Тақырыбы:« Қазақстан Республикасының мемлекеттік концепциясының бірізділігінің қалыптасуы». 7 страница

Саяхат кезінде, оның мүшелері, оның құжаттары, қол жазбалар, әскери газеттер, плакаттар, ардагерлердің жеке заттарын жинайды, ардагерлермен әңгіме жүргізуды, күнделіктер жазады, бейне және суретке түсіру жүргізіледі. Жиналған материалдар бойынша қабырға газеттері шығады, көрмелер, тақырыптық кештер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, материалдар мектеп музейлеріне қойылады.

Мектеп оқушыларының саяхаттарының бағыты: "Ардагерлердің ескерткіштік орындары", "Ұлы төңкеріс жолы", "Ешкімде ұмытпайды, ешнәрсе де ұмытылмайды", "Достық жолымен", ескеткіш қалар бойынша болуы мүмкін. Қазіргі кезде Республикамызда көптеген мұражайлар, экспонаттар, аумақгық мұражайлар бар. Олар еліміздің соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерінің ісімен, жетістіктерін бүкіл қазақ халқына, әлемге паш етеді. Қалалық және аудандық комиссариаттардағы соғыс ардагерлердің, соғыстағы еңбек ардагерлерінің, соғыста қаза тапқан жанұя мүшелерінің тізімдерін нақтылап алады. Соның негізінде көмекшілер тобын құрады. Оқушылардың творчестволық бірлестігі кино, фото студиялар, әдеби-драмалық үйірмелер құрады. Олар қолжазбалар жөнінде сурет көрмелер ұйымдастырады. Оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министіріндегі орталық архивтерге жібереді, жас суретшілер, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің портреттерімен голерея құрып отырып, үлкен творчестволық еңбектерін көрсете алады. Оқу орындарында, ДОСААФ ұйымдарында, техникалық үйірмелер үйінде, оқушылар сарайында және жас техниктер станциясында, соғыс кезінде және соғыс алдындағы жылдарда әскери техникамен, қару жарақты құруға қатынасқан өндірушілермен, конструкторлармен, инженерлермен кездесу ұйымдастырып әңгімелеседі. Сондай-ақ, спорттың әскери-техникалық түрлері бойынша конкурстар мен жарыстар ұйымдастырады. "Летопись" (көмекшілер) мүшелері "Ана құрметі" атты атты операция құра алады, оның мақсаты соғысқа және еңбекке қатысқан әйел аналардың батырлықтары туралы, Отан қорғау соғыстарындағы ұл, қыздары тәрбиелеген әйел-аналар туралы, ұл-қыздары Отан соғысында қайтыс болған аналары туралы ізденіс жұмыстарын жүргізу. "Летопись" материалдарының қазіргі күнде құндылығы жоғары. Бұл болашақ ұрпақты әскери-патриоттық сапарларға тәрбиелейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыныптан тыс уақыттағы оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі.

2. Саяхатшы жетекшілері

3. Саяхат кезінде, оның мүшелері, оның құжаттары

4. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың патриоттық сезімнің қалыптасуы.

5. Оқушы-жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі формасы.

Лекциялық сабақ №21

Тақырыбы: «Соғыс еңбек ардагерлерімен кездесулер, тақырыптық кештер,қоғамдық-саяси оқылымдар мен ақпараттарды ұйымдастыру және өткізу».

Жоспары:

1.Теориялық конференцияны дайындау және өткізу.

Сабақтың мақсаты:Теориялық конференцияны дайындау және өткізу туралы.

Қысқаша мәтіні:Теориялық конференцияны дайындау және өткізу туралы.

1.Теориялық конференцияны дайындау және өткізу.

Әскери жетекші АӘД бөлімдері бойынша осы жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру

Үшін тікелей жауапкершілікті атқарады. Ол балалар педагогикалық ұжымда беделіне, оқушылардың жетекшісі, нағыз тәрбиеші болуы қажет.Тек сонда ғана ол оқушылармен тығыз байланыста бола алады.

Әскери – патриоттық тәрбиенің нәтижесы алдын ала қойылған мақсат пен тапсырмаларды сәйкс айқын қортындыға жетуімен бекітіледі.

Әскери – патриоттық тәрбие беру нақты – тарихи пікірмен үйлесін тауып, сондай ақ уақытпен өзгерген және дамыған барлық болған жайттарды қарастыру ерекше маңызды екні анық. Бұл қағида барлығынан бұрын, тарихи нақты жағдайдағы әскери- патриоттық әдістемелер мен оның түрлері, мазмұнына сай жорамалданады.

Нақты – тарихи қағида, әскери патриоттық жұмыс жастарды тәрбиелеуде ерлік тарихымен , Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тамаша дәстүрімен тығыз байланыста үйлесін тауып жатады.Тарихты тұрмаламай нақты тарихи мәліметтермен оқыту ерекше маңызды саналады. Отан сүйгіштік сезім мен жасөспірімдердің мынандай шамада дамиды, ерлік жасауға ұмтылыс, жеңуге өзін аямауға қажеттілік , өзі қатарлы ұжымда өз орнын табу , олардың сенімін жеңіп алу , ұжымның талабына бағыт жасау және өзіне жоғары талап қойғыштық, сонымен қатар көптеген жасөспірімдер мектеп бітіргенен соң әскери форма киетінін ескерсек. Осы кезеңде оларды өз халқына деген сүйінспеншілікке соғыс ардагерлеріне ауыр еңбектің шынайы сұлулығын аша отырып құрметтеуге тәрбиелеу өте маңызды.

Үлкен орта және кіші жастағы оқушыларды әскери отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Отанын қорғау жаңа ұрпақ адамдарын дайындау адам өмірінің соңына шейін жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс. Әр түрлі жастағы оқушыларғаӘскери патриоттықтәрбие беруде арнайы айқындалған әсіресе кәсіби- техникалық мектептер мен мұғалымдер кейде мектеп басшылары әдетте қиындық көреді. Осы мақсатта әр жастағыларды айырып, яғни олардың отан қорғауға дайындығын қалыптастырудағы әкери патриоттың тәрбиенің мақсаты мен тапсырмаларын айқындауға әрекет жасадық.

Әскер және әскери – теңіз флоты туралы білім негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті еңбектері мен жауынгерлердің ерлігімен байланыстырылып қалыптастырылады. Кіші жастағы оқушылар өмірге деген құштарлығын отан үшін жасалған ерліктерімен оятады. Оларға азаматтың ұлы отан соғысы кезінде, Ауған республикасында интернационалдық борышын орындаған кеңес жауынгерлерінің , кеңес жастарының көрсеткен ерліктері туралы тарихтан алынған мысалдар айтылады.

Отанды қорғау туралы тарихи деректер және мәліметтер, барлық оқулықтарды Отан тақырыбына біріккен бағдарламаларда қаралған. Кіші оқушылар әр түрлі әскери флот күштеріне, әскери техникаға әртүрлі қару жараққа қызуғышылық танытады.Тәрбиешілер оқушыларға бірінші кезекте отан қорғауда ұжымдық сипаттың маңызын жеңіске жету үшін қазіргі ұрыс әректтерін, флот күштері мен ұрыстың өз аралық байланысын көрсете отырып жеткізу қажет. Бұған оқушылардың ұшақ және тікұшақ, корабль, су асты қайығы, пушкалармен мен жаяу әскердің шабылуы бейнеленген суреттерінен әсер ететін байқауға болады. Бүндай сабақтар өткізгенде балаларды ұрыс кезіндегі Қарулы Күштердің жекеленген түрлерімен таныстыру мақсатты болуға тиіс.

Қазіргі, тарихи дамудың өзгеше жағдайында ұлттық дәстүрлер негізінде патриоттық тәрбие жүйесінде жұмысы маңызы арта түсті. Мұның мәнісі- тотаритарлық жүйе дәуірінде ұлттық деген жүйенің аяқасты болып, жалпы кеңестік тәрбие қолдан жасалғандықтан, жемісі бермегендікте деп санаймыз.Яғни таптық идеяны ту етіп ұстаған жалаң ұран ұлт мүдесіне сай келмегендіктен ешқандай жақсылыққа жеткізбеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жағдайында патриоттық тәрбие мәселелері негізінен ұлттық дәстүрлерге сүйене отырып адамдарға ықпал ету арқылы ғана шешілуі мүмкін. Мұның бірнеше дәйектемелері бар.

Біріншіден, ұлттық дәстүрлер адамдарды халықтың материалдық және мәдениетімен туыстырады.

Екіншіден, ұлттық дәстүрлер халық зердесінде тарихи құндылықтарды жаңғыртады, ұлттық психология сипаттарын нығайтады.

Үшіншіден, халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғырта, ұлттық психологияны жетілдіре отырып, ұлтық дәстүрлер адамдарды өз халқына, өз Отанына құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Төртіншіден, қазақстан Республикасы халқының жартысынан астамы жиырма бес жасқа дейінгі жастар, олардың өмірлік тәжірбиесі аз. Тәрбие дегеніміз – ақыл-ой дамуының, дене тәрбиесі мен кәсіпке үйретудің шоғырланған түсінігі. Тәрбие ісі тәрбиеленушіге белгілі бір бағытта, мақсатты және жүйелі әсер ртіп, белгілі бір көзқарас, мінез- құлық, адамдық тәртіп, дағды мен машық түрінде берілсе ғана жемісті болмақ. Бұған, әрине жеке адамның табиғи жетіліп, өсуін де қосу қажет.

Адам тәрбиесінде салт- дәстүрлердің алатын орны маңызды болуының басты шарты- бұл салт дәстүрлердің рухани- парасат құндылықтары тұрғысынан ұрпақтан – ұрпаққа үзілмей жалғасып, дамып келе жатқандығында. Айта кету керек , салттар мен дәстүрлер бірімен – бірі тығыз байланыста. Тіпті, оларды ажыратып алудың өзі қиын.

Салттар дегеніміз- тарихи кезкңдерде қалыптасқан, адамдардың қоғамдық қатынастарының, тіршілігі мен тұрмысының белгілі бір дәрежеде сипаты бар нормалары.Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып, жалғасып отырады.

Анықтама түрінде пайымдайтын болсақ: Дәстүрлер дегеніміз тұрақты қайталанып, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отыратын, көпке тән нормалар, идеялар, принциптер, іс- әрекеттер, сезімдер түрінде қалыптасқан, қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекше көрінісі. Ол ар материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлеріне адамдардың құндылықтар ретінде қарауын анықтайды.

Басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда, дәстүрлер мына ерекшеліктермен оқшауланады: Іс- әрекеттер , идеялар мен сезімдер жалпыға ортақ, бұлжымайтын, қасиетті түсінікке ие болса ғана дәстүр болып танылады.Дәстүрлік нормалар, іс- әрекеттер, идеялар, көзқарастар, сезімдер белгілі дәрежеде халықтың әлеументтік, идеялық, рухани тәжірбиесін бейнелейді. Олар нақты бір материалдық және рухани мәдениетке байланысты түрде көрінеді.

Қоғамдық қатынастардың түрлері бола тұра дәстүрлер халық тіршілігінің материалдық, мінез- құлықтық, идеологиялық және рухани өмірінің көрінісі болып табылады. Дәстүрлер, әдетте заттық- салттық іс- әрекеттен көрінеді.Ғылыми әдебиеттерде дәстүрлер тек қана әлеументтік- психологиялық құбылыс ретінде танылып келеді.Патриотизмді қалыптастырудың және дамытудың жолдарының бірі жеке адамның санасында ұлттық сезімді бірікткру болып табылады. Әлбетте, адам қоғамнан тыс адам болмайды ғой. Әрбір адам белгілі бір ұлттың немесе белгілі бір ұлттың өкілі ретінде көрінеді. Ұлттық сезім дегеніміз – жеке адамның туған халқының мүддесіне, тағдырына, оның рухани құндылықтарына қатынасын білдіретін ұлттық санасы.Ұлттық сезім ұлттың қалыптасуына байланысты ұзақ уақыт бойы дамып, кемелденеді.Негізі ұлттық сезім- рухани құбылыс.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда дәстүрлер шешуші роль атқарады.Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақ патриотизмі дегеніміз,- ең алдымен қазақ халқына сүйінспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтырын бойына сіңіру болып табылады. Тереңдірек пайымдасақ, мұның өз ұлттардың ұласуына бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы қазақ патриотизмін күшейте түседі.Халық зердесінде өткен замандардың өшіп қалған материалдық, рухани мәдениетін, озық дәстүрлерін жаңғырту, оның ішінде ұлттық спорттың бүкіл байлығы мен қазынасын қалпына келтіру арқылы патриоттық сезім жаңа сипат алады.

Заты, патриоттық сезім қанмен берілмейді, нақты тарихи жағдайларда ұзақ уақыт бойы қалыптасыды.

Ұлтшыл- жікшілердің көп алдындағы көпірме ұрандарын қолдап, өзінің бақай есебін күйттейтіндер, әсте, патриот емес.

Туған елінің күш қуатын,беделін артыруға бір мысқалда пайда қоспастан, елдестерінің игілігіне немқұрайлы қарап, Отанға берілгендігін және оны сүйетіндігін дабыра етіп, ант- су ішетіндер патриот емес.

Күні кеше ғана біз Отан үшін отқа түсіп, туған жердің әр сүйемі үшін жанын пида еткендерді патриот деп, қоғам үшін, мемлекетүшін аянбай жұмыс істегендерді патриот деп санағамыз.Олардың әрқайсысын: кәсібіне, ұлтына, ақ- қарасына, көзінің қиығына қарамастан бәрін патрит дедік, оларды мақтан тұтық, мақтадық. Ал, қазір не болып жатыр, әркім өзінің ата бабасына батыр тауып тегін дәріптеп жатыр. Ең бастысы өз ұлтына даңқты адам іздеп, солардың атақтарын аспандатып, есімін жаңғырту болуда. Міне, қандай патриот бас көтеріп келеді. Адамдар өміріндегі мінез- құлық, өзін-өзі ұстау тәртібі, рәсімдер мен салттар, көпке ортақ қағидалар көп жағдайда психологиялық деңгейде ғана көрінеді. Әлеументтік топтың ортасында жеке адам дәстүрлер мен қағидалардың құлы бола тындығы жалған емес. Бұл арада қоғамдық пікір деп аталатын тылсым адамды басымырақ билейді.Қоғамдық пікір адамдардың қимыл-әрекеттерінің әдетін қалыптастырады. Осылайша ұлттық дағдылы, дәстүрлі мінез ретінде, ал, ұлттық түсініктен тыс жатқандары тосын тіпті жат болып көрінеді.

Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спортттың алатын орыны:

Біріншіден, оған қайталатындық, берілетіндік, тиянақтылық және бұқаралық сияқты дәстүр белгілері тән. Яғни патриоттық тәрбиеде ұлттық спорт басқа да өнегелі ұлттық дәстүр сияқты қызмет атқарады;

Екіншіден, ұлттық спорт ерекше дәстүрлер мен салттардың (рәсімдердің) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін бойына сіңірген.

Ұлттық спортпен айналысу жеке адамның, ұжымның санасында ұлттық психологияны қалыптастыру, демек, олардың белгілі бір халықтың бөлшегі екендігін, түп-тамыры сол халықта, сол Отанда жатқандығын сезіну деген сөз.

Басқа ұлттар сияқты қазақтың ұлттық спортының негізгі белгілерінің бірі – ұ

рпақтан-ұрпаққа ауысып қайталанып отыратындығында. Тегі, қайталанушылық барлық материалдық және рухани құбылыстарға тән Даму үстінде, бір сападан екінші сапаға, ескіден жаңаға ауысып отыру жағдйында шеңбер бойынша айналу немесе өткенді шексіз қайталау емес, алдыңғы кезеңнің кейбір сәттерін қайталау құбылысы жүріп жатады.

Осылайша қайталанып келе жатқан қазақтың ұлттық спорты қазақ халқының әлеуметтік және парасат тәжірибесін сақтай, жеке адам бойында ұлттық психологияны нығайта отырып, қайталанып, мыңдаған жылдар бойы сақталып келеді.Ұлттық спорт халықтың өткен тижірибесін жаңғырта қайталайды. Яғни, әрбір дәуір, әрбір жаңа ұрпақ дәстүрге өзінің жаңалығын қосады.кейінгі кезге дейін ұлттың өткенін сақтауға құштарлық керітартпа үрдіс ретінде теріс бағаланып, ұлттық саясатқа елеулі залал келтірді.

Ұлттық спорт дәстүр тұрғысында қайталана, қорытылып отырады. Және де негізгі арнамен қосалқы белгілер де ілесіп келе беруі мүмкін. Бірақ қосалқы белгілер уақыт өткен сайыцн шетке шығып, негізгі арна байып, құнарланып, өсіп отырады.

Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың екінші бір маңызды белгісі – оның берілетіндігінде, яғни бір адамнан екіші адамға, бір ұжымнан екінші ұжымға, ұрпақтан-ұрпаққа берілу қажеттігі мен қабілетінде. Осылайша ұлттық спорт өз бойындағы бүкіл қадір-қасиетін, оның ішінде әрине, ұлттық белгілер жиынтығын алмасып отырады.

Дәстүр ретіндегі даму барысында ұлттық спорт мұрагерлік диалектикасына, терістеуді терістеу заңына бағынады. Бұл арада халықтың өткендегісінің бәрін керітартпа ретінде теріске шығару емес, өткеннің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтау ретінде терістеу туралы айтып отырмыз.

Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың маңызын оның ұзақ уақыт сақталып келе жатқан ұлттық дағдыларды, ережелерді, рәсімдерді, идеялар мен сезімдерді бере алатындығымен дәйектейміз. Ұлттық спорттың ескі мен жаңаны, өткендегі мен бүгінгіні ұштастырып отыратын қасиеті бар. Міне, сондықтан да ол халық мұрасын өшірмей сақтайдың баға жетпес жолдарының бірі. Ал. Енді мұрасыз қоғамдық сананың бірде-бір түрі, бірде-бір мәдениет немесе тұрмыс салты болмайтындығы да мәлім.

Қоғамдық сана, ұлттық мәдениет пене тұрмыс объективті болмыс жағдайында дамыйды жәнге дәстүр ретінде сақталып қалған халықтың тіршілік тәжірибесімен тікелей байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1.Теориялық конференцияны дайындау және өткізу туралы

2.Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спортттың алатын орыны

3.Соғыс ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастыру жоладары

4.Еңбек ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастыру жоладары

5.Ұлттық сезім дегеніміз

6.Қоғамдық қатынастардың түрлері

7. Дәстүрлер дегеніміз.

Лекциялық сабақ №23

Наши рекомендации