Модульдер бойынша пӘнніҢ таҚырыптыҚ жоспары

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)

Құрастырған(дар): ___________ ф.ғ.к., доцент С.Е.Кәрібаева

_________ оқытушы С.Қ. Бердібаев

Кафедра мәжілісінің отырысында қаралған.

Хаттама «29» тамыз 2016 ж.

Факультеттің ОӘК ұсынылған 29.08.2016 ж., № 1 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы ф.ғ.к., асс.проф._______Қ.С.Құлманов

Түсініктеме хат

1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Ұсынылып отырған бағдарлама сабақтың мақсатын, құндылығын және ұстанымдарын, дағды мен ептіліктерін, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері: естіп-түсіну, сөйлеу-сөйлесу, жазу, оқу талабына жауап беретін мазмұннан тұрады.

Кәсіби қазақ тілін оқыту белгілі бір лексикалық тақырып, соған сәйкес грамматикалық материалдар, сөйлеу әдебінің түрлері: репликалар мен клишелер арқылы анықталады. Ресми қарым-қатынас тілін дамытуға арналған мәтін түрлері ұсынылады. Сонымен бірге деңгей үшін белгілі бір лексикалық тақырып және грамматикалық материалдың тиісті көлемі ұсынылады, осы лексикалық тақырыпта актуалдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандарты этикеттік айналымдар санамаланады. Әрбір лексикалық тақырыпқа мәтіндердің, базалық сұхбаттардың үлгілері беріледі. Тақырыптық жүйелі логикалық байланыста алынады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар беріледі. Әрбір сұраққа жауап беру – білм алушының өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын, қисындауын жетілдіреді.

Пәннің мақсаты:

Кәсіби қазақ тілін оқыту мақсаты – кәсіби қатысымындағы коммуникативтік құзіреттілікті ортадан жоғары деңгейде меңгерту.

Пәннің міндеттері:

Кәсіби қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді:

- білім алушының кәсіби қазақ тілінде сөйлей білу дағдысын тілдің грамматикалық

құрылымымен бірлікте қалыптастыру;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете – мамандыққа сәйкес

белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет жағдаяттарына бейімдеу;

- бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына

отырып, білім алушыға тілдік қатынасты игерту;

- білім алушыны күрделі сөйлемнің әртүрлі бөліктерін пайдалана отырып,

грамматикалық жағынан дұрыс, мағынасы бар, өз алдына қолдануға болатын күрделі сөйлеу мәтінін құра білуге дағдыландыру;

- білім алушының тыңдаған күрделі кәсіби мәтін мазмұнын толық түсіну, жаңа

ақпаратты ажырата білу ептілігін қалыптастыру;

- кәсіби қазақ тілін өздігінен жоғары нәтижелерге жету үшін үйренуіне қажетті

ниет, уәж қалыптастыру.

2. Оқу пәнінің пререквизиттері:бакалавр мамандықтарының

студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, С1 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Осы курсты игеру үшін студенттің В2 деңгейі болуы шарт.

Оқу пәнінің постреквизиттері:осы пәнді оқу нәтижесінде студент

- оқу мәтіндері мен кәсіби мәтіндерді түсінуі;

- қазақ тілінің ресми тіліңде берілген сұхбаттарды, тірек сөздерді түсіну;

- күрделі мəтіндегі дəйектемелер тізбегін түсініп, қорытынды жасай алу;

- грамматикалық құрылымдарды әр қадамда тілдік коммуникативтік

материалдар арқылы коммуникацияға ену әрекетіне қарай тепе-теңдікте қолдана алу;

- әлеуметтік, кәсіби және білімдік қызметінің шеңберінде тілді тиімді қолдана

алу;

- күрделі тақырыптар бойынша өз ойын жүйелі жеткізе алу.

Оқу жоспарынан көшірме

Курс 2-3

Семестр І

Кредит саны 2

Сабақ түрлері Жалпы сағат саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәріс          
Практикалық сабақ - -
Семинар сабақ          
Зертханалық сабақ          
Студиялық сабақ          
БӨЖ - -

МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Наши рекомендации