 жылы ескі қабірдің жанына ақ мәрмәрдан жаңа мемориал салынды. Қабір үстінде орналастырылған екі тасты сыйынушылар қасиетті деп санайды және олардың арасына тек ниеті таза адам ғана тұра алады деп сендіреді.

Тараз

Тараз (Талас) («Саудагерлердің қаласы») қаласына шамамен 2 000 жыл. 10-12 ғасырларда өзінің гүлдену кезеңінде Қазақстанның астанасы ретінде белгілі болған. Сіз Қарахан және Даутбек Мазарларына және бекіністер мен ежелгі қорғандарды көре аласыз. Қазіргі таңдағы Тараздың жанында (15-18 км қашықтықта) UNESCO әлемдік архитектуралық ескерткіш ретінде таныған Бабажы Хатун Мазары (10-11ғ.ғ.) және Айша бибі Мазары (11-12 ғ.ғ.) орналасқан.

Айша Бибі Мазары

Аңызға сәйкес, Мазарды Қараханид династиясының хандарының бірі ақын Хакім ата сопының әдемі қызы – Айша бибіге арнап салдырған. Сол аңызда ғашықтардың өліміне жыланның шағып алуы себеп болған. Ғимарат саз балшық тастарынан салынып, геометриялық фигуралармен өрнектелген. Мазардың әдемілігін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Айша бибі мазары ежелгі архитектураның жарқын шедеврі.

Қосымша және қалаған барлық ақпаратты сіз мына жерден таба аласыз www.ecotourism.kz

Барлық құқықтар қорғалған. Эйр Астана © 2009

English Бес Шатыр қорғаны - student2.ru Русский Бес Шатыр қорғаны - student2.ru Қазақша

if(document.getElementById("f_searchform_bottom_q")){ chooseSubmit(); new Tip('f_searchform_bottom_q', $('f_searchform_bottom_q').up('div').down('.resident').cloneNode(true), { showOn: 'click', hideOn: { element: 'closeButton', event: 'click' }, hook: { target: 'topMiddle', tip: 'bottomMiddle' }, offset: { x: 5, y: 60 } }); }

Наши рекомендации