Ахикардия кезіндегі күтім.

Пациентті тахикардия анықталған кездегі медбикенің іс - әрекеті:

1. пульс қасиеттерін анықтап, оның бұзылыстары болса дәрігерге баяндау.

2. пациентті тыныштандыру.

3. пациентке отырған не жартылай отырған қалып беру.

4. таза ауамен қамтамасыз ету.

5. пациентке тыныштандыратын 20-30 тамшы валериана, корвалол не валокордин ішкізу.

6. сыртқы тітіркенгіштерді болдырмау (шу, қатты жарық).

7. АҚҚ өлшеу.

8. дәрігер нұсқауымен антиаритмиялық дәрілер беру (анаприлин және т.б.).

9. Пациент өз жағдайын бақылай алу үшін оны пульсті есептеуге үйрету.

уыз арқылы препараттарды қабылдау және оны қабылдауды бақылау.

Медбике пациентпен тікелей жұмыс жасай отырып, дәрілерді дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді:

1. медбике дәріні пациенттің төсегінің қасында этикеткасын тексеріп және тағайындау парағына қарап береді.

2. Пациент медбике көзінше дәріні қабылдайды, тек тамақпен бірге ішетінінен басқасын.

3. тамаққа дейін ішетін дәрілер тамақ алдында 15 минут бұрын, ал тамақтан соң ішетін дәрілер тамақтан соң 15 минуттан кейін, ал ашқарында ішетін дәрілер таңғы асқа дейін 20 – 60 минут бұрын ішкізіледі.

4. ұйықтататын дәрілер ұйықтар алдында 30 минут бұрын ішіледі.

5. Нитроглицерин, валидол пациент жанында үнемі болуы тиіс, тіл астына толық ерігенше салынады.

6. таблеткаларды тіл түбіне қойып, аздаған су мөлшерімен ішеді, қажет болған жағдайда таблетканы ұсақ бөлшектерге бөлуге болады.

7. Драже, капсула, пилюлаларды сол қалпында қабылдайды.

8. Ұнтақты тіл түбіне сеуіп не алдын – ала суға араластырып беруге болады.

9. Қайнатпа, тұндырма, микстураларды ас, десерт не шәй қасықпен қабылдайды.

10. Спирттік тұндырмаларды мензуркаға құйып алып, аздаған су мөлшерімен араластырып береді.

Ауруханалық этапта жүргізілнтін шаралар:

1.Ауырсынуды жою. а)нитроглицерин б) нейролептоанальгезия (фентанил, таламанол)

2.Оксигенотерапия

3.Тоқтаған қан ағымын қайта жүргізу және тромбтың әрі қарай ұлғаюына немесе жаңадан түзілуіне жол бермеу. а) тромболизистік ем; б) антикоагулянттық ем; в) антиагреганнтар

4.Өмірге қауіп төндіретін аритмиялардың алдын алу (ß-адреноблокаторлар, метапролол)

5.Реваскуляризацияны ерте қалыптастыру және некроз көлемін шектеу. (каптоприл, эналаприл)

6.Метаболиктік кардиопротекторлармен емдеу (глюкоза,неотон, милдранат, гиполипидемиялық кардиопротекторлар)

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1842 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

мдік диета №10.

Диетаға көрсеткіш: СЖЖ 1 немесе 2а сатысы(зат алмасу бұзылысын реттеуге бағытталу қажет). Етті қайнатып беру қажет, себебі қайнаған етте нерв жүйесін, ЖТЖ қоздыратын заттар аз болады. Ас тұзын 6-8г күніне, сұйықтықты 1-1,2л шектейміз. Егер пациентте ісік болмаса сұйықтықты күрт шектеуге болмайды, себебі зиянды заттардың организмнен шығып кетуі баяулайды.

Емдік тамақтанудың негізгі принциптері:

1) ас тұзын тәулігіне 2-4 г дейін азайту, егер ісік үлкен болса мүлдем шектеу;

2) сұйықтықты тәулігіне 0,8-1 л дейін азайту;

3) тағамды аз порциядан жиі қабылдау (5-6 рет);

4) тағам құрамына организмнен сұйықтықтың шығуын тездететін өнімдер қосу.

Несеп айдайтын әсері бар тағамдарға сүт калииі бар тағамдар(картоп, капуста, петрушка, қара смородина, өрік, абрикос, жүзім, банан, шие, әсіресе калийге кептірілген жемістер бай)

Анкета
1.Миокард инфаркты туралы хабарыңыз бар ма?

2.Ентігу,төс арты аймағындағы ауырсыну миокард инфарктының негізге белгісі ме?

3.Зиянды әдеттермен әуестену /темекі шегу,ішімдік/ миокард инфарктысына алып келеді ме?

4.Миокард инфарктысы кезінде пациентке көммек көрсете аласыз ба?

5.Нитроглицерин таблеткасын не үшін пайдаланатынын білесіз бе?

6.Миокард инфарктісінің болжамы созылмалы жүрек жетіспеушілігіне әкеледі ме?

7. №10 емдік диеталық столдың құрамын білесіз бе?

8.Миокард инфарктісі кезінде тамақтанудың негізгі тәртібі қандай болу керектігін білесіз бе?

9.Қандай реабилитациялық шаралар жүргізілетінін білесіз бе?

10.Миокард инфарктісін алған пациентке мейірбикенің тарапынан көрсетілетін күтімді білесіз бе?

Наши рекомендации