ТАҚЫРЫП. Дәріс №4. Мектепте оқуға әлеуметтік дайындығы. 3 сағат

Жоспары:

1.Мектепте оқуға әлеуметтік дайындығы.

2. А.Керн-Я.Йерасектің баланың мектепке даярлығын айқындау тесті.

3.Е.А.Бугрименко, А.Л.Венгер, Н.Н.Поливанова, Е.Ю.Сушковалардың диагностикалық әдістеме кешені.

1.Баланың басқалармен, оқытушымен белсене араласуға деген қасиетінің қалыптасу дайындығынан тұрады. Бала мектепке, сыныпқа келіп жұмыс істеп жатқан балаларды көреді, олармен қарым- қатынас жасау үшін көп күш- жігер керек, компромиске баруы, өзін- өзі қорғана білуі керек. Бұл жағдайлармен халыққа білім беру саласында жұмыс істейтін практикалық психологтар жиі кездеседі.

Г.Г.Кравцов, Е.Е.Кравцова мектепте оқытуға дайындығы туралы айтқан авторлар баланың айналадағы өмірімен қарым-қатынас жүйесін қарастырады және мектепке психологиялық дайындығының көрсеткіштерін анықтайды. Сонымен балалардың мектепке психологиялық дайындықтың негізгі жақтары болып үш сфераны айтады: үлкендерге қатынасы, өзінің құрдастарына, өз-өзіне көзқарастары.

Үлкендермен қарым-қатынас сферасында маңызды өзгерістер болып еркіндіктің дамуы есептелінеді.

Бұл қарым-қатынастың арнаулы қасиеттері болып баланың тәртібі мен іс-әрекеттері белгілі бір нормалар мен ережелерге бағынуы, белгілі бір ситуацияға сүйену емес, оның контекстін тудыратын мазмұнына сүйену, үлкендердің позициясын түсіну, оның сұрақтарының шартты мағынасын түсіну.

Бұл қасиеттердің бәрі оқу мақсаттарын қабылдау үшін қажет В.В.Давыдовтың, Д.Б.Эльконинаның зерттеулерінде көрсетілген, оқу мақсаты оқу әрекеттерінің негізгі компоненттерінің бірі болып есептелінеді. Оқу мақсатында қарама-қайшылықтарды теоретикалық түрде шешетін оқу проблема жатыр.

Оқу мақсаты оқу іс-қимылдар көмегімен шешіледі – оқу әрекеттің келесі компонентімен. Оқу іс-қимылдар ізденіске бағытталған және бір топ есептерді шешу әдістерін анықтауға бағытталған.

Үшінші компоненті болып өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау іс-әрекеттері саналады. Бұл әрекеттерде бала өз-өзіне бағытталған сияқты болады. Олардың нәтижесі танылатын субъекттің өзгерісі болып табылады. Сондықтан, үлкендермен қарым-қатынасындағы еркіндік балаларға оқу әрекетін іске асыруға қажет.

Құрдастармен қарым-қатынасының белгілі бір деңгейінің дамуы бала үшін үлкендермен қарым-қатынасындағы еркіндіктің дамуына қарағанда маңызы кем емес. Біріншіден, баланың құрдастарымен қарым-қатынасының дамуының белгілі деңгейі оған ұжымдық оқу әрекеті жағдайында адекваттық іс-әрекет жасауға мүмкіншілік береді. Екіншіден, құрдастарымен қарым-қатынасы оқу іс-қимылдарының дамуымен тығыз байланысты.

Г.Г.Кравцова оқу іс-қимылдарын меңгеру балаға оқу есептердің бір тобын шешу жалпы әдісін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті меңгермеген балалар мазмұны бірдей ғана есептерді шығара алады.

Бұл байланыс балалардың ситуацияға “ басқа көзбен ”, қарауына негізделген. Балалар есепті шешудің жалпы әдісін анықтай алады, оқу іс-қимылдарын меңгеріп, тікелей және жанама есептерді шешеді. Ондай балалар есептердің екі түрін де шешеді, шешудің жалпы схемасын анықтай алады және олардың құрдастарымен қарым-қатынасының деңгейі өте жоғары.

Үшінші компоненті баланың өз-өзіне көзқарасы болып табылады. Оқу әрекеті бақылаудың жоғары деңгейінен құралады. Жоғарыланған өзін-өзі бағалау (мектепке дейінгі балаларға тән) басқаны “көру” қабілетінің даму нәтижесінде өзгереді, бір позициядан екіншіге өту шеберлігі арқасында.

Жыл сайын сәуір айынан бастап тамызға дейін 6-7 жасар балалар мектепке қабылдана бастайды. Әр мектепте балаларды қабылдау әртүрлі әдістермен ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда барлық жерде мектепке психологиялық дайындықтың деңгейі анықталуы тиіс. Бұл кезде психолог көбінесе топтық және жеке даралық психодиагностикалық зерттеулер өткізеді. Топтық зерттеулер барысында балаларда интеллектуалдық дамудың деңгейі, қолдың нәзік моторикасының дамуы, қол мен көз көру іс-қимылдарының координациясы, баланың үлгіні қайталауы жалпы түрде көрінеді. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін Керн-Ирасектің “мектептік кәмелеттікті” анықтауға бағыттайтын тестін қолдануға болады. Оның бірнеше жетістіктері бар:

1.Тестке аз уақыт бөлінеді;

2.Оны жеке және топтық зерттеулерге қолдануға болады;

3. Үлкен таңдауда талданған тесттің мөлшерлері болады;

4. Тестті өткізу үшін арнайы құралдар мен жағдайлар талап етілмейді;

5.Психолог зерттеушіге бала туралы мәлімет алуға көмектеседі.

Наши рекомендации