Радиохабарының жасалуы жолдарын дәлелдеңіз.

Радиохабар бағдарламаларын жасау тракты — радиохабарды жасайтын радиоүйдегі микрофондардың (магнитофондардың) шығысынан бастап, солрадиоүйдегі орталық аппараттар бөлмесінен тарайтын кабельдер шығыстарының аралығы. Бұл аралықта толық бағдарлама жасауға қажетті студиялар аспаптар (микрофондық және желілік күшейткіштер,микшерлік пульттер,коммутаторлық құрылғылар, дыбыс агрегаттары және т.б.) кешені жұмыс істейді.

30) Режиссер және журналист қызметі бірлігін дәлелдеңіз.

Режиссер.Радиотуынды негізінен журналистік мәтіннен және музыкадан құралады. Тыңдаушының қабілетін әспеттеу, солардың сұранысына орай хабарлар жасау арқылы, аудиорейтинг жинау журналистің міндеті болса, оны көркемдеп, әсірелеп жеткізу дикторға жүктеледі немесе әртістер шақырылады. Тыңдаушы адаммен емес, сөзбен бетпе-бет келеді. Телевизиялық хабарларда сюжет негізгі рөл атқарады да, сөз қосымша міндет өтейді. Ал, радиода бүкіл әрекет, құбылыс, оқиға тек сөзбен өрбіп, тыңдарманның көз алдына бүкіл көрініс тек баяндаумен елестетіледі. Міне, сондықтан да радиожурналистердің шеберлігіне қосымша режиссураның қажет болатындығы осыдан келіп шығады. Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері - дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман - режиссер. Режиссерлық қызмет қаншалықты қиын болғанымен, соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссеры - бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.

Режиссура кәсіптен де биік тұрған нәрсе, ол өнермен астасады. Себебі, ол ән, би, саз, әртістік, т.б. секілді өнердің барлық түрлеріне жүйе-жүйесімен бағыт сілтеп, бағдар беріп отырады. Бір-біріне лайықты, бірақ әртүрлі дүниелерді жинақтап, біртұтас әлем жасайды. Ал, радиодағы режиссураның мәніне келсек, ол тіпті маңызды рөл атқарады. Радио режиссеріне қажетті алғышарттарға келетін болсақ:

· қиялға бай, яғни фантазиясы мықты болуы шарт;

· білімді, білікті, өресі жан-жақты болғаны абзал;

· өмір құбылыстарының кез келген саласынан хабардар
болуы керек.

Мұндай қасиеттерді талап етудегі басты себеп - режиссер өз қызметі барысында әр түрлі мазмұндағы саясидан бастап әдебиге дейінгі хабарларды жасаумен шұғылданады. Тіпті, қарапайым ақпараттың өзі тыңдаушысына жан-жақты сферада әсер етпейтін болса, онда журналист еңбегінің еш кеткендігі. Сол хабарлардың әрқайсысын қандай дауыс екпінімен, қай интонацияда оқу керектігі (мысалы, саяси, ресми хабарлар салқынқанды, бірқалыпты тонмен оқылса, көркем хабарлар леппен, жарқын дауыспен, эмоциямен оқылады, балаларға арналған хабарлардың өз интонациясы бар т.б.) жөнінде дикторға немесе жүргізушіге бағдар көрсетіледі. Бағдарламаның немесе хабардың көтеретін салмағына қарай музыкамен, роликтермен көркемдеу де режиссердің маңызды міндеттерінің бірі. Сценарлық жоба қаншалықты жақсы болса да, ол мәтіннің мағынасына сай дикциясымен оқылып, мазмұнды байыта түсетін әндермен, музыкамен, роликтермен әрленбесе, онда хабар әсерлі болып шықпайды. Егер режиссура - радиохабардың құрамдас, маңызды бөлігі болып табылса, мәтін - хабардың негізі, тірегі, ал көркемдік элементтер (музыка, ролик, шу, дыбыстық эффектілер, т.б.) оның жан бітіруші, бітімін білдіруші факторлары болып табылады. Міне, осындай ерекшеліктерді үйлестіріп, жымдастарып, бүтін бір дүние етіп эфирге шығарып отыратын адамдар — режиссерлер.Радиодағы хабарлар жанры жағынан әр түрлі болған сайын режиссер еңбегі де күрделене түседі. Бұрынырақтарда радиода жиі кездесетін радиокомпозиция, радиоочерк, радиофельетон, т.б. сияқты жанрлардың, көркем әдеби хабарлардың, радиодраматургияның азайып кеткендігі де радиорежиссерлерінің жұмысын бір жақты, бір сарынды бағытқа ауыстырып жібергендей. Сондықтан да, қазіргі кезде жиі кездесетін радиосұхбат, радиоәңгіме сияқты жанрлардың өзін құбылтып әсірелеп беру, тіпті қарапайым ақпараттың өзіне "жан бітіру" де режиссердің міндеті. Бұл ретте олардан адам жанының психологиясын меңгеру қажеттігі талап етіледі және хабар жазу кезінде кездесетін әр түрлі кездейсоқтықтарға да (шығармашылық, техникалық т.б.) дайын болулары қажет. Өйткені, эфирлік өнімнің тағдырына редактормен бірдей жауапкершілік танытады.Жақсы режиссер оператор, жөндеуші, топмейстер, дыбыс режиссері сияқты көмекшілері бола тұра бар жұмысты өзі атқара береді. Ол алдымен, жұмысты бастамас бұрын хабардың мәтінімен танысады. Сонан соң күллі көркемдеуші элементтерді дайындайды, музыканың естілу уақытын да сол белгілейді. Кез келген жерден музыканы үзіп тастауға болмайды, белгілі бір жеріне дейін ойнатып, сонан соң біртіндеп барып хабардың жабылу процесіне сай аяқтау қажет. Эстетикалық талғам, тыңдаушыға жетер әсер басты талап болуы тиіс.Тікелей эфирде режиссерден жинақылық, шапшаңдық талап етіледі. Дер кезінде қажетті шуларды, музыкаларды жіберу, фонограмманы қосу т.б. әрекеттер ашық эфирде тез орындалуы қажет. Кейде шақырылған адамдар келмей қалады, кешігеді, ондайда хабар жоспары өзгереді. Ендігі жерде режиссердің жедел шешімі керек. Әрине, режиссер көмекшісінің, оператордың жәрдемдері қажет. Хабардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету де соның міндеті. Кейде жүргізуші сөйлеп тұрады, ал радиодан естілмейді. Сондықтан, студия мен апараттық бөлме арасын байланастыратын микрофоннан басқа наушниктер де қолданылады.Репортер - ақпарат қызметінің негізгі құрамы. Оқиға барысын қадағалап, жедел сұхбат алып, репортаж жүргізетіндер. Оларға қойылатын басты талаптар: оқиғаны дәл жеткізу, мақсатқа жету, оқиғаның бейнесін ашуда ыждағаттылық керек, ең бастысы – радионың көркемдеуші, бейнелеуші құралдарын шеберлікпен пайдалану, дыбыстық эффект арқылы хабар берудің тыңдарманға жол табар әдіс-тәсілдерін табу. Негізгі оқиға орнынан басқа олардың ақпарат алатын көздері – ИТАР-ТАСС, РИА-"Новости", "Интерфакс", "Пост-фактум", "Қазақпарат", "Қазақстан-ТУДЕЙ" т.б.

Дыбыс режиссері– телевизия мен радиода жұмыс істейтін дыбыстық материалдарды дайындауды ұйымдастыруға басшылық жасайтын, фонотекалық материалдарды таңдайтын, дыбыстың техникалық, көркемдік сапасын бақылайтын, дәл уақытында дыбыстық эффектілерді қосып, тоқтатып тұруды, микшерлеуді, фонограмма жазуды бақылайтын шығармашылық қызметкер.

Наши рекомендации