Бандитизм және өзге де осы тектес шыл қылмыстардың алдын алудың арнайы шаралары

1. Құқық қорғау органдарының жұртшылық өкілдерімен бірлесіп қаңғыбастарды, арамтамақтарды, нашақорларды, басқа да қылмысқа жақын адамдарды іздеп табу мақсатында белгілі бір аумақты сүзіп шығуы.

2. Маскүнемдікпен және нашақорлықпен күрес: а) жұмыс орнында ішімдік пайдаланатын адамдарға бақылауды күшейту; б) ірі кәсіпорындардың жанынан наркологиялық кабинеттер мен клиникалар ұйымдастыру; в) ішімдіктерге жарнаманы шектеу; г) денсаулық сақтау органдарындағы арнайы емдеу-еңбек мекемелерінің жүйесін қалпына келтіру; д) ішімдікке қатты салынған адамдарды мәжбүрлеп емдеу; е) ішімдіктерді сату ережесін қатаң сақтау, оларды арнайы дүкендерде ғана сату; ж) медайықтырғыштардың жұмысын жақсарту.

3. Оқуды ерте тастап кетудің алдын алу шараларын жүзеге асыру.

4. Милицияның күзет- пост қызметінің жұмысын

жақсарту.

5. Атылатын және суық қаруларды заңсыз жасаумен, сақтаумен және алып жүрумен күресу.

6. Психикасы ауытқыған, бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарын жасауға бейімі бар адамдарды ұдайы есепке алу және оларды емдеу.

Құқық қорғау органдары атылатын қару иелерімен жұмысты реттеу, ішімдікке салынған; психикасы ауытқыған, қоғамдық тәртіпті бұзатын адамдардың қаруын алу шараларын ұдайы жүргізуі тиіс.

7. Тонау, қорқытып алу, қарақшылықпен шабуыл жасау жолымен атылатын қарулардың ұрлануын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басқа министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп мына шараларды жүзеге асырулары керек:

а) кәсіпорындар мен ұйымдардағы, әртүрлі ведомстволардағы қарулар санын азайтуы, әскерилендірілген күзет бөлімшелеріне штат бойынша қажетті қарулар санын қайта қарауы;

б) жеке иемдену үшін иір ойықты қаруды сатып алуға рұқсат беруді шектеу;

в) Республиканың Бас прокуратурасы Ішкі істер министрлігімен және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен бірлесіп Қорғаныс министрлігінің бөлімдері мен бөлімшелерінде, басқа да ведомстволарда атылатын қарудың, оқ-дәрінің және жарылғыш заттардың сақталуына тексеру жүргізуі қажет. Заң бұзушылық орын алған жағдайда кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылуы тиіс;

г) қару қоймаларын күзетуді техникалық жағынан мықтылап, оларды күзет-өрт дабылдағыштарымен жабдықтау;

д) армиядағы, ішкі және шекара әскерлеріндегі, құқық қорғау органдарындағы, министрліктер мен ведомстволардағы қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды комиссия арқылы ауық-ауық түгендеу.

8. «Қарудың кейбір түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралың Заң қабылдау қажет, онда қарудың кейбір түрлерін республика аумағында өндірудің, қолданудың, пайдаланудың және оған бақылау жасаудың жалпы тәртібі белгіленуі тиіс.

9. Пәтерлерді милицияның күзетіне өткізу тәжірибесін тарату қажет, себебі қарақшылықпен шабуыл жасау және тонау кейбір жағдайларда мүлікті ұрлаудан басталады. Қазіргі кездегі дабыл қағу құралдарын пайдаланып дүкендердің, кассалардың және басқа жайлардың күзетін күшейту керек.

10. Бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарынан сақтанудың тағы бір жолы - қайталама қылмыстылықпен ұдайы күрес жүргізу, бұл қылмысты жасағандардың 20%-і бұрын бұзақылық үшін жауапқа тартылғанын ескерсек, бұзақылықпен күресті де күшейту қажет.

11. Жазаны орындау жөніндегі колонияларда тәрбие жұмысын жақсарту үшін:

а) барлық сотталғандарды жұмыспен және оқумен қамтамасыз ету керек;

б) колония қанша адамға есептелсе сонша адам қабылданады, себебі, кейбір жағдайларда сотталғандардың әрқайсысымен жеке тәрбие жұмысын жүргізу мүмкін болмай қалады;

в) колонияны жақсы кадрлармен қамтамасыз ету қажет.

12. «Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар туралың республика Заңын қабылдау керек, онда мына мәселелер көрініс табуға тиіс: қылмыстық-атқару жүйесін ұйымдастыру және оның қызметін қамтамасыз ету, жазаны орындайтын мекемелердің қызметін ұйымдастырудың негіздері, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлернің құқықтары мен міндеттері, күш қолдану, арнайы құралдар мен қару қолдану, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін бақылау.

13. Астана қаласында, бірқатар ірі қалаларда бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарын жасап тапқан мүліктің сатылуы мүмкін жерлерді тез анықтайтын арнайы қылмыстық іздестіру бөлімшелерін құру қажет. Ол бөлімшелерге мынадай міндеттер жүктелсе:

- оперативтік мәліметтерді және қылмысмтық істің материалдарын терең зерттей отырып ұрланған мүліктің сатылуы мүмкін жерлерді анықтау;

- ұрланған заттарды сатып алып және қайта сатып жүрген адамдарды анықтап, оларды есепке алу;

- ұрланған мүліктердің сатылуы мүмкін жерлерді тез жабу;

- ұрланған мүліктерді сататын жерлерде іздестіру және барлау шараларын жүзеге асыру.

14. Колониядан босанған адамдармен жұмыс жүргізетін арнайы қызмет ашқан жөн. Мұндай қызмет пенитенциарлық көмек органы ретінде облыстар мен қалалардың әкімдері жанында болуға тиіс. Ол бұрын сотталған адамдардың тұрмыстық мәселелерімен, жұмысқа орналасу мәселелерімен айналысып, бұл міндеттен милиция органдарын босатуы тиіс.

15. Сотталып келгендерді жұмысқа алып, баспана бергені немесе ондай адамдарға жұмыс орнын сақтағаны үшін кәсіпорындарды, мекемелерді және ұйымдарды экономикалық ынталандыру шараларын қарастырған жөн.

16. Әкімшіліктік қадағалаудың тиімділігін арттыру. Әкімшіліктік қадағалау туралы Ережеге өзгертулер енгізу, онда жазасын өтеп жүрген кезде дұрыс жолға түспеген және жазасын өтеп келгеннен кейін де заңға қайшы қылығын қоймаған адамдарды жеке дара қадағалауға алу қажеттігін көрсету керек.

17. Күш қолданып пайдакүнемдік қылмыс жасаушылармен күресте азаматтардың, лауазымды адамдардың берген хабарлары да маңызды рөл атқарады, сондықтан дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар жайында хабарлауға болатын телефондардың нөмірлерін республика жұршылығы түгел білуге тиіс.

18. Түзеу жұмыстарын өтеу туралы Ереже қабылдануы керек. Мұнда түзеу жұмыстарын өтеуге байланысты маңызды мәселелер көрініс тапса, атап айтқанда: түзеу жұмыстарын жазалау шарасы ретінде сипаттайтын негізгі баптар; бұл жазаны өтеу тәртібі; сотталғанның құқықтары мен міндеттері; түзеу жұмыстарын өтеуді басқаратын органдардың құрылымы мен өкілеттігі; тәрбие жұмысын ұйымдастыру; түзеу жұмыстарын өтеу мерзімін санау; сотталғанның табысынан ұстап қалу тәртібі; шартты- мерзімінен бұрын босатумен, жалтаруға байланысты жауапкершілікпен, тағы басқаларымен байланысты мәселелер.

19. «Қоғамдық инспекторлар туралы» жаңа Ереже шығарылып, оны республиканың Министрлер кабинеті бекітуге тиіс.

19. Виктимология өзінше құқықтық пән болып бөлініп, 20 сағаттық көлемде заң оқу орындарының оқу жоспарына кіруге тиіс. Бұл пән бойынша дәрістер оқылып, практикалық сабақтар жүргізіледі, ол: қасақана виктимология және абайсыздағы қылмыстылық болып екіге бөлінеді.

ОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, бандитизм қылмысы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар қатарына жатқызылғандықтан, оның объектісі болып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар табылады. Қылмыс заты қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмайды.

Ал объективтік жағын тек қана әрекет құрайды, яғни азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін тұрақты қарулы топ құру, осындай топты басқару сол сияқты, осындай топқа (бандаға) мүше болу.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана қасақаналықпен сипатталады және міндетті белгі болып қылмыстық мақсат (азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсаты) табылады.

Қылмыс субъектісі есі дұрыс он алты жасқа толған адам танылады.

Бандитизм және өзге де осы тектес шыл қылмыстардың алдын алудың жалпы шаралары ретінде мыналарды ұсынуға болады:

- Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және басқадай жағдайларын жақсартуға, оларды өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін мемлекеттік жастар саясатын қаржымен, заңмен қамтамасыз етуге шаралар қарастырып, оны жүзеге асыру.

- Оқу орындарында «Мемлекет және құқық негіздері» және «Құқықтануң пәндерін оқытудың сапасын жақсарту. Оқылатын сағат санын 60-қа дейн көбейтіп, курс аяғында емтихан алуды қарастыру.

- Халық арасында заңды жан-жақты уағыздау, атап айтқанда, жасалған қылмыс үшін жазаланбай қалу мүмкін еместігіне көз жеткізу, адамды қастерлеуге, оның жеке басын сыйлауға баулу, заңды, қоғамдық тәртіпті бұзуға болматындығын санаға жеткізу. Бұл тұрғыдан алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.

- Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыру. Құқық тәртібін сақтауға азаматтарды тартудың жаңа нысандарын табу. Жәбірленушілерді, куәлерді қорғауды заң бойынша реттеу. Заңдылықты нығайту ісінде белсенділік танытқан адамдарға әлеумсеттік қолдау жасау.

- Атылатын және суық қаруларды заңсыз жасаумен, сақтаумен және алып жүрумен күресу.

- Психикасы ауытқыған, бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарын жасауға бейімі бар адамдарды ұдайы есепке алу және оларды емдеу.

- Тонау, қорқытып алу, қарақшылықпен шабуыл жасау жолымен атылатын қарулардың ұрлануын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басқа министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп мына шараларды жүзеге асырулары керек:

а) кәсіпорындар мен ұйымдардағы, әртүрлі ведомстволардағы қарулар санын азайтуы, әскерилендірілген күзет бөлімшелеріне штат бойынша қажетті қарулар санын қайта қарауы;

б) жеке иемдену үшін иір ойықты қаруды сатып алуға рұқсат беруді шектеу;

в) Республиканың Бас прокуратурасы Ішкі істер министрлігімен және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен бірлесіп Қорғаныс министрлігінің бөлімдері мен бөлімшелерінде, басқа да ведомстволарда атылатын қарудың, оқ-дәрінің және жарылғыш заттардың сақталуына тексеру жүргізуі қажет. Заң бұзушылық орын алған жағдайда кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылуы тиіс;

г) қару қоймаларын күзетуді техникалық жағынан мықтылап, оларды күзет-өрт дабылдағыштарымен жабдықтау;

д) армиядағы, ішкі және шекара әскерлеріндегі, құқық қорғау органдарындағы, министрліктер мен ведомстволардағы қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды комиссия арқылы ауық-ауық түгендеу.

- Күш қолданып пайдакүнемдік қылмыс жасаушылармен күресте азаматтардың, лауазымды адамдардың берген хабарлары да маңызды рөл атқарады, сондықтан дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар жайында хабарлауға болатын телефондардың нөмірлерін республика жұршылығы түгел білуге тиіс.

- Виктимология өзінше құқықтық пән болып бөлініп, 20 сағаттық көлемде заң оқу орындарының оқу жоспарына кіруге тиіс. Бұл пән бойынша дәрістер оқылып, практикалық сабақтар жүргізіледі, ол: қасақана виктимология және абайсыздағы қылмыстылық болып екіге

Наши рекомендации