Ылмысқа қатысу барысында қылмысты саралау ерекшелігі.

Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа ҚК-нің нормаларын салыстырмалы түрде талдау топтық белгі жаңа ҚК-тің Ерекше бөлімінің 120 бабында сараланған белгі ретінде ескерілген болса, Қазақ КСР-ның ескі ҚК-інде ол тек 30-бапта құрастырылған. Бұл топтанып қылмыс жасаудың қоғамдық қауіптілігінің өсе түскендігін дәлелдейді. Қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың қандайда болмасын ерекше негіздемелерін туындатпайды. Қылмыстық кодекстің 3- бабында бекітілген қылмыстық жауаптылық негіздері қылмыс бірнеше тұлғаның күш біріктіруші арқылы жасауы жағдайына да толықтай тиісті болды. Алайда қатысумен жасалған қылмыстың қылмыстық жауаптылығы және оның қажетті элементтерінің бірі – қылмысты саралау өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Олар негізінен төмендегіден тұрады.

Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші) мен орындаушының жүзеге асыруға деген дәрежесі, басқа қатысушылардың да жауапкершілігін шешу туралы мәселеге тікелей ықпал ететіндей болуы қарастырылады. Мысалы, егер орындаушы оған байланысты емес себептермен қылмыстық әрекетін оқталу сатысында тоқтатын болса онда барлық қалған қатысушылары да қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қатысушылардың әрекетін саралау ең алдымен қылмысты бірнеше тұлға бөліп жасау процесінде оның атқарған рөліне тәуелді яғни қылмыстық топты құра отырып, олар қандай мақсат көздеді және қатысушылар арасындағы өзара байланыстың сипаты қандай, олардың арасында алдын ала сөз байласу болдыма, қылмысқа қатысушылардың қандай түрі қатысқаны, қатысудың нысаны және қатысушының түрі есепке алына отырып шешіледі. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қылмысты қатысушылықпен жасау құрамының сараланған түрі ретінде қатысудың нысанына тәуелді төмендегідей болып бөлінген: қылмысты адамдар тобының жасауы 6-бапта, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасауы 49-бапта, қылмысты ұйымдасқан топтың жасауы 63 бапта және қылмысты қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасауы Ерекше бөлімнің 2 бабында қарастырылған.

50. Нормалардың бәсекелестігі барысында қылмыстарды саралау. Ар намысқа қарсы қылмыстар Қылмыстық заң нормаларының бәсекелстігі құқық теориясы және практикасының дербес институты ретінде оларды тергеу және тиісті соттың істерді тексеру барысы нда қолдануда белгілі бір қиындықтарды туындатады. Бұлардың бастауы қылмыстық-құқылық нормалардың құрастырылуының өзінде: жалпылама тұжырымдар және ҚК-тің баптарының диспозицияларын нақтылауда олардың бекітулері мен талаптарынан. Сондықтан қылмыстық заң нормаларын жасақтаушылар мен құрастырушыларға заңшығарушы тарапынан қойылатын талаптар өсе түседі. Олардың құқықшығармашылық қызметі барынша күрделі, тергеу және сот практикасын мұқият зерттеуді, жоғарғы деңгейдегі жалпы және арнайы теоретикалық дайындықты, құқық, юриспруденция өрісіндегі білімді талап етеді. Қылмыстық-құқылық нормалар бәсекелестігі дегеніміз бір қылмыстың ҚК-тің Ерекше бөліміндегі екі немесе одан да көп қылмыстардың белгілеріне сай келуі болып табылады, яғни ол қылмыс бір мезгілде бірнеше әрекет етуші норманың диспозицияларымен қамтылады. Аталған бәсекелестікті бір құқыққа қайшы әрекеттің бірдей шамада жазаланушылығын қарастыратын екі немесе одан да көп қылмыстық заңның бар болуы ретінде анықтауға болады. Мысал ретінде төмендегіні келтіре кетейік, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық (п «а». бөлім 2. бап. 175 ҚК) және ұйымдасқан топпен жасалған қылмыс. Немесе «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» (ҚК-тің 307 бабы) және «Қызметтік жалғандық» (ҚК-тің 314 бабы). Бұл жерде лауазымды тұлға өзінің қызметтік жағдайын қасақана қызмет мүдделеріне қарсы пайдалануды мүмкін. Оның әрекеттері жеке мүдделілікпен, пайдакүнемдік мақсатта жасалып және мемлекетке елеулі зиян келтіреді. Зиян келтіру ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу жасымен жасалады. Тергеушінің және соттың міндеті бәсекелестіктегі қылмыстық-құқылық нормалардың біреуін дұрыс таңдап алу. Яғни іс-әрекетті саралау, жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын барынша дәл көрсететін ҚК-тің Ерекше бөлімінің тек бір бабы арқылы жасалуы тиіс.

Наши рекомендации