Ылым мен білім саласының этикалық өлшемдерін ашыңыз

Ғылым этикасы – жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді ғылыми бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік-этикалық және гуманистік проблемаларын зерттейді.

Ғылыми қызметтің нәтижелерін, жаңалықтарын, жетістіктерін қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми-техникалық прогреспен ұштастыра білуде ғылымның әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі артып отыр. Ғылыми жетістіктерді іс жүзінде қолдану этикалық нормалар мен қағидаларды қамтиды. Оған бүкіл адамзатқа төнген термоядорлық немесе экологиялық апат қаупі кепіл. Сондықтан ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызы өте зор. Осы өзекті мәселені ғылым этикасы зерттейді.Ғалым ғылымға таза, адал, шыншыл, әділ пиғылмен еңбек етуі тиіс. Ғалым этикасы - бұл ғылым этикасына қарағанда тар мағынадағы ұғым. Бұл екі ұғымнан басқа әдістемелік әдебиеттерде ғылыми қызметкердің этикасы деген ұғымдар да кездеседі. Ғылым этикасы өзара қарым-қатынастағы моральдың философиялық және әлеуметтік жағын қарастырады.

Ғылым этикасы қоғамдағы адамгершіліктің дамуын, ғылымның моральдық құндылықтарын, шындық пен жанашырлыққа әсерін қарастырады.Ғылыми этиканың нормалары: біріншісі, жалпы адамзаттық адамгершілік талаптарын орындаудан тұрады. Екіншісі, этикалық нормалар ғылымға тән арнайы құндылықтарды корғауға қызмет ету. Яғни ғылымға адал қызмет ету, риясыз іздену арқылы ақиқатты дәлелдеу. Күнделі ғылыми әрекетте алған білімді бірден дәлелдеу мүмкін емес, ақиқат екенін дәлелдеу қиын. Бұл сондықтан ғалымның тактикасына, адамгершілігіне жүктеледі.Әдетте ғылым мен адамгершілік мәселелері бір-біріне қарама-карсы ұғым деп қарайды. Ал шындығында ғылым адамгершілік, мораль талаптарының дамуымен тығыз байланысты. Ғылым әрбір дәуірдің адамгершілік құндылықтарын реттеп отырады. Белгілі бір этикалық талаптар, ережелер анықталып отырады.Шын мәнінде табиғат сияқты ғылым адамгершілік категориясына бағынбайды, ғылымның басты мақсаты-объективті шындық.. Ғылым шындығында шынайы емес, оны адамдар жасайды. Ал адамға тән нәрсе адасуы; жолдан таяуы; пиғылының азғыруы, қатты ынтығуы, яғни сезімге берілуі сияқты көріністер ғалымның бойына болатындықтан оның қорытындысы әрқашан да шынайы болады деп айта алмаймыз. Ғылыми ортада көп уақыттан бері өздерінің адамгершілік нормалары тыйым салу, ғылыми қызметін реттеу сияқты ғалымдар әлемінің өзіндік этикалық ережелері бар. Олар: 1) Объективті шындықты талап ету

Мұның мәнісі қатып қалған көзқарас немесе пікірде шыншылдық болмайды, оған факті мен дәлел керек.

2) Ғылымдағы адамгершілік ұстанымның бірі – субъективизмді қаралау.

Мұның мәнісі әр адамның өзіндік көзқарасы болады. Өзіндік пікірі болады. Оған дәлел керек.

Ғылым этикасының қағидаларының бірі – білімді дәлелдеу.

XVI-ғасырда атақты ғалым, астролог Никалай Коперник астрономия әлемінде төңкеріс жасайды. Оның «Күнді жер айналады» деген тұжырымы дау туғызған еді, бірақ та, дауға араласа алмай өзінің ауыруынан қаза тапты. Оның кітаптарының таралуына қатаң тыйым салынды. Көпшілік күннің жерді айналып жүргенін көріп жүргендіктен, Коперник айтты екен деп жердің күнді айналатынына сенбеді.

Церковтің тыйым салған Коперниктің кітабын оқып, оның ойын ары дамытқан италяндық ойшыл, атеист Джордано Бруно «аспанда көптеген жұлдыздар бар, күн – солардың біреуі ғана» дегені үшін, инквизиция оны отқа жағып жіберген.Коперниктің айтқандары дұрыс деген Галилей, ақырында “мен қателестім” деп инквизиция алдында мәлімдеме жасағандықтан аман қалған.3) Келесі ғылыми этиканың қағидасы ол ғылыми еңбектегі этикалық талаптар.Мысалы: ол авторлық мәселе және ғылыми зерттеулерді жариялау. Басқа еңбектерден алған цитаталарға дәл, нақты сілтеме (ссылк )жазу.- авторлық мәселесі;- пікір беру;- плагиат мәселелері,Қазіргі заманда экологиялық проблемаларының шиеленісу, адамзат пен табиғаттың өзара әрекеттесуінің құндылығы арта түсуде, қазіргі заманғы ғылым өзінің экологизациялық дәуіріне аяқ басып отыр. Ғылым алдында жаңа мақсат тұр ол мақсат табиғатпен соғыс емес, керісінше адам мен табиғат біріктіре отырып дамыту.

Наши рекомендации