Тәжірибенің нәтижесі, жұмыстың тәжірибе бөлігі

Тергеушінің қарамағында тәжірибеден өту барысында бұйрықтармен, нұсқаулықтармен таныстым, прокуратураға шолу жасауды және ҚР ІІМ-ң шығарған маңызды әдістемелік құралдарымен таныстым, тергеуші мен анықтамашының, тергеу бөлімінің жұмысын ұйымдастыру тәртібімен, тергеу бөлімінің жұмысында басшылыққа алатын әдістері, нысандарымен осы бөлімнің басшылығымен таныстым, қылмыстылықпен күрес жүргізу және қылмыстың алдын алу тәжірибесімен танысуға, қылмыстылықпен күрес жүргізуде қоғамдық баспа құралдарын тарту тәртібімен таныстым, тергеу әректтерін орындауға іс жүзінде дағдылануға, анықтау, прокуратура, сот органдарымен және басқа да мекемелермен өзара әрекеттесу тәртібімен таныстым.

ІІБ-ң тергеу бөлімінің және экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес бойынша Агенттіктің қызметкерлері ішіндегі тәжірибе жетекшісі алдын-ала тергеу мәселелері бойынша негізгі процессуалдық ережелерді және криминалистикалық әдістерді түсіндірді, қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.

НТС-ті қолдану тәжірибесіне және қылмыстық тергеу жүргізу кезіндегі әдістерге, әртүрлі тергеу әрекеттерін қолану кезінде сот фотосуретті тергеуде қолдану тәжірибесіне қарау, тінті, алу, тергеу эксперименті, айғақтарды қылмыс болған жерде тексеру, жауап алу, бейне түсірілімдерге, дыбыстық жазбаларға, жылжымалы криминалистік лабороторияларға ерекше көңіл аудардым.

Тергеушінің тікелей басшылығымен қылмыстық істер бойынша тергеуге қатыстым.

Жекелеген қылмыстық істерге тергеу жүргізу барысында мына реттерде қатыса алады;

-шағым бойынша және жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қарау және қылмыстық істі қозғау туралы немесе қылмыстық істен бас тарту туралы шешімді заңда бекітілген мерзім ішінде қабылдауға немесе істі ведомствалық бағыныштылығымен беру, ал жеке айыптау істері бойынша-соттылығы бойынша беруде;

-қылмыс жасады деп күмән келтірілген сезіктіні ұстау туралы шешім қабылдауда;

-тінту, алу, тергеу эксперименті, тірі адамды тану, мәйітті, оның бөлшектерін тану, заттарды, ануарларды тану сияқты тергеу әрекеттеріне қатысуға;

-тұлғаны жәбірленуші деп тану, азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер деп тану туралы мәселені шешуде, оларға немесе олардың өкілдеріне процессуалдық құқықтары мен міндеттерін түсіндіруде, келтірілген материалдық зиянның немесе азаматтық талаптың өндіруді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы шешім қабылдауда;

-сараптама тағайындауда, ол үшін қажетті обьектілерді алдын ала жинауға және срапшының алдына нақты бір мәселені қоюға қатысуға;

-айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығаруда, белгілі бір тұлғаға айып тағуда жауап алу тергеу ;

-күзет арқылы қамауда ұстау бұлтартпау шарасын таңдаудың заңдылына және дәлелдігіне назар аудара отырып, бқлтартпау шарасын таңдау мәселесін шешуде;

-қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанда іске қатысушыларды іс материалдарыммен таныстыруда және олпардың өтініштерін қарауда;

-аяқталған іс бойынша тергеу шешімінің бірін қабылдауды: айыптау қорытындысын жасауды, істі прокуратураға жолдауда, , өндірістегі істі тоқтатуда, әкімшілік жаза-шара қолдану үшін істі сотқа жолдауда немесе тиісті қаулыны шығара отырып, тұлғаның есі дұрыс есес деп танып, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін істі сотқа жолдауда;

-халық арасында дәрістер оқу арқылы немесекеңес бере отырып құқықтық насихат жұмыстарын жүргізуге қатысу.

Қылмыс оқиғасы болған жерге барып, микрообьектілерге баса назар аудара отырып, криминалистикалық техникаларды қолданып, әртүрлі қылмыс іздерін анықтау, алу және бекіту, хаттаманы жасадым, сызбанұсқаны, фотокестені дайындадым, қылмыстың ізін суытпай қылмысты ашу үшін кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргіздім.

Қылмыстық істі тергеудің тұтас және жекелеген жоспарын жасадым.

Куәлерден, жәбірленушіден, сезіктілерден жауап алдым. Күзетпен ұстау мерзімдерін зарту тәртібімен таныстым, алдын-ала тергеуді тоқтата тұру тәртібімен таныстым.Жедел іздестіру жұмысы үшін маңызы бар фактілер мен мән-жайлар туралы жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімге хабарладым.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстары туралы істі тергеудің ерекшеліктерімен танысуға, олардан жауап алу кезінде және басқа да амалдарын ж кезінде қатыстым. Тәжірибеден өту барысында теориялық білімімді тереңдеттім және бекіттім, оларды іс жүзінде қолддану дағдысын қалыптастырдым.

Сондықтан келесідей мәселерге назар аудардым:

-тергеліп отырған істе қылмыстың құрамы толық па, тергеу әрекеті жүргізіліп отырған тұлғаның жасы толған ба, қылмыстық жауаптылық қай жастан басталады, бұл тұлғаның әрекет қабілеттіліне күдіктенуге негізділігіне;

-қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасады деп күмән келтіретін тұлғаның кінәсінің бар немесе жоқ екенін анықтауға, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоққа шығаратын мән-жайлардың бар не жоғын анықтау;

-бұл әрекетті ҚР ҚК бабының қандай тармағымен саралауға және оны басқа ұқсас қылмыс құрамыныан қалай ажратылуы;

-қылмыстық жауапкершіліктен босататын негіздер бар немесе жоқ екеенін анықтау;

-қылмыстың қатысушылары анықталған жағдайда, әрбір қылмысытң қатысушыларына қатысты әрекеттерін айқындауы және жауапкершіліктің шегін анықтауы қажет.

ҚР ІІМ-ң тиісті нұсқаулары мен бұйрықтарымен таныстым, қылмыстық істі қозғау кезінде және қылмыстық тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тергеушінің жедел іздестіру қызметкерлерімен ІІБ-ң кезекші бөлімімен өзара әрекеттесу тәртібін үйрендім, ІІБ-ң криминалистикалық есеп нысандарымен таныстым. Жедел іздестіру қызметкерлерімен бірге тергеу жүргізіліп жатқан іс бойынша, тергеу және жедел іздестіру шараларының жоспарын жасадым, алдын ала тергеу барысында өзара әрекет жасауға және тергеу жүргізіліп жатқан мән-жайлар болған жағдайда хабардар еттім, сонымен қатар қылмыс ықпал жасайтын себептер мен шарттар анықтауға және алдын алу мәселелері бойынша бір-біріне үнемі хабарлап отырдым. Менің қатысуыммен жасалған

Немесе дайындалған әрбір процессуалдық құжаттың, сонымен қатар, фотосуреттер, сызбанұсқалар мен жоспарлар тәжірибе жөніндегі есепке тіркелді.

Орытынды

Өндірістік тәжірибеден өту барысын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының ІІМ-ң Тергеу бөлімдері атқаратын қызметі туралы, нақты қандай нормативтік құжаттармен жұмыс жасайтыны туралы, қылмыстық істерді қандай жолмен тергеп, шешетіні туралы, нормативтік құжаттарды қалай рәсімдейтіні және т.б. сол сияқты қажетті ақпараттармен танысып тәжірибе жинақтадым. Куәгерлерден, куәлардан, сезіктіден, жәбірленушіден қандай жолмен жауап алынады, жауап алу хаттамасы қалай толтырылады, азаматтардан арыз-шағымдар қалай қабылданады және сол бойынша қылмыстық іс қозғалатыны туралы, оқиға болған жерде қалай тексеру әрекеттері жүргізіледі, хаттама қалай жасалады, заттай айғақтар қалай іске тіркеледі,қылмыс жасаған азаматтарды құрықтау операциялары қалай жүргізіледі, кезекшілік барысында түнгі рейдтер қалай жүргізіледі және басқа Ішкі Істер Органдарымен арақатынасы қалай жасалады тағы сол сияқты қажетті және танымды ақпараттармен таныстым. Теория жүзінде алған білімімді өндірістік тәжірибе өту барысында қолданып, ұштастыра білдім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж

2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13.12.1997ж

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi және оның

органдары туралы заңы 01.01.1998ж

5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының №2710 Заңы 21.12.1995ж

6. «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18.03.2002ж

7. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы №154-ХІІІ 15.09.1994ж

8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы №2710 21.12.1995 ж

Наши рекомендации