Ануарлар мінез-қылықтарын сипаттау.

Жоспар:

1.1.Мінез-құлық эволюциясы

1.2.Мінез-құлықтың шығу тегі, факторлары,

1.3Мінез-құлықты қалыптастырудағы ынтаның ролі

1.4.Қорытынды

1.5.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жануарлардың мінез зерттеу бойынша ғылыми бағыттар 18 ғасырда натуралистердің жұмысынан бастау алады, мысалы Уайт (1720-1793) және Леруа (1723-1789), бірақ жануарлардың мінез құлқын зерттеу бойынша бағыттың негізін салушы Чарлз Дарвин (1809-1882) болып саналады. Дарвин этологияның дамуына үш бағыт бойынша әсер етті. Біріншіден, оның табиғи жолмен сұрыпталу теориясы жануарлардың мінез құлқын эволиюциялық тұрғыдан қарауға негіз болды. Бұл заманауи этиологияның маңызды аспектісі болып табылады. Екіншіден, Дарвиннің инстинктке деген көзқарасы дәстүрлі этологияның негізін қалаушылардың көзқарасының дамуына негіз болды. Үшіншіден, Дарвиннің мінез құлықты бақылауындағы адамдар мен басқа жануарлардың эволюциялық бірліктегі ерекшеліктеріне негізделген.

Жануарлардың мінез құлқын дәстүрлі жолмен психологтар зерттеді, ол үшін зертханалық жануарларды пайдаланды. Бұл жағдайда тәжірибелік жануарларды алынатын ақпаратты бақылауға толық мүмкіндік туады. Психологиядық бағыт тума пайда болған, яғни реакция тәжірибесіне тәуелсіз мінез құлықты есепке алмады. Сондай ақ жануардың өзіне тән табиғи ортаға бейімделуінің негізінде жатқан мінез құлқының зертханалық жадайда көрініс бермеуі есепке алынбады. Осы екі қателіктің зоологтар дарвиннен кейінгі кезеңде орнын толтырды, олар аңдардың мінез құлқын эволюциялық көзқарас бойынша зерттей бастады.

Ең басты здгеру жануарлардың мінез құлқын белгілі бір түрдің анатомиялық және тұқым қуу ерекшеліктері табиғи сұрыпталу барысында қалыптасатын белгілердің бірі ретінде қарастырылуында болды. Зоопсихолог эволюционистер инстинкті мінез құлқы, рефлекске, яғни қоздырғыштарға жай жауап ретінде ғана емес, одан күрделі туа пайда болған бағдарламалармен анықталады деген пікірді алға тартты. Олар рецепторлық механизмдердің белгілі бір инктинктті әрекетті туғызатын дәм сезу, көру, сипап сезу т.б. қатысатын құрылымдармен байланысты екенін және оларды жүзеге асыру үшін күрделі қозғалыс координациясы қажет екенін анықтады. Инстинкттік жауапты туғызатын орта стимулы рефлекторлық реакцияны туғызатын орта стимулынан күрделі екенін анықтады. Әдетте ол оптикалық, дыбыстық, химиляық қоздырғыштардың қосылуымен байланысты. Жануардың белгілі бір инстинктті әрекетін жасау үшін оның ішкі жағдайына сай келетін мотивация қажет деген гипотеза пайда болды. Механикалық көзқарас тұрғысынан инстинктті реакцияны түсіндіретін теория ұсынылған болатын.

Жануарлардың мінез құлқының биологиялық негізін зерттейтін қазіргі ғылым этология деп аталады. Оның негізін қалаушысы Нобель сыйлығының лауреаты Конрад Лоренц (1903-1989) пен Николас Тинберген (1907-1989). 1930 жылы австрия зоологы К.Лоренц өз теориясын ұсынды. Оның пікірі бойынша жануарлардың инстинкті Фиксацияланған әрекеттердің кешені ФӘК деп аталатын туа пайда болатын тұқым қуалаушылықтың негізін құрайды. Мұндай ФӘК әртбір жануар түрінде өте көп болуы мүмкін, және оның көпшілігі тек осы түрге ғана тән болуы мүмкін. Түрге тән сипаттар әсіресе жыныстық мінез құлыққа тән, өйткені анатомиялық, физологиялық және цитологиялық белгілермен қатар олар жануарлардың өзінің спариваниесін қамтамасыз ету үшін пайда болған.

Лоренц ФӘК физиологиялық және қозғалу сияқты орталық жүйке жүйесінің жіберетін реакцияларының нәтижесі деп болжам жасады. Ол әрбір ФӘК үшін арнайы орталық болады деп тұжырымдады, онда әрекеттің арнайы потенциалы жинақталады. Бұл белгілі бір мінез құлық актсін жүзеге асыруға деген тенденция немесе склонность ретінде қарастырылуы мүмкін. Ол қашан жүзеге асырылған кезде потенциалдың қандай да бір бөлігі жұмсалады деген қортынды жасады. Бұл потенциалдың үздіксіз қызмет етуіне қандай да бір күш тосқауыл жасайды. Бұл механизм жеткілікті стимуляция болмаған жағдайда мінез құлықтың үздіксіз орындалуын ескертіп қана қоймай, сонымен қатар арнайы әрекет потенциалының біртіндеп жиналуына мүмкіндік береді.

Сонымен Лоренц теориясы бойынша сыртқы қоздырғыш сигнал, мысалы дыбыс, иіс, немесе көру тума пайда болған механизмді активтендіруге қабілетті рұқсат ететін сипаттамасының болуы. Бұл активацияның нәтижесі ФӘК болып табылады. Мысалы, жұмыс бал арасы тозаң жинауға деген арнайы әрекет потенциалы қалыптасқанда ғана фуражировкаға ұшып кетеді. Белгілі бір гүлдің түсі, иісі және түрі ара үшін көру және химиялық қоздырғыштардың сигналы болып табылады да, ФӘК іске қосылады, сөйтіп тозаң жинауға кіріседі.

Лоренц зерттеген инстинктті мінез құлықтың көпшілігі түрлі дарақтарда түзілетін немесе жіберілетін ФӘК серияларымен қоғамдық өзара байланысты, яғни белгілі бір реттілікпен жүзеге асып, қандай да бір арнайы қызметтің жүзеге асуына әкеледі. Мысалы, бір дарақтың бір ФӘК оның партнері үшін қоздырғыш сигналы болып табылады және оның сәйкес ФӘК туындауына ықпал етуі мүмкін. Мұндай әрекеттер күрделі сондай ақ кеәде жалғаспалы ритуалға, яғни биологиялық маңызды нәтижеге әкеледі, мысалы ұрықтану сияқты. Мұндай ФӘК өзара туындауы балықтар (колюшек) мен құстардың (үйрек) некелесуіне мұрындық болады.

Жануарлардың мінез құлқы бойынша қазіргі зерттеулерде алғашқы этологотардың қаперіне кірмеген концепциялар мен бағыттардың кең спектрі қолданылады. Олардың маңыздыларының бірі келесілер:

Мінез құлық филогенезі. Дәстүрлі этологияға жақын тұрғанының бірі филогенетикалық, яғни жануарлардың мінез құлқының эволюциялық аспектісі. Жануарлардың қазба қалдықтарын жануарлардың мінез құлқын анықтауда пайдалану тек жанама қорытынды береді. Оларға құрылымдық және инстинкттік эволюциясы арасында зерттеу жүргізу практикалық тұрғыдан мүмкін емес.Дегенмен этологтар жануарлардың жақын туыстарының арасында салыстырмалы зерттеу жүргізу нәтижесінде белгілі бір қорытындылар жасауға болады деп есептейді. Бұл бағыт мынадай екі бағытқа негізделген. Біріншідер, жануарлардың бір түрінде басқаларына қарағанда инстинкт тез эволюциялануы мүмкін, екіншіден, инстинктті мінез құлықтың жеке аспектісі бір түрде басқа түрге қарағанда жылдам эволюциялануы мүмкін. Нәтижесінде бір біріне токсономиялық жақын түрлерде кейбір прогрессивті, сондай ақ примитивті мінез құлық белгілерін байқауға болады. Бірінші бағытты зерттей отырып басқа түрлерге тән эволюциялық тұрғыдан дамыған кейбір белгілерді байқаауға болады, және этоклин деп аталатын мінез құлықтың филогенетикалық дамуының тенденциясын зерттеуге болады.

Осындай салыстырмалы талдаулардың нәтижесінде эволюция барыында пайда болған бал арасының биін жайлы ақпарат алуға мүмкіндік берді. Бұл би арқылы бар арасы басқа жұмыс араларына оның азығының көзі жайлы ақпаратты, сондай ақ оның ара қашықтығы жайлы ақпаратты бір біріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Ал кейбір примитивті тропикалық аралар мұндай ақпаратты азық көзі мен колония арасында қалдырған белгілер арқылы береді, оларда би болмайды. Коммуникацияның осындай қарапайым тәсілдерін зерттей отырып зоологтар бал арасының күрделі биінің мағынасын түсінуге мүмкіндік алды.

Коммуникация. Коммуникация деп адамдар арасында тіл арқылы байланысты түсінсе, жануарларда дыбыстық сигналдар алмасуын айтады. Жануарларда коммуникациялық әрекет белгілі бір дарақтың өте маңызды ақпаратты жеткізу, ал басқаларында оған адекватты реагировать ету сияқты тума қабілетінің арқасында жүзеге асырылады. Мұның мысалы ретінде күміс түсті шағалалардың өз балапандарымен общениесін айтуға болады. Жаңа ғана жарып шыққан балапан ата анасының тұмсығының маңындағы қызыл дақты шоқиды. Бұл реакция ересек шағаланың аузындағы асын балапанына салуға стимул болады. Бұл жерде сигналдық қоздырғыш арқылы ақпараттың екі жақты алмасуын көруге болады.

Жануарлардың коммуникациясында тек есту, көру және сезу ғана емес, сонымен қатар химиялық стимул да маңызды орын алады. Олар сула немесе ауалы ортады таралып, сезу және дәм сезу рецепторлары арқылы қабылданады. Химиялық қрамы әртүрлі заттардың бөлінуі арнайы кең спектрлі ақпараттың тасымалдануына мүмкіндік береді.

Көптеген химиялық сигналдар өз дарақтарын өзіне көңіл аударуы үшін қызмет атқарады. Жануарлар арқылы бөлінген мұндай химиялық заттар өз түрінің дарақтарының мінез құлқын өзгерту мақсатында бөлінеді, оларды сртқы әрекеттің гормоны деп қарастырады. Оларды феромондар деп атайды.

Феромондар жануарлар өмірінді маңызды рөл атқарады, әсіресе төменгі сатыдағы дыбыс сезу немесе көру қабілеті дамымаған жануарларда. Оптикалық және акустикалық қоздырғыштарға қарағанда химиялық қсылыстар суда да ауада да, жарықта да, қараңғыда да бірдей әрекет ете береді. Тіпті олар жануарлар әрекетін тоқтатқан соң да біршама уақыт сақталып тұра береді. Сөйтіп феромондар түрлер арасындағы жұмысы үшін аса пайдалы болып табылады.

Кейбір химиялық сигналдар түраралық қарым қатынаста маңызды рөл атқарады. Мысалы, скунстар арқылы бөлінетін жаман иісті сұйықтық адамдарды, иттерді, және басқа да қас дұшпандарын қорқыту үшін пайдаланады. Гүлді өсімдіктердің керемет иісі тозаңдағыш жәндіктерді өзіне тартады. Бұл түр арасындағы химиялық коммуникацияның бір түрі болып табылады. Дарақтарда басқа түрдің өкілдерінің көңілін аудару үшін бөлінетін заттар алломондар деп аталады.

Экологиялық бейімделу. Қазіргі этологиялық зерттеу бағыттарының бірі түрдің экологиясымен байланысты мінез құлықтың бейімделуін зерттеу, яғни оның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттеу. Бұл үшін жануарларды өзінің табиғи ортасында бақылау қажет.

Әрбір жануардың адамдар сияқты белгілі бір тіршілік аумағы, мамандығы болады, ол оның экологиялық мекен жайы және экологиялық нишасы деп аталады.

Ниша дегеніміз анатомиялық, физиологиялық және мінез қлықтың бейімделуінің өзара әрекетінің жиынтығы. Түрдің нишасына тіршілігі бірдей басқа түрдің болуы үлкен әсер етеді. Қазіргі уақытта дамып келе жатқан этологияның бағыттарының бірі экологиялық нишасы бірдей түрлердің мінез құлық адаптациясын зерттеу. Мұндай түрлердің қолданатын ресурстарын алу үшін бәсекелстік кезінде табиғи жағдайда қандай механизмдер іс әрекет ететінін білуге тырысуда.

Мінез құлық онтогенезі. Дарақтың іс әрекеті дүниеге келген сәтінен бастап дамып, сосын жеке өмір сүру үшін пайдалы адаптациялық дағды алады. Бұл бағытты писхологиялық және этологиялық әдістердің көмегімен зерттеулуде. Мінез құлықтың онтогенезін зерттеу ғалымдарға тума инстинкт, қоғамдық әрекет ету барысында жүре пайда болған дағды немесе мінез құлықтың ерекшелігін білуге мүмкіндік береді.

Импринтинг түсінігі. Бұл түсінікті Лоренц балапандардың онтогенезін зерттеу барысында қалыптастырған болатын. Бұл кейбір құстарға тән, мысалы қаздарға. Олардың балапандары өмірінде алғаш көрген объектті ата анам деп солардың соңынан еріп жүре береді. Балапандарда мұндай импринтинг адамдарға, немесе жаны жоқ заттарға да ояна береді.

Қорытынды:

Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Адамның дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.

Адамның жоғары формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т. б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл кұралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бүл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1.Ілешева Р. Медициналық психология / Көмекші оқу қүралы.- Алматы: Санат, 1994.- 88 б.

2.Әбішев Қ. Философия: Оқулық: Жоғары оқу орындары студенттері мен аспиранттарға арналған / Жауапты ред. Ә.Н.Нысанбаев.- Алматы: Б.ж., 2001.- 264 б.

3. Бап-баба С. Психология негіздері [Мәтін]: оқу анықтамалық қолданба / С. Бап-баба.- Алматы: [Заң әдебиеті], 2007.- 106 б.

4.Бап-Баба С.Б. Жалпы психология: Жантану негіздері.-2002.- 275 б.

5. Бап-Баба С.Б. Жантану негіздері: Жоғарғы оқу Оқу қүралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.- 304 б.

Наши рекомендации