Психологиялық зерттеулерде қолданылатын эксперименталды жоспарлардың түрлері

Эксперименталды жоспарларға сипаттама беру үшін, біз графикалық және символикалық белгілерді қолданамыз.

Х – тәуелсіз айнымалы, эксперименталды әсер;

О– тәуелді айнымалы,осы әсердің нәтижесі, эффектісі;

R- зерттелушілер тобы.

Кэмпбелл эксперименталды жоспарлардың мынадай түрлерін бөліп көрсетті:

1. экспериментке дейінгі жоспарлар (ғылыми негізі төмен);

2. нағыз эксперименталды жоспарлар.

Экспериментке дейінгі жоспарлар үшке бөлінеді.

Нағыз эксперименталды жоспарлардың үш түрін көрсетеді. Әдіснамалық әдебиеттерде негізінен осы айтылған нағыз эксперименттік жоспарларды ұсынады. Олар неғұрлым ғылыми негізделген деп есептеледі. Кэмпбелл бойынша нағыз эксперименттік жоспарлардың мынадай ерекшеліктері бар.

Факторлық жоспарлар. Факторлық эксперименттер бірнеше айнымалылар арсындағы күрделі болжамдарды тексеру үшін жүргізіледі. Мұндай болжамдардың жалпы түрі егер А1; А2; А3 болса, онда В болады. Мұндай болжамдарды кешендік немесе жинақталған болжам деп атайды. Мұнда тәуелсіз айнымалылардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Коньюнктивті, дизьюнктивті, сызықты тәуелділік немесе мультипликативті. Әдетте факторлық эксперименттерде бір мезетте ең аз дегенде екі болжам тексеріледі. 1) әр тәуелсіз айнымалының нәтижеге жеке әсері туралы болжам; 2) айнымалылардың өзара әсері туралы болжам, яғни бір тәуелсіз айнымалының болуы басқа айнымалыға және жалпы нәтижеге қалай әсер ететіндігі қарастырылады. Факторлық эксперименттер белгілі жоспар арқылы құрылады. Бір неше айнымалылардың(факторлардың) өзара әсері анықталады. Тәуелсіз айнымалының барлық деңгейлері бір-бірімен сәйкестенуі тиіс. Эксперименттік топтардың саны барлық тәуелсіз айнымалының деңгейлерінің санына сәйкес болады. Факторлық жоспарлар психологияда кең таралған, себебі практикалық жағдайда екі айнымалының арасындағы ғана тәуелділіктің болуы өте сирек кездеседі. Факторлық жоспарлардың бірнеше түрлері болады:

1. Екі тәуелсіз айнымалы үшін 2х2 жоспары құрылады.

2. 2х2 типіндегі жоспар екі айнымалының өзара әсер эффектісінің бір тәуелсіз айнымалыға әсерін анықтау үшін қолданылады. Жалпы түрде екі тәуелсіз айнымалыға арналған жоспардың түрі NхМ болуы мүмкін.

Бірінші сипат Екінші сипат
   
Бақылаудың болуы            
Бақылаудың болмауы            

N х M

Үш тәуелсіз айнымалы калердің әрқайсысы екі деңгей жоспарлау квадрат бойынша жоспарлау деп аталады. Мұнда бір мезгілдегі үш айнымалының жоспары анықталынады. Айнымалының арасындағы барлық деңгейлері еді өзара байланыс дисперсиялық талдау.

І. Эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар

  1. Эксперименттің алғышарты эксперименттің қадамын жоспарлау;
  2. 2-ші қадам эксперимент барысын регистрациялау, тіркеу, хаттамаға енгізу. Тәуелсіз айнымалы (яғни экспериментатор өзгерте алатын айнымалы) мен тәуелді айнымалы (яғни эксперимент нәтижесінің әсерінен туындайтын айнымалы) анықталады. Эксперименттің негізгі қорытындысы тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың арасындағы байланысты айқындау.

Кез-келген эксперимент болжам негізінде жүргізіледі және міндетті түрде айнымалылардың кері байланысын көрсететін контргипотеза туындайды, қалыптасады. Эксперименттің мақсаты екі болжамды да нақтылап тексеріп, қайсысының дұрыс екендігін анықтау болып табылады.

ІІ. Хаттаманың құрылымы

а) эксперименттің болжамы;

б) тәуелсіз айнымалыны анықтау, бағалау тәсілін іздестіру;

в) бағалау, өлшеу тәсілдерін анықтау;

г) эксперимент барысындағы басқа жағдайларды, артефактілерді есепке алу;

д) эксперимент жүргізуді кезеңдерге бөлу;

ж) зерттелушінің нәтижесіне алғашқы сипат беру;

з) нәтижелерді талдау және зерттелініп отырған болжам туралы шешім шығару.

ІІІ. Эксперименттің сипатталуы

Пункттер:

  • эксперименттің мақсаты туралы қысқаша түсінік;
  • зерттелушілер контингентіне сипаттама беру;
  • эксперименттік құрал-жабдықтар;
  • эксперименттің процедурасы;
  • эксперименттің барысы, нәтижелері;
  • нәтижелерді талдау;
  • белгілі-бір шешімдер қалыптастыру.

Наши рекомендации