Радионың өзіндік ерекшеліктерін сипаттаңыз

Қоғамдық өзгерістер мен жаңа технологиялар Қазақ радиосына да ақпараттар тасқынынан қажетті мағлұматын алуда ұшқырлыққа мүмкіндік жасады. Оңтайландыру кезінде Қазақ радиосының да бюджеті мен штаты барынша қысқартылып, тұтастай бір «Шалқар», «Ауыл өмірі» арналары жабылып қалған еді. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша тәулігіне 15 сағатқа дейін әуе толқынына хабар таратса, тәулік бойы 16 рет ақпараттық хабарлар топтамасы қазақ және орыс тілдерінде беріліп тұрады, оның 8-і тұтастай жаңа мағлұмат – деректерден түзіледі. Жедел ақпарат орталығының 15 шығармашылық қызметкері оларды өндеу, даярлау және эфирге беру міндеттерін атқарады. Ал бірнеше жыл бұрын ақпараттық хабарлар әр сағаттың басында беріліп, «Соңғы хабарлар» редакциясында 200-ге тарта адам қызмет атқаратын. Міне, осы журналистер қатарының еселеп қысқарғанына қарамастан ақпаратты дайындау мен өндеудің сапасы кеміген жоқ. Рас, бұрынғыдай журналистер өздері дайындаған ақпаратты емес, көбіне сырттан келіп түсетін хабарларды өңдеумен айналысады. Ондай көздердің қатарында ақпараттық агенттіктер мен Интернет көздері бар. Қазақ радиосының жедел ақпарат орталығына күніне 200-ден аса әр түрлі электронды хаттар келіп түседі. Оның ішінде жаздыру жолымен алатын Қазақ ақпарат агенттігі «Интерфакс Қазақстан», «Kazakstan Today», «Қазақстан Пресс», «Кода» ақпараттық агенттіктерінің, бірқатар министрліктер мен ведомостволардың баспасөз қызметтерінің хаттары бар. Сол сияқты Интернет арқылы күнделікті жаңалықтарды талдау жасау жүзеге асырылады. Соның қатарында Си-Эн-Эн, Би-Би-Си, Рейтер халықаралық компаниялары. Неміс толқыны, Америка дауысы, Ресей ақпарат агенттігі, ИТАР-ТАСС және басқалар бар. Бірақ Интернеттегі көп жаңалықтар әлемдік және ресейлік тақырыптарды қамтиды да, ішкі қазақстандық ақпараттар көзі әзірге аз болып отыр. Соңғы уақытта Қазақ ақпарат агенттігімен бірге «‘Интерфакс Қазақстан» агенттігі де мемлекеттік қазақ тілінде өз хабарларың бұқаралықақпарат құралдарына тарата бастады. Қазақ радиосының ақпарат қызметінің журналистері бірінші кезекте осы мағлұматтарға талдау жасайды және соның негізінде өзінің ақпараттық хабарларын түзеді. Ақпараттық хабарларды беруде ұдайы даму барысы ескеріледі. Мысалы, таңертеңгілік ақпараттарда болатын оқиғалар туралы қысқа мағлұматтар берілсе, түске қарай олардың барысы баяндалады, кешке маңызды қорытындылары жасалады. Міне, осындай жан-жақты ақпаратгы дайындауда Қазақ радиосының қызметкерлері аз ғана күшпен жаңа технологиялармен қарулану арқылы ойдағыдай шешіп келеді. Қазір Қазақ радиосының ақпараттық қызметі электронды құжат айналысын қамтамасыз етуге кірісуде. Редакцияның ішкі компьютерлік жүйесі құрылып, барлық компьютерлердін өзара байланысы орнатылды. Ендігі жерде ақпараттық хабарлар экран арқылы редакцияланып, өндеу сатыларынан соң шығару бөліміне және эфирлік компьютерлерге келіп түседі, жүргізушілер ол арқылы ақпаратпен танысып, эфирге де экраннан оқып шығады. Бұл шаралар ақпарат даярлаудың жеделдігін арттырып, әрі көп ресурстарды, қағазды, басқа да материалдарды үнемдеуге көмектеседі. Бұл технология аудиосуфлер деген атпен дүниежүзілік радиотарату арналарында кең танымал. Сонымен бірге, Қазақ радиосы Интернеттің жаңа мүмкіндіктерін пайдаланып, өзінің Веб-сайтын ашып отыр. Одан дүниежүзінің кез келген нүктесіндегі адам Қазақ радиосы туралы ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде мағлұмат алып қана қоймайды, сонымен бірге реал-аудио режимінде тікелей эфирді компьютер арқылы тыңдай алады, Алдағы уақытта осы Интернет бетін одан әрі жандандырып, жан-жақты мағлұматтар тарату, соның ішінде ақпараттық хабарларды тәулік бойы жаңартып отыру. қазақтың бай музыкалық мәдениетін насихаттау, үздік «Алтын қордағы» әндер мен музыкалық шығармаларды реал-аудио арқылы тыңдаттыру жоспарланған көрінеді. Интернет арқылы интерактивті байланыс орнатуға, хат жолдауға, өз пікірлерін, ұсыныс-тұжырымдарын жеткізуге, музыкалық құттықтаулар жасауға, ия болмаса қазақстандық жаңа әндер үшін рейтинттік дауыс беруге қатыса алатындай жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда. Бұл жағдайда Интернет Қазақ радиосының имиджін қалыптастырудағы маңызды насихат құралы ғана емес, дүниежүзімен байланыс тетігі ретінде де маңызды мәңге ие болмақшы. Бұл Қазақстаннан тыс жерде тұратын қандастарымыз үшін тіпті де таптырмас құрал. Диаспора өкілдері осы Интернет беті арқылы Қазақ радиосын бізбен бір мезгілде тыңдайды, әрі алыс Отанында болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болып отырады, қажет жағдайында үн қосып, өз пікірін де білдіре алады. Жаңа технологиялардың тағы бір артықшылығы музыкалық хабарларды дайындаудағы жаңа мүмкіндіктерінен көрінеді. Компьютер музыка жазу, оны өндеуде, аранжировка жасауда таптырмайтын құралға айналды. Нотаға түсіру тәрізді күрделі жұмыстарды да өз басқаруына алған. Көп каналды жазу құралдарындағы пультті басқару да Қазақ радиосының концерттік студиясында компьютер арқылы жүзеге асырылады. Бұл режиссерлар мен дыбыс операторларынын жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп. уақыттан ұтуына, қателіктер жібермеуіне көмектеседі, әрі дайын өнім алудың өзіндікқұнын төмендетеді. Сол сияқты Қазақ радиосында компьютерлік өндеу жасайтын бірнеше продакшн студия жұмыс істейді. Мұнда негізінен жарнама роликтері, шапқалар, хабарлар арасындағы музыкалық безендірулер, имидждік қысқа роликтер жасалады, әдеби-музыкалық, танымдық хабарлардың монтажы жасалады.Ең ақыры хабар тарататын студияда да компьютерлер жұмыс істеп тұр. Олардың көмегімен күні бұрын дайындалған хабарлар компьютер басқаруымен эфирге беріледі, оның сапасы реттеліп отырылады. Радионың форматы туралы сөз болғанда мына үрдістерге де назар аударып кетпеуге болмайды. Қазір хабар таратудын да екі форматы кең тарап отыр. Дәстүрлі формат барған сайын аз қолданылатын болды. Хабарды күні бұрын әзірлеп. сиенарийінен бастап әр сатыдан өтетін, жазу, монтаждау. музыкалық көркемдеу сияқты көп адам қатысқан процестер келмеске кетті. Тіпті ақпараттық хабарлардың өзін эфирде бұрынғы дикторлар емес, хабар жүргізушілер оқиды, өз авторлық бағдарламаларымен үштастырып отырады. Дәстүрлі көп сатылы форматтың сапасы мен тереңдігі жоғары болғанымен, материалдық шығындары да көп еді, көп адам қатыстырылатын, екшеу мен іріктеуден өтетін. Нарық жағдайында ол Қазақ радиосында да барынша азайды. Тікелей эфир форматында ауыр жүк журналистін иығына түсіп, оның жауапкершілігі шексіз өсіп, білімі мен парасаты, мәдениеті мен жағымды дауысы, шешендігі мен тіл байлығы алдыңғы қатарға шығады. Әмбебап журналисттін техникадан хабары болуы, компьютерді жетік меңгеруі де кәсіби біліктілігін толықтыра түседі. Болашақтың журналистерін даярлауда осы қасиеттер мен дағдыларға да көңіл бөлу қажеггігі уақыт талабынан туындайды. Шындығында да тікелей эфирдегі жүргізуілінің сөйлеу мәдениеті жоғары болып, таптаурындылықтан қашуы. аудиторияның сұранысына қарай тақырыпты құбылтуы, алға қойған мақсатын аша білуі шеберлікпен және үлкен тәжірибемен келетін маңызды қасиеттер деп білемін. Радиоарналарда осындай тұлға журналистерге сүйеніп. имиджін нығайтатүсуі керек-ақ. Жүз жылдан аса тарнхы бар радио бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзінің жетекші орнын тауып отыр, телевизия мен Интернеттің дамуы жағдайында мәні төмендей қойған жоқ. Өйткені, оны өндіру мен таратудын техникалық, аппараттық мүмкіндіктері әлдеқайда икемді, әрі арзан. Онын үстіне көпшілік тыңдармандарға қолайлылығын да ұмытуға болмайды. Жол үстінде. саяхатта, басқа бір іспен айналысып жатқанда, сіздің құлағыңыз түрік болып, радиоға ден қойсаңыз бұл да оның демократияшылдығын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Жаңа технологиялар онын мүмкіндіктерін бұдан да кеңітіп, осы салада қызмет атқаратын журналистер үшін жаңа шығармашылық ахуал тудыруымен сенімді көмекшісіне айналды. Радиожурналистика өзінін шығармашылық потенциалы қуатты екендігін алда да дәлелдейтіндігіне еш күмән жоқ

Наши рекомендации