Психологиялық менеджментті стратегия және адами тұрғысынан қарастыру.

“Стратегия” сөзі гректің “stategos” “генерал өнері” сөзінен шыққан . Бұл терминнің әскери шығуы таң қалдырмау керек. “Stategos” Александр Македонскийге әлемді жаулап алуға көмектескен. Стратегия – ұйымның мақсаткерлігінің жүзеге асуын және мақсаттарына жетуін қамтамасыз етуге тағайындалған жан – жақты кешенді жоспар. Стратегияны жасау процесі қандай да бір жылдам әрекетпен біте қоймайды. Әдетте ол өсу мен нығайтуды қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеу арқылы аяқталады. Стратегиялық жоспарлау ұйымның өз мақсаттарына жету үшін тағайындалған арнайы стратегияларды жасауға алып келетін шетекшімен қабылданған шешімдер мен қозғалыстардан тұрады. Стратегиялық жоспарлау жетекшілермен бекітілген жалпы стратегиялық міндеттерден басталады. Стратегия әрқашанда маңызды мәселелердің шешімімен байланысты. Бұларға негізгі мақсаттар мен көрсеткіштер жатады: сату көлемі, өсу қарқыны, пайда, нарықтағы үлес, капитал құрылымы, девиденттер, өнім сапасының деңгейі, фирманың тұрақтылығы, әлеуметтік мақсаттар.

Негізгі стратегиялық баламалар: шектеулі өсу; өсу; кеміту, ұштастыру.

- Шектеулі өсу – бұл стратегияға ақпаратты ескеру арқылы түзетілетін әрі қол жеткен межеден мақсаттарды белгілеу тән. Шектеулі өсу стратегиясы негізінде өз жағдайына қанағаттанатын тұрақты техналогияны өнеркәсіптің кемеліне келген салаларында қолданылады. Ұйымның бұл баламаны таңдау себебі, ол ең оңай, әлдеқайда қолайлы әрі әрекет етудің қатері аз тәсілі.

- Өсу – стратегиясы жыл сайын қысқа мерзімді мақсаттардың деңгейін өткен жылдағы көрсеткіштердің деңгейінен елеулі асыру арқылы жүзеге асырылады.

- Кеміту – мақсаттардың деңгейі өткен шақтағы қол жеткен шенеден төмен белгіленеді. Шындығында көптеген фирмалар үшін кеміту операцияларды оңтайландыру мен қайта бағдарлаудың сенімді жолын білдіреді. Кеміту аясында бірнеше нұсқаулар болады:

- тарату

- Артықтарды алып тастау

- Кеміту мен қайта бағдарлау

- Ұйымдастыру стратегиясы ол барлық баламаларды ұштастыруды ұйғарады, яғни жоғарыдағы үшеуін біріктіруді білдіреді.

Стратегиялық баламаларды таңдаудағы мақсат – ұйымның ұзақ мерзімді, тиімділігін барынша арттыру болып табылады.

51.Басқарудың әлеуметтік психологиялық әдістері. Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б. Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе оны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару қызметінде іскерлікпен қатынасатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады. Басқару кадрларының алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша-жоғары, орташа және төменгі буындар; кәсіптік құрамы бойынша-инженерлер, қызмет түрі бойынша ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша әкімшілік, экономикалық, білімі бойынша жоғары және арнайы орта білімді, адамдар, практиктер, орындайтын жұмысының күрдеоіоігі және жауапкершілігі бойынша. Кадрларды іріктеу - негізгі қызмет талаптарына сай келетін адамдарды іздестіру және зерттеу процесі. Кадрларды іріктеу процесі белгілі бір элементтерден тұрады.: бос қызметтердің сипаттамасы; бір кандидаттар туралы мәліметтер жинау; кандидаттарды іріктеу жүйесін ойластыру; неғұрлым қолайлы үміткерлерді таңдау; кандидаттарды соңғы рет бағалау және талдау, қызметке орналасқан кандидатты атау.

Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар:

1.Әкімшілік әдістері 2.Экономикалық 3.Әлеуметтік-психологиялық

Басқарудың шеберлігі осы әдістерді толық, пайдаланып, алға қойған мақсатқа байланысты олардың ара-салмағын дұрыс ұстауда.

Ең негізгі әдіске — әкімшілік әдіс жатады.

2.Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді.

Наши рекомендации