Көңіл – күйді басқару

Сіз лас киімді киесіз бе?Әрине, оны жууға тастайсыз.Онда не үшін лас ойлармен және нашар көңіл-күймен өмір сүруді жалғастыра бересіз? Көңіл-күйді басқаруға болады және басқару керек.Өзіңіздің жағымсыз қасиеттеріңізбен өз өміріңізді улайсыз және адамдармен қарым-қатынастарыңызды бұзып аласыз. Көңіл-күйіңізді бақылау мүлде қиын емес.Ең бастысы-кімнің қожайын екенін білу. Көңіл күй-«нөлде»… Жооқ, ыдыс-аяқтарды сындырып, жақын адамдарға айғайлап, жылаудың қажеті жоқ.Бұл көңіл-күй мәңгілік емес.Ол бүгінгі күннің тарихында жазылып қалады, ертең-ақ өмірдің келесі беті ашылады.Ертең жаңа күн, жаңа тарих, жаңа көңіл-күй басталады.Міне, солай өмірдің қиын есебі де өзінің жауабын табады.Ең бастысы-шешілмейтін түйін болмайды.Айнаға қарап күлімдеуді үйреніңіз.Көңіл күйді бақылау.Біздің көңіл күйімізге үнемі сыртқы ортадағы жайлардың әсер ететіні шындық. Әлдекімдермен ара қатынасымыз, басшылардың қас-қабағы, тіпті ауа райы жағдайы да көңіл күйімізге әсерін тигізіп жатады. Содан болар, адамдар көңілді көтеру үшін арақ-шарап ішу немесе жақын адамдармен дастархан басында әңгіме-дүкен құру сияқты шаралар қажет деп санайды. Шындығында медитацияны меңгерген адам сыртқы ортаға еш тәуелсіз-ақ көңіл күйін қалаған жағына бұрып, өзгерте алады. Көңіл күйді өзгерту үшін дұрыс тыныс алуды үйрену қажет. Терең және бірқалыпты тыныс алу, тәннің бұлшық еттерін босату арқылы көңіл күйімізді бақылауға және басқаруға мүмкіндік аламыз.

Рэйки тәсілі бойынша көңіл күйді басқару деген «қазіргі сәтте, осы арада болу» деп саналады. Өткен шақ пен болашақтың арасын үнемі кезіп кететін ақыл-ойымызды қазіргі шаққа шоғырлау арқылы шынайы бақыт пен қуанышты сезіне аламыз.1.«Қол алысу» жаттығуы

Қазір біз сынып ішінде ары-бері жүреміз. Қатысушылардың қолын көбірек қысып үлгеруіміз қажет. Әрбір қатысушы минут ішінде қанша адамның қолын қысып үлгергенін санаймыз.2. «Менің ерке есімім» жаттығуы.Қатысушылар өзінің ата-анасы, құрбы-достары оны еркелетіп айтатын есімін айтып шығуы тиіс. Әр адам өзінің есімін жиі қайталап айтып, өзіне мадақтау сөздер айтып тұрғаны жөн.3. «Көңіл-күй неге ұқсас» жаттығуы Ойыншылар бүгінгі көңіл-күйлері неге ұқсас екенін айтады. (Қай жыл мезгіліне, ауа-райына, жануарға). Көңілді, көңілсіз, жабыраңқы, түңілген. Бұл – көніл-күй түрі. Психологиялық зерттеулердің көрсетуі бойынша адам өзінің суық көңіл-күйін қарым-қатынас жасайтын адамына таратады екен. Біреумен әзілдескісі, сөйлескісі, өз әсерімен бөліскісі, ой идея келмегенде, адам жанын жабыңқы көңіл-күй жаулап алады. Ал бір жағынан үнемі көтеріңкі көңіл күйде болып жүру ортадағы адамға кері әсер етеді, оны жолықтырады. Басқа сөзбен айтқанда көңіл-күй сізді емес, сіз көңіл-күйді сол ортаға сай басқару керек екенін есте ұстау керек.5. «Сезімді тап» жаттығуы.Жағымда сезім: қуану, шаттану, сабырлылық, таң қалу.Жағымсыз сезім: қорқу, уайым, күйзеліс, кінәләу. Мұнан кейін аз ғана уақыт беріліп кез келген сезім түрін ым-ишара, қимылмен көрсетуін сұрайды. Басқасы бұл қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табуы қажет.

3.Математикалық қабілеттер:

Математикалык қабілетті анықтауға арналған Айзенктің сандық субтесті. Мақсаты: жасөспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің логикалық ойлауын, математикалық жəне шығармашылық қабілеттерін бағалау. Зерттеу жүргізу үшін тапсырмаларды бланкіге толтырып, оны əр зерттелінушінің қолына таратылып беріледі. Уақыт аяқталғаннан соң, тапсырмаларды жинап алып, дұрыс шешілгеніне қарай əр адамның математикалық қабілетінің коэффициенті анықталады. Орындау ережесі: «Сіздерге бірнеше вариантта жасалған, біртіндеп қиындатылған шығармашылық тапсырмалар берілген. Оларды орындау үшін əр тапсырмадағы сандардың орналасу қиындықтарын тауып, қажетті математикалық амалдарды жасау арқылы бос орынға жетіспей тұрған сандарды анықтап, оны тиісті жеріне жазу керек». Орындау уақыты 30 минут. Багалау шкаласы: Математикалық субтест жауабын бағалау үшін төменде көрсетілген үлгі бойынша график жасалады. Сол график- ке дұрыс жауаптар санын горизонтал бағанына түсіріп, ал коэф- фициент корсеткіштерін вертикал бағанға орналастырып алғаннан соң, жоғарыдағы, вербальдық тест нəтижесін талдағандай амалдар арқылы математикалық қабілетін коэффициенті (IQ) анықталады.

Билет

Наши рекомендации