Тақырыбы: "Актерлер".

Мақсаты:Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қимыл, мимика, жест арқылы байланыс. Барысы:Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы - актерлер, жүргізуші- көрермен. Жүргізуші балаларға кімді бейнелеу керектігін ұсынады.

- Күзгі бұлт.

- Ренжіген адам.

- Қатыгез сиқыршы тәрізді қатуланыңдар.

- Күнге қараған мысық.

- Күн.

- Айлакер түлкі.

- Қуанышты бала.

- Сендер күнді көріп тұрған сияқты күлімдеңдер.

- Балмұздағын жерге түсіріп алған бала.

- Көпірдегі екі ешкі тәрізді ашуланыңдар.

- Жұмыстан келген ана.

- Ауыр жүк көтерген адам.

- Үлкен шырпы тасыған құмырсқа тәрізді шаршаңдар.

- Орманда адасып жүрген бала.

- Қасқырды көрген қоян.

- Ит қуып жүрген мысық тәрізді қорқыңдар.

- Ауыр рюкзак шешіп қойған турист.

- Анасына үйді жинауға көмектескен бала тәрізді дем алыңдар.

- Сендер осы кейіпкерлердің өздерін калай сезінгенін жеткізе біліңдер. Бір - бірлеріңе қарап, өз көршілеріңе осы жағдайлар- ды жеткізе біліңдер. Тақырыбы: "Кім күлкілі күледі?".

Мақсаты:Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкі ролінің маңызы жөнінде түсінік беру.

Барысы:Балалар шеңбер құрып отырады, жүргізуші ертегі айтып береді: "Бір елді күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі күлегеш ханым және оның бірнеше күлдіргіш балалары болыпты. Бұл елде өмір сүретін адамдар ешқашан ренжуді білмеген, ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны құрметпен қарсы алып, одан өзінің болған елдері туралы әңгімелеп беруін сұранады. Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде қауіпті ауру барын - адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді. Бұл түні ханның жанұясы ұзақ уақыт көз ілмей, қалай көрші мемлекетке көмектесудің жолын қарастырады. Ертеңгісін күлкі ханы күлегеш ханым екеуі күлдіргіш балаларын шақырып жолға дайындайды, яғни, олардың мақсаты - көрші мемлекеттердің көңілдерін көтеріп, күлуге үйрету. Күлдіргіштер әлемі бойынша барлық жерде болып, күлкіні таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере бастады. Жылына бір рет қана олар өздерінің сарайына оралатын болған. Нәтижесінде адамдар шын ниетімен күлуге үйренді.". Жүргізуші күлкі мейрамын ұйымдастырып, барлық адамдарды қуана білуге шақырады, мейірімді күле білуге үйретеді.

Тақырыбы: "Ұжымдық сурет"

Мақсаты:Балалардың бір-біріне деген жылы сезімін оятып, қиялын дамыту.

Қажетті заттар:Плакат, түрлі-түсті бояулар.

Барысы:Қағаз бетіне әр қатысушы алдын-ала дайындап алған оқиғаны (күлкі ханы, әуедегі бал, теңіз түбіндегі өмір, таңертеңгі орман кейпі, т.б.) суреттейді. Сосын барлығы өзінің суретінің атын атап, осы бүкіл суреттерді байланыстырып бір оқиға немесе ертегі ойлап шығарады.

Тақырыбы: "Ауыл ауласындағы тіршілік"- этюді. Мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, қиялын дамыту. Барысы:Жүргізуші балалардың барлығын сол жердің тұрғыны ретінде ауыл ауласына шақырады. Таңертең ерте барлығы үй жануарларына айналып, олардың тіршілігін көрсетеді. Міне, кеудесін тік ұстап, басын көтеріп, қолын арқасына айқастырып, өзін бір керемет санап, ауланың ішінде "Ку-ка-реку!" деп, әтеш жүр. Есіктің алдына жеңіл, абайлап мысық шықты. Ол артқы аяғымен отырып, алдыңғы аяғымен бетін, мұрнын, құлағын ырғақпен әдемілеп жуып отырып: "Мияу!" деп дыбыстап қояды. Аяқтарын шатастыра басып, балпаңдап үйрек шықты. Ол "кря-кря!" деп дыбыстап қауырсындарының арасын тазалай бастады. Өзін мактаныш түтып, аяқтарын сермеп басып, амандасқандай басын әр жаққа бұрып: "Га-га!" деп қаз жүр. Көлшіктің үстінде, алдыңғы, артқы аяқтарын жиырып жатқан шошқа басын бірден көтеріп, таңданған көзін бадырайтып: "Хрю-хрю!" деп бір нәрсені сұрап қояды. Ат басын төмен түсіріп, түрегеп ұйықтап түр. Міне, есек көзін ашып, бір құлағын көтеріп (алақанымен), сосын басы мен екінші құлағын көтеріп қуанышты дауыспен: "И-хо-хо!" деп күліп қояды. Тауық ояна сала ауланың ішінде олай-бұлай жүгіріп: "Ко-ко-ко!" бәрі оянды ма? Қайырлы таң! деп қояды. Ескерту:

1. Балалардың өздері көптеген қимылдар ойлап табуларына болады.

2. Этюдтің басында әр жануарды өз қимылына бөлек-бөлек дайындаймыз. Балалар өз роліне бейімделіп үйренгеннен кейін, алдын-ала дайындап аула тіршілігін бәрі бірге бірдей көрсеткені дұрыс.

Наши рекомендации