Эфирлік талаптарға мысал келтіріңіз

- тоқтату тетігі;

- дыбысты кері шығару тетігі;

- жылдамдатып орау тетігі;

- жазуға дайындау;

- дыбыс деңгейін бақылаушы – индикатор;

- ток күші мен күшейткішке қосар тетік;

- динамикалық компрессорды қосу;

- сөйлеу фильтрін қосу;

- есептегіш құрал;

- кассета салатын орын;

- панельдің артқы жағында токқа қосу тетігі;

- аккумуляторды ұстайтын қақпақша;

- автостоп;

- дыбыстың жазылуын наушник арқылы бақылау тетігі.

Өндіріске компьютерлік технология араласқанша қолданылып келген, әлі де пайдалануда жүрген магнитофондардың бірі - СТМ- 200. Қате кеткен мәтінді бірден түзеу, дыбыстың естілуін бір қалыпқа келтіру жақсы жолға қойылған бұл магнитофон электронды монтаж жасауға лайықталған. Монтаж - студиядан тыс немесе студияда жазылған хабарларды техникалық өңдеу. Ол үшін студияның жұмысы жолға қойылуы қажет. Оған тиісті шаралар:

Сапалы, ыңғайлы компьютерлер таңдау керек.

Микрофоннан, магнитофоннан шыққан сигналдарды микшерлеу құралы қажет.

Дыбыс эффектілерінің жасалуы.

Фонограммаларды бағдарлама жасау кезінде тыңдау.

Барлық қасиеттерін сақтай отырып сапалы дыбыс жазу.

Микрофондарды таңдау, микшерлеу, дыбыс деңгейін реттеу жұмыстарының барлығын инженерлер жүзеге асырады, радиода дыбыс операторы, теледидарда дыбыс режиссері атқарады. Мұндай жұмыстарда техниканы жақсы меңгерумен қатар шығармашылықтан да хабарлар болғаны жөн. Сонда ғана ұжымдық еңбектің сапалы болып шығуына мүмкіндік туады.Магнитофондар арқылы жазылған дыбыстың қолданылу аясы да кеңейе түсуде. Мысалы, үй тұрмысындағы видео, аудиожазуларда, лекция, баяндамалар жазу; тарихи деректер жасау; электронды экскурсовод қызметінде; теледидардан трансляциялы хабарларды жазып алуда; радиодан концерттерді жазуда т.б. қолданылады.Студияның, оның құралдарының қатысуы арқылы жасалатын монтаж процесі радио және телехабарларында маңызды рөл атқарады. Хабардың сәтті шығуы монтаждың дұрыс жасалғанына байланысты. Яғни, монтаж француз сөзінен шыққан, жинақтау, бір жүйеге келтіру деген мағынаны білдіреді («Қазақ энциклопедиясы»). Монтаждың қасиеті ерекше екендігі тәжірибеде дәлелденген. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің орнын алмастыру, қысқарту, ой мен ойдың астасуы, қабысуы, пікір түйіндерінің мәнін жоғалтпауы - тартымды хабардың негізі бола алады.

Электронды БАҚ тәжірибесінде дыбыс жазудың екі әдісі бар: бірі - эфирге тарату болса, екіншісі - қағазға түсіру үшін дыбыстық ақпарат жинау. Алғашқы түрі телерадиода қолданылады да, екіншісі газет журналистері үшін қажет. Эфирге хабар тарату үшін жоғары сапалы магнитофондар керек, кейінгісіне қолайлы құралдар, әртүрлі диктофондар болып табылады. Сөздік ақпаратты кез-келген дыбыс жазу құралдарында, үй тұрмысында қолданылатын тұлмыстық, кәсіби, студиялық магнитофондарда жазуға болады.Диктофон – латын тілінен алынған сөз, «dikto – сөйлеймін», «phone – дыбыс, дауыс» деген мағынаны білдіреді. Көбінесе сұхбат жанрында пайдаланылады. Кей жағдайларда репортажға да қолданылады. Репортаж кезінде диктофонмен жұмыс істеу үшін журналистің шеберлігі, ептілігі қажет. Өйткені, аудиторияның назары мен сөйлеушінің сөзін немесе қажетті дыбыстық детальдарды үйлестіре алу қажеттігі туады. Диктофонның магнитофоннан бір ерекшелігі – жазылған дыбысты қағазға түсіру үшін баяулату немесе тоқтату тетіктері бар. Яғни, фономашинисткаларға ыңғайлы етіп жасалған. Қазіргі кезде көлемі, сапасы, құны жағынан жаңартылған көптеген түрлері өндіріске енгізілуде. Диктофондармен жұмыс жасау журналист еңбегін ғылыми ұйымдастыруға көмек етеді. Журналист жұмысына жеңілдік болады. Әрі фактілердің, деректердің бұрмаланбауына мүмкіндік жасалады. Бірақ кейбір талаптарды орындау қажет: асықпай сөйлеу, сөздер мен сөйлемдерді, кейбір күрделі тіркестерді анықтап айту, ретіне қарай қайталап айту, тіпті болмаса әріптермен айту қажет. Диктофон мен ауыздың арақашықтығы бірқалыпты деңгейде ұсталуы керек.Сонымен, магнитофондар бірнеше түрге бөлінеді. Атқаратын қызметіне қарай кәсіби, студиялық, тұрмыстық болып ерекшеленеді. Олардың атқаратын негізгі функцияларында аса өзгеріс жоқ. Тұрмыстық магнитофондарда жазу 2 және 4 жолда жүзеге асырылатын болса, кәсібиде бір ғана жолға жазылады, яғни бүкіл ені бойынша жазылады. Кәсіби магнитофондарда үнтаспаның айналу жылдамдығы жоғары, үнтаспа тарту механизімі де, күшейткіші де жақсырақ жұмыс істейді.Бұрынғы видеомагнитофондар кинопроекторларға ұқсайтын. Үнтаспа бобинаға оралатын, ал магнитофонда беру, қабылдау валдары болатын. Инженер магнитофондарға дыбыс жазылған бобинаны және бос біреуін қоятын, сонан соң үнтаспаны тартатын механизмге қосатын. Көлемдері үлкен келетін. Міне, осындай қарапайым механизмдер ғылымның дамуына байланысты үлкен өзгеріске ұшырады. Инженерлік ұшқыр ойлардың арқасында видео, аудиомагнитофондардың небір ғажап түрлері өндіріске енді. Сандық технология көптеп қолданылуда. Озық технологияның үлгілерін қалыптастыру арқылы аудиотелеөнімдерді аудитория талғамына орай ұсыну үшін қажет шарттарды игеру өмір талабы.

Микшерлеу пульті – монтаждық аппараттық бөлмедегі режиссерлер жұмыс атқаратын негізгі құрал. Әуе кеңістігіне таралатын дыбыстың таза, үйлесімді, көркемделген, әсерлі болып шығуы үшін микшерлік аппараттың маңызы зор. Монтаж кезінде пайдаланылатын әр түрлі сигналдарды бір жүйеге бағыттап, (ол дауыс, түрлі сигналдар музыка, интершу, тарихи деректер, сөз т.б.) «күрделі образ» жасайды. Яғни, осы образ арқылы тыңдарман көңілінен шығу, жүректеріне жол табу, ықыластарына бөлену сияқты нәтижелер пайда болады. Ал, электронды бұқаралық ақпарат құралында еңбек ететін журналистер үшін жоғары рейтингке жету – ең басты мақсат.Микшерлеу аппаратында режиссер жұмыс істейді. Хабардың эстетикалық, мәдени, тарихи, тағылымдық, музыкалық т.б. шығуы үшін қажетті элементтерді құрастырып, өз алдына бір туынды жасайды. Жазылған дыбыс деңгейін қадағалау, эфир мәдениетінің сақталуы сияқты процестер де осы микшер арқылы реттеледі. Хабарлардағы сюжеттердің бір-бірімен үзіліссіз байланысып, қабысуы, музыкалық әрленуі тәрізді жайлар да осы құрал арқылы жүзеге асады.Қазіргі журналистер үшін электронды технология қажетті мүмкіндіктің бәрін жасауда. Осыдан аз-ақ уақыт бұрындары хабарлар бір магнитофоннан екіншісіне тетіктер арқылы көшірілу жолымен жасалса, ендігі жерде ол тек компьютерлік технология арқылы жүзеге асырылады. Хабар барысында дыбыс пен сазды компьютерлік өңдеуге арналған арнайы «Soundforge», «Audition» деп аталатын бағдарламалар бар. Монтаждау процесінің бәрі осы бағдарлама арқылы жасалады. Бұл компьютерлік монтаждеп аталады. Сол компьютердің арнайы белгі қойылған папкасында музыкалық қор, тарихи деректер, басқа да дыбыстық эффектілер де сақталады. Бағдарлама студенттік студияларда хабарлар жасау үшін қолайлы.

Наши рекомендации