Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мазмұны.
Көркем бейне – 304050108051%22әHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82%22дебиетте"әHYPERLINK "%82%22әHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82%22дебиетте"дебиетте, 380051%22өHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D0%B5%D1%80%22нерде"өHYPERLINK "%80%22өHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D0%B5%D1%80%22нерде"нерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады.
Көркем бейне – нақтылық пен жалпылықтың бірлігі. Ол сөз болып отырған құбылыстар туралы көрнекі ұғымдардың тууына әсер етеді, әдеби шығарма кейіпкерінің нақты өмірлік жағдайға тасымалдану оқырман эмоциясын тудырады. Оны қабылдау оқырманнан «эмпирикалық жалпылауды» қолдануды қажет етеді, яғни оқырманда өмірлік жағдайлар және жағдайлардағы адамдардың өзін - өзі ұстау, іс–әрекеті туралы жалпы тәжірибесі болуы керек. Дегенмен, адекватты эстетикалық қабылдау үшін тек мәтіннің негізінде нақты бейнелердің тууы жеткіліксіз. Олар оқырман түсінігінде көркемдік – идеялық мазмұнның бір қыры ретінде қалыптасуы қажет. Оқырман үшін ең қиыны – осы. Егер шығармадағы суреттелетін болмысты қабылдау оқырманда кейіпкермен бірге ойланып – сезінуді, оның бейнесі мен өз ойының үндесуі сезімін тудырса, оқырман мұны шығарманың идеялық мазмұны ретінде қабылдайды. Сондай – ақ туындының көркемділігінің көрсеткіші ретінде оқырмандардың көбі «жазылған дүниені түсінуді» санайды. Бірақ мұндай жағдайда шығарманың идеялық мазмұны оқырман үшін белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан, эстетикалық қабылдау үшін бейнеленген нәрсені айқын елестете алу жеткіліксіз. Осындай елестету әрқашан көркем елестету, яғни эстетикалық құндылықты көрсететін образдық жалпылау бола алмайды. Яғни, эстетикалық қабылдау үшін көркем шығармадағы құбылыстарды, болмысты елестету жеткіліксіз. Бұл – көркемдік елестету, көркемдік сезіну болуы тиіс.
Көркем образ – кез келген құбылысты автордың пайымдауы арқылы сипаттайтын қиялдың нәтижесі. Образ – күрделі құбылыс, оның бойында жалпылық та, жалқылық та қасиеттер кездеседі.
Мысалы, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы жалпы алғанда ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы әлеуметтік, адамгершілік мәселелерді жинақтаған көркем образ (бейнесі) болып саналады. Шығармадағы Абай, Құнанбай, Дәркембай, Оразбай, Қаратай, Ербол, Зере, Ұлжан, Тоғжан, Әйгерімдер әр алуан мінез бен әр түрлі әлеуметтік топтың өкілдері ретінде әрқайсысы дара және жеке образдар, сонымен қатар олар тұтастай бір-бірімен әр қилы қатынастағы сол дәуірдің бүтін бір бейнесін құрайды. Олардың біреуін роман сюжетінен алып тастау сол кезеңнің ақиқат шындығын толық тануымызға үлкен кедергі келтірген болар еді. Сондықтан аталған романдағы барлық образдар жүйесі жинақтала келіп, бір бүтін образ секілді ақиқат шындықты танытуға қызмет етеді.
Тағы бір есте ұстайтын нәрсе, біз қалайық-қаламайық, кез келген суреткер өз шығармасында көрінеді, араласады, белгілі бір оқиғалар мен әрекеттерге қатысып отырады. Көркем образдағы субъективтілік оның мазмұнының ажырамас бір бөлігі ретінде өмір сүреді, объективтілікпен органикалық жағынан біте қайнасып кетеді, сонымен қатар суреткердің суреттелетін құбылысқа беретін бағасын, қатынасын білдіреді. Біз шығармада нені сұлу, нені қайғылы, нені асқақ, нені күлкілі деп ұқсақ, ол – суреткердің ойы, автордың шешімі деп түсінгеніміз жөн.