Және логикалық астарлы

Адамның дүниетанымы қоғамдық-тарихи даму нәтижесінде өрістейді. Ол табиғатқа әсер етіп, қоғамды өзінің белсенді әрекетімен байытады. Сөйтіп, адам заттың ғылыми білімі дамып, белгілі бір жүйеге түседі. Басқаша айтқанда, адамдардың танып білу процесінде тіл арқылы жинақталып қорытылған білімі мен оның нәтижелері жүйеленіп, ғылым салаларына бөлінеді. Мысалы: физика, химия, биология, тарих, социология, психология т.б. танымдық процестердің осы тарихи дамуы және олардың ғылым жүйелеріне жіктеліп бөлінуі дүниетану теориясын немесе гносеологияны құрайды. Гносеология – филосифия мен логиканың дүниетану теориясын құрайтын құрамдас бөлігі, танып білудің теориялық негізі.

Таным теориясы – гносеологиясы – философиялық пән. Ол дүниетанудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Адамзат тарихының дамуында қалыптасқан «болмыс», «материя», «сана», «сапа», «сан», «тартылыс» тәріздес басқа да ұғымы кең категорияларды қарастырады. Осындай таным теориясы мен филосифиялық принциптерге негізделетін ойлау процесі өзара байланысты және бір-бірін толықтырып отыратын жеке ғылыми пәндер – формальдық логика мен психология арқылы да зертеледі.

Логика ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пікірлерді, ой қорытындыларын және ойлау заңдарын зертейді.

Ұғым - болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәнді және өзіндік белгі-қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. Мысалы, «адам» деген ұғымның мәні оның өндіріс құралын жасап шығаратын қабілеті бар, дыбысты тіл арқылы сөйлесетін ақыл иесі екендігін білдіреді. Ал «емтихан» деген ұғымның мәнісі – оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтап, олардың дәрежесін тиісті белгілермен анықтайтын оқу процесі. Ұғымдардың мазмұны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-белгілірі арасындағы байланыстар ашып көрсетіледі. Мысалы, металдарды қыздырса, олардың көлемі ұлғаяды. Бұл пікірдің формуласын – 5 дегеніміз Р, не 8 дегеніміз Р емес деп жазып көрсетеміз. Пікірлер сапаларына қарай қостаушы, терістеуші болады. Мәселен, Жер Күнді айналады – 8 дегеніміз Р; Су металл емес – 8 дегеніміз Р емес. Пікірлер ақиқат және жалған болып келеді. Алматы – Қазақстанның астанасы (8 дегеніміз Р). Пікірлер сан жөнінен жалпы, ішінара, дара болып бөлінеді. Сапа мен сан жағынан біріктіріп, оларды мынадай таңбалармен белгілейміз: A, E, I, O. Пікірлер екі түрлі тәсілмен құралады: а) Тікелей қабылдау арқылы құралактын пікірлер. Мысалы, «Мына бала сабақты нашар даярлайды», ә) Жанама жолмен не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.

Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қортындысын шығарамыз. Мәселен, үлкен шарт. Барлық металдар электр тоғын өткізеді; кіші алған шарт: сынапта – металл. Қорытынды: олай болса, сынапта электр тоғын өткізеді. Ой қорытындыларының мынадай үш түрін ажыратамыз: дедукциялық ой қорытындысы, оған металдардың электр тоғын өткізуші туралы жоғарыдағы мысалды келтіруге болады. «Дедукция » - латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытындысының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, жеке дара жағдайға қарай өрбиді. Имдукциялық ой қорытындысының жэекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі. Мысалы, Алматыда өткен жетіде дүйсенбі күні ауаның температурасы 20°С-тан асқан жоқ. Сейсенбі, сәрсенбі күндері I солай болады. Жұма, сенбі күндері 18-19°С болады. Жексенбі күні 19 °С болады. Демек, ауаның температурасы өткен жетіде Алматыда 20°С-тан асқан жоқ. Ой қорытындысының үшінші түрі – традукция деп аталады. Оған аналогия арқылы жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл – жеке-дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі – силлогизм. Формальдық логикада зерттелетін мәселелер – дұрыс ойлаудың: формалары мен заңдары. Ғылыми пән ойлау формалары мен заңдары қолдана отырып, нәрселер мен құбылыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.

Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы бар. Ол – ойлау процесінің өзі. Психология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлау процесінің қалайша дамып, еріссіз деп отыратының зерттейді. Оқыту процесінде ойлаудың дамуы, білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процестерінде ойлауды дамыту мәселелері – психология ғылымы қарастыратын жайттар. Әрбір жеке адамда ойлау процесі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген мәселенің мән-жайы психологияда осы бағытта қарастырылады. Ал логика ойлауды таным процесі деп санап, шындықты, ақиқатты нендей әдістер арқылы танып, білуге болатындығын анықтауды көздейді. Қорыта айтқанда, логика ойлаудың жемісті болу жолдарын іздестірсе, психология сол процестің даму заңдылықтарын зерттейді.

Ойлау – дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерминизм принципіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Наши рекомендации