СӨЖ-ді орындау формасы – презентация.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУ
Пәні: Коммуникативті дағдылар-2 KN 23221
Мамандығы: Жалпы медицина - 5В130100
Тақырыбы: Дәрігердің әріптестерімен коммуникативтік дағдысын бағалау әдісі
Сағат саны: 2
Курс: 2
Құрастырған: Кадирова Б.Е
Астана 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген
№ 2 хаттамасы «3 » қыркүйек 20 13ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор ____________ Каркабаева А.Д.
Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген
№ ___ «___ » _____ 20 _____ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор ____________ Каркабаева А.Д.
Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген
№ ___ «___ » _____ 20 _____ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор ____________ Каркабаева А.Д.
1.Тақырыбы:Дәрігердің әріптестерімен коммуникативтік дағдысын бағалау әдісі.
2.Мақсаты:Әріптестерімен дәрігердің коммуникативті дағдыларын бағалау әдістерін оқыту.
3.Тапсырма:АМУ АҚкітапханалық қорында және электронды тасымалдаушыларда мәліметті іздестіруді жүргізу.
4. Орындау түрі -реферат, презентация, тестіні/жағдаяттық тапсырманы құру, оқу-клиникалық орталықта жұмыс (манипуляцияны үйрену),ойындарға сценарий жазу және т.б.
5. Орындау критерилері:
-жүргізілген зерттеу мақсаты мен міндеттерінің негізделуі;
-жүйелі түрде, сауатты, анық баяндай білуі;
-қолданылған әдебиет көлемі;
-жұмысты ресімдеу сапасы;
-рефератты қорғау (қысқа, нақты, анық, логикалы баяндауы, проблеманы және кәсіптік тілді меңгеру деңгейі).
-қорғау кезінде қойылған сұрақтарға берілген жауаптың толықтығы;
-жұмыстың ерекшелігіне қарай өзге де параметрлер.
Тапсырылған рефератты оқытушы рецензияға береді. Студенттер рецензент болады.Рецензент рефератқа жазбаша түрде рецензия береді.
Рефератқа рецензия жазуға қойылатын талаптар
Рефератқа берілген рецензияда мыналар көрсетілуі тиіс:
-тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, ұсынылған тақырыптың практикалық маңызы,
-қорытынды мен ұсыныстың болуы;
-проблеманы шешу дәрежесі, жұмыстың аяқталғандығы, оны дұрыс тұжырымдауы;
-автордың ғылыми әдебиетті білуі;
-тақырыпты терең зерттеуі, аргументті дәлелдей алуы;
-қорытындылардың сәйкестігі, олардың маңыздылығы;
-жұмыс ретін логикалы түрде құруы;
-сауатты баяндауы және талапқа сай ресімдеуі;
-ескертулер мен ұсыныстар;
-қорытындыда рецензент жұмысқа баға береді, рефератқа қойылатын тталаптарға сәйкестігі туралы өз пікірін білдіреді.
СӨЖ-ді орындау формасы – презентация.
Мазмұнында студенттің оқу тақырыбы немесе жобаның бөлімі бойынша өздік жұмысының мақсаттары берілуі тиіс.
Студенттің презентациясын талдап, бағалау критерийлері:
-белгілерді, құбылыстарды және т.б. нақты сипаттау;
-ұсынылған проблеманы талдау;
-және тағы басқалары.
Студенттің презентациясы мәтінінің дұрыстығын талдап, бағалау критерийлері:
-орфографиялық және пунктуациялық қателердің болмауы;
-ғылыми терминдерді қолдануы;
-ақпарат дәл, толық, пайдалы, өзекті болуы тиіс.
2.4.4. Студент презентациясының дизайнын талдап, бағалау критерийлері:
-жалпы дизайн –презентация логикалық тұрғыдан дұрыс ресімделген, эстетикалық талаптарға сай, дизайн презентация мазмұнына қайшы келмейді;
-диаграммалар мен суреттер – презентациядағы суреттер тартымды, қызықты, мазмұнға сәйкес, мәтін үстіне шығарылмаған (егер арнайы эффект болмаса);
-мәтін, реңк, фон–мәтін оқуға жеңіл, фон графикалық элементтермен үйлесіп тұр;
-тізімдер мен кестелер –презентацияда тізімдер мен кестелер дұрыс құрылған және орналастырылған;
-барлық сілтемелер дұрыс қолданылған.
Презентацияны орындауға қойылатын талаптар
Слайдты ресімдеу:
Стиль:
-ресімдеудің біркелкі стилін сақтаңыздар;
-презентациядан көңілді басқа жаққа аударатын стильді қолданбаңыз
-қосымша ақпарат (басқару кнопкасы) негізгі ақпаратты (мәтін, суреттер) басып кетпеуі керек.
Фон:
-фон ретінде салқын реңкті (көк немесе жасыл) түсті таңдаңыз.
Реңкті қолдану:
-бір слайдта реңк саны үштен аспағаны жөн: біреуі фонның реңкі, екіншісі тақырыптардың, үшінші мәтіннің реңі;
-фон мен мәтінге контраст түстерді таңдаңыз;
-гиперсілтеменің түсіне ерекше көңіл бөліңіз (қолданар алдында және қолданған соң).
Анимациялық эффектілер:
-компьютерліканимация мүмкіндігін қолданыңыз
Слайдтағы ақпараттар:
-слайдта түрлі анимациялық эффектілерді көп қолданбаған дұрыс, олар слайдтағы ақпарат мазмұнын қабылдауға кедергі келтірмеуі керек.
Ақпаратты ұсыну:
Ақпарат мазмұны:
-қысқа сөйлемдер мен сөздерді қолдан;
-шылау сөздер, үстеу, сын есімдерді мүмкіндігінше аз қолданыңыз;
-тақырыптар аудитория назарын аудара алу керек.
Ақпараттың бетте орналасуы:
-ақпарат көлденең орналасқаны дұрыс;
-ең маңызды ақпарат экранның ортасында орналасуы керек;
-слайдта сурет болса, жазуы оның астында болуы тиіс.
Шрифт:
-тақырыптар үшін шрифт өлшемі - 24;
-ақпарат үшін - 18;
-әріптердің биіктігі мен ені бірдей, көрнекі болуы шарт, сонда алыстан оқу оңай болады;
-бір презентацияда шрифтілердің түрлі типтерін араластырып қолдануға болмайды;
-ақпаратты ерекше бөліп көрсету үшін қою шрифтімен, курсивпен немесе астын сызып жазу керек;
-бас әріптерді де көп қолданбаған дұрыс (оларды көзбен қабылдау қиындау).
Ақпаратты бөліп көрсету тәсілдері:
-ерекше маңызды фактілерді көрсету үшін рамкалар, шекаралар, бояу; түрлі түсті шрифтілер, штрих, стрелкалар; суреттер, диаграммаларды қолданған жөн.
Ақпарат көлемі:
-бір слайдты тым көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ, адам бір қарағанда кем дегенде үш фактіні, қорытындыны, анықтаманы есте сақтай алады;
-негізгі бөліктер бір-бірден жеке слайдта берілсе, қабылдау тиімді болады.
Слайд түрлері:
-түрлендіріп отыру үшін слайдтың түр-түрін қолданған жөн:
-мәтінмен;
-кестемен;
-диаграммамен.