Тыныс алу аҒзаларындаҒы едш ныҢ негізгі Әдістері

ЕДШ ның негізгі әдістерін сипаттамай тұрып, мыналарды ескеру керек:

- физикалық реабилитация ұзақ, тоқтаусыз, аурудың негізгі патогендік механизміне бағытталуы тиіс.

- ЕДШ ның формасын әдісін таңдау аурудың сипатына созылмалы өкпелі жүректің бар болуына, сыртқы тыныс алудың бұзылу типіне, физикалық жүктемеге толеранттылыққа науқастың жеке бас ерекшеліктеріне тәуелді. Бір қозғалыс режимінен екіншіге өту үшін қатаң дифференсациялық тағайындау қажет.

- Тыныс алу функциясын қалпына келтіру тұрақты процесс емес және ол үздіксіз жаттығуларды талап етеді. Бұл жағдайды науқастың түсінуі (емдеуші дәрігер түсіндіргеннен кейін) Оның емделуде белсенді қатысуын үдетеді. Реабилитациялық іш шаралардың оң нәтижесін қамтамасыз етеді.

Патологиялық үрдіске әсер ету (инфильтраттың, эксудаттың сіңірілуі) - өкпелік вентиляцияның күшеюі өкпедегі қан және лимфа айналымының жақсаруы, жалпы тыныштандыратын және әр түрлі қалпына келтіруші тыныс алу жаттығулары арқылы жүзеге асады. Өкпедегі қан және лимфа айналымының белсенденуі кіші қан айналым шеңберіндегі гемодинамика жағдайын жақсартады. Өкпе мен басқа мұшелердегі қан іркілуін және өкпе гипертензиясын төмендетеді.

Жабысу үрдісінің дамуымен күрес (жабысқақтардың пайда болуын алдын алу), қабырға диафрагмалық синустарды ашу, ателектаздарды алдын алу мен оларды жою (әсіресе операциядан кейінгі науқастарда), денені бүйірге еңкейту, денені бұру, тыныс алуды тереңдету үшін қосымша тыныс алу бұлшық еттерін максимальды қолдану.

Барлық жаттығулар (денені бұру, иілу) мүмкін болатын максимальды амплитудамен және қол мен дененің үндескен қозғалыстарымен жүргізілуі тиіс. Тыныс алуға қатысатын альвеолалар санын жатығулар көмегімен біз өкпенің физиологиялық өлі кеңістігін және тыныс алу жеткіліксіздігін төмендетеміз, вентиляцияның рестриктивті бұзылысын компенсирлейміз. Осы жаттығулар көмегімен өкпе эмфиземасын алдын алу үшін және ателектаздарды жою үшін жағдай жасайды.

Тыныс алудың дұрыс механикасын қалпына келтіру (дем алу мен дем шығарудың жиілігі мен тереңдігінің өз ара қатынасы) жаттығулар кезінде тыныс алу жиілігін сирету арқылы жүзеге асады. Мысалы, дем алу мен дем шы,ару жиілігі 1:2, 3:4, 3:5 және т.б.

Бронхтардың дренаждық қызметін күшейту зақымдалған өкпе мен бронхтардың дренирленуі үшін ең тиімді физикалық жаттығу кезінде бастапқы жағдайда дренирленетін аймақ дренирлеуші бронхтан жоғары орналасуы керек. Жаттығу терең дем шығару мен дене шынықтыру соңында көлемді қақырық бөлінуімен жүретін жөтелмен аяқталады. Науқастың өзі атқаратын тыныс жаттығулары кезінде кеуденің вибрациялық немесе перкуссиялық массажбен жүретін жаттығулар жатады.

Тыныс алу аппаратына әсер ету – кеуде клеткасының, диафрагманың жылжымалылығын күшейту, өкпе созылмалылығын ұстап тұру мақсатында кеуденің максимальды амплитудасымен қозғалысты үндескен немесе ерікті тыныс аллумен бірге орындау қолданылады. Темп баяу және орташа. Арқамен, бүйірмен жатып, тұрып, кеудені еңкейтіп немесе гимнастикалық қабырғаға қолды тіреп орындалады.

Тыныс алу аппаратының резервтік мүмкіндіктерін, ӨӨС, тыныс алу және тыныс шағару күшін жоғарлату тыныс алу және жалпы белсендендіруші жаттығуларды кешенді қолданып, гимнастика сабақтарында физикалық жүктемені біртіндеп жоғарлату, кейбір тыныс жаттығуларды орындағанда кеуде клеткасының экскурсиясын жоғарлату арқылы жүзеге асады.

Дұрыс тынысты есте сақтауға арналған жаттығулар. Жаттығулардан соң мұрынмен тыныс алуды қайта қалпына келтірілуі тиіс, ол дем алатын ауаны жылытады, бронх бұлшық еттерінің тонусын қалпына келтіреді, кеуде клеткасының жылжымалылығын жоғарлатады.

Еңбекке және жұмысқа қабілеттілікті қайта қалпына келуі дұрыс таңдалған емдік гимнастиканың нәтижесі болып табылады.

Дренаждық қызметін жақсарту үшін арнайы дренаждық қалып пен форсирленген ұзарған дем шығарумен жүретін жаттығулар жатады.

Жаттығуларды таңдаған кезде ошақтың орналасқан аймағына назар аудару керек.

Төменгі бөліктік пневмонияда – бастапқы қалып жиі жатып немесе тұрып орындалады, тыныс алу түрі дифрагмальдық болады. Жоғары бөліктік пневмонияда – бастапқы қалып төмен биіктікті орындықта, иық белдеуін бір қалыпта ұстап негізінен кеуделік тыныс алу қолданады. Орта бөліктік пневмонияда – арқамен жатып немесе бүгілген күйде орындайды.

Бүйірмен жатып орындайтын динамикалық жаттығуларда тыныс алуға жоғарыда орналасқан өкпенің төменгі бөліктері қатысады. Ал диафрагмальдық тыныста қарама қарсы жақтың төменгі бөлігі қатысады.

Бронхиальды бөліндінің көлемді болғанында және оның бөлінуінің қиындауында постуральдық дренаж қолданады. Яғни – денені өнімді жөтелу жоғарлататын және бронхиальды секреттің жақсы шығуын қамтамассыз ететін арнайы қалыптарға келтіретін емдік шаралар жүргізіледі.

Постуральды дренаж қан қақыру кезінде қарсы болып табылады. Процедура және пневмоторакс кезінде әлсіз ентігу мен тұншығу пайда болады.

Процедура төрт этаптан тұрады.

І этап қақырықты реологиялық құрамын қалпына келтіреді. Тағайындалады:

Дәрілік заттар, аэрозольдік терапия, науқасты гидротациялау (жетпіс кг салмаққа 300 мл жылы су) көрсеткішке байланысты инфузионды терпия. Бұл тап ұзақтығы 10 -15 минут

ІІ этап. Бронх қабырғасынан ққырықты түсіру. Қақырық түсіру науқастың қақырық түсіруге көмектесетін қалып жасағанда процедура тиімдігі арта түседі. Белсенді дренаж өкпенің ортаңғы бөліктері үшін тиімді. Осымен қатар үзілісті, үзіліссіз вибрациялы массаж қолданылады. Вибрация немесе емдік перкуссияны алақанның көмегімен жасалынады. Кеуде аймағына минутына 40-60рет, арасында үзіліс жасап орындалады. 3-5цикл жасалынады. Үзіліссіз вибрацияны 10-30 сек үзіліспен жасалады. Науқас ашық тұйық дыбыстарды айтып отыруы керек. Жүру ұзақтығы 10-25 мин.

ІІІ этап. Қақырық мобилизациясы, яғни қақырықты жөтел аймағына өткізу, дренажды калпында тыныс жаттығуларын, инструктор көмегімен тыныс жаттығуларын жүргізеді. Жүру ұзақтығы 5-10 мин.

ІҮ этап. Қақырық шығару. Науқас жөтеледі, терең тыныс алып дем шығарғанда 2-4 жөтел жасайды. Жүру ұзақтығы 5-10 мин.

Осы аталған этаптар күніне 2-8 рет орындалады.

Наши рекомендации