Паранойялды синдром, шизофрения

Соматогенді психоз

21. 70 жастағы әйел пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытты мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: «бақалар, жыландар, тышқандар көрінеді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

22. 42 жастағы әйел, сауыншы. 5 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауруына, әлсіздікке, температураның жоғарылуына, бүкіл денесіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде-тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйінділерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі бар. Көңіл- күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің түкпірінен өлтіремін деген қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». «Дауыс» шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

23. 48 жастағы ер адам. Мас кезінде 2-ші және 3- ші дәрежеде күйік алған. Күйік бөлімшесінде емделіп жатыр. Қарау кезінде беті, құлақтары, қолдары, кеудесі іріңдеген, температурасы 39,3. Өзін уйіндемін деп ойлайды, тынышсыз, үнемі бір нәрсе іздейді , ауада қолымен сермейді. Төсегінен тұрмақшы болады, дәкесін жұлады, дәкенің астында ақша бар деп санайды. Өзінің атын дұрыс айтады, «достарын» кіргізуді өтінеді, олар шақырып бірге ішпекші деп ойлайды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

24. 23 жастағы студенттің жүріс тұрысында оғаштық бақылана бастады. Баяу қимылдайтын болған, созып сөйлейді. Күніне бірнеше рет бірнеше секундқа мелшиіп қалады, осындай жағдайда ешнәрсе естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде сақтамайды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

25. 30 жастағы науқас, бала кезінде бас- ми жарақатын алған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін инженер болып жұмыс істейді. Соңғы айларда көп жұмыс істеп, дұрыс ұйықтамаған. Тітіркенгіштікке, шаршағыштыққа шағым айтады. Интеллектуальды қызмет істегенде тез шаршайды, бас ауруы күшейеді, назары шашыраңқы болады. Жарақат алғаннан бері көлікпен жүруді, ыстықты көтере алмайды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

26. 15 жастағы жасөспірімде 3 жыл бұрын алған бас- ми жарақатынан кейін, әсіресе сабақ уақытында аса шарашағыштық, оқу материалдарын есте сақтау қиындығы, агрессивтілік көрінді. Бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Ыстықты, көлікпен жүруді көтере алмайды, бір қызмет түрінен екіншісіне ауысқанда қиындық сезінеді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

Церебрастениялық синдром

27. 30 жастағы ер адам бас-ми жарақатына байланысты емделіп жатыр. Ауруханаға түскеннен кейін үшінші күні психикалық жағдайы өзгерді. Үрейшіл, мазасыз, ұйқысы бұзылды. Қоршаған ортаны қате қабылдайды, персоналға, ем шараларына күдікпен қарады. Артынан уақыт бойынша, айналасында болып жатқан оқиғаларды бағдарлау бұзылды. Үйімде жатырмын деп есептейді, қозған, мазасыз, тоқтамастан бір нәрсені іздейді, ауаны қолымен қармайды, дәкесін жұлып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. Бөлімшеден қашуға тырысады. Жолдастарының дауыстарын естиді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

28. 30 жастағы науқас, математика мұғалімі. Анамнезінде бас-ми жарақаты бар. Жұмыста конфликті жағдайдан кейін пайда болған бас ауруына шағым етіп келген. Ол бас ауруы интллектуальді жұмыстан кейін үдейтініне, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Соңғы жылдары ыстықты, қапырықты, көлікпен жүруді, ауа райының өзгерістерін көтере алмауын, кәдімгі жұмысын атқаруға көп физикалық және рухани күшін жұмсайтынын айтады. Таңертең төсектен тұруы қиындады, жай жұмыстарды істеуге шарашайды. Кітап оқыса оқыған жерін механикалы түрде оқитынын, сол кезде ойының басқа жақта екенін аңғарады. Түстен кейін шаршап қалады. Соңғы кезде ашуланшақ болып, өзін-өзі ұстай алмайтынын айтады. Сабақ кезінде оқушыға қатты айғалап жібергеніне өкініп, оның салдары не болады екен деп өзіне өзі көп уақыт келе алмағанын көрсетті.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

Церебрастениялық синдром, жарақаттың алыс кезеңдегі салдары

29. Қаралушы 36 жаста, полиция қызметкері. Күнделікті жұмысқа жиналып жатып, қаруын алып жатып, бірақ аяқ астынан «Фашистерді ұр» деген айғаймен көшеге жүгіріп шығып ата бастаған. Кездейсоқ өтіп бара жатқан екі жолаушыға оқ тиіп кеткен. Ұсталған кезде қозып тұрған, бозғылт түсті, «фашистерді» қорқытып айғайлауын жалғастырған. Бір сағат өткеннен соң полиция бөлімшесінде есін жиып, өзінің аса қатал қылмыс жасағанына сене адмаған. Жұмысқа жиналып жатқаны есінде, басқа болған жайттар есінен мүлдем шығып кеткен, жасалған істің өз қолынан болғанына сенгеннен кейін өте қатты өкініп, өзін өзі өлтіргісі келді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

Сананың қарауытқан бұзылысы, БМЖ

30. Науқас 60 жаста, инженер. Соңғы жылдары ұмытшақ, ағымдағы оқиғаларды ұмытып қалатын болған. Ойлау қабілетінің төмендеуі, жұмыстағы есептерінде қателіктер пайда болып, ашуланшақтық, шаршағыштық, көңіл жұмсақтығы пайда болған. «Шатастырмау үшін» блокнотқа таныстарының есімдерін, күндерді, цифраларды жазып алады. Өзінің пәрменсіздігін түсіне отырып, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне байланысты дәрігерлерге қаралған, жылаған. Дәрігер келгенде жақсы қарсы алып, инабаттылық көрсеткен.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

Лакунарлы деменция, бас миы қантамырларының склерозы

31. 32 жастағы ер адам, мамандығы физик. Ол өзін «мафия аңдып» жүргенін, мафия оның қарсыласының барлық қарулы әскерін қатардан шығару мақсатында жасаған ультрадыбысты құралын, оның миынан әлемдік шығармашылығын ұрлайды деп сендіреді. Ол туралы біледі және олардың өзара ақылдасып жатқанын естиді. Оны өшіру үшін олар маған «радио сәулесімен әсер етеді және менің миымнан информацияны көшіріп алуға әрекеттенеді, олардың басыма кіріп бір нәрселерді іздеп жатқанын сеземін, мені өз өнер шығармамды беруге мәжбүрлейді» дейді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

32. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған. Көңіл- күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналасындағы адамдар оған мазақмен қарағандай, оны өзара талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып өзінің «ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрнын, қысық көздерін» көреді. Өз күйзелістерін ешкімге айтпайды, достарымен қарым- қатынасты тоқтатты. Тұйықталған, жабырқау, ата- анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараспен қарайды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

Дисморфомания. Шизофрения

33. Науқас 30 жаста, бұрын психиатрдың есебінде тұрған емес. Психоневрологиялық диспансерге туыстарының көндіруімен келген. Жарты жыл бұрын жүріс -тұрысында ерекшеліктер пайда болған. Науқас мамандығы бойыншаағаш шебері философияны, парапсихологияны меңгере бастаған, жаңа қоғамның моделін ойлап таптым деп әртүрлі инстанцияға хаттар жазып, өз проектілерінің сызбасын таратқан. Әңгіме кезінде басымды, аффектісі аса білінбейді. Өзінің ғылыми жобалары туралы көңілді айтады. Қабылдау бұзылыстары білінбейді. Өзін науқаспын деп санамайды, қоғам үшін жаңалық ашқанына сенеді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

Паранойялды синдром, шизофрения

34. Науқас «импотенцияға» шағым айтады. Осы жағдайды ҰҚК жұмыс топтарының радиоэлектрондық құрал арқылы, тіркеп сәуле тарту арқылы әсер етіп отыр деп сендіреді. Бұл құралдың денедегі физиологиялық және психиатриялық үрдістерге: адамның ой қабілетін, қимыл- қозғалысын, пульстің жиілеуін басқарады, денеге ыстық заттың жанасуы, сонымен қатар күйдіріп жіберуі мүмкін деп сенеді. Үнемі құлағына аңдып жүрген адамдардың «дауысы» келіп тұрады. Өзімен өзі «дауыстармен» сөйлеседі.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

35 Көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне өз еркімен К. деген азамат келіп, оны аңдып жүрген адамдардан құтқаруын өтінді. Ол бір жыл бойы өзін біреу аңдып жүргенін сезгенін айтты. Үйде жоқ кезде оның тек сөздерін ғана емес, сонымен қатар ойларын тыңдайтын құрал орнатқанын айтады. Қорқыныш сезінеді, айналасына күдікпен қарайды. Бүгін аңдушылардан қашпақ болып 4- қабаттан су құбыры арқылы төмен түсіп, қолын, аяғын жаралап алыпты, таксимен ауруханаға жетіпті. Аңдушылардың неге соңына түскенін білмейді, олар қателескен болуы керек деп ойлайды. Түзетулерге көнбейді, милиция немесе прокурор шақыртуын өтінеді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз.

· Синдромын анықтаңыз.

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз.

Кандинский Клерамбо.

36. Науқас ҰҚК-ң (КНБ) қызметкерлері радиоэлектронды сәулелер арқылы «бедеулік туындатты», ол құрал арқылы бүкіл психикалық және физиологиялық функцияларына әсер етеді: оның ойларың, қимылдарын басқарады, жүректің соғуын жиілетеді, денеге ыстық заттар жанастырып, оған қоса дененің күйгені сезімін туындатады. Басының ішінде өзін аңдыған адамдардың «дауыстырын» үнемі естиді. «Дауыстармен» дауыстап сөйлеседі, оқшауланған.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

37. Науқас Л., 50 жаста, психиатриялық ауруханада, ашулы, өзімшіл, өзін еркін ұстайды.

Өзін «фельдмаршалмын», «әлемнің әміршісімін» - деп санайды. Ғарыштан «дауыстар» естиді, олармен ой арқылы хабарласады. Емін-еркін Юпитерге, Айға барып, бүкіл әлемді басқарамын дейді. Спирттің, бензиннің иісін әлдебіреулер арнайы мұрнына аспап арқылы сездіреді. Осы әрекеттерді тоқтатуды талап етеді, ызалы. Оған арнайы аппаратпен «протондар» арқылы әсер етеді, «жағымсыз ойлар» туындатып, «миына орайды», Мәскеуден ақша алып кетіңіз деген хабармен «электрондар» арқылы әсер етіп жатыр. Ауруханадан шығаруды талап етуде, Мәскеуге барып өзіне қажет ақшаны алып келмекші.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Парафренді синдром

38. 25 жастағы науқас Ш., преморбидінде еш ерекшелік жоқ. Аяқ астынан ауырып қалды. Үрейлі, өзінің бөлмесінен шықпайды, перделерді жауып тастаған, себебі оны қарама-қарсы терезеден аңдып, бақылап отыр. Өзінің көйлегін, орамалын кесіп тастаған. Психиатриялық ауруханада қорқыныш сезінеді, үрейлі. Терезеден және қабырғадан дауыстар, музыка естиді, құлағын мақтамен жабуға тырысады. Осының барлығы «арнайы» жасалып жатқандығын айтады, дәрігерді әйгілі әртіс, ал науқастарды - әртістер деп санайды. Бәрі әртістер, өздерін науқас ретінде көрсетеді деп есептейді. Қоршаған ортадан қауіп-қатер сезінеді. Қоршаған орта науқас үшін ерекше көрінеді: кілем- зиратқа жол (демек - көп ұзамай өлемін!); суретте салынған маралдар «жалқаулықты» білдіреді – демек – мені жалқау деп есептейді деген ойлар айтады; дәрігермен әңгімелесу - өзін тыңшы ретінде қабылдайды дегеннің белгісі деп есептейді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

39 Науқас төсектің үстіңде қозғалмай отыр, көзқарасы кеңістікке бағытталған. Мимикасы өзгеріп тұрады. Бірнеше өтініштерден кейін ғана қысқа, біртекті жауап береді. Кейде ол айналадағыларға фантастикалық әлемді көргенін, онда басқа планеталықтардың жүргенін, басқа да ғаламшарларды көргенін әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Онейроидты синдром, Шизофрения

40. 23 жасар техникалық институттың студенті. Еш себепсіз ауру дамыды. Бұрын «өмірінің мәні» болған оқуына, достарымен араласыға, өнер мен музыкаға қызығушылығы жоғалған. «Дауыстар» пайда болған, соңына түсу сезімін және гипнотикалық әсер байқайды. Ойларын айналадағылар «оқиды» деп есептейді. Барлығына немқұрайлы, үнемі әртүрлі мазмұндағы орынсыз идеялар айта бастады. Өзіне сыни көзқарас жоқ.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

41. 40 жастағы әйелдің көңіл күйі себепсіз кенет төмендеді. Үйінен шығуды қойды, төсекте жата беретін болды, өзіне көңіл бөлмейді. Көңіл-күйінің тәуліктік ауытқуы байқалды, әсіресе өзін таңғы уақытта нашар сезінедің. Тәбеті төмендеді, 7 кг салмақ тастады. Емделгенен көңіл-күйі тұрақталды. Бұрынғыдай эмоционалды, ашық, жанұясына қамқор. Алда шамамен 2-3 жылда бір рет ұқсас жағдайлар дамыды.

Емнен кейін психикалық жағдайы толық орнына келіп отырды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Депрессивті синдром, МДП

42. Науқас Д. 35 жаста, ұрлық жасаған. Сот залында үрейшіл, абыржыған, өзін орынсыз ұстанған. Жасы туралы сұраққа – «5» жауап берген; «Есіміңіз кім деп сұрағанда»- «білмеймін» деп жауап қайтарған. Қағазға жазуды өтінгенде, жаза алмаймын деп жауап берген. 10-дейін ғана санап берген. Заттардың атауларын шатастырған, басым аурып тұр деп шағымданып, «ойлану қиынға түсіп» тұрғанын айтқан.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Псевдодеменция. Реактивті психоз

43. Зерттелуші 40 жасар кассир. Үлкен көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық іске тартылды. Тергеушімен сөйлескенде көзін бақырайтып, орынсыз күліп, өз есімін, жасын айта алмайды, өзін жұмыс орнымда отырмын деп санайды. Өзінің үлкен жоспарларымен бөлісіп отыр, осы ретте қарапайым арифметикалық есептерді шығара алмайды, қолына аяқ киімін киіп алған.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Псевдодеменция. Реактивті психоз

44. Диспансерге 28 жасар К. есімді науқас ота жасалған құрбысымен сөйлескеннен кейін сүт безінің қатерлі ісігі туралы ойлар көп мазалап жүргеніне шағымданып келді. Онколог ешқандай патология анықтамаған. Уайымдауға еш себеп жоқ екенін білсе де ол ойлардан арыла алмайтындығын айтады. Кейінгі кезде салмақ жоғалтқан, тез шаршайды және уйқысыздыққа, мазасыздыққа, тітіркенгіштікке, тәбетінің болмауына шағымданады. Өзін психикалық науқаспын деп санайды. Көмек сұрайды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Обсессивті синдром. Жабысқақ жағдайлар неврозы

45. 19 жасар бойжеткен күйеуімен ұрысқаннан кейін, көздер айналып, туыстарының алдында диванға құлады, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, ол 5 минутқа созылып, бүкіл дененің клоникалық ірі сілтемелі, тілді тістеусіз тырысуларына ауысты. Еркінен тыс зәр шығару болмаған, қарашықтардың жарыққа реакциясы жоғалмаған. Ұстама кезінде ыңырсыған, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді дауыстап айқайлаған. Ұстама уакыты 30 минутқа жалғасқан.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Истериялық ұстама

46.35 жастағы әйел адам, есепші, банктың ірі көлемдегі ақшасының ұрлануына қатысы бар. Басқа қалаға қашып кеткен жерінен ұсталған. Тергеу кезеңінде – жүріс-тұрысы адекватсыз: уақыт және орын бойынгша бағдары бұзылған, айналадағыларды танымайды, көздерін бақырайтып, балаша сөйлейді, «кірпіктерімен үлкен көздерді» көреді, олар өзін қылқындырып жатыр дейді, жылайды, қарапайым сұрақтарға қисынсыз жауап береді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Псевдодеменция. Реактивті психоз

47 34 жастағы науқас психиатрға өз еркімен келді. Әңгімелесу кезінде үрейшіл, жылдам толқиды, шағымдары мен анамнестикалық мәліметтер бергенде өзіне сенімсіздігі қатты көзге түседі. Төменгі класстардан күдікшіл, үрейшіл, өзіне сенімсіз, шешім қабылдауы қиын, өзіне ұнаған адаммен танысуға шешіле алмайтын мінезімен ерекшеленеді. Білімі жақсы бола тұра емтихандарда қатты толқу жағдайына түсетін болған. Үйінде үнемі сәтсіз жауаптарын ой талқысына салып, барлығына тек өзін кінәлаған. Үйінде болған кикілжіңнен кейін ұйқыға кетуі қиындаған, көңілін немен ауларын білмеген, «қалай дұрыс өмір сүру керек» деп көп ойланады, дегенмен дұрыс шешім таба алмайды. Салмақ жоғалтқан, жұмыста тез шаршайды, бұрын өзіне тән емес тітіркенгіштік пайда болған.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Обсессивті синдром. Психастениялық психопатия

48. 30 жастағы ер адамда балалық шағынан аса бағалы идеялар түзілуіне бейімділік байқалады. Жұмысында қызметкерлерге күдікпен қарайды, ескертулерге эмоционалды жауап қайтарады, өзін дұрыс бағаламайды, пікірімен санаспайды деп есептейді. Әріптестерімен жиі дауласады, өзіне теріс көзқарастарын байқайды. Осыған байланысты қатты күйзеледі.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Параноялды психопатия

49. 18 жасар жас жігіт, әскери сараптамаға түсуде. Бала кезінен сотқар, төбелескіш. Мектепте жиі тәртіп бұзған, құрдастарымен төбелескен, оқытушылармен дауласқан. Өзін “өзіне жауап бере алатын” адаммын деп есептейді, дегенмен аздап ұстамсыздығын жасырмайды, ал аса қызбалығы өміріне кедергі келтіріп жүргендігін мойындайды. Бөлімшеде тәртіп ьұзуына байланысты медициналық персоналмен жиі кикілжің туындайды. Бірде ашуланып санитарға қол көтерген.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Эксплозивті психопатия ( Қозғыш)

50. 27 жастағы әйел, күйеуімен кезекті ұрыс-керістен кейін білектеріне бірнеше беткей тіліктер жасаған, артынан айқайлап жылап дәлізге жүгіріп шыққан. Көршілері жедел жәрдем шақырған. Қарау кезінде науқас демонстративті, мәнерлі, жиі театралды түрде басын артқа шалқайтады, самайларын уқалайды, ауыр күрсінеді, бетін қолдарымен жабады. Барлығына күйеуін кінәлайды, өзін “бағаламайтындығын, қатал қарайтындығын” айтады. Суицидалды әрекетін күйеуімен кикілжіңнен кейін оның ажырасуды талап етуімен түсіндіреді, ондай «қорлықты» көтере алмағандығын, сондықтан өлуге бел буғанын айтады.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Истериялық психопатия

51. 30 жастағы ер адам, слесарь. Мінезі бойынша педант, ұқыпшыл, жауапкершілік сезімі жоғары. Жұмысында жұмысшының қауіпсіздік техникасына жеңіл қарауына байланысты орын алған төтенше жағдай нәтижесінде қорқыныш жағдайы дамыған, осындай қайғылы жағдай өзінінң басынан да өтетіндей ойлар келген. Осы қорқыныштар үнемі мазалайды. Тынышталу үшін жұмыс орнын, қауіпсіздік шараларын бірнеше рет тексеруге мәжбүр. Өзінің қауіптенулерінің негізсіздігін түсінеді, бірақ ол ойлардан құтылуға дәрменсіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

· Аурудың симптомдарын анықтаңыз

· Синдромды анықтаңыз

· Сіздің дәрігерлік тактикаңыз

Обсессивті синдром, Писхастениялық психопатия

Наши рекомендации