Бандитизм ҚылмысыныҢ ҚҰрамы

КІРІСПЕ

ХХ ғасыр соңында қылмыстылық құбылысы өзінің өркениетке қарсы тұра алатын пәрменін танытып, әлемдік өркениетті жекпе-жекке шақырды. Қылмыстылық жеке мемлекеттің аумағынан шығып, трансұлттық сипатқа ие бола бастады. Қылмыскер үйінде отырып-ақ теңіздің арғы жағындағы банк жүйесіне кіріп қылмыс жасай беретін немесе порноөнімдер мен есірткі заттарын жарнамалай беретін күйге жетті. Адамзаттың қол жеткен техникалық құралдары өмір сүруді қаншалықты жеңілдетсе, қылмыс жасауды да соншалықты жеңілдетті. Осындай ғаламдық деңгейдегі келеңсіз құбылыспен күресу әлбетте бір ғана құқық саласының, тіпті, барлық құқық салалары біріксе де қолынан келмесі анық. Қазіргі уақытта криминогендік жағдайдың шиеленісу факторы болып экономиканың тұрақсыздығы, өндіріс пен тұтынушылық рыноктың мүмкіндігінің қысқаруы, ақшаның құнсыздануы, бағаның үнемі өсуі, көптеген азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты. Бұл жағдайдан Қазақстан да тыс қалмады.

Қазақстанда қылмыстылық деңгейі 80 жылдардың соңында жедел өсіп, жоғары күйінде қала берді, соңғы жылдардағы криминалдық өзгеріс, қылмыстылықтың санының ғана өсуі емес, сонымен бірге қылмыстылық сапасының өзгеруі болды.

Мемлекеттің қылмыстылыққа бақылау жасап, оның алдын алуға қабілетсіздігі- қоғамның саяси, заңдық, элеуметтік- экономикалық тұрақсыздығы екені белгілі.

Осындай жағдайға байланысты криминологиялық және қылмыстық құқықтың зерттеу шегіне кіретін ұрлықпен күрес жүргізу мәселесі ерекше маңызға ие болды.

Қазақстан Республикасындағы 80-жылдардың аяқ шені мен 90-жылдардың басында басталған өндірістік қатынастардың өзгеруі, осыған сай қоғам мұқтаждықтары мен мүдделерінің өзгеруі бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарға, жалпы қылмыстылық проблемаларына, жаңаша көзқарасты талап етті. Дегенмен, базистік қатынастардың толық орнықпауына сай, сондай-ақ оған сәйкес болуға тиісті қондырмалық институттардың толық бекімеуінен бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстылықтың жаңа себептері мен жағдайлары туындады да, оның деңгейі бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жетті.

Жалпы бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының ішінде, соңғы кездері, топтасып жасаған қылмыстың үлесі ылғи көбейіп келеді. Барлық қылмыстардың ішіндегі зерттеліп отырған бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының үлес салмағы 1990 жылы 6,5%-ті құраған болса, 1991 жылы – 6,6%, 1992 жылы – 7,7%, 1993 жылы – 8,3%, 1994 жылы - 7,6%, 1995 жылы - 7%, 1996 жылы - 6,9%, 1997 жылы - 7,7%, 1998 жылы- 9,3%, 1999 жылы - 9,5%, 2000 жылы - 8,4%, 2001 жылы - 8,5%, 2002 жылы - 8,8%, 2003 - 9,1%-ті құрап отыр./1/

Бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарын зерттеу өзектілігі уақыт өткен сайын артып отырса да, Қазақстанда, тіпті, Ресейдің өзінде де арагідік бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының кейбір жақтарын қарастырғаны болмаса, тұтастай әлі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін кешенді түрде қарастырған еңбектер жоқ.

Жұмысты орындау барысында Қаз ССР-інің, ҚР Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, ҚР Конституциясы мен өзге де заңдары зерттеудің нормативтік базасын құрайды. Кей тұстары салыстыру мақсатында Ресей Федерациясының (РСФСР-дың да), Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Түркменстан Республикалары мен өзге ТМД мемлекеттерінің, сондай-ақ алыс шет елдердің де, мысалға, Франция, Германия, АҚШ, Италия, Болгария, Венгрия, Чехословакияның да ҚК пайдаланылды.

Жұмыстың эмпирикалық базасын автордың әр жылдары зерттеген Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан, Алматы қаласынан алынған 500-ден аса қылмыстық іс құрайды. Сол сияқты, халықтың арасында, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, қылмыстан зардап шеккендердің арасында әр жылдары жүргізілген социологиялық сауалнамалары да эмпирикалық базаны толықтыра түседі.

зерттеу, осы қателіктерді жоюға өз септігін тигізер еді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты, ол қарақшылыққа жауаптылықты көздейтін заңнаманың осы қылмыспен күресу міндетіне сәйкес келу мәселесін зерттеу. Тергеу және сот практикаларын, заңнаманы және теориялық аспектілерді зерттей келе, бірқатар ұсыныстарды, заңнаманы жетілдіру мақсатында ұсынуға тырыстық.

Сот практикасын, теорияны зерттей келе, бандитизм шабуылын саралауда, оны басқа ұқсас қылмыстардан ажыратуда кететін қателіктерді жою мақсатында бірқатар ұсыныстарды енгізуге талпындық.

Практикалық және теориялық аспектілерді зерттей келе, мынадай проблемаларды нақтылауға тура келді: қылмыстық құқықтағы даулы мәселе, бандитизмқа жауаптылық көздейтін норманың орны туралы, бандитизм және талан-тараж түсініктерінің ара қатынасы туралы, бандитизмтың сараланған құрамына бірқатар нормаларды енгізу туралы және т.б.

Сонымен қатар әдебиеттерді және сот практикасын зерттей келе, мынадай түсініктерді ашуға мүмкіндік туды: шабуыл жасау, күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту, оның өмірге және денсаулыққа қауіптілігі, бандитизмніњ аяқталу кезеңі, қылмысты жасау мотиві мен мақсаты, әртүрлі дене жарақатын және бандитизм шабуылы кезіндегі адам өлтіруді саралау, бандитизмты ұқсас қылмыстардан ажырату.

БАНДИТИЗМ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Наши рекомендации