ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін. 5 страница

26,Қарым – қатынастың түрлері және стратегиясы . қарым-қатынастың эмоционалды қызметтер Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бi

27,Қарым – қатынастың эмоционалды қызметтері. Эмоция психологиялық кейіптің ерекше к-рнісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді. Эмоциялар класына сезім, көңіл-күй, аффектілер, стресс және құмарлықтар жатады. Және бұлар адамның барлық психикалық поцестері мен кейіпімен жалғасады. Бұлардың кез-келген белсенділігі эмоционалдық әсерленумен жүзеге асырылады. Эмоция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, оның жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Біз адамның көңіл-күйін, оның қуаныш, ыза, қайғы, қорқыныш, таңдану, жиіркену немесе сүйсіну сияқты психикалық кейіпін сөзсіз түсіне аламыз, эмоцияның көмегімен бірлескен нақты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыра аламыз. Бұндай фактілер негізгі эмоциялардың тіршілік иелерінің бір-бірін түсіну қабілеттерімен генотиптік тұрғыдан шарттас екендігін дәлелдейді. Психикалық жоғары дамыған жануарлар мен адамдар арасындағы бет әлпетінің көрінісі арқылы өзара бірін-бірі қабылдап, бір-бірінің эмоциолналдық кейіптерін бағалауға қабілетті екендігі белгілі. Сонымен, эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері:

· Бейнелеу қызметі;

· Ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі;

· Қолдаушы Қызметі;

· Бейімделу Қызметі (Ч. Дарвин теориясы б/ша.;

· Коммуникативтік қызметі;

· Ықпал жасау қызметі.

Эмоционалды сферада адамдар арасында индивидуалды айырмашылықтар анық көрінеді. Тұлғаның барлық ерекшеліктері: оның мінезі және интеллект дамуы, қызығушылығы мен басқаларға қарым – қатынасы эмоция және сезім шеңберінде көрініс табады.

Тұлғаның эмоционалды ерекшеліктері: 1. жылдам немесе баяу қозғыш, 2. қысқа немесе ұзақ мерзімді эмоционалды тұрақты, 3. сезімнің тереңділігін, 4. күштілігін қарастыруға балады. Мұның барлығы темпераментке де байланысты болып келеді.

Адам практикалық және теориялық іс - әеректтің субъектісі, яғни сезімсіз автоматтар немесе машиналар сияқты емес, мақсаттар бойынша дүниені өзгерте алады, ол және әрекет ету арқылы тек қажеттіліктерді қанағаттандырып қоймайды, өзгерістер тудырады, ең негізгісі болып ол адамдармен қарым – қатынасқа түседі, түсе отырып олардың жауаптарын сезеді, көреді, осыған қобалжу туады.

28,Қарым –қатынас механизмдері мен құралдары . Қарым-қатынастың өзара түсіну процесі кезіндегі механизмдер

Адам қарым-қатынасқа тұлға ретінде түсетіндіктен, келесі серіктесте тұлға ретінде қабылданады. Жүріс тұрыстың сыртқы бейнесінен басқа адамды тануға тырысамыз. Сондағы туындайтын әсер қарым-қатынас кезінде маңызды рөл ойнайды. Біріншіден, басқа адамды тану арқылы танып отырған индивид өзін қалыптастырады. Екіншіден, келесі адамда бірігіп жасаған іс-әрекет жемісі белгіленеді.

Негізгі механизмдер кемінде екі адамнан тұратын қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.

Эмпатия –қарым-қатынас жасап отырған адамның эмоциялық күйіне қарай ыңғайласу, яғни табиғи көрінісі жағынан аффективті түсіну.

Эмпатия екі түрде жүзеге асады:

1. Идентификация түрінде, бұл-қарым-қатынас кезінде серіктесті түсіну, өзіңді оның орнына қоя білу және сол арқылы әрекет ету.

2. Ал екінші түрі, ол серіктесті қарым-қатынас кезінде түсіну, өзіңді оның орнына қоя білу, бірақ өз ойың бойынша әрекет ету, бұл-рефлексия.

Идентификацияның мәні. Идентификация –тұлғаның немесе басқа да адамдар тобының өзіндік және ортақ қарым-қатынасында көрінетін, серіктестердің ішкі күйі мен жағдайының салыстыруында жүзеге асатын және өзінің психологиялық және т.б. мінездемелерге еліктеуінде үлгі болуында көрініс табатын әлеуметтік-психологиялық механизм. Идентификация –адамның басқа адаммен, топпен өзін теңдестірунен көрінетін процесс. Бұл тұлғаның өзінің адами құндылықтарын иеленуінің әлеуметтік механизмі. Оқшауланудың идентифкациядан айырмашылығы –тұлғаның ортада және қатынаста өзін жабық ұстауы. Оұшаулануда жиі болатын жағдай біреудің жақындығынан немесе сенімінен айырылу, яғни эмоциялық салқындық. Идентификацияның тұлғаға әсері: бірі адамдармен қарым-қатынасты орнатуға, әлеуметтік-танымдық кеңістігінің дамуына ықпалы болса, ал екіншісі- индивидтің басқа адаммен араласып, соған ұқсап кетуіне әсері. Ал осындай жағдайда, оқшаулану адамға өзінің жеке тұлғалық сезімін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Оқшаулану арқылы жауаптылығы, дербестілігі дамиды. Идентификация –адамның рухани өміріне және іс-әрекетінде маңызды рөл атқарады.

Қарым-қатынастың құралдары:

Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.

Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.

Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.

Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін- яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.

29,Қарым –қатынас тәсілінің баланың таным әрекеттеріне ықпалы. Бала өмірінде онын дүниеге шыр етіп келген кезден бастап қарым-қатынас ерекше рөл атқарады.Баламен ананың қарым-қатынас,әке мен ұлдын қарым-қатынасы, ата-апасымен қарым-қатынасы және қоғаммен қарым-қатынасқа түсуі бала өмірене өте үлкен рөл ойнайды..Баланың өміріне қарым-қатынас рөл ойнаса тура солай танымдық әрекетті де рөл ойнайды бала қоршан ортасына байланысты танымдық процессі қалаптасады.Танымдық процестер Психологиялық қалып, кейіп, іс-әректті және тағы басқа...Балаға өте коп рөл ойнайтын ол отбасы, отбасына қандай тәрбие алады және қандай қарым-қатынас көреді және танымдық әрекетіде біртіндеп қалыптасады..Қоғамға шыққан кезде баланың иінезі елу пайызға өзгереді ол барлық жағдай да емес ол қоршаған ортаға тікелей байланысты...

30,Қарым –қатынастағы тұлғаның рөлдік тәртібі : шынайы «Мен» бейнесі және «Мен» имиджіИмидж (ағылш. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.[1]

1. іскер адамның бет-бейнесі‚ оның қоғамдағы беделі. Мұның өзі нарықтық қатынас жағдайында кәсіпкер бизнесінің дамуына тікелей ықпал етеді;

2. фирманың‚ тауарлардың‚ көрсетілетін қызметтердің‚ сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі. Фирманы тұтас мүліктік кешен ретінде сату кезінде имидж субъектінің сату (сатып алу) бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін. Оң айырма – “гудвилл”‚ теріс айырма – “бэдвилл” деп аталады.[2]

Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. [3]Имидж (Бедел) туралы Адамда сана-сезім , “ мен ” сезімі пайда болғаннан бері және басқа біреуді өзіңе тән қабылдау қабілеті қалыптасқаннан бері, имидждік сұрақтар пайда болады: мен басқа біреудің көзіне қалай көрінемін? Ол мен туралы не ойлайды? Қалай бағалайды? Салыстырмалы түрде, ерте адамзат тарихында да, имиджге тән жұмыспен айналысатын мамандар ерте пайда болды. Имиджің бірінші теоретигі ретінде Макиавеллиді санайды.Адамның имиджі Адамның имиджі – ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының бәрі – туа біткен тілек. Егер адам қоғамда көп уақытын өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса, одан артық жазаны ойлап табу мүмкін емес шығар. Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз кіргенде, сізге қарай ешкім бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ешкім жауап бермесе, сіздің істеріңізге ешкім көңіл бөлмесе, мүлдем сіздің баршылығыңызды елемесе, сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз?Имидж сипаты Адам (топ, ұжым), және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған жұмыстарының нәтижесі : идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін құрады. Имидж объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді. Имидж объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе санала алады. Әсірісе әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі, имидж объектісінің негізгі қасиеті болып табылады.Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар (мақсаттық топтар, тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж субъектісі болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъекті коллективті болып келеді.Имидж тану Алғашқыда, экономика саласында бұл түсінікпен практикалық аспектте, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетел экономисттері белсенді жұмыс істей бастады. Алпысыншы жылдары американдық экономист Болдуинг айналымға «имидж» түсінігін енгізгені белгілі, сонымен қатар оның іскери үлгерімділікте қажеттілігін негіздеді. Нәтижесінде имидж жаңа пайда бола бастаған саясаттанудың кару-жарағына айналды, оның мамандары имиджированиені өз жұмысының басты құрастырушысы ретінде қабылдаған болатын. Қазіргі заманда кәсіпкерлік және саяси іспен айналысатындарда, имидж өтетін тауар болып есептелінеді. Кәсіпшілік имиджированиенің үнемі өсіп жатқан сұранысына байланысты, «имиджмейкер» деген жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіншілік туды. Яғни, тұлғаның имиджін және әр түрлі іскери, саяси құрылымдармен айналысатын маман.Имидждің тағы бір қыры Ағылшын тілінен аударғанда «имидж» сөзі — бейне немесе бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Онда, шын мәнісінде бұл қасақана жасалынатын тұлға немесе әлеуметтік құрылым жайлы әсер, әсіресе әсер, ойдың орынды іс фактісі сияқты баға емес. Имидж көп жағдайларда алғашқы сатысында, яғни жалпы мәліметті шолып өту кезеңінде аяқталады . Имидж аңдаусыз санада орналасады деп айтуға болады. Сонда адамдардың оны түсінудегі тиімділігі неде және кандай себеппен ол адам санасында біраз уақытқа сақталып қалады? Имидж , нақтылы психологиялық өнім сияқты , құнды стереотип есебі ретінде алынады, сонымен қатар әлеуметтік құрылғы ретінде есептелінеді­ және талпындыратын арман болып саналады.Имидждің әсері Имидж – ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа ыңғайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады. Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның жағымды болмауына мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп қиындықтар туындайды. Имиджеология – аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез Паскаль «көндіру тәсілі» мен «ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең тиімдісі екен.Қайталап айтсақ Имидж — өнер ретінде мақсатты түрде адамның өзін, не бұқаралық ақпарат арқылы белгілі бір зат немесе адам жөніндегі керек мәліметті бейнелеп көрсету.Оған жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі және бедел мен абыройын, қажеттілігін арттыру үшін де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар.

31,Қарым-қатынас адамдардың бірін-бірі қабылдау және түсіну құралы ретінде Қарым-қатынас[1] – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

· 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

· 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

· 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

32,Қарым-қатынас және танымдық үрдістердің дамуы.– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзіменқатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

33,Қарым-қатынас өзара әрекеттестік ретінде Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі; қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.

Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп, қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы қарым–қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуінде. Қарым-қатынастың құралдары:

Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.

Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.

Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.

Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін- яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.

Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтығы—олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты.

Загрузка...

Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:

“Бет-перделердің байланысуы ”— әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы.

Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объекті ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады.

3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.

4. Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.

Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.

Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).

Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.

Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. С.Л. Рубинштейн /29/ бойынша адам мінез құлығының сыртқы көрінісінің негізінде оны танимыз, оны сыртқы мәліметтерінің мәнін ашамыз. Осының негізінде алынған нәрселер қарым-қатынас процесінде маңызды реттеуші рөлге ие. Біріншеден, басқа адамды тану барысында танушы индивидтің өзіде дамиды. Екіншіден, басқа адамды тану дәлдігінің өлшеміне онымен келісілген әрекеттердің жетістігі байланысты. Басқа адамды танудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі өзін-өзі соның орнына қою. Бұл сол адамның ішкі жай күйін ұғынудың ең тиімді жолы. Өзіңді басқа адамның орнына қоя отырып оны түсіну амалымен эмпатия құбылысының мәні ұқсас Эмпатия—басқа адамды ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезмдері мен ойларын ұғына отырып оны эмоцияналды түрде қабылдау қабілеті./35/

Наши рекомендации