Рефератты бағалау критерийі

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы Медицина

Дисциплина: Физиология-1

Кафедрасы:Қалыпты физиология

Тақырыбы:Эмоционалдық стресс

Орындау әдісі:Мәнжазба

Орындаған: Жұматай А.О

Тобы:202 Б

Тексерген:Альмаханова М.Ж

Актөбе 2016 ж.

Жоспар:

1. Кіріспе:

Эмоциялық стресс туралы түсінік

2. Негізгі бөлім:

А) Стресс.

Б) Стрестің пайда болу себептері.

В) Стресс түрлері: эустресс және дистресс.

3. Қорытынды:

Кіріспе:

Эмоцияның екі түрлі ауытқуы байқалады. Гипотимия – абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Гипертимия – көңіл шалқып, қимыл күшейеді, желік пайда болады. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмоциялық зорланауда жиі кездеседі. Ол мұқтаждық пенионы қтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Эмоциялық стресс – осындай қақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды икемделу әсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның мотивация сезініс саласы бұзылып, әртүрлі аурулур пайда болады.

Эмоциялық стресс – жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Мұнда орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мен пептидтердің мөлшері көп өзгереді. Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтығысуларда өте жиі кездеседі. Эмоциялық стресті зерттеу невроздарды емдеу істеріне көмектеседі. Сондықтан ұзақ және тиімді психофармокологиялық емдеу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмоциялық зерде, ізжазбасын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс – әрекетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге нәтижелі емгерліктің алғы шартты – мидың өзінің өтеміс тетіктерін белсендіріп, дерттену сәттерін жою немесе шектеу.

Стресс (ағыл. stress) - қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше куйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы ж6йке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) әлсіреу – бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды.

Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туқанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.

Стресстің пайда болу себептері?

Мамандар, әрбір адам кез-келген жағдайға күшті эмоциялық сезім тудырса онда бұл стресстің пайда болуына әкеледі. сресс оң эмоция көрсетуі мүмкін, мысалы, нәрестенің дүниеге келуі , үйлену смяқты, бірақ теріс эмоция да көрсете алады: жақын адамыңның дүниеден кетуі, жұмысыңнан айырылу сиқты.

Стресстің алғаш белгілері қандай?

· Депрессия;

· бас ауыру;

· ұйқысыздық;

· жыныстық бұзылыстар;

· жүрек соғысының тездетілуі.

Стресс –ортаның күші мен қасиеті әртүрлі түрткілеріне жауап ретінде туатын организмнің бейарнамалы әсерленісінің жиынтығы. Бұл күйдің биологиялық мәні –ортаның жаңаша жағдайларына икемдеуші іс-әрекетін көтеру. Икемделу әсерленістері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым организм қоршаған ортаның төтенше жағдайларына төзімді келеді және тез бейімделеді.

Стресс бір жағынан организмнің қорғаныс жүйелерін шыңдау, жаттықтыру. Стресс негізінен психофизиологиялық әсерленіс.

Стерсс түрлері

Дистресс
Эустрессс

Эустерсс – жақсы стерсс, организмнің қорғаныс жүйесі ешқандай шығынсыз атқарылады( шабыт, көтеріңкі көңіл , нұрлану).

Дистресс –артық күш, зақымдаушы әсерден организмнің зиян шегуі.

Стрессорлар :

1) қоршаған ортаның зиянды әсерлері (ластану, сәулеленіс, ыстық-суық іспетті жағымсыз микроклимат);

2) әртүрлі физиологиялық үрдістердің бұзылуы;

3) ақпаратты тез өңдеу үшін уақыттың тапшылығы;

4) кәдік себептер;

5) тіршілікке қауіп;

6) оқшаулау;

7) қудалау;

8) мақсатсыз өмір;

9) жағдайды бағалай алмау;

10) депривация –тітіркеністің жоқтығы.

Г.Селье организмнің төзімділік қасиетінде жетекші мәні бар негізгі жүйелік әсерленіс тек аденогипофиз бен бүйрекүсті безінің гормондарының белсенділігі деп санады. Алайда, ол стресс кезінде гормондардың мәнін ерекше дәріптегенімен, кейінгі еңбектерінде , бейімделіске басқа тетіктердің қатысатындығын теріске шығарған жоқ. Расында, тітіркендірістің әсері вегатативтік жүйке арқылы әркелкі тіндерге оның ішінде бүйрекүсті безінің боз қабатына жететіндігі дәлелденді. Сөйтіп соңғыларда адрреналин мен норадреналинді жұмылдыратындығы анықталды. Ал басқа жүйке жолдары гиплфиздің сыртқы бөлігінде вазоперссинді белсендіріп, қантамырлары жүйесі мен бүйрекке ықпал жасайды.

Сонымен қатар стрессордың әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігнде кортикотропинмен бірге саматотропин және гонадотропин гормондарының түзілуі жеделдейді. Қазіргі кезде бұл құбылыстар гипоталамустың «атқарушы түрткілері» арқылы жүзеге асырылатындығы күмәнсіз сипатталады. Ол әрине өзінің ықпалын мидың басқа құрылымдарымен бірігіп іске асырады.

Стресс кезінде ГАМҚ жүйесі гиплфиздің әсерін шекейді, бетолипопротеин затын тежейді, ол эногендік ағымдарды, эндорфин, энкефалин, динорфинді түзеді. Бұл заттар эйфория тудырады, ауырсыну сезімін азайтады, жұмыскерлікті күшейтеді, абыржуды жояды, бұлшықеттерге ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады, адамның психикалық әсерленісін әлсіретеді.

Простогландиндер (Е) нейрондардың норадреналинге сезімталдығын төмендетеді, сөйтіп стрестік әсерленісті болдырмайды. Антиоксидант жүйесі ( витамин Е, селен, цистейн, цистин) және трофотрофтф гормондар парасимпатикалық жүйкені глюкокордиктардың жанама әсерлерінен сақтайды.

Орытынды.

Сонымен, стресс дегеніміз–ортаның күші мен қасиеті әртүрлі түрткілеріне жауап ретінде туатын организмнің бейарнамалы әсерленісінің жиынтығы. Бұл күйдің биологиялық мәні –ортаның жаңаша жағдайларына икемдеуші іс-әрекетін көтеру. Икемделу әсерленістері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым организм қоршаған ортаның төтенше жағдайларына төзімді келеді және тез бейімделеді.

Стресс бір жағынан организмнің қорғаныс жүйелерін шыңдау, жаттықтыру. Стресс негізінен психофизиологиялық әсерленіс.

Стресстің пайда болу себептері:

Мамандар, әрбір адам кез-келген жағдайға күшті эмоциялық сезім тудырса онда бұл стресстің пайда болуына әкеледі. сресс оң эмоция көрсетуі мүмкін, мысалы, нәрестенің дүниеге келуі , үйлену смяқты, бірақ теріс эмоция да көрсете алады: жақын адамыңның дүниеден кетуі, жұмысыңнан айырылу сиқты.

Стресстің алғаш белгілері.

· Депрессия;

· бас ауыру;

· ұйқысыздық;

· жыныстық бұзылыстар;

· жүрек соғысының тездетілуі.

Депрессия, стресті емдеуде әртүлі психотерапия әдістері қолданылады:

· Когнитивты – тәртіп психотерапиясы;

· Психоанализ;

· Гештальт – терапия, гуманистік т.б;

· Психологиялық консультация.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Адам физиологиясы. Х.Қ.Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов. Алматы 2005ж

2.Валеология –денсаулық туралы ғылым. «Х.Қ.Сәтбаева»

3.www.google.kz.

Рефератты бағалау критерийі

Наши рекомендации