Іс-әрекеттің экстремальды жағдайлары және стресс күйі.

Еңбек іс-әрекетіндегі ойлауды Теплов зерттеп,оны практикалық деп атады.Теплов практикалық ойлаудың ерекшеліктерін бөліп көрсетті:

1.практикалық ойлау-практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты.

2.әрқашанда уақыт шектелген,сондықтан көптеген гипотезалар қарастырылмай қалады. Ойлауды зерттей келе Пушкин оған оперативті деген ұғымды береді(латынша-opera-еңбек деген мағына береді)яғни ойлау,оперативті ойлау кезінде қойылған шарттар мен талаптарды орындау кезінде дау-жанжал туындауы мүмкін. Пушкин диспечердің әрекетін зерттегенде оперативті ойлау келесі функцияларды атқарады:-1.Жоспарланған-ойлау әрекеті,белгілі уақыт ішінде құрылған жоспар бойынша әрекет ету керек.-2.Бақылау және реттеушілік жоспарды орындаудағы арнайы әрекет болып табылады.-3.Басқару процесіндегі нормадан ауытқу-тапсырманы орындауда көрінеді,диспечер мен жоғары қарқынға үлкен эмоциялы көңіл-күй әсер етеді.-4.Диагностика-апаттық жағдайда және қалыпқа келмейтін жағдайда туындайды.

Еңбектегі ойлаудың диагностикалық қызыметін Р.Т.Сверчкова зерттеді.Ол диагностиканың кез келген обьектісіне мыналар тән деді:-а) Тура сол нормадан ауытқушылық-көптеген себептердің нәтижесі болуы мүмкін.-б) Бір себеп бір уақытта бірнеше салдар туғызуы мүмкін. -г)Көптеген комплексті себептердің салдары артық немесе кем ұқсастықта болуы мүмкін.-д) Себептер арнайы бақылаудан жасырын болғандықтан оны анықтау үшін арнайы жұмыстар атқару керек.-е) Басқа да белгілерді (симтомдарды) да анықтау үшін де көптеген жұмыстар атқару қажет.

Сверчкова тәжірибелі жөндеуші мен тәжірибесі жоқ жөндеушінің әрекетін зерттеді-оларды диагностикалық тапсырмаларды орындау барысында салыстырды.Тәжірибелі жөндеуші-тәрірибесі жоқ жөндеушіге қарағанда өнімді,мықты жұмыс жасады. Диагностикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі практикалық іскерлік этаптарының ерекшелігін Сверчкова қарастырды:

-1-этап.Интенсивті ізденпаз әрекеті.

-2-этап.зерттеушілер өздерінің ішкі байланыстарын көрсетті.

Пайымдау процесіндегі өзгеріс,зерттеушілер “себептерден салдарға дейін-дегенді ойлай бастады.Адамда себептен салдарға дейін –деген ұғым неғұрлым ерте және жеңіл болса,соғырлым диагностикалық тапсырманы рындау оңайға түседі.

-3-этап. Ойлау-танудың эстафетасын автоматты байланыс аяасында береді.Тағыда себептерден салдарға дейін деген ұғым туындайды,бірақ басқа мақсатта.

Еңбек әрекетіндегі болжамды Архангельский зерттеді,ол жоспарланған өз еңбегін зерттеп,жоспарланған жұмыс 3-формадан тұрады деді,олар:

1.Бағдарланған жоспар –бұл жаңа өндіруші тапсырмаларды орындау кезінде керек болады,тапсырманы орындау барысында жұмысшы мақсатты ұғынуға тырысады.

2.Ұйымдасқан жоспар –жұмысшы тапсырмаларды орындау кезінде барлық жағдайларды ойластырып,қалай өнімді жұмыс жасау керек екендігін қарастырды.

3.Жоспарланған орындау-жұмысты атқару барысын ойша қарастыру.Әрбір осы жоспарланған этаптардың бәрі арнайы күш жігерді талап етеді,яғни салыстыра алу,ой қорытындысын жасай алу,Архангельский жоспарлауды әрқашан ойша қарастырғанда-жұмыс барысында қолданылатын құралдарды,материалдарды,қолданатын басқада техникалардың бәрін қарастырған.

Л.Л.Кондратьева қарастырылған экспериментте жоспарлау,білімнің қалыптасу мүмкіндігін көрсетті. Сонымен қоса ол жүйелі жоспарды орындалмайтын тігіншілерді (тәжірибелі)қайтадан үйретті. Г.С.Альтшулер проблемалық жағдайларды шеше алу мүмкіндігінкөрсетті.Ол жұмысшыларды бейнелеудің басты әдістерімен таныстыру мақсатында техникалық курс ұйымдастырды.Курсқа қатысқан 10-даған жұмысшы тез арада авторлық куәлік алды.

Психологияда ерік –ол адамның өзінің мінез-құлығымен әрекет-қылығын саналы реттеуді айтады және де мақсатты іс-әрекеттегі ішкі –және сыртқы қиыншылықтарды шеше алуды айтады. Еңбек әрекетінде ерік маңызды роль атқарады,өйткені еңбек рпоцесінде көптеген қиындықтар туындайды: шығармашылық байланыс жағдайлардағы күтпеген өзгерістер ,еңбектің өнімсіздігі ұзақ уақыттың кету. Бұл ішкі және сыртқы қиыншылықтарды шешпей іс-әрекет өнімді болу мүмкін емес.

Еріктік қасиеттер:мақсатта бағытталу табандылық,шыдамдылық,батылдық және қайсарлық,талапкерлік және тәуелсіздік,төзімділік және өзін-өзі меңгерушілік әр түрлі мамандыққа бірдей қажет емес,кез-келген еріктік қасиет еңбектің мазмұнын анықтайды, спецификалық қиындықтар мен тәжірибелік ортаның ерекшклігі немесе байланысы.

А.Ц.Пуни әр түрлі спорттағы еріктің өзіндік және динамикалық құрылымын сенімді түрде көрсетті.Ол дамытқан теориялық жағдай-жалпыға тән ортақ ұғым-еңбек іс-әрекеттері қолдануы мүмкін.Пуни еріктік қасиеттерді:қозғалмалы динамикалық жүйені бір-бірімен белгілі бір құрылым түзіп байланысты деді. Ерік қасиетіндегі іс-әрекеттің тұрақты объективті талабына сай,ең алдымен типтік болып табылады.Ерік қасиетінің құрылымы:Тұрақтылық немесе қозғалмалылық іс-әрекетінің талаптық тұрағ\қтылығын деңгейіне байланысты.Өзгермелі жағдай еріктік қасиет ретінде сол немесе басқа қасиет кірісе алады және сол қасиеттің әрекеттестігі өзгерді.Ақыл-ой мен мораьдық сезімнің,еріктің әрекеті жағынан қарастыра отыра-Сеченов арқылы құрылған ерікті анықтау болып табылады.

А.Ц.Пуни әрбір еріктің тұлғалық көрінуі –интеллектуалды крмпоненттерден тұрады деді. Әрбір адамда-оның даму процесіндегі еріктің көрінуі өзінің ерекшелігіне байланысты. Пунидің айтуы бойыншаерікті тәрбиелеудің басты факторларын анықтау-еріктің басты интеллектуалдықтың қалыптасуы (өз бетінше сынаушылық,ақылдылық)еріктің моральды негізі (мінез-құлыықты тәрбиелеу) және кедергілерді және алудың қалыптасуы. Пуни және оның шәкірттерімен бірге спортта еріктік әркеттің техникалық реттеушілігі зеттеледі.

М.Н.Ильинаның зерттеуі бойынша,еріктік қасиет және оның динамикасы адамның табиғи ерекшелігіне байланысты.Адамның ұзақ уақыт бойы жұмысты атқаруы,оған шыдауы болып табылады. Қозу процесінің қозғалмалы деңгңйіне төзу туралы тенденция қарастырылды.Бірақ,басты типолгиялық әсер-етудің ерекшелігі –төзімділік компонентіне байланысты:еріктік компонент жүйке-жүйесі мықты адамда кездеседі.Бірақ төзімділік жүйке жүйесі мықты және жүйке жүйесі әлсіз адамда да кездесе береді.Бұл факт Тепловтың айтқанын дәлелдейді,ол жүйке жүйесінің жақсы да жаман қасиеттері жоқ екенін және әрбір адам өзіндегі бар қасиетке бейімділігін айтады.Төзімділіктің ең бір ерекшеленген өзіндік мінездемесі(Ильинаның қарастыру бойынша)-қарым-қатынас пен өзіндік бағалауға әсер ететіндігі(экстрт\аверт және өзіндік төмен бағалайтын адам). Ильинаның зерттеуі боцынша-тәуелсіздіктің статикалық әрекетіне әсер етудің мотивін зерттеуде қызықты мағұлмат алды.Оның зерттеуінің нәтижесі бойынша,қолданған мотивті салыстыру кезінде төзімділіктің артуын көрсетті.

Төзімділікті зерттеу үшін-жүйке жүйесі әлсіз адамдар мен жүйке жүйесі мықты адамдарға эксперимент жүргізді.Сондықтан жүйке жүйесі әлсіз адамдар –жүйке жүйесі мықты адамдарға олардың да төзімді келетінін көрсетті. Еріктік компоненттің артуына байланысты –жүйке жүйесі әлсіз адамның төзімділігі жоғары деңгейде болады.Өкінішке орай,мұндай зерттеулер басқа еріктік қасиеттерге өткізілген жоқ. Бірақ, шыдадылық және өзін-өзі басқару,табандылық және қайсарлық,батылдық және шешім қабылдай алушылық-адамдардың табиғи ерекшелігіне байланысты.Бір жағынан -әлеуметтік факторға,екінші жағынан дайындық пен тәрбиеге байланысты болуы мүмкін деп айтуға болады.Барлық психикалық қасиеттер-табиғи ерекшелікке байланысты тұрақты болып келеді.

Дәріс.

Наши рекомендации