Оқу жоспарының көшірмесі

Студенттерге арналған пән

БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Пән: Әлеуметтік психология пәніне кіріспе

5В010300 «Психология» мамандығы

Көкшетау

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж. Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.

Құрастырған: Асаров Мұрат Мұзарапұлы, аға оқытушы, педагогика магистрі

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған

« » 2016 ж. хаттама №

Кафедра меңгерушісі Мурзина С.А.

(қолы; аты-жөні, тегі)

Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

« » 2016 ж. хаттама №

ОӘК төрағасы Сыздыкова Б.Р.

(қолы; аты-жөні, тегі)

СИЛЛАБУС

Оқытушы туралы мәліметтер

Асаров Мұрат Мұзарапұлы, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі

Жұм. Тел. 40-21-99, ұялы тел. 8-777-306-37-67

Пән жөнінде мағлұмат

Пән аты: Әлеуметтік психология пәніне кіріспе

Өткізілу уақыты және орны: сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс Семестр Кредиттер Лекция практ СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
    Аралық бақылау Емтихан

4. Пререквизиттер:Бұл курстың алдында «Жалпы психология», «Психология тарихы», «Философия», «Жас ерекшелік психологиясы» пәндері оқытылады.

Постреквизиттер: педагогикалық, кәсіби практика, «Басқару психологиясы», «Еңбек психологиясы», «Практикалық психология».

Құзырлықтар:Студенттердің пән бойынша негізгі ұғымдардың мағынасы мен мәні жайлы түсініктері болуы тиіс. Таңдаған мамандығы мен мамандану жайлы, сонымен қатар тұлғалық, жанұялық, кәсіби-іскерлік құзырлықтарды меңгерулері тиіс.

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік психология – психология ғылымының өзіндік даму тарихы, зерттеу пәні мен әдістері бар басты салаларының бірі. Әлеуметтік психология зерттеу аймағы ретінде ХІХ ғасырдың аяғында пайда болғанымен өзіндік ұғымдық аппараты мен әдістері бар күрделі ғылыми пән ретінде тек ХХ ғасырдың ортасында ғана пайда болды.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері – өзінің теориялық іргетасын орнықтыру; жаңаша зерттеу әдістерін жасау; үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет етуінің ерекшеліктерін зерттеу; адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасының заңдылықтарын айқындау; жеке адамды әлеуметтік-психологиялық зерттеу; әлеуметтік психологияның қолданбалы зерттеу аймағын кеңейту мен жасақтау.

«Әлеуметтік психология» курсының мақсаты – студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның теориялық және қолданбалы зерттеу аймағындағы жетістіктерімен таныстыру.

«Әлеуметтік психология» курсының міндеттері:

· студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның басты мәселелері бойынша теориялық зерттеулері мен тәжірибелік нәтижелерімен таныстыру;

· студенттер бойында үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет ету заңдылықтары (конформизм феномені, жетекшілік және лидердік, топтық тұтастық мәселесі) туралы білімдерін қалыптастыру;

· жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (әлеуметтену және әлеуметтік бағдар) жайлы білімдерін қалыптастыру;

· адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасы туралы білімдерін қалыптастыру;

· студенттердің әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламалары мен зерттеу жұмысын жүргізуде іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

· кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

«Әлеуметтік психология» курсын меңгеру нәтижесінде студент төменде көрсетілгендерді білуі керек:

· әлеуметтік психологияның қалыптасуы мен даму тарихы;

· әлеуметтік психологияның өзекті мәселелері;

· әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары;

· теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білу;

· құрамада (топта) жұмыс жасау;

· кәсіби қарым-қатынас дағдылары;

· психологиядағы ғылыми-ұғымдық аппаратты игеруге ептілік;

· әлеуметтік психология мәселелері бойынша материалдарды ауызша және жазбаша түрде ұсыну ептілігі;

· теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану;

· зерттеу іс-әрекетінің дағдылары.

Сабақ жоспары

Наши рекомендации