Компьютерлік монтажға сипаттама беріңіз
Микрофондар — акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі — гректің «микро» — аз, шағын, «фоне» — дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналды-ратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарьшың әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспага түсіріледі.
Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табыылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофоидарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), кондансаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен-күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де дзаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент — диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементген жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік ра-диобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады .
Конденсаторлы микрофон — сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр куатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған. «Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесс шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни косымша ток күшінің қажеті жоқ.
Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына эсер еткен уақытта эр түрлі тербелісте болады. Әр түрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан эсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады: дөңгелек, жүрекше тәрізді және сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты. Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардьщ сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өздігінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет.
Магнитафондар. Магнитофондармен қабылданған дыбыс әлсіз ауыспалы электр тогына айналады да, магнитофон құралында бірнеше рет өңдеуден, коррекциядан өтеді. Алдымен микросхемадағы немесе транзистордағы күшейткішке түседі. Күшейтілген микрофондық сигналды бірден жазу тетігіне беруге болар еді. Алайда, қандай жақсы сападағы күшейткіш болса да әр түрлі жиілікті бірқалыпты күшейте алмайды. Сондықтан, міндетті түрде дыбыс деңгейін өлшеуіш құрал — индикатор қажет.
Күшейтілген, коррекцияланған дыбыс магнит тетікке (маг. головка) түскен соң магнитті дыбысқа айналады. Бұл магнитгі головка — таға тәрізді, жұқа магниттелмеген денемен бөлінген ұш жағында 2 полюс белгіленген жүрекше орналастырылған қарапайым тетік. Жазу головкасына шағылған магнитті өріс магнитті үнтаспаға әсер етіп, қажетті информация алынады. Ол дыбыс ұзақ сақталуы үшін үнтаспаға арнайы темірқышқылы, кобальт, хром сияқты химиялық элементтер қосылады.
Сонымен бірге магнитофонда үнтаспаны магнитсіздендіретін өшіру тетігі болады. Алайда, үнтаспаларды пайдаланар алдында заводтан берілген аныктамаларға көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені, кейбір үнтаспалардың магнитті ұстауы күшті болады да магнитсіздендіретін тетікке бағынбайды, сөйтіп бірнеше дыбыс қайта жазылып, магнитті жазудың сапасы төмендейді. Бұл айтылған жайлар магнитофон қызметін анықтайтын негізгі белгілер. Ал бұл магнитофон құралы Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда болды. Радиожурналистер алғашқы шағын магнитофонды 1952 жылдан бастап қолданды. Киев радиозаводы шығарған алғашқы маркасы «Днепр-8″ деп аталды, кейіннен «репортер» делінді. «Репортер» латын сөзі, хабар жеткізуші, әкелуші деген мағынаны білдіреді.
Микшерлеу пульті- монтаждық аппараттық бөлмедегі режиссерлер жұмыс атқаратын негізгі құрал. Әуе кеңістігіне таралатын дыбыстың таза, үйлесімді, көркемделген, әсерлі болып шығуы үшін микшерлік аппараттың маңызы зор. Монтаж кезінде пайдаланылатын әр түрлі сигналдарды бір жүйеге бағыттап, (ол дауыс, түрлі сигналдар музыка, интершу, тарихи деректер, сөз т.б.) «күрделі образ» жасайды. Яғни, осы образ арқылы тыңдармандар көңілінен шығу, жүректеріне жол табу, ықыластарына бөлену сияқты нәтижелер пайда болады. Ал, электронды бұқаралық ақпарат құралында еңбек ететін журналистер үшін жоғары рейтингке жету — ең басты мақсат.
Микшерлеу аппаратында режиссер жұмыс істейді. Хабардың эстетикалық, мәдени, әдеби, тарихи, тағылымдық, музыкалық т.б. шығуы үшін қажетті элементтерді құрастырып, өз алдына бір туынды жасайды. Жазылған дыбыс деңгейін қадағалау, эфир мәдениетінің сақталуы сияқты процестер де осы микшер арқылы реттеледі. Хабарлардағы сюжеттердің бір-бірімен үнүзіліссіз байланысып, қабысуы, музыкалық әрленуі тәрізді жайлар да осы құрал арқылы жүзеге асады.
Қазіргі журналистер үшін электронды технология қажетті мүмкіндіктің бәрін жасауда. Осыдан аз уақыт бұрындары хабарлар бір магнитофоннан екіншісіне тетіктер арқылы көшірілу жолымен жасалса, ендігі жерде ол тек компьютерлік технология арқылы жүзеге асырылады. Хабар барысында дыбыс пен сазды компьютерлік өңдеуге арналған арнайы «Soundforge», «Audition» деп аталатын бағдарламалар бар. Монтаждау процесінің бәрі осы бағдарлама арқылы жасалады. Бұлкомпьютерлік монтаждеп аталады. Сол компьютердің арнайы белгі қойылған папкасында музыкалык қор, тарихи деректер, басқа да дыбыстмқ эффектілер де сақталады. Бағдарлама студенттік студияларди хабарлар жасау үшін қолайлы.
Диктофон- латын тілінен алынған сөз, «дикто — сөйлеймін», «фоне — дыбыс, дауыс» деген мағынаны білдіреді. Бұл тек қана адам дауысына арналған құрал. Көбінесе сұхбат жанрында пайдаланылады. Кей жағдайларда репортажға да қолданылады. Репортаж кезінде диктофонмен жұмыс істеу үшін журналистің шеберлігі, ептілігі қажет. Өйткені, аудиторияның назары мен сөйлеушінің сөзін немесе қажетті дыбыстық детальдарды үйлестіре алу қажеттігі туады. Диктофонның магнитофоннан бір ерекшелігі — жазылған дыбысты қағазға түсіру үшін баяулату немесе тоқтату тетіктері бар. Яғни, фономашинисткаларға ыңғайлы етіп жасалған. Қазіргі кезде көлемі, сапасы, құны жағынан жаңартылған көптеген түрлері өндіріске енгізілуде. Диктофондармен жұмыс жасау журналист еңбегін ғылыми ұйымдастыруға көмек етеді. Журналист жұмысына жеңілдік бо-лады. Әрі фактілердің, деректердің бұрмаланбауына мүмкіндік жасалады. Бірақ кейбір, талаптарды орындау қажет: асықпай сөйлеу, сөздер мен сөйлемдерді, кейбір күрделі тіркестерді анықтап айту, ретіне қарай қайталап айту, тіпті болмаса әріптермен айту қажет. Диктофон еріннен бірқалыпты деңгейде ұсталуы керек