Лем әдебиетінде танымал мәңгілік образдар

Әлем әдебиетінде қаншама уақыт пен заман сынынан өтіп қойған, бір жағынан сол заманның өзі тудырған танымал мәңгілік образдар қатары бар. Олар әр дәуірдің әдеби жемісі және бойында жинақтаған қасиеттері де әртүрлі. Бір қарағанда, мәңгілік образ бен қарапайым кейіпкердің еш айырмашылығы жоқтай болып көрінеді. Екеуінде де сол адами қасиеттер, сол қарама-қайшылықтар...Бірақ мәңгілік образдар дәл керек кезінде, қоғамның сол образға шөлдеп тұрған кезінде дүниеге келуімен ерекшеленеді.

А) Прометей образы

Прометейдің ақылдылығы, жігерлілігі, аянбай адамзат игілігіне қызмет етуі, өзгенің бақыты үшін жасаған ерліктері қашан да адамдарды қызықтыратын. Оның мәңгілік образдардың қатарына енуі де тегін емес. Әдебиеттануда «прометеизм» деген ұғымның да бар екені белгілі. Бұл образдың мәні үнемі ерлік істерге ұмтылуында, керек кезде бас көтере алатындығында, адамзат үшін пидақорлыққа бара білуінде. Прометей табиғатынан батыл адамдарды жаңа ізденістерге құлшындырып отырады. Сондықтан Прометей образынәртүрлі кезеңнің жазушылары, музыканттары мен суретшілері өз туындыларына негіз етіп алған. Оның образына Гете, Байрон, Шелли, Шевченко, Лия Украинка, Иван Франко, Рыльский сияқты сөз алыптары қызыққан. Сондай-ақ, Прометей Микеланджело, Тициан сынды суретшілерді, Бетховен, Вагнер, Сирябиндей композиторларды шабыттандырған да.

Гамлет образы

У.Шекспирдің трагедиялық шығармасының кейіпкері – Гамлеттің мәңгілік образы мәдениеттің белгісіне айналды және көптеген басқа мемлекеттердің өнер әлеміне енген.

Гамлет Қайта өрлеу дәуірі адамының жаңа образын сомдады. Дүниенің және өзінің қабілеттерінің шексіздігін ұққан және сол шексіздіктің алдында біраз қобалжыған адамның образын салды. Бұл – трагедиялық образ. Гамлет шындықты өте жақсы түсінеді, өзін қоршаған ортаны шынайы бағалайтын, «жақсылық» атаулыға сенеді. Бірақ оның трагедиясы сол – батыл қадамдарға бара алмауында.

Оның батылсыздығы қорқақтықтың белгісі емес: ол – ержүрек, ашық адам. Батылсыздығы зұлымдық атаулыны көп ойлаудың нәтижесінде туындаған. Өмірлік жағдайлар одан өз әкесін өлтірушінің жанын алуды талап етуде. Ол мұндай кек қайтаруды «зұлымдық» деп қабылдағандықтан, батылсыздық танытты, өйткені адам өлтіру, мейлі ол барып тұрған залым болса да, бәрібір күнә.

Гамлеттеің образы – жақсылық пен жамандықтың арасындағы дауды шешудегі өзінің үлкен жауапкершілігін сезінетін адамның образы. Ол жақсылық атаулыға бірнеше қадам жақын тұрса да, ішкі ұстанымдары мен қалыптасқан қағидалары оның мейірімділік жолында батыл қадамдарға баруына кедергі болады.

Гамлет образына Гете де жүгінген, ол бұл образды барша өркениеттің күнәларын өтеуші «сорлы ақын» бейнесіндегі өзіндік бір Фауст ретінде берген. Әсіресе Гамлет образы жаны нәзік романтиктердің арасында кең танымал. Дәл сол романтиктер Шекспирдің жеткізбек болған образының «мәңгілілігі» мен «қайталанбастығын» көре білді. Олардың түсінігінше,Гамлет әлемнің кемшіліктерін өте күшті сезінген тұңғыш романтикалық образ болып табылады.

Бұл образ әлеуметтік сілкіністерге толы ХХ ғасырдың өзінде танымалдылығын жоғалтқан емес. Ғасырдың басында-ақ әйгілі ағылшын жазушысы Томас Элиот «Альфред Пруфроктың махаббат әні» деп аталатын поэма жазды. Поэмада қаламгер тұрмыстың, қу тіршіліктің мәнсіздігін түсінуден пайда болатын өкініш сезімдерін жырлайды. Сыншылар поэманың басты кейіпкерін «ХХ ғасырдың азғындаған Гамлет образы» деп баға берген. Бұдан басқа Гамлет образына өз шығармашылықтарында И.Анненский, М.Цветаева, Б.Пастернак сияқты орыс ақындары да жүгінген.

Б) Дон Кихот образы

Сервантес те ең әйгілі романдардың бірі – «Дон Кихот»-тың авторы ретінде танылса да ғұмырының соңғы жылдарын жоқшылықта өткізуге мәжбүр болды. Бірақ жазушының өзі де, оның замандастары да бірнеше ғасыр өткен соң шығармасының кейіпкерлері ұмытылмақ түгілі, тіпті отандастары ескерткіш қоятын «ең танымал испандықтар»-ға айналатынын еш білген жоқ.Сервантес қаһармандары роман шеңберінен шығып, басқа қаламгерлер мен драматургтердің, түрлі ақындар мен суретшілердің, сазгерлердің туындыларында еркін өмір сүре алатын болды. Қазіргі таңда Дон Кихот пен Санчоның образдарына жүгіне отырып жазылған шығармалардың бәрін атап шығу мүмкін емес. Тіпті бұл образдарды Тойя мен Пикассо, Масане мен Минкус теөз шығармаларына арқау етті.

Дон Кихот образы қатал шындықпен бетпе-бет келуден қаймықпайтын, әділдік пен жақсылықты жақтаушылардың, қайырымды идеалистердің символына айналды. Әлемде қалыптасқан «донкихоттылық» ұғымына идеалға деген зор талпыныс, адалдық, асқан энтузиазм, сонымен қатар аңқаулық, қиялшылдық пен шытырмандыққа деген құлшыныс та кіреді.

в) Шал мен бала образдары (Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесті бойынша)

Э.Хемингуэйдің 1954 жылы Нобель сыйлығын иеленген, тағы бір жалпыадамзаттық мәселелерді арқалаған образдарды бейнелеген шығармаларының бірі – «Шал мен теңіз» повесті.

Жазушы «Шал мен теңіз» туралы былай деген екен: «Для начала я выкинул все, без чего мог передать читателю этот опыт. Я хотел, чтобы прочитанное казалось ему пережитым, чтобы у него было такое впечатление, как будто это произошло на самом деле. Задача была очень трудная, и мне пришлось много поработать» [8, 56].

Бұл повесте жазушының бұрынғы шығармаларындағыдай адам сезімдері шиеленіске түспейді. Бірінші рет адам өзінің табиғатымен үйлесуде, бірігуде. Басты кейіпкері – Сантьяго (шал) өміріне риза болып, онымен келісуі арқылы ішкі үйлесімділікке қол жеткізеді. Шалдың қасындағы шәкірті Манолин (бала) осы өлмес, өшпес жігерлілік пен қайраттылықтың көрінісі сияқты.

Сантьяго сан мәрте рет балығынан айырылып қалады, бірақ оның рухы бұл үшін еш түспейді. Повесть материалдық пайда емес, рух күресінің жеңісін асқақтатады. Көбіне, қатігез өмірдің ауыр соққыларынан кейін адам бәрібір қайта көтеріледі. Себебі адам тылсым күш пен табандылықтың әсерін сезіп, соның көмегіне жүгінеді. Демек, Сантьяго акуламен емес, өзінің әлсіздігімен тартысқа түседі. «Бұл У.Фолкнер мен Ф.М.Достоевский шығармаларының да басты ойы екені белгілі («Шум и Ярость», «Авессалом, Авессалом!» және «Братья Карамазовы», «Бесы», «Преступление и наказание»).

«Человек не для того создан, чтобы терпеть поражения. Человека можно уничтожить, но его нельзя победить». Аталған ойларды сантьяго осылай түйіндейді» [7, 53].

Сонымен қатар жазушы еңбек адамының кәсібилігін, төзімділігі мен шыдамдылығын, оның өз ісіне, маңайындағы оған қатысты тіршілікке жауапты екенін бейнелейді. Сантьяго сексен төрт күн қатарынан теңізден бос қайтады, тек сексен бесінші күні ғана үлкен балыққа тап болып, одан айырылып қалмау үшін өлім мен өмірдің арасындағы арпалысқа түседі.

Шығарма баяндалуы тұрғысынан екі түрлі берілген: бүгінгі және мәңгілік. Балықшының бір күнгі тіршілігі мәңгілік қағидаларды дәлелдей түседі, сондықтан бұл оқиға үлгі боларлықтай аңызға айналады.

Жазушының кейіпкерлері адамның кісілігін, абыройын сақталуды, оның ар, намыс, азаматтық пен рухани жомарттығының сақталуын талап етеді. Олар әркімнің өз ісіне соңына дейін атқаруын шартты деп санайды.

Повесте Сантьяго өзінің олжасы – балығынан айырылады. Бірақ ол өзін еш жеңілдім деп санамайды. Ол өзін әрі қарай өмір сүруге, күресуге дайындайды. Сондықтан ол өз кезеңінің ғана емес, бүгінгі ХХІ ғасырдың да жазушысы. Оның шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің классикасы болып саналуы да осыдан.

Жазушы өмірдің нағыз иесі осындай шал мен бала, олардың арасындағы түсіністік пен сыйластық, қалғандары бұл өмірдегі қосалқы кейіпкерлер дегендей. Шал мен бала образдары – адам мен адамзаттың символы екені де түсінікті. Э.Хемингуэйдің соңғы шығармасы адамның рухани табандылықты қорғайтын ерлігінің, оның кісілік абыройының мықты, анық болуын, пенде болып өмірмен бірігуінің көркем ұраны іспеттес.

Атақты американ жазушысы У.Фолкнер осы повесть туралы кезінде былай деп пікір білдіріп кеткен екен: «Время, возможно, покажет, что это лучшее произведение любого из нас. Я имею в виду его и моих современников» [7, 56-57].

Жазушының шығармалары дүниежүзілік әдебиетте сұлулық пен адалдықтың, әділдік пен ақиқаттың жеңісін бейнеленуімен ерекшеленіп қалды. Э.Хемингуэй адамның өзін-өзі жеңуге күші жететінін Сантьяго шалдың сөзімен айқындап береді. Ол айтқандай, адам жеңілу үшін емес, керісінше, нәпсісін жеңу үшін жаратылған. Бұл ойлар бүгінгі ХХІ ғасырда да бізге қажет екені айқын.

Наши рекомендации