Азіргі кездегі дін мен мәдениет. Ислам және Қазақстан мәдениеті

Ұлт тәрбиесінің басты құралы - өнер. Жас ұрпақ ислам дінінің негізінде калыптасқан тәрбиенің құнды қасиеттерін бойына сіңіріп, бүгінгі өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді. Ислам дінінің берік орын алып күш қуатының дамуына, оның жас ұрпақ тәрбиесіне деген ізденістердің тәжірибелік ғылыми көзқарастың жақындасуына әсерін тигізетін тіке жол, ол - өнер, яғни, музыка арқылы ислам дінінің негізінде көптеген табыстарға жетуге болады.

Ислам дінінің түпкі сырының өзі адамгершілікті, тазалықты, шыншылдықты, қамқорлықты, аяушылықты, жанашырлықты, біліктілікті, еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан арылудың жолын уағыздаумен келді. Адамзаттың құндылығын сақтайтын қасиеттерді іздестірген ислам діні тудырған құран сүрелерінің бәрі дерлік ауызекі әуеннің негізінде жатталып айтылды.
"Мұхаммед Пайғамбар өз тұсында, кажет кезінде сүрелерді, аяттарды ауызекі айтьш, оны тыңдаушылар сол айтылған аяттарды жаттап алып, ауыздан - ауызға, бірінен - біріне таратьш отырған еді" /17/.

Құран сүрелері саф тазалығымен ауыздан - ауызға әуен негізінде жетіп, халық арасына кең тарады. Құран оқылған кезде жігерлі дауысқа салып, жоғарғы диапазондағы регистрмен әрбір әріпттің накты естілуін салмақты кадғалаған. Жатталған сүрелер тыңдаушылардың құлағына тез жетіп сіңімді болуы үшін әуеннің атқарған рөлі өте жоғары болды. "Аңыздарға қарағанда, Әбу Бәкір Құранды жылап отырып, әндетіп оқығанда, естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты" /1. 43 б./.
Құран сүрелерін әуен негізінде вокалды қойылым арқылы жүзеге асырса, дауыс ерекшелігі тұрақталып оның тез жатталуына мүмкіндік беріп отыратын көмекші құрал бола алады.

"Бірде мерекелік намаздан кейін біздің әулие Пайғамбарымыз өзінің жақын досы Әбу - Бәкірмен бірге отырады. Осы уақытта Мұхаммед Пайғамбардың жұбайы Айша қурайда сол кездегі ұлттық әуенді ойнайды. Әбу – Бәкір: "Ойнауды тоқтат, Пайғамбардан ұялсаңшы" деп оған ашуланады. Сонда Пайғамбар: "Әр тайпаның өз қуанышты күні бар, ал бізде бүгін осындай үлкен, қуанышты мереке" деген екен. Бұл айтылған сөз музыкалық құралды пайдалануға болатындығын анық дәлелдей алатын шығар. Егер бұл күнә болса, онда Пайғамбар ойнауға рұқсат бермеген болар еді" /18/.

Діни әдет - ғұрыптарды белгілі бір музыкалық мақаммен орындау ежелден келе жатқан діни - мәдени құбылыс екенін өз мәдениетімізден де көруге болады.
Музыка мен өлеңнің, яғни, сөздің тығыз байланыста болғандығын әнші ақындар өнерінен байқауға болады. Ақындықпен қатар әнші, бата оқу, жыр, терме, күй, сазгер, би, спорт өнерлерін дамытып, құран сүрелерін қоса жаттап біліп отырған.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыруда музыканың атқарар қызметі үлкен. Ол ислам дінінің жалпы заңдылықтарына сүйене отырьш, ұлттық мәдениетке табан тірейді.
Бұл тұрғыда қазақ музыка өнерінің синкретті сипаты аса қолайлылық туғызады, әсіресе, музыканың Құранмен байланысын синтезді әдіспен қолдану ізгілік мұраттарды шешуде тиімді жол болып табылады.

Жас ұрпаққа ислам дінінің негізінде тәрбие беру құралы ретінде музыка тек өнердің басқа түрлерімен, соның ішінде Құранмен, кешенді түрдегі байланыста ғана өзінің бұл қызметін атқара алады. Өнер тек өзінің синкретті сипатының арқасында ғана қазақ өмірінің реттеуші құралы деңгейіне көтеріле алған. Сондықтан қазақтың құран сүрелері таза музыкалық туынды ретінде бір жақты ғана қаралмай, оның егізінің сыңарындай өзімен бөлінбей өмір сүріп келген әдебиеттік әңгімелерімен, яғни халықтың тарихи - әлеуметтік болмысымен шендестіре қарау көзделеді.

Бұл орайда Құранмен қосарлана айтылатын уағыз аңыздарының орыны үлкен, олар тек нақты шығарма мен оны шығарушы туралы ғана емес, халық тарихының жанды шежіресі ретінде танылады. "Құранды жатқа білумен қатар, оны мақамдап айта білу де міндетті болған. Мұның өзі оларға қойылатын көптеген талап - тілектер тудырып отырған.
Біріншіден, молданың тәп - тәуір ән (мақам) айта білуі қажет болған. Демек, оның музыкалық кабілеті болуы шарт.

Екіншіден, молданың айналасындағы жұртқа әсер етерлік дәрежедегі анық та қоңыр даусы болу керек. Мінбарға шығып азан шақырғанда, молдалар даусы шаһар тұрғындарына еркін жететін болған.

Үшінші ерекшелігі, кейбір молдалар Құран мақамын ете күрделі, ауыспалы, аумалы - төкпелі мақамдармен (ладтармен) айтатын болған. Арнайы музыкалық білімі бар мамандардың өзіне ауыр соғатын мұндай мақамдарды еркін орындаған молдалардың музыкалық қабілеті өте жоғары болғаны осыдан - ақ байқалса керек" /19/.

Міне, осындай шарттарды алға қойған ислам діні медресе оку орындарынннда музыкалық білім берудің бағдарламасын алға қойғаны белгілі.
"Медресе оқу мекемесі ретінде мұсылман әлемінің астанасы Бағдаттың өзінде тек XI ғасырдың екінші жартысында пайда болды..., Ал бұл кезеңде Мауранахрда Медресе жаңалық болудан қалған" (Академик В.В. Бартольд). Наршаһидің "Бұхара тарихы" атты кітабында 937 жылы Бұхарада алапат өрт болғандығы, сол өрт ішінде қаладағы ірі Медреселердің өртеніп кеткені туралы деректер келтіреді. Түркістан өлкесінің халықтары ресми түрде ислам дінін қабыдаған кезеңнен бастап мұсылмандық оқу жүйесінде өз миссиясын бастады. Ағарту саласындағы "Медресе" институты ең алғаш рет Түркістан өлкесінде пайда болған. Медресенің пайда болу тарихы VIII ғасырлардан, өлкеде ислам дінінің таралған кезінен басталғанын ескерсек, медресе арабтар ортасынан шыққан деген көзқарастың пайда болуы заңды. Алайда араб жазбаларында мектеп, медреселер туралы деректер тек ІХ - ХІ ғасырларда болғанын ғана көрсетеді. Ал медреселердің пайда болу дәуірі Бартольдтың еңбегінде VIII ғасырда болған дейді. Бұдан шығатын көзқарас, мұсылмандардың оқу ісі араб дүниесіне шеттен келген, ягаи ҮІП - Х ғасырларда шығыс мәдениетінің ошағы болған Түркістан қалаларында патша болған деген объективтік көзқарас өзінен - өзі туындайды /20/.

Әсемдік әлемін түсіндіретін музыканың құдіретін қанаттандырып өнерді алға тартудың орнына оны одан әрі әлсірету көзделді. Бүгінгі жастардың қатыгез, мейірімсіз бояуына әкеліп соқтырды. Мұның өзі эстетикалық тәрбие мәселесіне немкұрайлы қарағанымызды екенін өмірдің өзі дәлелдеп берді. Өнер саласы өзінің төл мәдениетінен айтылып, оның ескерусіз құлдырауы және эстетикалық тәрбиенің көзі әлсіреп, жалған тәрбиенің босағаға енуі ислам мәдениетіне деген сүйіспеншіліктің аздығынан деп білу керек. Сахарада туып, сол сахара тілінде сөйлеген, мәдениеті мен өнерін артындағы ұрпакқа тастап кеткен дана бабаларымыздың әсемдік, талғамдық, тәлімдік сияқты тәрбие түрлері бүгінде өз орнында ма?

Казақ мәдениетінде сал, серілер әнсіз өлең айтпаған. Бұлардың ақындық дәстүрінде әншілік шешуші орын алады. Ақындық сөзден гөрі әншілік, музыкалық шығармашылығы басым болып отырады. Жырлаймын деп өлең бастамайды, ән шырқаймын, ән саламын деп бастайды. Қазақ халқының аспаптық шығармаларының бірі күйдің орындаушылық тәсілі мен тарихи әңгімесі сияқты қазақ әндерінің де синкретті сипатында сөз өнері, би, музыка өнері, сахналық, артистік өнер, шежірелік өнер, философиялык, ой бояулары топтасқан. Әннің әсерлілігі — оның осы синкреттілінде. Қазақ әніндегі мелодиялық интонациялық әуен әсемдігі мен өлең сөздің бірлігінен эстетикалық сұлулық мазмұнынан құралады.
Түркі тілдес халықтардың мәдениетіндегі еңбектерге елеулі сипаттама беріледі. әл - Фарабидің "Музыканың ұлы кітабында" музыканы түзетін элементтердің әдебиетті түзетін еңбектерге ұқсастығы айтылады. әл - Фарабидің ән, (Өлең - Е.Ж.) мен музыканың эстетикалық, этикалық әрекеттер мен көзқарастардың қалыптасуына әсері, үздіксіз жаттығудың ғана нәтижесі екенін, ол үшін адамның есіту түйсіктерін дамыту қажеттілігін көрсеткен. Бірде - бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл - ой, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Халық келер ұрпағын жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиенің жақсы жақтарын жинақтай отырып, еңбек сүйгіш, адамгершілігі зор азамат етіп баулуды мақсат еткен.
Халықтың ғасырлар бойғы бай қазынасы — ауыз әдебиетінің асыл үлгілері: өлең - жыр, аңыз - әңгімелер, мақал - мәтелдер, афоризм - сөздер мен ән - күй, би өнері, зергерігік қол өнері, ұлттық ойын түрлері т. б. өнер атаулының бәрін ұрпақтәрбиесінің пәрменді құралы етіп пайдаланған /21/.

Қазақтың халық педагогикасында болмысқа эстетикалық көзқарасты, эстетикалық талғамдарды қалыптастыру, балалар мен жастарды бай әдеби және музыкалық мәдениетке тарту құралдары сан алуан. Халықтың ауызекі творчествосының түрлі жанрлары да, ұлттық әдет - ғұрыптар да, қазақ семьясының ішкі қарым - қатынастары да, халықтың қолданбалы өнері де, ұлттық ойындар да соның жарқын айғағы болып табылады /22/.

Қазақтың халықтық шығармаларында көркем - эстетикалық, этносимволдық (рәміздік), сакральдық (діни - нанымдық), коммуникативтік, информациялық, ырымдық және тағы басқа әлеуметтік функциялар, сондай - ақ, ең бастысы – эстетикалық - тербиелік функциялар кешенді синтездікте орын алған. Өнер тарихында көркемдік синтездің бірнеше түрі қалыптасты. Синтездеу барысында бейнелі көркем ойды жеткізуде сан алуан өнердің бірігуі мүмкін. Сәулет, мүсіндеу, монументті кескіндеу, сәндеу - әшекейлеу өнері. Сондай - ақ саз өнері мен сөз өнері, пластика (соғу, шабу) мен бейнелеу өнерінде барынша дәстүрлі біртұтастық бар /23/.

Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтайлы. Адам қоғамындағы үлкенді – кішілі барша кұбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін: "Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең" деп түйіндеген /24/. Ән қазақ халқы өмірінің ажырамас белгілі болған. Жас нәрестені алғашқы үш күнде жын - перілер қоршап жүреді деген үғымнан барып, олардан қорғау үшін өлең айтып, ән мен жыр, күй мен би шалқытып, ойын - сауық өткізген, келе - кете кейіннен ол шілдехана тойы сипатын алған. Ұрпақ жалғастығын қадірлеуді жастар санасына сіңіруде ол дәстүрдің тәрбиелік әсері күшті болған. Сондай - ақ, бесік тойы да, тұсау кесу тойы да, атқа мінгізу, сүндет, қыз ұзату, келін түсіру, құда күту, наурыз, көшіп қону, ерулік т.б. тойларда ән мен күй, жыр мен термелер қызмет атқарған. Қазақ халқының ділін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі — ол тәрбиелік қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт - санасы, әдет - ғұрпы, мақал - мәтелдері, ертегі, жыр - термелері, ойын - сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, айналып келгенде, тәрбиелік мәселеге келіп тіреледі. Олар адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа баулыған /25/.

Сөйтіп қазақ отбасында балалар әнмен өсті. Ән мен жырды ести жүріп, соларға еліктей отырып, өздері де өнерді үйренлі. Музыкалық - эстетикалық және рухани бай болып қалыптасты, сөзге шебер, әнге ұста болды, суырып салма өнерін меңгерді. Қазақтың өмірі, тұрмысы, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, өскелең ұрпақтан әншілікті, ақыңдықты, шешеңдікті, күйшілікті, өнерпаздықты талап етті. Ән мен күйдің әуені сөйлеу тіліндегі сөздердің интонациясына — дауыс өзгеріс - қозғалысыз негізделеді. Бірақ әр дыбыс (өлеңде сөздің әр жеке буыны) бірінен - бірі жоғарылы - төменді сатылап, әр түрлі үнімен беріледі де, ерекше музыкалық қасиетке ие болады. /26/

Міне, осындай өнерлі халықтың сезімталдық қасиетінің болуы да шартты еді, өйткені жүз пайыздық музыка негізін құрайтын халық өнерінің арқасында бойып таза ұстау, тез үйрену, тез қабылдау, тез түсіну, тез сөйлеу, т.б. әсемдік қалауын толық меңгерген халықты дана деп айтуға болады. VII ғасырда ислам діні шығыс көгіне өрлеп шыққанда, да осы ежелгі дәстүр ізімен дамып, дауысталып, арнайы мақаммен оқылатын болған. Қандайда бір ырғақты қозғалыс болмасын, барлығы дерлік дыбыс негізінде құрылып өркеңдеп отырған. Алайда дін иелері Құранды жатқа білумен қатар оны мақамдап әуендетіп айта білуді міндеттеген.

"Құран сүрелері әр түрлі мақаммен айтылған. Мысалы, Дәуріш Әли өзінің "Музыкалық трактатында" 12 мақамның бірі — рехауи әуенімен Мұхаммед пайғамбардың Құран оқитын болғанын айтады. Әрбір дін иесі Құранды белгілі бір мақаммен айтатын болған" /3. 277-6./. Сөз бен музыканың біртұтастығы бақсылық дәсіүрде де пайдаланылып, әлеуметтік тұрмысқа берік енген. Қазақтың ауыз әдебиеті өзінің барша бітім - болмысында музыкамен тығыз байланысты /27/. "Поэзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігінен туындаған ашушылық өнер" /3.267/ орындаушылар бойында да тоғысып келген. Сөйтіп өнерпаздардың өздері де синкрегизм аңғарында танылған. Олардың әркайсысы жырау және суырып салма ақын, теңдессіз күйші және домбырашы, ғажап орындаушы әнші, және термеші болған.

Халық поэзиясының жаны — сөз, сөз өнері, сөздің бейнелі, суретті кестесі десек, бұл ауыз әдебиетіне эстетикалық терең, нәзік сезім дарытатын көркемдік құралдарының бірі. Ұтымды, шебер қолданылған әрбір сөз, әрбір буын, бунақ, дыбыс өрнектері өлеңге бейне бір жан бітіріп, әуезділік береді, келісімді, ширақ ырғақ дарытады, сөздің үнділігі мен әуеңділігін, әсерлілігі мен көркін күшейтеді /28/. Сөйтіп сөз өзінің әуездігімен музыкаға жақын тұрған. Осындай мың салалы өнер - білім қазынасы бар халық — бай. Ал оны жүзеге асырушы кім? Әрине, өзінің жергілікті ата -бабасынан жалғасын тапқан қазақ елі. Олай болатын болса, халық мұрасын жас ұрпаққа ғана оқыту аздық етеді, оны бүгінгі өскелең жас буын өкіліне де үйрету керек сияқты.

Ислам дінінің білім саласында алар орны ерекше, сондықтан оны жалпы білім беретін мектептерде өнер саласының бір түрі ретінде оқыту - жастардың салиқалы болуына көмектесетін бірден - бір жол. Ислам дінін оқыту кезінде музыка мамандарының білім беруге араласқаны дұрыс болар еді.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани, ке»іннен оның екі мүриті дүние салған соң қауымды Ахмет Яссауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған… Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады. Ахмет Яссауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды… Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Иассауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қорық – мұражай алып жатырған жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Ахмет Яссауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды. Бөлмелердің ішкі төбесі мен кіші күмбездеріненбастап, үйдің барлық бөлігі төрт бұрышты, сапалы күйдірілген 25х25х5 см және 26х26х6 см, қыштан қалаңған. Бұларды бір-бірімен байланыстыру үшін (ғаныш) ерітіндісі пайдаланылған. Аса мұқиятпен жасалған құрылым, ғимараттың жалпы схеманынң дәлдігі, құрылыс материалдары мен жұмыстарының сапалалығы үйдің ғасырлар бойы тапжылмай мығым тұруын қамтамасыз еткен. Темір дәуірінің сәулет өнеріне сай ескерткіш геометриялық өсімдік іспеттес ою-өрнектермен және жазу-суреттермен безендірілген. Тепе-теңдіктің кемелденген сәтімен ерекше көз тартатын сол жақ қанат сол кездегі сәулетші-құрысшылар талғамының жоғары дәрежеде болғандығын танытқандай. Сол жақ қабырғанының үйлесім тапқан тұстары сұлу иіндер мен сүбеленіп, бояуы қанық өсімдік өрнектерімен безендіріліп алты қырлы майоликалы тақшалармен тысталған. Бүйір жазықтары (батыс және шығыс) түррлі түсті күйдірілген әшекейлі қыштармен көмкерілген. Көгілдір тақталармен өрілген геометриялық өрнектер (гирих) өте айқын, бояу ренінің үйлесімен айнла қоршаған нәзік сызықтар шашыратпай тұтас композицияға үндестіріп тұр. Ғимараттың оң жақ порталы бөлігінің басқа қабырғаларының биіктігі 13 метр келетін жоғары жағында екі 2,5 м келетін эпиграфикалық басқұр берілген. Ол құран сурелерінен тұратын сөздер геометриялық өрнектермен үйлесім тапқан. Қабырғалардың төменгі жағы бес-бұрышты қыш тақшаймен қаланып, жұлдыз іспеттес өрнектермен көмкерілген. Ескерткішті тұрғызған шеберлер өздері қарастырған архитектуралық және құрылымдық шешімдері күмбездің ішін сталактиттермен қабырға әшекеәлерімен үйлестіре білген. Ғимарат негізгі орталық зал болып табылатын қазандықтың айналасына топтасқан әр түрлі мақсатта бірнеше жайлардан тұрады. Бұл – Ахмет Яссауи бейіті немесе қабырғахана, асхана қызметшілер бөлмелері. Қазандық – комплекстегі ең сәулет зал. Бұл диаметрі 18,2 метрге жуық шар конус формалы асқақ күмбезден жабылған. Яғни жобалық шешімдерге сай келеді. Қазандық қабырғаларының дәл төбесінен ұштары төмен төнген қатпар-қатпар сталактиттер биіктігі 39 метрлік ақ күмбезге барынша сұлу, мейлінше асқақтық көрік беріп тұр. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша Түркістаннан 25 шақырым жердегі Қарнақ қыстағында жеті металдың қосындысынан құйылған алып тай қазан тұрған. Ғимаратқа кірер бас қақпаға қарама-қарсы төргі бетте (Қазандықпен зиратханадан сон) қабірхана – Ахмет Яссауидің бейіті орналасқан. Бұл төрт бұрышты (7,5х7,5 м), қабырғаларында таяздау қуыстары бар кең бөлме. Орталығында ақ-жасыл тастармен (3,25х1,2х2,2) тысталған биік сағана тұр. Кезінде бұл жерге ешкім жіберілмеген. Қабірханаға кірер босағада ғана құран оқылатын болған. Мешіт ғимараттағы құрылысы, нақыш безендерімен аса тартымды. Жоспардағы кейпі төрт бұрыштылау (6,4х9,4 м), жарық түсетін көздері мол күмбезден тұрады. Мешіттің ішкі интерьері де арнайы ізденістен туған. Кең иықтығ сүйір ұшты иіндермен тұтасқан, қырлы сталактиттермен жабылған, алты ұшты өрнектермен геометриялық дәлдікке өрілген. Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт иіні) құбылаға қараған иіні негізінен көгілдір ренде оюланған. Мұнда тік-төрт бұрыштар мен үшкір иіндердің көгілдір өңіндегі жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Алтын түсті бояуларын шуда жіптей иірімі көзге шалынады. Міне, осындай өрнек қоюлығы мен ізденісінің сол архитектурамен жымдаса сүбеленуі тағы да Темір дәуірін заманына саяды. Үлкен және Кіші Ақсарай деп аталуына сай екі залдан тұрады. Кітапхана, құдықхана және өзге бөлмелері екі қабатты иіндер болып салынған да, өзара баспалдақтармен жалғасып жатыр. XVI-XVIII ғасырларда, Түркістан қаласы Ұлы жүз, Орта жүз хандарының орталығына айналған шақта, осы Ақсарай хана сарайы ретінде пайдаланылған. Кітапхана, Кіші Ақсарай секілді қазандықтың екінші иығынан яғни батыс бөлігінен орын алған. Ал, құдықхана мен асхана кіре беріс қақпаның екі қанатында. Ахмет Яссауи мавзолей-мешіті мейлінше тамаша қол өнер шығармаларының үлкен бір қоймасы іспеттес. Мәселен, қазандар, құйма майшамдар, шырағдандар, үлкен ту, алтын-күміс жалатылған, ағаш оюмен әрленген үлкенді-кішілі есіктерді айта аламыз. Тай қазан – бірлік пен қонақжайлық символы. Онық диаметрі – 2,4 метрде, салмағы – екі тонна. Қазанның көлемі кең болуы көне түркі тайпаларының діни сеніміне байланысты – қазан ернеуі түреген тұрған кісінің иегімен тұстас болуға тиіс деген ұғымнан туған. Тай қазанның үстінгі жиегіндегі үш қатарлы белбеулі безендер сан алуан өсімдік іспеттес ою-өрнекпен нақышталған да көне араб жазуларымен толысқан. Бірінші қатардағы жазулар Ахмет Яссауи ескерткіші үшін су құйылатын қазан ретінде Темірдің сыйға тартқанын айтса, ортаңғы қатарда «Мерейің үстем болсын!» және «1399 жылы» Тебриздік шебер Абду-л Әзиз ибн Шарафуддиннің соққаны жайлы жазылған. Ал, төменгі белбеуде «Алла-ақбар» деген қорытынды бар. Қазақ құлақтары Лотос қауызы іспеттес шығыңқы дөңес боп біткен. 1934 жылдан бері бұл тай қазан Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург, Ресей) мемлекеттік Эрмитажда сақталанған. Тағы да Темірдің сыйы шырағданның сүбелі тұлғасы, өсімдік тектес нәзік өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулар бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы Изуддин ибн Таджуддин шебердің жасағандығын баяндайды. Мейлінше жоғары сауаттылықтан нәзік көркемдік талғамнан туған ғимараттың барлық есігі, әсіресе қазандық пен қабірхана қақпаларына, ең таңдаулы ағаштар іріктелген де ол сүйекпен нақышиалған. Есіктер мен ке»бір сәулет бөлшектерінде дәстүрлі қазақ ою-өрнектерінің сарыны сезіледі. Ахмет Яссауи ғимараты Темір дәуірінің айтулы төрт ескерткішінен, олар – Шахрисябздегі Ақсарай, Доруссиядат (Темір әулетінің зираты), Самаркандтағы Бибі ханым мешіті, бізге жеткен жалғыз құрылыс екендігімен де қымбат. Оның композициялық ауқымдылығы, пропорциялық өлшемнің дәлдігі, құрылымдық шешімінің ұтқырлығы, бұған қоса, мейлінше бай безендірілуі XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басындағы Орта Азия сәулет өнерінің сүбелелігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, ол өзінен бұрынғы қараханидтер дәуіріндегі құрылыс өнерінің сол кезде қалыптаса бастаған кейбір ерекшеліктерін бойына сіңірген. Бұл ескерткіштің Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнері тарихында алар мән-маңынасы жоғары. Талай ғасырлар бойы құрылыс мәдениетіне үлкен үлгі боп келгендігі де рас. 1978 жылы Ахмет Яссауи архитектуралық комплексі музей болып ашылды. Музей экспозициясы ескерткіштің құрылымы мен безендірілу ерекшеліктермен, ежелгі Түркістан қала құрылысымен, Қазақстан жеріндегі жазба мәдениетінің тарихымен, қазақ халқының қол-өнерімен таныстырады.

Лекция

Жоспар:

Наши рекомендации