Тапсырма. Сәйкестендіріңіз.

Леуметтік жұмыстың және психологияның түрлері

5-6 сабақ

Грамматика

Салыстырылудың берілуі

Сөйлеу-сөйлесу

1. Ойтүрткі. Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер. Берілген

жауаппен келісетіндігіңізді/келіспейтіндігіңізді білдіру үшін төменде берілген тілдік құралдарды қолданыңыз.

1. Психология ұғымын қалай түсіндіресіз?

2. Психологияны нақты қандай салаларға бөлер едіңіз?

3. Әлеуметтік жұмыс пен психологияның арақатынасы қандай?

4. Еңбек психологиясы дегеніміз не?

5. Педагогикалық психология дегеніміз не?

6. Медициналық психология дегеніміз не?

7. Инженерлік психология дегеніміз не?

8. Жас ерекшелік психологиясы дегеніміз не?

9. Арнаулы психология дегеніміз не?

10. Әскери психология дегеніміз не?

11. Салыстырмалы психология дегеніміз не?

12. Әлеуметтік психология дегеніміз не?

13. Әлеуметтік қызмет көрсетудің түрлерін білесіз бе?

14. Әлеуметтік қызмет көрсетудің түрлері мен психология салаларының қандай байланысы бар?

Сөз бастауға қатысты тілдік құралдар:

· Меніңше, ...

· Менің ойымша, ...

· Менің білуімше,

· Біздіңше, ...

Айтылған мәліметпен келіспеген жағдайдапайдаланылатын тілдік құралдар:

· Сіз қателесесіз, ........

· ... қателеседі, ........

· Бұл мәлімет дұрыс емес, ....

· Сізбен келісе алмаймын, ...

· ... келісе алмаймын, ......

· Сізбен мүлдем келіспеймін/келісе алмаймын, ...

· ... айтқан мәліметімен/ақпаратымен келіспеймін/келісе алмаймын, ...

Айтылған мәліметпен келіскен жағдайдапайдаланылатын тілдік құралдар:

· Дұрыс/дұп-дұрыс, ...

· Сізбен толығымен/толықтай келісемін, себебі ....

· ... толығымен/толықтай келісемін, себебі ....

· ... ақпаратымен толығымен/толықтай келісемін

Жазылым

2-тапсырма. Сөйлем бөліктерін қосыңыз, асты сызылған сөзді мағыналас сөзбен алмастырыңыз.

Сөйлемнің бірінші бөлігі Сөйлемнің екінші бөлігі Сөйлем Мағыналас сөз
1. Қазіргі кезде психология ғылымы —     А) қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарды әлеуметтік бейімделуі мен оңалтуын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік қызметтер мен жеке мамандардың іс әрекеті.    
2. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз     Ә) үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.    
3. Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз     Б) көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылым.    
4. Әлеуметтік қызмет көрсету — әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психолого-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық қызметтерді көрсету бойынша, В)педагогикалық, арнаулы, әлеуметтік, әскери, медициналық, инженерлік, салыстырмалы, еңбек, жас ерекшелік психологиясы.        

Айтылым

тапсырма. Сәйкестендіріңіз.

Еңбек психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).
Педагогикалық психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдопсихология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифлопсихология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
Медициналық психология психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.
Инженерлік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
Жас ерекшелік психологиясы Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.
Арнаулы психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады.
Салыстырмалы психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.
Әлеуметтік психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.
Әскери психология Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады.

Назар аударыңыз!!!

Салыстыру мәнді сөйлемдер: 1. Әскери психологияға қарағандамедициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. 2. Әскери психологияның медициналық психологиядан айырмашылығыәскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді. 3. Әскери психология медициналық психология сияқты нейропсихологиядан; психофармакологиядан; психопрофилактика және гигиенадан; патопсихологиядан тұрмайды.

Айтылым

4-тапсырма.Сәйкестендіріңіз.

Педагогикалық психология   медициналық психология сияқты а) адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттемейді.
2. Психологияның басқа салаларымен салыстырғанда психологияның басқа салаларына қарағанда ә) оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
3. Еңбек психологиясы әлеуметтік психология б) дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттемейді.
4. Педагогикалық психологияға қарағанда жас ерекшелік психологиясы в) әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді.

Жазылым

4-тапсырма.Жоғарыда берілген үлгіні негізге ала отырып, лексикалық тақырыпқа сәйкес салыстыру мәнді сөйлемдер құраңыз.

Жазылым

5-тапсырма.«Сөздік картасын» толтырыңыз.

Сөздік картасы

Жаңа сөз  
Жаңа сөздің мәтіндегі қолданысы  
Ассоциация  
Синоним  
Антоним  
Анықтама  
Сөйлем  

Сөйлесім

6-тапсырма. Психология салаларына қатысты берілген анықтамаларды сурет арқылы жеткізіңіздер. Ал қарсыластарыңыз сіздердің суреттеріңізді негізге ала отырып, берген ақпаратыңызды ашулары керек.


Сөз бастауға қатысты тілдік құралдар:

· Меніңше, ...

· Менің ойымша, ...

· Біздіңше, ...

· Біріншіден, ....

· Екіншіден, ...

Ойын, пікірін одан әрі жалғастыру үшін пайдаланылатын тілдік құралдар:

· Ойымызды жалғастыратын болсақ, ...

· Сөз басында айтқанымдай, ...

· Жоғарыда айтып өткеніміздей, ...

· Жоғарыда айтылғандар негізінде, ...

· Сөздің анығын айтқанда, ....

· Сөзді қысқасы, ...

· ... салдарынан, ...

· ... нәтижесінде, ...

· Жалпы айтқанда, ...

Айтылған пікірмен келіспеген жағдайдапайдаланылатын тілдік құралдар:

· Сіз/дер қателесесіз/дер, ...

· Сізбен/сіздермен келісе алмаймын, ...

· Сізбен/сіздермен мүлдем келіспеймін/келісе алмаймын, ...

· Пікіріңізбен келіспеймін/келісе алмаймын, ...

Айтылған пікірмен келіскен жағдайдапайдаланылатын тілдік құралдар:

· Дұрыс/дұп-дұрыс, ...

· Сізбен толығымен/толықтай келісемін, себебі ....

· ... пікіріңізбен толығымен/толықтай келісемін

· ... – бұл тамаша ой.

Нақыл сөздерді пайдаланғанда қажетті тілдік құралдар:

· Әкем үнемі: « ...», -деп айтып отыратын

· Абай Құнанбаев: « ...», - деп айтқан.

· Даналардың сөзіне құлақ түрсек, «...».

· Халық айтпақшы, «...».

· «...» деген сөз бар.

Ойын, пікірін қорытындылау үшін пайдаланылатын байланыстырушы тілдік құралдар:

· Ойымды/сөзімді қорытындылай келе, ...

· Ойымызды/сөзімізді қорытындыласақ, ...

· Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - ...

· Сонымен, тоқ етерін айтқанда,...

Наши рекомендации